Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жануарлардың түрлі топтарында алғашқы жыныс клеткаларының түзілуін түсіндіріңіз.

Читайте также:
  1. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  2. Азақстан Республикасының өсімдіктер мен жануарлар биоалуантүрлілігі
  3. Алғашқы эмбриональды индукция. Шпеман тәжиресі
  4. Аталық жыныс безінің ұмаға түспеуінен сперматозоидте ауытқу болады (криптохизм). Себебі неде?
  5. Аталық жыныс клеткаларының құрылысы және қызметі.
  6. Биліктің легитимді типтері:дәстүрлі,харизматикалық және ұтымды жариялы.

Гаметалардың морфологиясы ж.е физ-сы. Изо- ж.е гетерогамия. Гамета(грекше gamete ‐ əйел, зайып, gametes ‐ ер, күйеу) ол жыныс клеткасы. Аталық жыныс клеткасы ‐ сперматозоид, аналық жыныс клеткасы ‐жұмыртқа. Изогамиядегеніміз ‐ ол аналық жəне аталық гаметалардың морфология жағынан бірдей болуы. Бірақ олардың биохимиялық жəне физиологиялық қасиеті əр түрлі болады. Изогамия бір клеткалы балдырларда жəне қарапайымдылар типінде кездеседі. Көпклеткалы жануарларда аналық жəне аталық гаметалар морфология жағынан əр түрлі болады. Оны гетерогамиядеп атаймыз. Көбінесе жануарлардың сперматозоидында талшық тəрізді құйрықшасы болады. Оларды талшықтыдеп атаймыз. Талшықсызтүрлері кейбір құрттарда, шаянтəрізділерде, кенелерде кездеседі. Мысалы жылқы аскаридасының сперматозоидының пішіні конус тəрізді болады. Өзен шаянының сперматозоиды жұлдыз тəрізді болады. Сперматозоидтың ортасында ядро орналасады. Ядроның үстіңгі жағында акросом томпайып көрініп тұрады. Жыныс клеткаларының, яғни гаметалардың дамуын гаметогенезнемесе прогенездеп атайды.

Жануарлардың түрлі топтарында алғашқы жыныс клеткаларының түзілуін түсіндіріңіз.

Алғашқы жыныс клеткалары ‐ гоноциттер əр түрлі жануарларда онтогенездің əр түрлі сатысында пайда болады. Кейбір организмдерде дамудың ерте кезеңдерінде жұмыртқа клеткаларында ерекше бөліктері болады. Сол бөліктерден болашақта жыныс клеткалары шығады. Мысалы, насекомдарда, ұрықтанған жұмыртқалардың артқы полюсінде эктосомдар деген денешіктер байқалады. Эктосомдарды жыныс «детерминанттары» деп атайды. Жұмыртқа клетка бірнеше рет бөлінгеннен кейін эктосом бар жыныс плазмасы жыныс клеткасының ішінде байқалады. Жылқы аскаридасының жұмыртқаларында алғашқы жыныс клеткасы жұмыртқаның төртінші бөлінуінен кейін жекеленеді, ал циклопта жұмыртқа клетканың алтыншы бөлінуінен кейін эктосомдар екі ерекше клеткаға жиналады. Омыртқалыларда гоноциттер көбінесе гаструла немесе нейрула сатысында бөлектенеді. Тек қана құйрықсыз амфибияларда жыныстық плазма ерте, əлі ұрықтанбаған жұмыртқа клеткасында жекеленеді. Төменгі сатыдағы жануарларда жыныс клеткалардың қоры өмір бойы толықтырылып тұруы мүмкін. Мысалы құрттарда алғашқы гоноциттер өте ерте бөлініп шығады. Бірақ жетілген жəндіктердің гонадаларын жойса жыныс клеткалар басқа “необласт” пайда болады. Ал басқа омыртқасыз жануарларда жəне барлық омыртқалы жануарларда жыныс клеткалары тек қана гоноциттерден пайда болады. Бұл жануарлардың гоноциттерін әр түрлі əсерлермен жойса, онда дамыған ұрықтарда жыныс клеткалары қалыптаспайды. Сонымен алғашқы жыныс клеткалары ‐ гоноциттер жыныс бездерден бұрын пайда болады. Жыныс бездері жетілгенше олар белсенді түрде организмнің сұйықтықтарында қозғалып жүреді. Жыныс бездері қалыптасқан соң гоноциттер бездерді тауып алып ішіне енеді. Аталық жыныс клеткалары бездің милы затында, ал аналық жыныс клеткалары бездің қыртыс затында орналасады.

Көп клеткалы организмнің барлық клеткалары бір ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан пайда болады.Организмің барлық клеткалары екі типке бөлінеді:соматикалық дифференциацияланған және жыныс клеткалары.

1880 жылы М.Нуссбаум амфибиялар мен балықтарда жыныс клеткаларының гонададан тыс құрылуын байқады.Ол жыныс клеткалары тек жыныс клеткаларынан пайда болады деген көзқарас ұсынды.

А.Вейсман 1885-1896жылдары сол мәліметтерді қолданып,ұрық плазмасының үздіксіздігі туралы жаңа теориясын құрды.

.Сонымен ұрықтық плазма үздіксіз ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Жыныс клеткаларының дамуы:келесі сатыларға бөлінеді.

1.Алғашқы жыныс клеткаларының,яғни гоноциттердің басқа соматикалық клеткалардан жекеленуі.2.Жыныс клеткаларының көбеюі.Бұл сатыда жыныс клеткаларын гониялар деп атайды.3.Өсу сатысы.Аналық клеткалар І-реттік ооциттер,ал аталық клеткалар І-реттік сперматоциттер деп аталады.Бұл кезеңде жыныс клеткаларының хромосомдары мейоздың профазасының сатыларынан өтеді.4.Мейоз бөлінуі өтеді.Бірінші бөлінуден кейін ІІ реттік ооцитпен,ІІ реттік сперматоцит пайда болады.Екінші бөлінудің нәтижесінде жетілген жұмыртқа клеткасы және сперматида пайда болады.5.Сперматидалар сперматозоидқа айналады. Омыртқалыларда гоноциттер көбінесе гаструла немесе нейрула сатысында бөлектенеді.Тек қана құйрықсыз амфибияларда жыныстық плазма ерте,әлі ұрықтанбаған жұмыртқа клеткасында жекеленеді. Ал басқа омыртқасыз жануарларда және барлық омыртқалы жануарларда жыныс клеткалары тек қан гоноциттерден пайда болады.Мысалы бұл жануарлардың гоноциттерін рентген сәулесімен,тағы да басқа әсерлермен жойса,онда дамыған ұрықтарда жыныс клеткалары қалыптаспайды. Көпклеткалы жануарларда аналық және аталық гаметалар морфология жағынан әр түрлі болады.Оны гетерогамия деп атаймыз.Көбінесе жануарлардың сперматозоидында талшық тәрізді құйрықшасы болады.Оларды талшықты деп атаймыз.Талшықсыз түрлері кейбір құрттарда,шаянтәрізділерде,кенелерде кездеседі.Мысалы жылқы аскаридасының сперматозоидының пішіні конус тәрізді болады.Өзен шаянының сперматозоиды жұлдыз тәрізді болады.Сперматозоидтың ортасында ядро орналасады.Ядроның үстіңгі жағында акросом томпайып көрініп тұрады. Жыныс клеткаларының,яғни гаметалардың дамуын гаметогенез немесе прогенез деп атайды.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 291 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)