Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орта ұғымы және оның ағзамен байланысы

Читайте также:
  1. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  2. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  3. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  4. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  5. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  6. Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология
  7. Ант және қант құрамдас шикізаттар

Ағза (В. И. Вернадский бойынша) – құрылымы тұйық, сатылы ұйымдасқан, тепе-тең емес, өздігінен қалыптасатын, заттар мен энергия алмасулар бойынша ашық жүйе.

Тіршілік деп қоршаған ортамен зат және энергия алмасу негізінде өзіндік және реттелген құрылымдардың қайта өсіп, өнуін үнемі қамтамасыз етіп отыратын процесті айтамыз. Кезкелген организм өзі тіршілік ететін қоршаған ортамен тығыз байланыста өмір сүреді.

Қоршаған орта деп – тірі ағзаның тіршілігіне, өсіп-көбеюіне, дамуы мен таралуына тікелей немесе жанама әсер етіп, өзара әрекетке түсетін сан қилы құбылыстар мен әр түрлі элементтерден тұратын, уақыт және кеңістік бойынша үнемі өзгеріске ұшырап, ықпал ететін тіршілік ететін ортадағы компоненттердің жиынтығы. Яғни, тіршілік қоршаған табиғи ортамен үнемі зат, энергия және ақпарат алмасу жағдайында болатын белокты денелердің өмір сүруі. Белокты денелердің қасиеттеріне өзін-өзі қайта тудыра алу, ұйымдасу, құрылымының реттілігі, тұтастығы, өсу мен дамуы, зат жане энергия алмасу, тұқымқуалаушылық, өзгергіштік, тітіркендіргіштік, қозғалыс, реттеушілік қоршаған ортамен өзара әрекеттестіктерінің ерекшелігі жатады. Кез келген тірі зат осы күрделі, әрі өзгермелі дүниеде тіршілік етеді: үнемі оған бейімделіп, өзінің тіршілік әрекеттілігін оның өзгерістеріне сәйкес келтіреді.

Біздің ғаламшарымызда тірі ағзалар жағдайларынан өзгешілігімен тым ерекшелінетін төрт негізгі мекен ету орталарын игереді. Су тіршілік пайда болып, таралған ең алғашқы орта болды. Бұдан әрі тірі ағзалар жер беті мен ауа ортасына билік құрды, топырақ жасап, оған қоныс тепті. Тіршілік төртінші ерекше ортасы тірі ағзалардың өзі болды, олардың әрқайсысы оған қоныстанған паразиттер мен симбиондар үшін тұтас дүниені білдіреді.

В.И. Вернадский тірі зат- бүкіл дүниедегі ең белсенді материя формасы деді. Тірі заттардың дене құрлыстарының бірнеше деңгейі бар – молекулалық – жасушалық – ұлпалық – мүшелік – ағзалық – түрлік – популяциялық – биоценотикалық – экожүйелік – ғаламдық (биосфералық). Басқа ғылымдардан айырмасы экология тірі заттың дене құрылымының деңгейін ағзалықтан бастап жоғары қарай зерттейді. олар:

Молекулалық деңгей – биологиялық жүйе биологиялық белсенді түрде жұмыс істейтін - белоктар, нуклеин қышқылы, көмірсулардан айқындалатын ең төменгі денгей. Осы деңгейден бастап тірі материяның белгілері айқындалады: зат алмасуы, тұқым қуалаушылыққа арқау болатын ДНҚ, РНҚ-ның кодталған құрылымдары.

Жасушалық деңгей – биологиялық белсенді молекулалар біріккен жүйеге тіркеседі. Клеткалық түзілмдер көпклеткалы және бір клеткалы болып екіге бөлінеді.

Ұлпалық (талшықтық немесе тканьдық) деңгей – біртекті клеткалардың үйлесімінен ұлпа түзілетін деңгей. Ол іс қимылы мен шығу тегі бірдей, клеткалардың бірігуін қамтиды.

Мүшелік (дене-мүшелік) деңгей – ұлпалырдың бірнеше қимылы жеке организмнің біріккен жүйелеріне еніп ағзаның белгілі бір түрлерін түзеді.

Ағзалық деңгейі – бірқатар органдардың өзара іс қимылы жеке ағзаның біріккен жүйелеріне еніп ағзаның белгілі бір түрлерін түзеді.

Таралымдық (популяциялық)-көптүраралық деңгейі – тұратын мекені бір өмір сүру қалпы бір, шығу тегінің бірдейлігімен өзара ұқсайтын белгілі біртекті ағзалардың осы деңгейде элементарлық даму өзгерістері толығымен жүргізіледі.

Биоценотикалық деңгейі – биоценоз – түрлілік құрамы жағынан әр түрлі ағзаларды біріктіретін тірі материяның түзілімінің әлде қайда жоғары деңгейі. Биогеоценозда олар жер бетінің белгілі бөлігіндегі абиотикалық ықпалдармен өзара бір-бірімен іс-қимылға түседі. “Биоценоз” терминін 1877 жылы неміс биологі К.А. Мебиус ұсынған еді. Кеңес геоботанигі В.Н. Сукачев биогеоценозды биоценоз мен биотопта зат пен энергия алмасуының түрі, биосфераның кірпіштері ретінде қарастыратын ілімді алға тартады.

Ғаламдық (Биосфералық) деңгейде - біздің ғаламшарымыздағы тіршіліктің барлық көріністерін қамтыған әлде қайда жоғары ренгтағы табиғат жүйесі қалыптасты. Осы деңгейде ағзалардың тіршілік әрекетімен байланысты заттардың барлық іс-қимылдары ғаламдық масштабта жүргізіледі.

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 449 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)