Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аталық жыныс клеткаларының құрылысы және қызметі.

Читайте также:
  1. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  2. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  3. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  4. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  5. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  6. Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология
  7. Ант және қант құрамдас шикізаттар

Аталық жыныс клеткалары – сперматозоиттар деп аталады. Спермотозоиттың бас жағында ядро және акросом орналасқан. Хромосомдар ядроның әшәнде орналасқан. Хромосмдар ұрпаққа берілетін белгілері тасымалдайды. Акросомда аналық жұмыртқа клеткаларының қабықшаларын ерітетін ферменттер болады. Сперматозоидтардың дамуын сперматогенез деп атайды. Сперматогенез төрт кезеңге бөлінеді:

1) көбею

2) өсу

3) жетілу

4) қалыптасу

1. Сперматогенездің алғашқы жыныс клеткалары сперматогониялар деп аталады. Олар иректелген түтікшенің ең шетінде жатады. Сперматогониялар өзінің көбею кезеңінде митозбен бөлінеді. Сперматогониялардың бірнеше типі анықталған: А‐1 (күңгірт), А‐2 (ақшыл) жəне В‐типі. А‐1 бағаналы клеткалар, А‐2 жартылай бағаналы. А‐1 клеткалар өте сирек бөлінеді де А‐2 клеткаларға айналады. А‐2 клеткалардың бірнеше рет бөлінуі соңында В клеткалар пайда болады. Бөлінетін В‐клеткалар клон құрайды, оның клеткалары əдетте сперматид сатысына дейін цитоплазмалық дəнекерліктермен өзара байланысқан күйінде қалады. Синцитиалдық байланыс бір жағынан клон клеткаларының синхронды дамуын, екінші жағынан олардың гетерогенділігі мен полиморфизмін қамтамасыз етеді, осыдан олардың өмірге қабілеттілігін арттырады.

2. Өсу кезеңінде жыныстық клеткалар бөлінбейді, өсуін күшейтеді, сперматогониялар бірінші реттік сперматоциттерге айналады. Өсу кезеңінде олардың ядроларында күрделі өзгерістер болады, ол мейозды дайындауға əсер етеді.

3. Жетілу кезеңінде клеткалар мейоз жолымен бөлінеді. Мейоздың бірінші бөлінуі екінші реттік сперматоцитті құрады. Екінші бөлінуінен кейін сперматидтер құрылады. Мейоз бөлінуі нəтижесінде хромосомдардың саны екі есе азаяды. Сондықтан сперматидтің ядросы гаплоидты болады.

4. Қалыптасу немесе спермиогенез кезеңінде сперматидтер сперматозоидтарға айналады. Клеткалардың ядролары тығыздалады да, олар клеткалардың бір шетіне орналасады. Оған қарама‐қарсы болып центриольдер шығады. Бірінші проксималды центриоль сперматозоидтың мойнында қалады. Дисталдық центриольдан құйрықтың жіпшесі өсе бастайды. Гольджи аппараты клетканың үш жағынан акросоманы құруға қатысады. Сперматозоид құйрығының аралық бөліміне митохондриялар жиналып, митохондриялық спиральді құрайды. Осы өзгерістердің нəтижесінде сперматидтен ерекше клетка сперматозоид қалыптасады.

 

10.Мейоздың кезеңдері және маңызын сипатта.

