Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Р түрлі сүтқоректілердің дамуын салыстырмалы түрде көрсетініз.

Читайте также:
  1. А.Вейсманның ұрықтық плазманың үздіксіздігі теориясын сыналы түрде бағалаңыз.
  2. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  3. Азақстан Республикасының өсімдіктер мен жануарлар биоалуантүрлілігі
  4. Биліктің легитимді типтері:дәстүрлі,харизматикалық және ұтымды жариялы.
  5. Дене дамуының оза дамуы
  6. Жануарлардың түрлі топтарында алғашқы жыныс клеткаларының түзілуін түсіндіріңіз.
  7. Желге мүжіліп бұзылған әртүрлі тау жыныстарының тасымалдану жағдайында пайда болған өнімдерді

Төменгі сатыдағы сүтқоректілер саруызға бай жұмыртқа салады.Олардың зиготалары жартылай бөлшектенеді де, ал одан ары қарай құстардың дамуына ұқсас болып келеді.Ал жоғары сатыдағы сүтқоректілердің жмыртқа клеткаларында саруыз болмайды.Олардың зиготаларының бөлшектенуі толық болсада біркелкі және бірыңғай емес.Бөлшектену нәтижесінде тығыз морула пайда болады.Морула көп ұзамай сыртқы ақшыл және ішкі тығыз орналасқан күңгірт клеткалар болып екігебөлінеді.Сыртқы ақшыл клеткалардан пайда болатын трофобласт жатырдың шырышты қабықшасымен түйісіп сол арқылы ұрықты қоректендіреді.Ішкі күңгірт клеткалары эмбриобласт немесе ұрық түйіні дейдіү.Содан ұрықтың өзі пайда болады.Көп ұзамай мәселен тышқан 32блостомерлі сатысында ұрықтың ішінде трофобластың бөліп шығаратын сұйығымен толған көлемді ұуыс пайда болады.Бұл сатыдағы ұрықты блостоциста деп атайды.Бұдан гипобласт яғни эктодерма деген ішкі қабаты бөлініп шығады.Ұрықтыі денесі құстардікі сияқты ұрық қалқаншасынан пайда болады да,алғашқы жолақ,Гензен түйіні бар алғашқы жылға және құстарда болатын басқа сатыларда өтеді.Алғашқы жылға құралғанан кейін бір топ мезодерма клеткалары трофобласт пен саруыз қапшығының қабырғасының арасына оралып,ұрықтан тыс мезодерма құрайды.
Ұрықтан тыс мезодерманың ішінде кішкене қуыстар лакуналар пайда болады.Олар қосылып целом қуысын құрайды.Трофобласта көптеген бүршіктер пайда болады.Бірінші бүршелердің ішіне қан тамырар еніп екінші бүршелерді құрайды.Екінші бүрлері бір трофоблст хорион деп аталынады.Аминион қуысынң түзілуімен қатар ішектің артқы бөлімінен аллантоис дамиды.Ол тек жалғыз ұрықтан мезодермадан құралған.хорионынң екінші бүрлері мен аллантоис аяқшасы планцентаны құруға қатысады.Планцента сүтқоректілердің аналығы мен ұрығын қан тамырлар арқылы байланыстырып қоректендіретін аса маңызды мүше.

 

33.Онтогенездің филогенезбен байланысы. Академик А.Н.Северцовтың филэмбриогенез теориясы.

Онтогенез бен филогенездің байланысы туралы ілімге үлес қосқан А.Н Северцов болды.Ол өзінің

