Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оғам қызметінің мақсаты, мәні және түрлері

Читайте также:
  1. B) пайыздармен, коэфициенттермен және индекстермен өлшенеді
  2. B. Экранды өшіру және жүйелі блокты өшіру.
  3. E) негізгі және қосымша
  4. Lt;variant>бір қосымшадан екіншісіне объекті ендіру және байланыстыру арқылы жұмыс істеу технологиясы
  5. Абай қазақ қоғамының жағдайын қалай сипаттайды?
  6. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 1 страница
  7. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 10 страница

Азақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

Жылғы «___» ______________

Бұйрығымен бекітілді

«Астана медицина университеті»

акционерлік қоғамының

ЖАРҒЫСЫ

Астана қаласы, 2011 жыл

Жалпы ережелер

1. «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) осы Жарғысы қоғамның аталуын, орналасқан жерін, оның органдарының қалыптасу тәртібін және құзыретін, оның қайта құрылуының және қызметін тоқтатуының шарттарын және Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларды анықтайды.

2. Қоғамның толық аталуы:

1) мемлекеттік тілде: «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамы;

2) орыс тілінде: Акционерное общество «Медицинский университет Астана»;

Қоғам аталуының қысқартылған түрі:

1) мемлекеттік тілде: «АМУ» АҚ;

2) орыс тілінде: АО «МУА».

3. Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері: 010000, Қазақстан

Республикасы, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Сарыарқа даңғылы, № 95 үй.

4. Қоғамның жалғыз акционері (бұдан әрі – Жалғыз акционер) – Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті.

Қоғам акцияларының 100 % мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне берілген.

5. Қоғамның өзінің тауарлық белгісі мен фирмалық атауы бар және үлгісі мен қолданылу тәртібін Қоғамның Директорлар кеңесі бекітетін және белгіленген тәртіпте тіркелетін өзге де нышандары болуы мүмкін, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мөртабандары, фирмалық бланкілері және басқа да деректемелері бар.

 

2. Қоғамның заңды мәртебесі

6. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып есептеледі және өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, осы Жарғыға (бұдан әрі – Жарғы) сәйкес жүзеге асырады. Қоғамның өзінің дербес балансы, банк шоты бар, қоғам өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарға ие бола алады және оны жүзеге асыра алады, сотта талапкер және жауапкер болады, сот міндеттерін орындай алады.

7. Қоғамның мөрі, өз атауы жазылған бланкісі және өзінің қызметін жүзеге асыруға қажетті басқа да деректемелері бар.

8. Қоғам өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Жарғыны, сонымен қатар Корпоративтік басқару кодексін басшылыққа алады.

9. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға құқылы.

10. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған тәртіппен өзінің орналасқан жерінен басқа жерде, заңды тұлға болып саналмайтын және филиалдар туралы Ережелер негізінде Қоғам атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін филиалдар (өкілдіктер) құруға құқылы.

 

Оғамның құрылтай құжаттары

11. Осы Жарғы Қоғамның құрылтай құжаты болып саналады. Барлық мүдделі тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Жарғымен танысуға құқығы бар.

 

оғам қызметінің мақсаты, мәні және түрлері

12. Қоғам қызметінің негізгі мәні және мақсаты - денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-білім беру қызметі, денсаулық сақтау саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, жоғарғы мамандырылған медициналық көмек көрсетуб Қоғамның ұйымдастыру құрылымына сәйкес клиникалық базаларды құру, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру.

13. Қоғамның негізгі міндеті – ұлттық және жалпы адами құндылықтар негізінде тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби шыңдалуына бағытталған жоғары кәсіптік білім алуға және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім алуға қажетті жағдай жасау.

14. Қойылған міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін Қоғам келесі функцияларды орындайды:

1) білім беру саласындағы құқықтық актілерде қарастырылған жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандарды даярлау;

2) жоғары білікті медицина кадрларын резидентурада және жоғары білікті ғылыми-педагог кадрларды магистратурада, (PhD) докторантурада даярлау;

3) денсаулық сақтау саласының жоғары кәсіптік білімі бар қызметкерлерін, сондай-ақ жоғары білікті ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

4) денсаулық сақтаудың және медициналық білім берудің проблемалары бойынша іздену, іргелі, қолданбалы, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу;

5) халықаралық бағдарламалар бойынша мамандарды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға қатысу және шетелдік мамандармен бірлесіп жүргізілетін ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу;

 

6) консультациялық және емдік-диагностикалық жұмыстар атқару және қызмет көрсету, соның ішінде ақылы түрде де;

7) денсаулық сақтау ұйымдарымен аурулардың алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс ұйымдастыру;

8) денсаулық сақтау және медициналық білім беру саласы бойынша ғылыми-білім беру іс-шараларын, көрмелерді, семинарларды конференцияларды, тренингілерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

9) оқу-әдістемелік, ғылыми және ғылыми-практикалық әдебиеттерді әзірлеу, баспадан шығару және тарату, оның ішінде электрондық ақпарат тасымалдаушымен де тарату;

10) оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру және жетілдіру;

11) оқыту жұмыстарын және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру үшін нормативтік талаптарға сәйкес материалдармен, техникамен қамтамасыз ету, жабдықтау;

12) клиникалық базалардың жұмысын ұйымдастыру;

13) оқыту процесіне білім берудің инновациялық технологияларын енгізу;

14) шетелдік және халықаралық ұйымдармен, мекемелермен тікелей байланысты жүзеге асыру, білім беру және ғылыми қызмет саласында ынтымақтастық жөнінде келісімшарттар жасасу;

15) білім алу, тағылымдамадан өту, ғылыми зерттеулер жүргізу, тәжірибе алмасу және біліктілікті арттыру үшін студенттерді, магистранттарды және оқытушыларды (соның ішінде алмасу тәртібінде де) басқа мемлекеттерге жіберу;

16) халықаралық ғылыми жобаларға және гранттарға қатысу;

17) жеке меншігіне жататын тұрғынжайларды және тұрғынжайға жатпайтын жайларды жалға беру.