Мейоз (грекше мейозис – азаю, редукция латынша редуцерс- кішірею, азаю) – жыныс клеткалардың редукциялық бөліну тәсілі. Мейоз кезінде клетка екі рет бөлінеді, ал ДНК саны бір-ақ рет екі есе көбейеді. Мейоздың екі бөлінуі арасындағы кезеңді интеркинез деп атайды. Мейоздың екі бөлінудің нәтижесінде хромосомның саны екі есе азаяды. Кейде биваленттерде бірінші бөлінуінде гомологиялық хромосомдар ажырасады да, екінші бөліну нәтижесінде хроматидтер бір-бірімен ажырасады. Басқа жағдайда бірінші бөліну нәтижесінде хроматидтер ажырасып екінші бөлінуде гомологиялық хромосомдар ажырасады. Мейоз циклі бірнеше кезендерден тұрады. Бірінші бөлінудің кезеңдері римше l деп ал екіші бқлінуге тән күрделі ll деп белгіленген Бірінші бөлінудің ерекшелігі өте ұзақ және тән күрделі проваза болады. Онда 5 сатыны бөледі. 1 Лептотена- жіңішке жіпшелер сатысы. Интерфазалық ядроның торлы құрылымы жойыладыда, жіңішке жеке жіпшелер кқріне бастайды олар хромосомдар болып табылады. Жарық микроскоппен көрінетін бастайды, олар хромосомдар болып табылады. Жарық микроскоппен кқрінетін жіпшелердің саны диплоидты болады. 2. Зигоена –гомологиялық хромосомдар ұқсас учаскелері арқылы біріне-бірі қосыла бастайды. Олардың жұптасып қосылуы көбінесе екі шетінен басталады. Соның нәтижесінде барлық гомологтар биваленттер құрайды. 3. Пахитена – жуан жіпшелер сатысы. Бұл сатыда кроссинговер құбылысы болады. Хромосомдар жұбындағы екі сіңілі емес хромосомдар өзара учаскелерімнг алмасады.. 4. Диплотена- жұптанған жіпшелер сатысы. Биваленттегі гомологиялық хромосомдардың бір-бірінен ажырасфуы және босауы басталады. Биваленттегі сіңілі емес хроматидтер бір-бәрімен бірнеше нүктеде қосылып тұрады. Да хиазма деген қиылыстарды жасайды. Хиазмалар кроссинговер нәтижесінде пайда болады. Диплотенада хромосомдар спиральданып ядрошықтар саны азаяды. Тек қана сарыуызды көп молшерде жинайтын жануарлар ооциттерінде хромосомдар босап шам щеткасы тәріздес пішінге айналып РНҚ, белок синтезін күшейтеді. Бұл профазаның ең ұзақ сатысы. Мысалы шамщеткасы тәріздес хромосомдар насекомдар насекомдарда бір жылға дейін ал адамда 12-50 жылға дейін сақталады. 5. Диакинез- хромосомдар ең күшті спиральдануға байланысты. Қатты қысқарып жуандайды. Биваленттер оқшауланады. Клеткада оларды санауға болады. Одһлардың саны гаплоидты болады. Ядрошықтар мен ядро қабығы жойылады. Осымен l профазада аяқталады. Прометафаза Бөліну қрығы қалыптасады. Метафаза Биваленттер экватор аймағында жиналып экваторлық пластинканы құрайды. Анафаза. Гомологиялық хромосомдар мен хроматидтер ажырап қарсы полюстерге кетеді. Телофаза өте қысқа уақытта созылады., үнемі цитокинез басталмайды. Бұл жағдайда екі гаплоидты ядро бір клетканың ішінде болады. Интеркинез- екі бөлінудің аралығы. Интерфазадан айырмашылығы хромосомдар екі есе көбеймейді, ДНҚ-ның репликациясы болмайды. Мейоздың екінші бөлінуі; профаза, ll метафаза ll анафазада ll телофаза ll –ден тұрады. Мейоздың екі бөлінуі нәтижесінде 1 диплоидты клеткадан 4 гаплоидты генетикалық жағынан төрт түрлі клеткалар пайда болады.

11.Аталық жыныс безінің құрылысы және қызметі.