филоэмбриогенез теориясын жарыққа шығарды.Эволюциялық өзгеріске себеп болатын онтогенездің өзгерістерін Северцов филоэмбриогенездер деп атады.Басқаша айтқанда ұрықтық дамуда пайда болатын өзгерістер ересек жануарлардың құрылысын өзгертеді.Северцовтың теориясы бойынша филоэмбриогенездер ұрықтық дамудың барлық кезеңдерінде пайда болуы мүмкін.Эмбрионалдық дамудың алғашқы кезеңдеріндегі өзгерістерді ол архаллаксис деп атады.Дамудың орта кезеңдерінде пайда болатын өзгерістер-девиация ал соңғы кезеңдерде қосылатын өзгерістерді Геккельге қосылып-анаболия деді.Девиация-лат жолдан бұрылу.Мысалы рептилиялалардың қабыршағы дамудың алғашқы кезеңдерінде акулалардың сүйекті қабыршағына ұқсайды.Бірақ дамудың ортаңғы кезеңінде қабыршақтың үстіңгі жағы мүйізді затпен қапталған.Ал акулада ол эмаль.Анобалия-грек көтерілу.шаянтәрізділер кездеседі.Жоғары сатыдағы шаяндардың дернәсілдері төменгі сатыдағы шаяндардың онтогенезін қайталап,одан кейін ғана тек жоғары сатыдағы шаяндарға тән торакалды және абдоминалды сегменттерді өзіне қосып алады.Архаллаксис-грек алғашқы өзгеру деген мағынаны береді.Мысалы жыланда омыртқа саны басқа жануарларға қарағанда көп болады.Сол омыртқалар дамудың алғашқы кезеңінде көбейеді.

34.Ұрықтық және ұрықтан тыс материалдардың ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

Ұрықтан тыс мариалдар-аллонтоис,амнион қабықшасы,амнион қуысы,саруыз қапшығы,хорион,экзоцелом,ұрықтан тыс мезодерма. Алғашқы жылға құралғаннан кейін бір топ мезодерма клеткалары трофобласт пен сарыуыз қапшығының қабырғасының арасына орналасып, ұрықтан тыс мезодерманы құрайды. Приматтарда мұндай ұрықтан тыс мезодерма одан да бұрын трофобластпен бір мезгілде құралады. Ұрықтан тыс мезодерманың ішінде кішкене қуыстар ‐ лакуналар пайда болады. Олар бір‐бірімен қосылып целом қуысын құрайды. Трофобласта көптеген ұсақ төмпешік яғни талшық тəрізді бірінші бүрлер пайда болады. Бірінші бүрлердің ішіне қантамырлар еніп екінші бүрлерді құрайды. Екінші бүрлері бар трофобласт хорион деп аталынады. Амнион қуысының түзілуімен қатар ішектің артқы бөлімінен аллантоис дамиды. Сүтқоректілерде оны кейде аллантоис аяқшасы деп атайды. Ол жалғыз ұрықтан тыс мезодермадан құралған. Құстармен салыстырғанда онда энтодерма болмайды. Одан хорионның бүрлеріне жанасатын қантамырлар дамиды. Хорионның екінші бүрлері мен аллантоис аяқшасы плацентаны құрауға қатысады. Құстардың гаструляциясын қосмекенділермен салыстырғанда бастапқы шұңқырдың алдыңғы жағы бластопордың дорсальді ерні болып табылады. Осы процестермен бір мезгілде ұрық қалқаншасынан тысқары жатқан гипобласт пен эпибласт сарыуызды қоршап өсіп, сарыуыз қапшығын құрайды.. Ұрық пен амнион қабықшасы арасындағы қуыс амнион қуысы деп аталады. Амнион жəне серозды қабықшалары арасындағы қуысын экзоцелом дейміз. Сол процестермен бір мезгілде артқы ішектің ішкі қабырғасынан қапшық тəрізді болып өсіп аллантоис құралады. Аллантоис уақытша тыныс алу мен зəр бөліп шығару қызметтерін атқарады. Жұмыртқадан балапан шыққанда ұрықтың денесінде тұрған аллантоистің кішкене бөлігі қуыққа айналады. Ұрық дамыған сайын сарыуыз қапшығы кішірейе береді де, инкубацияның ең соңғы кезеңінде оның қалдықтары ұрықтың ішіне қарай тартылып, еніп кетеді. Ұрықтық дамудың соңында амнион, сероза жəне аллантоис жойылып кеуіп қалады, балапан жұмыртқаның ауа камерасынан ауа жұтып, тұмсығымен жұмыртқаның ізбес қабығын тесіп сыртқа шығады.Ұрықтық материалдар.

