Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пісіп жетілген аналық жыныс безінің кесіндісінде, қай даму сатысының жыныс клеткадан көруге болады?

Читайте также:
  1. Аталық жыныс безінің ұмаға түспеуінен сперматозоидте ауытқу болады (криптохизм). Себебі неде?
  2. Аталық жыныс клеткаларының құрылысы және қызметі.
  3. Доминанто», «Қозудың оптимальдық алабы» теориялары қай психикалық құбылыстың физиологиялық негізі?
  4. Жануарлардың түрлі топтарында алғашқы жыныс клеткаларының түзілуін түсіндіріңіз.
  5. ЖЕБЕ: Бүгінгі ене мен келіннің қарым-қатынасы неге қайшылыққа толы болып кетті? Кінәні кімнен іздегеніміз жөн?
  6. Желге мүжіліп бұзылған әртүрлі тау жыныстарының тасымалдану жағдайында пайда болған өнімдерді
  7. З балаңыздың иммунитетін күшейтуге, жиі салқын тиюден, аллергия мен поллиноздан құтылдыруға қалай жәрдемдесуге болады?

 

Премордиальды фолликул, 1,2,3 фолликул

1,2,3 қабат пайда болады ----Грааф пайда болады. Грааф жарылып сары дене пайда болады.

Бұл өсу жетілу кзеңі. 27-34 бет жазу. Көбею кезеңінде жыныс клеткалары митоз жолымен бөлініп,саны артып отырады. Ол клеткалар оогониялар деп аталады. Көбею сатысы ұрық жарыққа шыққанға дейін созылады. Оогониялар бөлінуді тоқтатып бірінші реттік ооциттерге айналады. Жаңа туылған қыздың аналық безінде 1 миллиондай жетілмеген жыныс клеткалары-ооциттер болады,даму барысында олардың 500-дейі ғана пісіп жетіледі. Қалғаны бірте-бірте жойылып кетеді.

Оогенездің екінші сатысында бірінші реттік ооциттер өсу кезеңін бастайды. Ооциттің ядросы мейоздың бірінші профазасына түседі. Ол кезең кейде көп уақытқа созылуы мүмкін,мысалы адамда бірнеше он жылдықтарға. Өсу кезеңі екі мерзімге бөлінеді:

Цитоплазмалық өсу (кіші өсу)

Трофоплазмалық (қоректік) өсу (үлкен өсу).

Кіші өсу кезеңінде белоктар,ферменттер,митохондриялар,рибосомалар,ядрошықтар көбейеді. Үлкен өсу кезеңінде клеткаларда саруыз жиналады.

Экзогендік сарыуыздың пайда болуы. Кейбір жұмыртқалардың тым үлкен көлемін есепке алсақ,ондағы жинастырылған сарыуыз тегі экзогендік екені айқын. Трофикалық материалдардың (саруыз бастамалары) ооцитке келіп түсудің келесі жолдары сипатталған: 1) фагоцитарлық; 2)солитарлық: 3)фолликулдық.

Фагоцитарлық жол. Жылжымалы ооциттер дененің әр жерінде дамиды, олардың өсуі көрші клеткалардың белсенді фагоцитозымен – «үлкендер кішкентайларды жейді» (губкалар,кейбір ішекқуыстылар мен қүрттар) – деген қарапайым жолмен қамтамасыз етіледі. Ооциттерде гидролитикалық ферменттер синтезін және олардың мембранаға қапталуын қамтамасыз ететін қуатты Гольджи аппараты мен түйіршікті эндоплазмалық ретикулум дамиды. Фагоцитоз жүрісінде ооплазма қорытудың түрлі сатыларындағы фаголизосомдармен толтырылады, ал саруыз түйіршіктері пайда болмайды.

Қоректенудің солитарлық жолында ооцит көмекші клеткалармен байланыспайды да саруыз бен РНҚ барлық түрін синтездеуде үлкен дербестік көрсетеді. Осыған орай,солитарлық жолмен өскен ооциттерде түйіршікті эндоплазмалық ретикулум мен Гольджи аппараты жақсы дамыған. Осы органоидтар сарыуыз белогы синтезін және олардың түйіршік түрінде жиналуын қамтамасыз етеді. Қоректік заттардың кіші молекулалары қоршаған ортадан келеді. Вителлогенездің осы типі кейбір ішекқуыстыларда,құрттарда,моллюскілер мен тікентерілерде кездеседі.

Фолликулдық жол сарыуыз жинастырудың кең таралған түрі, ол көмекші соматикалық (фолликулдық) клеткалар қатысуымен және екі түрде жүреді: алиментарлық және нутриментарлық.

