Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

А.Вейсманның ұрықтық плазманың үздіксіздігі теориясын сыналы түрде бағалаңыз.

Читайте также:
  1. Р түрлі сүтқоректілердің дамуын салыстырмалы түрде көрсетініз.
  2. Сімдіктермен жануарлардың соматикалық эмбриогенездерін салыстырмалы түрде сипаттама беріңіз

А.Вейсман 1885-1896жылдары сол мәліметтерді қолданып,ұрық плазмасының үздіксіздігі туралы жаңа теориясын құрды.

Ұрыққа дейінгі даму,яғни жыныс клеткаларының дамуы гаметогенез деп аталады.Жұмыртқа клеткасының дамуы оогенез,сперматозоидтың дамуы-сперматогенез.

Жыныс клеткаларының дамуы:келесі сатыларға бөлінеді.

1.Алғашқы жыныс клеткаларының,яғни гоноциттердің басқа соматикалық клеткалардан жекеленуі.2.Жыныс клеткаларының көбеюі.Бұл сатыда жыныс клеткаларын гониялар деп атайды.3.Өсу сатысы.Аналық клеткалар І-реттік ооциттер,ал аталық клеткалар І-реттік сперматоциттер деп аталады.Бұл кезеңде жыныс клеткаларының хромосомдары мейоздың профазасының сатыларынан өтеді.4.Мейоз бөлінуі өтеді.Бірінші бөлінуден кейін ІІ реттік ооцитпен,ІІ реттік сперматоцит пайда болады.Екінші бөлінудің нәтижесінде жетілген жұмыртқа клеткасы және сперматида пайда болады.5.Сперматидалар сперматозоидқа айналады.Алғашқы жыныс клеткалары-гоноциттер әр түрлі жануарларда онтогенездің әр түрлі сатысында пайда болады.

Кейбір организмдерде дамудың ерте кезеңдерінде жұмыртқа клеткаларында ерекше бөліктері болады.Сол бөліктерден болашақта жыныс клеткалары шығады.Мысалы,насекомдарда,ұрықтанған жұмыртқалардың артқы полюсінде эктосомдар деген денешіктер байқалады.Эктосомдарды жыныс «детерминанттары» деп атайды.Жұмыртқа клетка бірнеше рет бөлінгеннен кейін эктосом бар жыныс плазмасы жыныс клеткасының (гоноциттің) ішінде байқалады.Жылқы аскаридасының жұмыртқаларында алғашқы жыныс клеткасы жұмыртқаның төртінші бөлінуінен кейін жекеленеді,ал циклопта(ескек аяқ шаяндар) жұмыртқа клетканың алтыншы бөлінуінен кейін эктосомдарекі ерекше клеткаға (гоноциттерге) жиналады.

Омыртқалыларда гоноциттер көбінесе гаструла немесе нейрула сатысында бөлектенеді.Тек қана құйрықсыз амфибияларда жыныстық плазма ерте,әлі ұрықтанбаған жұмыртқа клеткасында жекеленеді.

Төменгі сатыдағы жануарларда (губкалар,ішекқуыстылар,құрттар) жыныс клеткалардың қоры өмір бойы толықтырылып тұруы мүмкін.Мысалы,құрттарда алғашқы гоноциттер өте ерте бөлініп шығады.Бірақ жетілген жәндіктердің гонадаларын жойса жыныс клеткалар басқа «необласт» деген клеткалардан пайда болады.

Ал басқа омыртқасыз жануарларда және барлық омыртқалы жануарларда жыныс клеткалары тек қан гоноциттерден пайда болады.

 

23.Омыртқалылардың нейруляция процесіне жалпы сипаттама

Нейруляция процесінің нәтижесінде нейрула пайда болады. Нейрула дегеніміз хорлады жануарлар ұрығының гаструладан кейінгі даму сатысы. Нейрулада нерв түтігі, хорда және мезодерма сомиттері түзіледі.

Гаструляция процесінде амфибиялар бластопорының дорсалдық ерні төңірегінде ішке қайырылатын хордомезодермалдық материал ұрықтың болашақ бас жағына қарай тікелей эктодерма астымен жылжиды. Осы орын ауыстырулар нәтижесінде хорда материалы оның үстіндегі дорсалдық эктодерма клеткаларымен түйіседі және оларға индукциялық әсер береді. Индукция арқасында эктодерма клеткалары жуандайды да нерв пластинкасын қалыптастырады. Алғашқыда жүйке пластинкасы ұрықтаң алдыңғы шетінде пайда болады, кейін каудалдық (артқы) бағытқа ысырылады. Бұл процесс бірінші кезекті эмбрионалдық индукция д.а., онда индуктор ролін хордомезодерма орындайды, ал нейралды эктодерма индукция қабылдағыш ұлпа болады.