Аталық жыныс мүшелерін сыртқы және ішкі мүшелер деп 2 топка бөледі. Сыртқы аталық мушелеріне - ұма және жыныстық мүше жатады. Ішкі аталық жыныс мушелеріне аталық бездер, оның қосалқы бөлімдері (ұрықшығарушы өзекшелер, ұрықтық көпіршіктер, сыңар қуықасты безі) жатады. Аталық без екеу, мөлшері 4-6 см, салмағы 15-30 г. Аталық бездер - ұманың ішінде орналаскан терілі қалта. Ұманың ішкі қуысы құрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Ұрықтың дамуы кезінде ұма құрсақ қуысында жатады. Жыныс бездері өзекшелер арқылы ұма қуысына түскен соң, ондағы дәнекер ұлпамен тұтасып кетеді. Бұдан кейін ұма қуысы құрсак қуысынан бөлініп қалады. Егер жыныс бездері ұма қуысына өтпей, құрсақ қуысында қалып қойса, жыныс жасушаларының түзілуіне кедергі жасайды. Әдетте жыныс бездері шарана жарық дүниеге шығардан бұрын ұма қуысына өтеді. Аталық бездер ағзада екі түрлі маңызды қызмет аткарады. Біріншіден, олардан аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтар түзіледі. Бұл аталық бездердің сыртқы секрециялық қызметі. Екіншіден, аталық бездерден жыныс гормоны (негізінен тестостерон бөлінеді. Бұл аталық бездердің ішкі секрециялық қызметі. Сондықтан да жыныс бездері аралас бездерге жатады. Аталық бездерден бөлінген гормондар екінші реттік жыныстық белгілердің жетілуінде негізгі рөл аткарады. Олардың әсерінен жасөспірімдердің дене пішіні өзгереді, мұрт шығады, дауысы жуандайды және т. б. Аталық бездер көптеген ұсақ ұрықтық өзекшелерден тұрады. Аталық бездерде жыныс жасушаларының жетілуі де, екінші реттік жыныстық жетілумен тікелей байланыст ы Аталық бездерде жетілген сперматозоидтар ұрықтық өзекшелері арқылы алдымен ұрықтық көпіршіктерге жиналады. Ұрықтық көпіршіктеріндегі және қуықасты бездерінен бөлінген сұйықтық шәует (сперма) деп аталады. Шәуетпен араласкан сперматозоидтар зәршығару өзегі арқылы өтеді. Ер адамдарда зәршығару өзегі арқылы зәр заты да, шәует те сыртқа шығарылады. Шәуеттің құрамында сперматозоидтар өте көп болады. Мысалы, 1 см3 шәуетте қалыпты жағдайда 60 млн сперматозоидтар кездеседі. Сперматозоидтарда кез келген жасушаға тән бөліктер (цитоплазма, ядро және т. б.) болады. Басқа жасушалармен салыстырғанда сперматозоидтардың пішіні өзгешелеу, өте ұсақ (шамамен 7 мкм) және қозғалғыш. Әрбір сперматозоид бас, мойын және «құйрық» - талшықтан құрылады. Олар талшықтарының көмегімен минутына 2-3 мм жылдамдыкпен қозғалады. Шәуетпен араласып, зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығарылады

12.Сүтқоректілердің жыныстық циклы және оның көбею шарттарымен байланысты анықтаңыз. Аналықтары жыныс жүйесінің қызметін цикл сайын өзгеріп тұрады. Жыныс цикл дегеніміз ол көбею процесімен байланысты аналықтарының жыныс жүйесінде болатын әрдайым қайталанып тұратын морфологиялық процестер. Сүтқоректілер жыныстық циклінде қарай екі түрге бөлінеді. 1) полициклдік 2) моноциклді. Сүтқоректілердің жыныстық циклі төрт кезеңнен тұрады. 1. Фолликулды кезеңде жыныс безінде фолликулдар жетіліп піседі. Олардан эстроген горманы түзіледі. Жетілген фолликулды Грааф көпірщігі жарылып жұмыртқаға клеткасы жатыр түтігінің түседі. Ол құбылысты овуляция деп атайды. 2. Лютеинді кезеңде Графф көпірщігінің орнында сары дене пайда болады. Сары дене прогестерон деген горманды бөліп шығарады. Просгесторон фолликулдардың өсуін тежеп жатырдың қалыңдап өсуі мен сүт бездерінің ұлғаюына әсер етеді. 3. Жүктілік немесе екіқабаттық кезеңі жұмыртқа ұрықтанып, жатыр қабырғасында бекіннен кейін басталады. Бұл әр түрлі уақытта созылады. Мысалы адам баласында бұл 9 айға созылады. 4. Лактация кезеңі сүт бездерінің сүтті бөліп шығаруымен байланысты, ұрық жарыққа ұрықтанбаса жыныс циклі тқрт кезеңнен емес, тек қана бірінші айтылған екі кезеңнен шектелді. Аналық жыныс безінде болатын қайталанып тұратын белгілі өзгерістермен бірге жатыр мен қынапта да оларға сәйкес келетін өзгерістер болады. Жатырда 1) тыныштық кезеңі фолликулды кезеңнен басында сәйкес келеді; 2) пролиферативті кезең- фолликулды кезеңнің соңына сәйкс –мұнда жатыр қалыңдап эпителиінің ісіну байқалады. 3)секреттік кезең- овуляциядан кезеңі жатыр болады, қайтадан тыныштық кезеңіне түседі. Қынапта болатын циклді өзгерістер; 1) проэструс—фолликулды кезеңнің басы. 2) эструс- овуляция кезі. 3)метаэструс- лютеинді кезеңге сәйкес 4) диэстпус- тыныштық кезеңі. Көбінесе сүткоректілердің жыныс циклі эстральды болады, ал адамда- менструальды. Белгілі маусым сайын көбейетін моноциклді сүтқоректілер аталықтарында жылында бір-ақ аталық жыныс клеткалары жетіліп піседі ал полициклді жануарлардың аталықтарында әрдайым жетілген сперматозоидтар болады. Жануарларда көбею организмнің өз хал жайына және сыртқы факторларына қатаң тәуелді құбылыс. Көбеюге дайындық қызметін атқаратын процестердің көбею циклдік түрде өтеді де ең алдымен, репродуктивті жүйе органдарына әсер етеді Жыныс процестердің циклдік әдетте еркек жануардан гөрі ұрғашыларында айқын белгіленеді, әсіресі құрсақ ішінде дамитын типті жануарларда.