Бірінші алиментарлық түрде, сарыуыз ооцитке оны бір немесе бірінші қабат болып қоршап тұрған фолликулдық клеткалардан келеді. Сондай-ақ, РНҚ барлық түрлері ооцит ядросында көмекші клеткалар қатысуынсыз синтезделеді. Фолликулдық эпителиий, сарыуызды ооцитке жеткізу үшін арналған аралық элемент ретінде қызмет істейді. Экстрагонадтық (гонададан тыс) қоректік заттарды ооцитке тасымалдаудан басқа, фолликулдық эпителий қорғау,бөгеу және реттеу қызметтерін атқарады.

Сарыуызды жасайтын заттар бунақденелілердің май денесінде,шаян тәрізділерде – гемолимфа мен гепатопанкреаста, құстар мен сүтқоректілерде – бауырында синтезделеді. Осы мүшелерден фосфолипопротеид текті сарыуызы бастамалары немесе гемолимфаға немсе қанға түседі де тамыр жүйесімен аналық жыныс безіне тасымалданады. Аналық жыныс безінде осы заттар ооцитке жету үшін фолликулдық эпителиден өтуі керек.Сарыуыз бастамасы-фиттеллогенин молекуласы өте үлкен,сондықтан диффузия жолымен ооциттің плазмалеммасынан өте алмайды да мембранадан микропиноцитоз жолымен өтеді. Сары дене (corpus luteum) (corpus luteum, лат. corpus — дене, luteum — сары) — аналық жыныс безі — жұмыртқалықтың аналық жыныс гормонын бөлетін эн- докринді бөлігі.Көпіршікті (үшіншілік) фолликул жарылғаннан кейін, оның орнында цитоплазмасында сары пигмент лютеин жинақталған жасушалар — лютеоциттерден тұратын сары дене жетіледі. Ол сыртынан дәнекер ұлпалы қабықпен қапталған. Лютеоциттер жұмыртқалықтағы аналық жыныс жасушаларының да- муын (овогенез) тоқтататын, жатыр қабырғасындағы бездердің жұмысын күшейтетін прогестерон гормонын бөледі.Ұрықтану нәтижесінде пайда болған ұрық, алғашқы тәуліктерде жатыр безі бөлетін сөл құрамындағы қоректік заттармен қоректенеді. Прогестеронның әсерінен жатырдың қабырғасы буаздықтың соңына дейін босаңсып түрады. іштастау болмайды. Буаздыққа байланысты жетілген сары денені буаздық сары денесі, ал овуляциядан кейін жетіліп, ұрықтану процесі жүрмегеннен соң, кейіннен кері ыдырап кететін сары денені жыныстық айналым сары дене деп атайды.Организмдегі кейбір патологиялық процестерден кейін, ұрық пайда болмай-ақ, ыдырамай тұрақты түрде прогестерон бөліп тұратын сары денені бедеулік сары денесі деп атайды. Бұндай жағдайда аналық жануар тұрақты күйлеп тұрды, бірақ прогестерон гормонының әсерінен аналық жыныс жасушасы пісіп жетілмейді. Сондықтан, бұндай организмде ұрықтану процесі жүрмейді.Сары дене - сүтқоректі жануарлардың ұрғашыларынын аналық жыныс бездерінде уақытша пайда болып, арнайы гормон, (прогестерон) бөліп шығаратын без. Гипофиздің лютеиндік гармоны әсерінен фолликула орнында пайда болатын, көп қабатты, өзгерген фолликулярлық жасушалар. Онда қылтамырлар өсіп, қанмен камтамасыз етілген. Дорбалы жануарларда буаздық мерзімінде пайда болып, баласын толық өсіргенше сақталады. Буаз әйелдерде 6 айдан соң жойылады. С.д. гонотрофикалық циклы бар жәндіктерда, мысалға қан сорғыш масаларда да пайда болады.

Аналықбездеэстрогендерменқатарсарыдене гормоны (геста-гендер) жәнеандрогендертүзіледі. Сары денегормондары — прогестерон, прогненол — ұрықтанужәнеұрпақкөтерупроцестерінреттейді. Прогестерон буаздықкезіндегипофиздіңгонадотроптықгормондарыныңтүзілуін, фолликуланыңдамуын, жатырдыңжиырылуынбөгеп, ұрықтыңөсуіне, сүттенупроцесініңбасталуынаықпалетеді. Аналық бездің аралық, торшаларында түзілген андрогендер фолликулаларда қуыстың пайда болуын, овуляция (фолликуланыңжарылуын) реттеугеқатысады.

Сары дене, жолдас, жатырдың кілегей қабығы (эпидометрия) релаксин гормонын бөледі. Буаздық барысында бұл гормонның бөліну мөлшері өсе түседі. Релаксин босаңсу (төлдеу) процесінің дұрыс өтуі үшін қажет, оның әсері мен шатсүйектерінің байламы (симфиз) жібіп, жатыр мойыны босаңсып, ашылады.Буаздық кезінде планцента (жолдас) да ішкі секрециялық қызмет атқарады, одан эстрогеңдер, прогестерон, релаксин және жолдас гонадотропині бөлінеді. Бұл гормоңдар буаздықтың сәтті өтуі үшін қажет.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 272 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)