. Бластодисктің орта жағы ұрық қалқаншасы деп аталады. Сол ұрық қалқаншасынан ұрықтың денесі пайда болады. Қалқаншаны қоршап жатқан ашық түсті бөлігін area pellucіda дейді. Оның күңгірт бөлігі – area opaca деп аталады. Құстардың гаструляциясы екі кезеңнен тұрады. Гаструляцияның бірінші кезеңі құстың жатыр түтігінде өтеді. Бірінші кезеңде бластодисктен жұмыртқаның ішіне қарай гипобласт деген қабат бөлініп шығады. Ол келешекте энтодерманың тысқары жағын құрайды. Гипобластың пайда болуы көптеген клеткалардың иммиграциясына байланысты. Гипобласт бөлініп шыққаннан кейін бласкодисктің қалған үстіңгі қабаты эпибласт деп аталады. Гаструляцияның екінші кезеңінде эпибласт мезодермаға, ұрық энтодермасына жəне эктодермаға бөлінеді. Ол процесс былай басталады. Ең алдымен ұрық қалқаншасының орта жағына клеткалар топтарының орналасуы, шоғырлануы нəтижесінде алғашқы жолақ пайда болады. Алғашқы жолақтың алдыңғы жағында Гензен түйіні пайда болады. Клеткалар топтары алғашқы жолақтан эпибласт пен гипобластың арасына жылжи бастайды. Соның нəтижесінде алғашқы жолақтың ортасында бірыңғай орналасқан ойықтар пайда болады. Кейіннен ойықтар бір‐бірімен қосылып алғашқы жылғаға айналады. Сонымен қатар Гензен түйінінің ішінде алғашқы шұңқыр пайда болады. Ең алдымен алғашқы жылғаның алдыңғы жағынан энтобластың материалы ішке қарай жылжиды. Энтобластың материалынан энтодерма, яғни ұрықтың ішегі пайда болады. Одан кейін Гензен түйінінің жəне алғашқы жылғаның алдыңғы жағынан мезобластың клеткалары жылжып, өрмелеп эпибласт пен энтодерманың арасына орналасады. Мезобластың орта жағында тығыз жатқан клеткалардан хорда бөлініп шығады. Ал оның екі бүйірінен бір мезгілде сегментті мезодерма да бөлініп шығады.

35.Физио-қ және репаративті регенерациясының айырмашылығы. Регенерация деген сөз (лат. – regeneratіo) жаңару немесе бұрынғы қалпына келу деген мағынаны білдіреді. Биологиялық тұрғыдан айтқанда, регенерация деген, организмнің жоғалтқан немесе жарақатталған бөліктерінің қайта қалпына келуі. Негізінде регенерацияның екі түрін ажыратады: физиологиялық жəне репаративтік. Физиологиялық регенерация дегеніміз, организмнің қалыпты тіршілік барысындағы ұлпалар мен мүшелердің жаңаруы. Организмдегі көптеген клеткалар мен ұлпалар бұзылып жəне қайта құрылып тұрады. Ол процесс көптеген факторлармен байланысты: клеткалар мен ұлпалардың қызмет мерзімімен, мамандану дəрежесімен, бұзғыш факторлардың əрекетімен жəне т.б. Клетканың белсенді қызметі оның құрылымының бұзылуымен жəне энергия ресурсының əлсіреуімен бірге жүреді. Егер дифференцировка нəтижесінде клетка биосинтетикалық аппаратын жартылай немесе толық жоғалтса, онда ол жойылып кетеді. Клеткалардың жойылуының тағы да бір себебі – сыртқы физикалық немесе химиялық агенттердің тікелей бұзу əрекеті, өзінің немесе басқа клетканың метаболизм өнімдерімен улануы. Физиологиялық регенерация 2 деңгейде өтеді:

1.Молекулалық‐субклеткалық ‐ биосинтетикалық аппараттың көмегімен клетканың ішкі элементтерінің қайта қалпына келуі. Бұл деңгейде нерв ұлпасы жаңарады. Себебі нерв ұлпасының клеткалары бөліне алмайды.