13. Аналық жыныс жүйесі мүшелерінің құрылысы және қызметі.

Аналық жыныс бездері жалпы олардың мөлшері 3-4 см-ге жететін аралас без болып табылады. Олардан аналық гаметалар жұмыртқа жасушалар және аналық жыныс гормондары екіге бөлінеді. Олар: эстроген ж.е прогестерон. Бұл гормондар жалпы әйел адамдарының сүт бездерінің дамуы, дене пішіні сияқты екінші реттік жыныс белгілерінің пайда болуына әсер етеді.Жұмыртқа клеткалары аналық жыныс безінде дамиды. Сүтқореқтілерде аналық бездердің сыртында бір қабатты эпителий болады. Аналық безінің негізі дәнекер ұлпалардан құралған. Эпителийдің астында фолликулдар бар. Олардан аналық жыныс клеткалар –жұмыртқалар дамиды. Фолликул д.з- сыртында фоллткулды эпителиймен қоршалған біріншіреттік ооцит. Фолликулалардан жұмыртқа жасушалары дамиды. Фолликул дегеніміз сыртынан фолликулді эпителиймен қоршалған бірінші реттік ооцит. Аналық бездердің жалпы үстіңгі бетінен жатыр түтігінің шашақты шеті жауып тұрады. Толысқан организмдегі аналық бездердің бірінде ай сайын гипофиз гормонының әсерімен болашақ жұмыртқа клеткасы бар фолликул жетіледі. Фолликулды клеткалардан аналық жынысгормоны - эстроген бөлінеді. Грааф көпіршігі деп аталатын аналық жетілген фолликул бездің бетінен томпайып көріне бастайды да, сыртқы қабырғаға жұқарып жарылады.Жұмыртқа клеткасы фолликулдан сыртқа шығады. Бұл процесс овуляция деп аталады.Грааф көпіршігі — аналық жыныс безі — жұмыртқасындағы жарылуға дайын, пісіп жетілген көпіршікті фолликул. Грааф көпіршігінің қабырғасы — ішінен сыртына қарай төрт қабаттан тұрады. Олар: фолликулалы қабат, шыны тәрізді жарғақ, тамырлы, талшықты қабаттар. Жетілмеген жұмыртқа клеткасы түкті воронка арқылы жатыр түтігіне түседі де, сол жерде пісіп жетіледі. Жарылған фолликулдың қуысы бірте – бірте сары клеткаларға толып, ішкі секрецияның уақытша безі сары денеге айналады. Фолликулдар мен сары денеден аналық жыныс гормондары түзіледі. Сары дене гормоны прогестерон келесі фолликулдың пісіп жетілуін тежейді де, жатырдың шырышты қабықшасын ұрықты қабылдауға дайындайды. Егер жұмыртқа клеткасы ұрықтанбаса, онда сары дене овуляциядан кейінгі 13-14 күнде гормон шығаруын тоқтатады. Сары дене ақ денеге айналады. Аналық жыныс бездерінде фолликулдардың бір шамасы жетілмей, артерикалық денешіктерге айналады. Ол процесті фолликулдардың атрезиясы дейді. Аналық жыныс бездері жамбастың кіші қуысының бүйір қабырғасындағы кішкене ойындыда бұлшықеттің үстінде жайғасқан. Бірақ аналық жыныс безінің жамбастағы орны тұрақсыз. Түрлі себептерге байланысты өзгеріп тұрады. Прогестеронның әсерінен жатырдың эндометриясы қалыңдап, ісініп, гликогенге толы клеткалар пайда болады. Мұндай өсінді – клеткалар ұрықтанған жұмыртқа жатырдың қабырғасына бекінген соң децидуальдық ұрық қабығына айналады. Бұған қоса прогестерон жатырдың окситоцинге сезімталдылығын төмендетіп, оның жиырылуына кедергі болады. Егер ол қанда болмаса ұрықтың тіршілігі жойылып, түсік түседі немесе бала мезгілінен бұрын туылады. Бұған қоса прогестерон сүт бездеріне әсер етіп, оның секреторлық клеткаларын дамытады. Эстрогендер жатыр түтіктерінің, жатыр мен оның эндометриялық қабатының өсуін тездетіп, екінші жыныстық белгілер мен жыныстық рефлекстердің пайда болуына әсер етеді. Жатыр еттерінің жиырылуын күшейтіп, олардың окситоцинге сезімталдылығын арттырады. Эстрогендер қынаптың эпителиін қатайтып жатыр түтікшелерін өсіріп, олардың жиырылғыштығын қамтамасыз етеді, әйелдердің жыныс мүшелерін өсіріп, жіктеп, қосымша жыныс белгілерін қалыптастырады.