Бақаның гаструласы алғашқы кезеңінде домалақ, шар тәрізді болады. Соңғы кезеңінде ол ұзарып сопақша түрге келеді. Ұрықтың арқа жағында екі нерв қатпары пайда болады. Ол екі қатпардың арасында жатқан эктодерма бөлімін нерв пластинкасы д.а. Нерв пластинкасы ішке қарай майысып нерв науасын жасайды. Нерв науасының екі жағы көтеріліп тұтасып нерв түтігін құрайды. Нерв түтігінің ішінде невроцель деген қуыс пайда болады. Кейін нерв түтігінің бас жағы бас миына айналады. Нерв түтігінің дене бөлімінен жұлын қалаптасады. Тері эктодермасының шеттері нерв түтігінің үстінде түйіседі. Осы жерде айта кететін бір жайт: клеткалардың бір бөлігі нерв түтігіне де және эпидермиске де қосылмайды. Олар нерв түтігінің үстінде ұзына бойы созылып орналасқан. Сол клеткалардан нерв айдаршасы құралады. Нерв айдаршасы эктодерма мен нерв түтігің арасында орналасады. Нейруляция сатысынан бастап ұрықта белсенді түрде органогенез басталады. Органогенез дегеніміз- мәр түрлі мүшелердің бастамаларының пайда болуы. Органогенез өте күрделі процесс,сондықтан оны толық бір оқу құралында қарастыру мүмкін емес.

Нейруляцияның ең бастапқы сатыларында ұрық мезодермасының ортасынан хорда бөлініп шығады. Мезодерма сегменттелеген, яғни эписомит, сегменттелмеген, яғни гипосомит болып екіге бөлінеді. Эписомит ұрықтың дорсалды (арқа) жағында, ал гипосомит – вентралды (құрсақ) жағында орналасады. Арқа мезодермасының сегменттерге бөліну процесін метамеризация деп атайды.

Гипосомитті кейде спланхотом не бүір пластинкалары дейді. Кейін бүйір пластинкалары екі жапырақшаға бөлінеді. Оның ішкі энтодерма жағындысын висцералды, ал сыртқы эктодерма жағындысын париеталды жапырақша д.а. Сол екі жапырақшаның арасындағы қуысын целом дейміз. Целом екінші дене қуысы болып табылады.

Висцералды жапырақ ішекке және басқа да ішкі мүшелерге жанасып, олардың серозды қабықшасын құрайды.

Париеталды жапырақшадан ішперде құралады. Ішперде дегеніміз құрсақ қуысының жұқа эпителийлі қабықшасы. Онда ішкі мүшелер орналасқан.

Эписомиттер одан ары қарай дерматом, миотом, склеротом болып бөлінеді. Дерматомнан терінің ұлпалары, склеротомнан шеміршек, сүйек ұлпалары, миотомнан бұлшықет ұлпалары п.б. Бүйір пластинкалардың қосылған жерінен гонатом мен нефротом бөлініп шығадды. Келешекте нефротомннан бүйрек түтікшелерінің эпителиясы п.б, ал гонатомнан гонадалар п.б.

Нерв айдаршасының материалынан неше түрлі клеткалар, ұлпалар пайда болады. Соның ішінде жұлынның сезгіш түйіндері, меланоциттер пигменттік клеткалар, биполярлық нейрондар, леммоциттер бар. Нерв айдаршасының бас жэағыннан шыққан клеткалардан шеміршек, бұлшық ет, дәнекер ұлпалары құралады. Аденогипофиз бен қалқан серік бездердің құралуына да сол клеткалар қатысады.

Ұрық жапырақшалардан әр түрлі мүшелер дамиды.

Эктодерманың туындылары. Эктодерманың клеткаларынан жабынды эпителийц, тері бездері, тістің сыртқы қабаты, мүйізді қабыршақтар п.б. Көптеген жануарларда эктодерма дененің алдыңғы және арқы жағында ішіне көмкеріліп, ығысып қалта секілді алдыңғы және артқы ішекті құрайды. Ол ішектердің қалта тәрізді бастамалары тесіліп ортаңғы эктодермадан п.б. ішекке жалғасады. Сондықтан алдыңғы ішек және артқы ішек эктодерманың туындылары болып саналады. Эктодерманың арқа жағы ұрық денесінің ішіне ығысып, батып нерв жүйесінің бастамасын береді.

Энтодерманың туындылары. Ішкі ұрық жапырақшасынан ортаңғы ішектің эпителиі, асқорту бездері және тыныс алу мүшелері п.б. Асқорту бездерінің бастамалары ішектің вентралды қабырғасынан қалта тәрізді томпайып өсіп шығып әрі қарай күрделенеді. Көмекей, бронхылар және өкпе бір бастамадан п.б. Ас қорыту каналынын құрсақ жағынан қалта секілді өсінді п.б. Соңынан өсінді дифференциялданып өкпе, бронхыға айналады.

Мезодерманың туындалары. Ұрық бөліктері арасындағы байланысты, қозғаласытық, тірек және трофикалық қызметтерді қамтамасыз етеді. Олардың ішінде барлық бұлшықет ұлпалары, дәнекер ұлпалар, шеміршек, сүйек, қан тамырлар мен лимфа жүйелері, зәр шығару мүшелердің түтікшелері, гонадалар ұлпаларының бөлігін, дене қуысының перитонеумін, тыныс алу мүшелерінің негізгі құраламдарын, ас қорыту түтігінің қабырғасын және т.б. атауға болады. Мезодерма бөлігі, эмбрионалдық дәнекер ұлпасы – мезенхимадан әр түрлі ұлпалар қалыптасады.

Айта кету керек, әрбір мүшенің құралуында бір емес бірнеше ұрық жапырақшасы қатысады. Мысалы, терінің құрамына эктодермадан дамыған эпидермиспен қатар мезодерманың дерматомынан пайда болған терінің дәнекерұлпалық негізі кіреді. Сондықтан, бұл жіктеу тек мүшелердің алғашқы шығу тегін көрсетеді.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 449 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)