2. Пролиферативтік регенерация – клетка бөліну арқылы жүреді. Көптеген ұлпаларда арнайы камбиалды клеткалар жəне олардың пролиферация ошағы болады. Аталған ұлпалар клеткаларының арнайы мамандану нəтижесінде биосинтетикалық аппараты жойылған. Сондықтан клетка өзінің бұзылған структураларын жөндей алмайды да соңында өледі. Мысалы эритроцит 2‐4 ай, ішек эпителиясының клеткасы 2 тəулік өмір сүреді. Регенерация нəтижесінде камбиалды клеткалар бөлініп, маманданып тұрады. Омыртқалылар эволюциясы барысында ұлпалар қызметінің жоғарылауына байланысты физиологиялық регенерациясының белсенділігі де артады. Репаративтік регенерация – түрлі зақымданулардан кейін өтетін дене бөліктерінің өзінің сау қалпына келуі. Репаративті регенерацияның əр түрлі классификациясы бар. Көптеген зерттеушілер негізгі 4 түрін сипаттайды:

1. Эпиморфоз. Құйрықты амфибияларда жақсы зерттелген. Амфибиялардың аяқ‐қолдарын зақымдағанда кішкентай қалдықтан бүтін орган дами алады. Эпиморфоз қайта өсу деген мағынаны білдіреді.

2. Морфаллаксис. Гидра, планария денелерін бөлшектеп кесіп тастағанда, əр бөлшектен бүтін дене қалыптасады.

3. Эндоморфоз (регенерациялық гипертрофия) немесе диффузді регенерация жылы қанды жануарларға тəн. Мұнда клеткалардың бөлінуі ұлпа жарақатының бетінде жүрмей мүшенің ішінде диффузді түрде жүреді. Соның нəтижесінде мүшенің көлемі мен салмағы өседі. Регенерация нəтижесінде мүшенің көлемі бұрынғы қалпына келсе де пішіні өзгереді.

Компенсаторлық гипертрофия. Жұп мүшелердің біреуі зақымданғанда немесе жойылғанда екіншісінің көлемі мен салмағының өсуі. Мұндай регенерация бүйректе, аталық жыныс безінде, өкпеде жүреді. Мұндай регенерация бүйректе, аталық жыныс безінде, өкпеде жүреді. Регенерацияның клеткалық және ұлпалық бастамалары әлі толық зерттелмеген.Д.Л.Лиознер (1975) регенерацияның 3 бастамаларын көрсетеді: 1.Эмбриогенез барысында сақталған бағана және камбиалды клеткалар. 2. Дедифференцировкаға ұшырып, одан кейін жаңадан редифференциалдаған клеткалар.3. Трансдифференцировка және метаплазма. Трансфифференцировка – маманданған калеткалардың басқа бағытта маманданған клеткалар типіне ауысуы. Метаплазия – бір ұрық жапырақшаның туындыларының басқа ұрық жапырақшасының туындыларына айналуы. Соңғы уақытты зерттеушілер регенерацияны реттейтін екі түрлі заттарды тапқан: 1.Эндогенді ингибитор – кейлон, ол регенерацияны тежейді. 2.Экзогенді активатор – эпителийлә өсеретін фактор.Кейлон эпидермистегі пролиферациялық процестерді тежейді. Қазіргі уақытта кейлондар басқа ұлпаларда да табылған. Әр ұлпаның басқа ұлпаларға әсер етпейтін өзінің арнайы кейлоны боалды. Кейтондар гликопротеидтерге жатады. Моллекулалық массасы улкен емс. Эпидерманың кейлондардың 2 түрі анықталған. Кейтонның бірінші түрі ДНК синтезін тежейді, себебі клеткаларды G1 фазасында тоқтатып синтезге жібермей қояды. Кейлонның екінші түрі клеткалардың G2 фазасында тоқтатып митозды тежейді. Эпителийді өсіретін фаткор кеміргіштердің жақ асты безінде синтезделеді. Бұл зат сілекейде, сүтте, несепте табылған. Казіргі уақытта кейбір регенерацияны реттейтін факторлардың иммундық және гормондық табиғаты туралы көптеген мәліметтер жиналды.