15. Мемлекеттік лицензиялауға жататын қызметті Қоғам тиісті лицензиясы болғанда ғана жүзеге асырады.

 

Оқуға қабылдау тәртібі, білім беру процесін (оқу және тәрбие) ұйымдастыру. Қоғамда білім алушылардың білімін ағымдық бақылау және аралық аттестаттау жүйесі

 

16. Қоғамның білім беру қызметін іске асыру құқығы лицензия алған уақыттан басталады және оның мерзімі аяқталған, Қазақстан Республикасы заңнамасында көрсетілген тәртіпте кері қайтарылған немесе оны жарамсыз деп таныған сәттен бастап тоқтатылады.

17. Азаматты оқуға қабылдаған кезде, оның талап етуімен, Қоғам азаматқа және (немесе) оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне ұйымның Жарғысымен, білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензиямен, қабылдау тәртібі мен оқу-тәрбие процесін реттейтін өзге де құжаттармен, жоғары оқу орнының құрылымымен, осы білім беру ұйымында жүргізілетін жоғары кәсіптік білім деңгейімен және таңдаған мамандығының біліктілігімен танысу мүмкіндігін беруге міндетті.

18. Қоғам жоғары оқу орнына қабылдау тәртібін білім беру саласындағы орталық атқарушы орган бекітетін Білім алушыларды оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес белгілейді.

19. Оқыту тілі: мемлекеттік тіл, орыс тілі, ағылшын тілі.

Оқу нысаны – күндізгі.

20. Студенттерді қабылдау контингенті мемлекеттік білім беру грантын, Қоғам тағайындаған білім беру грантын иеленген азаматтардың және оқу ақысын өз қаражаты немесе өзге қаражат көздері есебінен төлеген азаматтардың саны бойынша анықталады.

21. Жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібінің үлгі ережесінде басқаша көрсетілмесе, білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензияға сәйкес, ақылы негізде оқитын студенттер қатарына қабылдау тәртібін, көлемін, студенттер қатарына алу тәртібін Қоғам өзі белгілейді.

22. Қазақстан Республикасының азаматтары, егер аталған білім деңгейін бірінші рет алатын болса, жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты аясында мемлекеттік білім тапсырысына сәйкес, аттестациядан және аккредитациядан өткен Қоғамда жоғары кәсіптік білімді конкурстық негізде тегін алуға құқылы.

23. Шетелдік азаматтар мемлекетаралық келісімдер, Қоғамның шетелдің оқу орындарымен және ұйымдарымен жасаған келісімшарттары немесе жеке келісімшарттар негізінде білім алудың барлық деңгейіне оқуға қабылдана алады.

24. Оқыту процесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (бұдан әрі – МЖМБС) және бекітілген жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес ұйымдастырылады.

25. Қоғамның негізгі құрылымдық бөлімшелері – Қазақстан Республикасы заңнамаларына және осы Жарғыға сәйкес қызмет ететін факультеттер, кафедралар, зертханалар, басқармалар, бөлімдер, қызметтер, секторлар, медициналық орталықтар, колледждер, филиалдар.

26. Қоғамда саяси мақсатты көздемейтін ғылыми бірлестіктер, жастардың ғылыми-техникалық шығармашылық орталықтарын, жас ғалымдар мен мамандар кеңестерін, оқытушылардың, қызметкерлердің және студенттердің шығармашылық бірлестіктерін құруға болады.

27. Қоғамда ғылым кандидаты мен докторы, PhD докторантураның кандидаты мен докторы ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертация жұмыстарын қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңестер белгіленген тәртіппен құрылады және ғылыми, оқу-әдістемелік семинарлар мен конференциялар ұйымдастырылады және өткізіледі.

28. Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау тәртібін білім саласындағы орталық атқарушы орган бекіткен «Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі туралы Ереже» негізінде және жұмыс оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес Қоғам өзі белгілейді.

29. Қоғамның тәрбиелік міндеттері білім алушылардың, оқытушылардың, қызметкерлердің бірлесе атқаратын оқу, ғылыми, шығармашылық, өндірістік қызметтерімен қатар жүзеге асырылады.

30. Қоғамдағы тәртіп білім алушылар мен оқытушылардың адами құндылықтарды өзара сыйлауы негізінде сақталады. Білім алушыларға қатысты күштеп мәжбүрлеу әдістерін қолдануға, моральдық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсетуге тыйым салынады.

31. Қоғамда нәсілдік, ұлттық, діни, әлеуметтік ымыраға келе алмаушылық және ерекшелік туралы үгіт-насихаттарды, милитаристік және жалпыға ортақ халықаралық құқық пен гуманизм қағидаларына қайшы келетін басқа да идеяларды таратуға тыйым салынады.

32. Білім беру ұйымының білім алушымен және (немесе) оның ата-анасымен және өзге де заңды өкілдермен өзара қарым-қатынасы білім беру қызметін көрсету туралы келісімшарт жасау түрінде ресімделеді.

 


Дата добавления: 2015-10-30; просмотров: 95 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Оғамның Директорлар Кеңесі | Оғам Басқармасы | Оғамның ақпаратты ашуы. Қоғам құжаттары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Higher Education in Great Britain| Оғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)