Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сперматогенез және оогенез процестерінің ұқсастығы және айырмашылықтары

Читайте также:
  1. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  2. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  3. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  4. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  5. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  6. Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология
  7. Ант және қант құрамдас шикізаттар

Аналық жыныс клеткаларының дамуын оогенез деп атайды. Ол үш сатыдан тұрады: көбею, өсу, жетілу пісу сатыларынан тұрады. Төрт сатылы сперматогенезбен салыстырғанда оогенезде төртінші қалыптасу сатысы болмайды. Егер спематогониялардың көбеюі организмнің жыныстық жетілуіне байланысты болса, ал оогогиялардың көбеюі жыныс безіне байланысты болады. Көбею кезінде жыныс клеткалар митоз жолымен бөлініп, саны артып отырады. Ол клеткалар оогониялар деп аталынады. Көбею сатысы ұрық жарыққа шыққанға дейін созылады. Жалпы оогенездің екеінші сатысында бірінші реттік ооциттер өсу кезеңінен басталады. Өсу кезеңі екі мерзімге бөледі:цитоплазмалық өсу кіші өсу, трофоплазмалық өсу үлкен өсу. Кіші өсу кезінде белоктар, ферменттер, митохондриялар, рибосомалар, ядрошықтар көбейеді. Үлкен өсу кезінде клеткаларда саруыз жиналады. Сперматогенез (грек, sperma — шәует, genesis — шығу тек) — еркек жануарлардың жыныс безінде жүреді. Бұл процесс кезегімен өтетін төрт кезеңнен: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезеңдерінен тұрады.

Сперматогенездің көбею кезеңіңце гаметобласттардан жетілген жас жыныс жасушалары —сперматогониялар еннің ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында, өздерін қоршаған тіректік торшалардан (сустентоциттерден) тиісті қоректік заттарды қабылдап, митоз арқылы бөлініп үздіксіз көбейеді.Олар дөңгелекше келген ұсақ ядролы шағын жасушалар. Сперматогония ядросында хроматинге бай хромосомалардың дигогоидты (2п) жиынтығы болады. Сперматогенездің өсу кезеңінде сперматогониялар өсіп, терфазаның S кезеңіндегі қорлану процесіне сәйкес ДНК, мен протеиндердің мөлшері екі есе көбейіп, олар көлемі жағынан ұлғаяды. Сперматогониялардың біріншілік сперматоциттерге айналуы кезінде, олардың ядроларындағы хромосомалар мейоздың ең ұзак бірінші кезеңі — профазадағы лептотен, зиготен, пахитен және диплотен сатылардан өтіп, олардың құрылысында күрделі кұрылымдық өзгерістер жүреді.Сперматогенездің жетілу кезеңінде — диакинездің нәтижесінде әрбір біріншілік сперматоцит екіге бөлініп, олардың әрқайсысынан екі екіншілік сперматоцит пайда болады. Олар жедел бөлінеді де, нәтижесінде бір екіншілік сперматоциттен екі сперматидалар пайда болады. Сперматидалардың ядроларында хромосомалардың гаплоидты (п) жиынтығы болады. Сперматогенездің қалыптасу кезеңінде сперматидалардан сперматозоидтар калыптасып жетіледі.Шәуеттүзілу (сперматогенез); (spermatogenesis, грек, sperma — ұрық, genesis — даму, түзілу) аталық жыныс жасушаларының еннің ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларындағы даму процесі. Сперматогенез көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезеңдерінен тұрады.Сперматогенез қалыптасу процесі – кезеңімен немесе спермиогенезбен аякталады. Хромосомалардың жылдам ширатылуының нәтижесінде сперматид ядролары тығыздалады, олар функционалды енжар болады. Пластинкалы кешен ядроның бір полюсіне орын алмастырып, акро- сомды аппарат түзеді. Ол сперматозоидтің жасушасына енуінде үлкен рөл атқарады. Центриольдер ядроның карама-қарсы полюсінде орналасады және олардың біреуінен талшық өсіп шығады, оның түбіне митохондрия орамдалған қапшық түрінде шоғырланады. Жалпы сперматогенез бен оогенздің ұқсастығы олардың дамуы ұқсас болып келеді. Ал айырмашылығы оогенезде қалыптасу сатысы болмайды,ол тек өсу сатысыменаяқталады, ал сперматогенезде қалыптасу сатысы болады.

 