14.Оогенездің кезеңдері.

Аналық жыныс клеткаларының дамуын оогенез деп атайды. Ол үш сатыдан тұрады: 1) көбею; 2) өсу; 3) жетілу (пісу). Оогенездің екінші сатысында бірінші реттік ооциттер өсу кезеңін бастайды. Ооциттің ядросы мейоздың бірінші профазасына түседі. Ол кезең кейде көп уақытқа созылуы мүмкін, мысалы адамда бірнеше он жылдықтарға. Өсу кезеңі екі мерзімге бөлінеді: 1) цитоплазмалық өсу; 2) трофоплазмалық өсу. Кіші өсу кезеңінде белоктар, ферменттер, митохондриялар, рибосомалар, ядрошықтар көбейеді. Үлкен өсу кезеңінде клеткаларда сарыуыз жиналады. Трофикалық материалдардың ооцитке келіп түсудің 3 жолы бар: 1) фагоцитарлық; 2) солитарлық; 3) фолликулдық. 1. Фагоцитарлық жол- жылжымалы ооциттер дененің əр жерінде дамиды, олардың өсуі көрші клеткалардың белсенді фагоцитозымен ‐ «үлкендер кішкентайларды жейді». 2. Қоректенудің солитарлық жолында ооцит көмекші клеткалармен байланыспайды да сарыуыз бен РНҚ барлық түрін синтездейді. 3. Фолликулдық жол сарыуыз жинастырудың кең таралған түрі, ол көмекші соматикалық клеткалар қатысуымен жəне екі түрде жүреді: алиментарлық жəне нутриментарлық. Алиментарлық түрде, сарыуыз ооцитке оны бір немесе бірнеше қабат болып қоршап тұрған фолликулдық клеткалардан келеді. Фолликулдық эпителий, сарыуызды ооцитке жеткізу үшін арналған аралық элемент ретінде қызмет істейді. Экстрагонадтық қоректік заттарды ооцитке тасымалдаудан басқа, фолликулдық эпителий қорғау, бөгеу жəне реттеу қызметтерін атқарады. Фолликулдық клеткалар микротүтікшелерінде жиналған вителлогенин тамшылары периооциттік кеңістікке қарай үзіледі, сосын пиноцитоз жолымен ұсақ көпіршіктер түрінде ооцитке келіп түседі. Жетілген жұмыртқада вителлогенин байқалмайды, өйткені ол қарапайымдау қосындыларға ‐фосфовитин мен липовителлинге бөлінеді. б) Сарыуыз жинастырудың нутриментарлық жолы көптеген РНҚ қосылған қоректік заттар ооцитке оны қоршаған фолликулдық жəне жетілмеген жыныс клеткаларынан келіп түседі. Трофоциттер оогониялардың ассиметриялық митоздық бөлінуі арқасында пайда болады. Жұмыртқа клеткалары аналық жыныс бездерінде дамиды. Аналық безінің негізі дəнекер ұлпалардан құралған. Эпителийдің астында фолликулдар бар. Фолликул дегеніміз сыртынан фолликулды эпителиймен қоршалған бірінші реттік ооцит. Олардан аналық жыныс клеткалар – жұмыртқалар дамиды. Фолликулды клеткалардан аналық жыныс гормоны – эстроген бөлінеді. Грааф көпіршігі аналық жетілген фолликул бездің бетінен томпайып көріне бастайды да, сыртқы қабырғасы жұқарып, жарылады. Жұмыртқа клеткасы фолликулдан сыртқа шығады. Бұл процесс овуляция д.а. Жетілмеген жұмыртқа клеткасы түкті воронка арқ. жатыр түтігіне түседі де, сол жерде пісіп жетіледі. Жарылған фолликулдың қуысы бірте‐бірте сары клеткаларға толып, ішкі секрецияның уақытша безі сары денеге айналады. Фолликулдар мен сары денеден аналық жыныс гормондары түзіледі. Сары дене гормоны прогестерон келесі фолликулдың пісіп жетілуін тежейді де, жатырдың шырышты қабықшасын ұрықты қабылдауға дайындайды. Егер жұмыртқа клеткасы ұрықтанбаса, онда сары дене овуляциядан кейінгі 13‐14 күнде гормон шығаруын тоқтатады. Сары дене ақ денеге айналады. Аналық жыныс бездерінде фолликулдардың бір шамасы жетілмей, атретикалық денешіктерге айналады. Ол процес фолликулдардың атрезиясы д.а.

