Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оғамның ақпаратты ашуы. Қоғам құжаттары

Читайте также:
  1. Ақпаратты шығару құрылғысы?
  2. Ақпараттық блок
  3. Автобустардың жалға шығуын жолаушылардың жүктерін сақтауға қою,құжаттарын рәсімдеу
  4. Зертханалық жұмыс №5 (2сағат).Ақпаратты жіберу жылдамдығы мен байланыс каналының өткізу қабілетін анықтау.
  5. Оғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары
  6. Оғамның Директорлар Кеңесі

 

179. Қоғам өзінің қызметі туралы ақпаратты ғаламтор жүйесіндегі Қоғамның WEB-сайттында және (немесе) мерзімді басылымдар да белгіленген тәртіпте жариялайды.

180. Қоғам Жалғыз акционердің сұрауы бойынша Қоғам қызметі туралы оның мүддесіне қатысты ақпарат береді.

Жалғыз акционердің мүддесіне қатысты ақпараттар:

1) Жалғыз акционер мен Директорлар Кеңесі қабылдаған шешімдер туралы және қабылданған шешімдерді орындау туралы ақпарат;

2) Қоғамның акциясы мен басқа бағалы қағаздар шығарылымы, Қоғамның бағалы қағаздарын үлестіру қорытындылары туралы есебі, Қоғамның бағалы қағаздарын төлеу қорытындылары туралы есебі, өкілетті органның Қоғамның бағалы қағаздарының күшін жоюы;

3) Қоғамның ірі мәмілені және Қоғамның қызығушылығын тудырған мәмілелер;

4) Қоғамның өз капиталы көлемінен жиырма бес және одан көп пайызды құрайтын заем алуы;

5) Қоғамның қандай да бір қызмет түрімен айналысуы үшін лицензияны алуы және Қоғамның бұрын алған лицензиясының күшін тоқтата тұруы және толық тоқтатуы;

6) Қоғамның заңды тұлғаны құруға қатысуы;

7) Қоғам мүлкіне тыйым салу;

8) төтенше сипаттағы жағдайлардың орнауы, ол жағдайлардың салдарынан баланстық бағасы Қоғам активінің жалпы көлемінің он және одан да көп пайызын құрайтын Қоғам мүлкінің жойылуы;

9) Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілікке тартылуы;

10) Қоғамды күштеп қайта ұйымдастыру туралы шешім;

11) корпоративтік дау бойынша сотта іс қозғалу;

12) Осы Жарғыға сәйкес Жалғыз акционердің мүддесіне қатысты басқа да ақпараттар.

181. Жалғыз акционердің мүддесіне қатысты Қоғам туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес беріледі. Қоғам сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалатындығы туралы ақпаратты Жалғыз акционерге Қоғамға сот хабарламасы (шақыру) түскен уақыттан бастап жеті жұмыс күні ішінде берілуі тиіс.

182. Қоғам қызметтік немесе коммерциялық құпия мәліметтерді білетін Қоғам қызметкерлерінің тізімін міндетті түрде жасауды қамтамасыз етеді.

183. Қоғам қызметіне қатысты құжаттар Қоғам қызмет ететін мерзім ішінде Қоғам Басқармасы орналасқан жерде немесе Басқарма шешімі бойынша өзге жерде сақталады.

Сақталуы тиіс құжаттар:

1) Жарғы, оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;

2) Жалғыз акционердің шешімі, оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;

3) Қоғамды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;

4) Қоғамның статистикалық картасы;

5) Қоғамның белгілі бір қызмет түрімен айналысуға және (немесе) белгілі әрекетті жасауға құқық беретін лицензиясы;

6) Қоғамның балансында тұрған (болған) мүлікке иелік ету құқығын растайтын құжаттар;

7) Қоғамның бағалы қағаздарын шығару проспектілері;

8) Қоғамның бағалы қағаздарының шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, бағалы қағаздарын жоюды растайтын құжаттар, сонымен қатар Қоғамның бағалы қағаздарын үлестіру және төлеу қорытындылары туралы өкілетті органға ұсынылатын есептерін бекіту құжаттары;

9) Қоғамның филиалдары және өкілдіктері туралы ережелер;

10) Жалғыз акционердің шешімі және оған қатысты материалдар;

11) Директорлар кеңесі мәжілісінің хаттамалары (сырттай отырыс шешімдері), Директорлар кеңесі мәжілісінің күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі материалдар;

12) Басқарма мәжілісінің хаттамалары (шешімдері);

13) корпоративтік басқару кодексі;

14) Басқа да құжаттар, оның ішінде Қоғамның қаржылық есептері заңнамада белгіленген мерзім бойы сақталады.

184. Жалғыз акционердің талабы бойынша Қоғам оған Басқарма бекіткен құжаттардың көшірмелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте беруге міндетті. Қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын басқа да құпия құжаттарды бермеуге рұқсат етіледі.

185. Қоғам қызметі туралы «Құпия», «Қызмет бабында қолдану үшін» деген таңбалары бар ақпарат Жалғыз акционерге мәлім болса, үшінші тұлғаға жазбаша немесе басқа түрде берілмейді. Аталған ақпаратқа ие Жалғыз акционер оны құпия түрде сақтауы міндетті. Құпия мәліметті ашу тек Қоғам Басқармасы рұқсатымен шешіледі. Ал Басқарма рұқсаты болмаған жағдайда, Жалғыз акционер Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

186. Қоғам өзінің үлестес тұлғалары ұсынған мәліметі негізінде, Қоғамның үлестес тұлғаларын есепке алуды жүргізеді.

187. Қоғам өзінің үлестес тұлғалары туралы тізімді белгіленген тәртіппен, бағалы қағаздар нарығын реттейтін және қадағалайтын мемлекеттік органға тапсыруға міндетті.

188. Қоғамның Басқарма төрағасына Жалғыз акционер мен Қоғамның лауазымды тұлғалары өзінің үлестес тұлғалары туралы ақпаратты олар пайда болған уақыттан бастап 7 (жеті) күн ішінде хабарлайды.

189. Жалғыз акционердің немесе Қоғамның лауазымды тұлғасының үлестес тұлғалары үлестес тұлға болуын тоқтатса, Жалғыз акционер немесе Қоғамның лауазымды тұлғасы Басқарма төрағасына бес күндік мерзімде ол туралы хабарлайды.

Басқарма төрағасына үлестес тұлғалар туралы ақпарат бағалы қағаздар нарығын реттейтін және қадағалайтын мемлекеттік орган бекіткен тиісті үлгі бойынша ұсынылады.

 


Дата добавления: 2015-10-30; просмотров: 73 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Оғам қызметінің мақсаты, мәні және түрлері | Оғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары | Оғамның Директорлар Кеңесі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Оғам Басқармасы| Всероссийские предметные олимпиады

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)