25. Табиғи ж.е жасанды партеногенез, оның теориялық ж.е практикалық маңызы. Кейбір жануарларда жұмыртқалар ұрықтанбай көбейеді. Ондай көбею әдісін партеногенез деп атайды. Партенеогенез алғашқы рет 1762 жылы шөп беттеріне сипаттап жазып, жануарлар мен өсімдіктедің көптеген түрлерінен тек 19 шы ғасырда ғана анықталды. Жануарлар дүниесінде партенеогенез әсіресе насекомдарда және кейбір кейбір шаянтәрізділерде кеңінен кездеседі де, кезеңді деп аталады. Мысалы, шөп беттерінде жаз бойы аталықтар болмай, жұмыртқалар ссалады. Күзде ғана аталықтары пайда болып, партенеогенездік даму қос жыныстық дамуға ауысады. Аралардың бір бөлігі ғана ұрықтанбай, яғни партеногенездік жолмен дамиды. Аналық аралар ұрықтанған және ұрықтанбаған жұмыртқа салады. Ұрықтанбаған жұмыртқадан аталық, яғни трутеньдер, ұрықтанған жұмртқадан аналық особьтер және жұмысшы аралар дамиды. Жұмысшы аралар аналықтарда жыныс жүйесінің жетілмеуі арұасында ажыратыалды. Мұндай жартылай партеногенез факультативтік деп аталады. Көптеген жануарларда партенегенздік дамудың нәтижесінде жұмыртқадағы ядролық затының көлемі азаймай диплоидьті особьтер пайда болады. Мұның себебі оогенездің жетілу кезеңінде гі бөлініп шығатын редукциялық денешік біраз уақыттан соң жетілген жұмыртқаның ядросымен қайтадан қосылып кетеді. Ал, араларда, партеногенздік дамиын аталыұтардың клеткасында 2 есе азайған ядросы болады. Омыртқалы жануарлардың ішінде партеногенез өте сирек кездеседі. Соңғы уақыттарда бекіре балықтардың жұмыртқасының бірқатары табиғи жағдайда партенеогенездік жолмен дамитындығы анықталды. Партеногенездің екі түрі болады: табиғи жəне жасанды. Жасанды партеногенезді алғаш рет 1887 жылы орыс ғалым А.А. Тихомиров тəжірибе жасау арқылы алды. Ол жібек көбелегінің ұрықтанбаған жұмыртқасына əлсіз күкірт қышқылымен немесе щеткамен сүрту арқылы əсер етіп, оны дамытуға түрткі жасады. Жұмыртқаға физикалық, химиялық əр түрлі əдістерімен белгілі мерзімде əсер етіп көптеген жануарлардың толық жəне жасанды партеногенезі дəлелделінген. Жасанды партеногенездің практикалық маңызы зор. Мысалы, орыс ғалымы Б.Л.Астауров өзінің тəжірибелері арқылы жібек құрттардан партеногенез жолымен тек аталық организмдерді алған. Ал жібек құрттардың аталықтары аналықтарға қарағанда жібекті көп мөлшерде өндіреді. Оның шəкірті В.А.Струнников көптеген іріктеу жұмыстары нəтижесінде селекцияға арналған жібек құрт клондары генотипінде партеногенезге бейімділікті жəне тіршілікке жоғары икемділікті айқындайтын саны көптеген гендерді жинастыра алды. Бірақ, ең жақсы гибридтік ұрғашылардан алынған тіршілікке ең икемді клондар іс жүзінде пайдалануға жарамады, өйткені ұрғашы жібек құрты еркекке қарағанда тұт жапырағын 20% артық жейді, ал жібекті 20% кем береді. В.А.Cтрунников лабораториясында еркек тұт жібек құрттарын клондау жұмысы ойдағыдай бітті. Сонымен, оның қызметкерлері керекті жынысты жаппай алу мəселесін жəне “таза” линияларды гибридтеу арқылы гетерозисті күрт көтеруді шеше алды. Спермияның жұмыртқа бетімен ең бірінші түйісуінен‐ақ, жұмыртқаның дамуы басталуына себеп болады. “Аяқталмаған ұрықтану” деп аталған жағдайлар кездеседі, онда спермия жұмыртқаға енбей, тек қана түйіседі, сонда да жұмыртқа активациясы басталады.

 

26. Бөлшектенуге жалпы сип-ма. Био-қ маңызы. Бөлшектену дегеніміз - ұрықтанғаннан кейін болатын зиготалардың бірнеше рет бөлінуі.Бөлшектену ұрықтың көп клеткалық сатысының құрылуына әкеліп жеткізеді. Бөлшектенудегі клетка бөлінуінің 2 белгісі бар:

1)бөлінген клеткалар өспейді

2)кәдімгі митоздағыдай ДНКның саны әрбір бөлінуден кейін 2 есе көбейіп тұрады. Бөлшектену бластулалардың құрылуымен аяқталады. Бластула көп клеткалы бір қабаты ұрық.Бластулаларды құрайтын клеткалар бластомерлер деп атайды.и Бөлшектену кезіндегі ядролардың саны тез көбейеді де, цитоплазманың көлемі өзгермейді. Мұның өзі ұрықтық клеткаларына жақындатады. Бөлшектенудің 2 ережесі бар. Ол Гертвиг –Сакстың ережесі:

1) Клетканың ядросы цитоплазманың сарыуыздан бос бөлігіінің дәл ортасында орналасады.

2)Бөліну ұршығы цитоплазманың сарыуыздан бос бөлігінде ұзына бойы орналасады.

Бөлшектену сызығымен бластомерлер бірінен –бірі ажырайды. Бірақ, олар бірге қалады. Сызықтар бағытына қарай меридианалдық, экваторлық,и латитунидалдық және тангенциалдық болып бөлінеді. Меридионалдық – анималдық полюстан басталып, вегетативтік полюсқа қарай жүреді. Экваториалдық – экватормен, латидунидалдық паралельдік бағытпен өтеді, ал тангенциалдық сызық зиготаның сыртқы бетіне паралельдік бағытпен жүреді.

Бөліну сызығыың бағытына, тереңдігіне және жылдамдығына қарай бөлшектенудің бірнеше түрлерін ажыратуға болады. Саыуыз бөліну сызығының қалыатасуына қарсы ісер етеді. Клеткалардың сарыуызында көп бөлігінде сызық құралмайды.

Бөлшектенудің 2 түрі болады:

1)толық бөлшектену (голобластикалық)

2)жартылай бөлшектену(меробластикаық)

Толық бөлшектену біркелкі (теңіз кірпілерінде, ланцетникте) және біркелкі емес бөлшектену. (қосмекенділерде) болып бөлінеді. Жартылай бөлшектену: диск тәрізді бөлшектену (құстрда, бауырымен жорғалаушыларда) және зиготаның беткі бөлшектенуі болып бөлінеді (бунақденелілерде). Бөлшектену нәтижесінде бластла құралады. Бластуланың қабырғасы бластодерма деп аталады. Ішіндегі қуысын бластоцель деп атаймыз.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 699 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)