15. Ұрықтану және оның биологиялық маңызы. Ұрықтану екі жыныс клеткасының аталық жəне аналық клеткаларының қосылуынан тұрады. Осы екі жыныс клеткаларының қосылуы нəтижесінде зигота деп аталатын ерекше жаңа клетка пайда болады. Оның ядросында, ата‐аналарының екеуінің де тұқым қуалайтын белгілерін сақтайтын хромосомдары болады. Зигота бөліне бастайды да, содан соң көп клеткалы ұрыққа айналады. Əр түрлі жануарларда сперматозоидтар жұмыртқа клеткаларының ішіне дамудың əр түрлі сатыларында енеді. Ұрықтану үш кезеңнен тұрады: 1) дистанттік кезең (алыстан бір‐біріне əсер ету); 2) контакттік кезең (жақыннан бір‐біріне əсер ету); 3) сингамия (сперматозоидтың жұмыртқаға еніп, ядроларының қосылуы). Дистанттік кезең жұмыртқа клеткалары бөліп шығаратын заттарымен жүзеге асырылады. Оларды жұмыртқа клеткаларының гормоны, немесе гиногамондар деп атайды. Сперматозоидтың акросомасында спермолизин деген фермент болады. Ол жұмыртқаның сарыуыз қабықшасын ерітеді. Контакттік кезең акросомдық реакция жəне кортикалдық реакция болып екіге бөлінеді. Акросомдық реакциясы сперматозоид жұмыртқа клеткасымен түйіскен кезде болады. Акросоманың жіпшесі мембрананы тесіп шығады. Акросомдық түйіршіктер сыртқа шығады да, гиалуронидаза, трипсин түрлес ферменттер бөледі. Ол ферменттер сарыуыз қабығын ерітеді. Акросом жіпшесі тескен жерінен сарыуыз қабығында ұрықтық төмпешік пайда болады. Кортикалдық реакция кезінде кортекстің түйіршіктері жарылады да, ішінен ферменттер жəне басқа заттар түзіледі. Кортекс дегеніміз, ол жұмыртқа плазмалеммасының астында жататын сыртқы цитоплазма қабаты. Сперматозоид жұмыртқа клеткасына енгеннен кейін сарыуыз қабығы қатаяды. Сондықтан басқа сперматозоидтар кіре алмай қалады. Сарыуыз қабығы мен цитоплазма арасында кеңістік пайда болады. Жұмыртқада белок синтезделуі күшейеді. 3‐ші кезеңі – сингамия деп аталады. Осы кезеңде жыныс клеткаларының ядролары қосылады. Жұмыртқаның ішінде сперматозоидтың құйрығы еріп, жойылып кетеді. Сперматозоидтың ядросы ісініп, үлкейіп кетеді де аталық пронуклеуске айналады. Ал жұмыртқаның ядросы аналық пронуклеуске айналады. Аталық пронуклеус оның алдында орналасқан центриоль арқылы қозғалып аналық пронуклеуске жақындайды. Пронуклеустердің қабықшалары еріп хромосомдары экватор аймағында алғашқы метафазалық пластинканы құрайды. Оны зиготаның метафазалық пластинкасы деп атайды. Зигота бөліне бастайды да көп клеткалы организмнің бастамасын береді. Ұрықтану процесінде ядролар мен ооплазманың əр түрлі компоненттерінің көшетіні байқалады. Бұл процес қатаң тəртіппен, заңдылықпен өтеді жəне əр түрдің жұмыртқасы ооплазмасының гетерогендік қасиетін көрсетеді.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 1243 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)