36.Гаструляция жолдары мен механизмдері. Бөлшектену процесі бластуланың құрылуына əкеледі. Бөлшектенуден кейін клеткалардың көптеген морфогенетикалық топтары жіктелу қозғалыстарын бастайды. Осының нəтижесінде екі қабатты ұрық ‐ гаструла пайда болады. Бұл процесті гаструляция деп атайды. Гаструланың сыртқы қабатын – эктодерма, ішкі қабатын энтодерма дейміз. Гаструляцияның жолдары əр түрлі болып келеді. Олар бластуланың құрылысымен байланысты. Гаструляцияның негізгі 4жолы бар: І. Иммиграция дегеніміз клеткалардың көшуі, ауысуы арқылы болады, яғни, бұл ең төменгі сатыдағы жол. Оны 1884 жылы И.И.Мечников кейбір гидромедузалардан ашып тапқан. Бластуланың қуысы бластуланың қабырғасынан ауысып шыққан клеткалармен толады. Сол клеткалардан гаструланың екінші ішкі қабаты – энтодерма құралады. Кейде клеткалар бластуланың қабырғасының бір жерінен шықса оны униполярлық иммиграция деп атайды. Егер клеткалар бластуланың екі жерінен шықса ‐ оны биполярлық иммиграция деп атайды. Ал енді клеткалар бластуланың əр жерінен шықса ‐ оны мультиполярлық иммиграция дейді. ІІ. Гаструляцияның екінші түрін ‐ деламинация дейміз. Деламинация жолында бластуланың қабырғаларындағы клеткалар бөлініп, ұрықтың екінші қабатын құрайды. Ішкі қабаты ‐ энтодерма, сыртқы қабаты – эктодерма деп аталынады. ІІІ. Инвагинация дегеніміз – целобластулаларда кездеседі. Инвагинация жолында бластуланың вегетативтік бөлігі бластоцельдің ішіне қарай көмкеріледі. Гаструляция нəтижесінде вегетативтік бөлік екі қабатты ұрықтың ішкі қабатын ‐ энтодермасын құрайды. Бластуланың анималдық жағынан эктодерма құралады. Құралған гаструланың қуысы ‐гастроцель деп аталады. Гастроцель – алғашқы ішек қуысы. Ал гаструланың тесігін бластопор дейміз. Бластопор алғашқы ауыз болып табылады. Эктодерма мен энтодерманың аралығындағы қуыс алғашқы дене қуысы деп аталады. ІV. Эпиболия дегеніміз – кейбір құрттарда кездеседі. Ұсақ анималдық клеткалар тез, жылдам бөлініп, вегетативтік клеткаларды сыртынан қоршап өседі. Вегетативтік клеткалар сары уызы көп болғандықтан тез қозғала алмайды. Гаструляцияның барлық түрлері жекеше сирек кездеседі, əдетте олар бірге жүреді. Мысалы, инвагинация эпиболиямен, деляминация иммиграциямен қатар жүреді. Қосмекенділердегі гаструляцияның негізгі жолдары эпиболия мен инвагинация болып табылады. Сары уызбен толған бластуланың вегетативтік бөлігі бластоцельдің ішіне белсенді, толық түрде ығыса алмайды. Сондықтан да вегетативтік бөлігінің ішіне вегетативтік полюстің көмкерілуі мен бір мезгілде анималдық ұсақ клеткалар сыртынан қоршап өседі. Сол екі процестің нəтижесі гаструланы құрауға мүмкіндік туғызады. Гаструляция кезінде алғашқы ішек қуысы – гастроцель, басқаша айтқанда, архентерон пайда болады. Бластопордың еріндері дорсальді ерні, вентральді құрсақ ерні, жəне екі бүйір еріндеріне бөлінеді. Бластопордың ішінен шығып тұратын вегетативтік материал сарыуыз тығыны деп аталады. Гаструляция кезінде клеткалардың күрделі орналасуы эктодерма, энтодерма жəне хорданың, мезодерманың материалдарының бөлінуіне əкеліп соқтырады. Хорданың материалы бластопордың дорсальді ернінің ішке қарай қайырылып кетуінен пайда болады. Мезодерманың материалы вентральді жəне екі бүйір еріндерінің ішке қарай көмкеріліп кетуінен қалыптасады. Мұндай жағдайда ұрық үш қабаттан тұратын болады: эктодермадан, энтодермадан жəне хорда‐мезодерма жамылғысынан. Гаструляцияның барлық түрлері жекеше сирек кездеседі, әдетте олар бірге жүреді.Мысалы, инвагинация эпиболиямен, деламинация иммиграциямен қатар жүреді.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 389 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)