Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Баға қою саясаты

Читайте также:
  1. II. Ауыз суының сапасын бағалау бойынша жағдайлық есептер
  2. Ағымдағы рейтингті бағалау шкаласы
  3. Ақша мен валюта бағамының тепе-теңдік формуласы. Ол үшін келесі формулалар мен түсініктерді анықтайық.
  4. Автобустардың жалға шығуын жолаушылардың жүктерін сақтауға қою,құжаттарын рәсімдеу
  5. Баға деңгейінің өзгеруіне байланысты ынталандырушы ақша-несие саясаты
  6. Бас пен мойын жарақаты кезінде таңғыш қою тәртібі

СТУДЕНТТЕРДІ ОҚЫТУ

БАҒДАРЛАМАСЫ (СИЛЛАБУС)

«ШЕТЕЛДЕРДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ»

Пәні бойынша

В030100 - «ҚҰҚЫҚТАНУ» (бакалавриат) мамандығы үшiн

(орта және арнайы орта білім базасында)

 

оқу нысаны - күндізгі

 

курс – 1,2

 

семестр – 1,3

 

Дәрiс – 15 сағат Машықтандыру (семинар)

сабақтар - 15 сағат

 

Емтихан – 1,3 семестр СӨЖ - 40 сағат

 

Барлығы - 90 сағат СОӨЖ- 20 сағат

 

 

Астана – 2013

Силлабус 5В030100 - «Құқықтану» (бакалавриат) мамандығы бойынша ҚР мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарты (ҚР бiлiм беру министрлiгiнiң № 261 17.06.2011ж. бұйрығымен бекiтiлген) және «Шет елдердiң конституциялық құқығы», Астана: ҚазГЗУ, 2006ж. типтiк оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

 

 

Силлабусты дайындаған – аға оқытушы Айткулова Арайлым Мырзаханқызы

 

 

Силлабус мемлекеттiк-құқықтық пәндер кафедрасы мәжiлiсiнде талқыланды, хаттама № қыркүйек 2013 ж.

 

 

Силлабус институттың ғылыми-әдiстемелiк кеңесiнде қаралып бекiтiлген, хаттама № қыркүйек 2013 ж.

 

 

Кафедра меңгерушiсi

з.ғ.к., профессор Әбішев Х.Ә.

 

 

 


I. ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Елдердiң саяси өтпелiлiк (транзиттiк кезеңiндегi мұқтажы; адам мен мемлекеттiң өзара жаңа қарым-қатынасын орнату, Қазақстан өмiрiнде қоғам мен мемлекеттiң барлық жақтарының дамып және олардың конституциялық құрылыс тәжiрибесiн оқып, үйренiп және ескерiп отыру;

Пәннің мақсаты – Англия, Франция, Германия, АҚШ, Туркия, Египет және тағы басқа шет мемлекеттердің конституциялық құқығы, мемлекеттік басқарылу және саяси жүйесі, мемлекеттік құрылысы, мемлекеттік билік бөлінісі, саяси режимі туралы ғылыми мәлімет беру; олардың мәні, нысаны, түрлері, орны мен рөлі жөнінде негізгі ұғымдарына ғылыми тұрғыдан түсінік қалыптастыру.

Курстың міндеттері:

1) оқылатын курс бойынша студенттердің негізгі білімдерге иеленуі;

2) шетелдердің конституциялық құқық саласында ғылыми-зерттеу жұмыстың дағдыларына иемдену;

3) шетелдердің конституциялық құқығы білімдермен және түсініктермен тәжірибелік қызметте әрекет етуді.

Пререквизиттер:

- Мемлекет және құқық негіздері;

- Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы;

- Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы;

- Конспекті жазуға дағдылану;

- Логикалық ойлай білуі.

Курстан кейінгі пәндер (постреквизиттер): («Шет мемлекеттердің Конституциялық құқығы» курсынан кейін оқылуы тиісті пәндер тізбесі):

- Саясаттану; мемлекет және құқық теориясы; азаматтық құқық; қылмыстық құқық; конституциялық құқық; әкімшілік құқық; халықаралық құқық.

 


Баға қою саясаты

Қорытынды бағаға:

Рейтингтік бақылау - 60 %

Емтихан - 40%

 

Қорытынды мынадай формула бойынша есептеледі U = [(P1 + P2) / 2]*0,4 + E*0,6 бұл ретте

P1 – бірінші рейтинг бағасының сандық эквиваленті

P2 - екінші рейтинг бағасының сандық эквиваленті

E – емтихан бағасының эквиваленті

Әріптік баға және оның сандық эквиваленті дұрыс жауаптарының пайыздық мөлшерде төмендегідей кесте бойынша анықталады:

 

Баға Баллдың сандық эквиваленті Пайыздық мөлшер Дәстүрлі баға пішіні
А 4,0 95 -100 өте жақсы
А - 3,67 90 -94 өте жақсы
В + 3,33 85 - 89 жақсы
В 3,0 80 - 84 жақсы
В - 2,67 75 - 79 жақсы
С+ 2,33 70 - 74 қанағаттанарлық
С 2,0 65 - 69 қанағаттанарлық
С- 1,67 60 - 64 қанағаттанарлық
D + 1,33 55 - 59 қанағаттанарлық
D 1,0 50 - 54 қанағаттанарлық
F   0 - 49 қанағаттанарлықсыз

 

Студенттің білімін бағалау кезеңінде келесідей факторлар әсерін тигізеді: 1) зерттелетін тақырып бойынша әдебиеттерді кеңінен қарастыру; 2) тақырыпты (тапсырманы) толық ашу; 3) жұмыс барысында әртүрлі зерттеу әдістерін қолдану (талдау, қатынасудың қисындық-заңи әдісі т..с.с); 4) Өз ұстанымын ортаға салу; 5) жұмыстың немесе ауызша жауап берідің стилистикасы және б.

Тапсырманы сапасыз және уақытында орындамау өзіне жағымсыз салдар туғызады: бағасының төмендеуіне, сол немесе басқа тапсырманы қайталап орындауына, емтихан тапсыруын рұқсат етілмеуіне.

Курстың алдына қойған талаптары:

Сабаққа қатынасу. Сабаққа қатынасу міндетті. Дәріс сабақтарына міндетті қатынасу (10 % қорытынды балдан), машықтау сабағында белсенди ктынасқаны үшін 10 %, СОӨЖ 10 %. Сонымен қатар 2 рубеждік бақылау ьқарастырылған: 1 – тестілеу 30%, 2 – жазбаша 30%,

Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындаған студентке емтиханға жіберілу мүмкіндігін тудырады.

Егер сабақты босатқан жағдайда өтілген материалдың барлығына жауап береді (қосымша сабақ және қайталау болмайды). Сабақты көп босатқан жағдайда курстан шығарылуы мүмкін.

Шағын бақылау жұмысы: Бақылау жұмысы күн сайын сабақтың басында немесе соңында жүргізіледі. Ол өткен дәріс немесе үй тапсырмалары бойынша сұрақтар қоюдан тұрады. Мұндай тапсырманы орындағаннан алған ұпай сіздің үй тапсырмасынан алған ең ең төмен бағаңызды ауыстыруы мүмкін.

Үй жұмысы: Үй тапсырмасы міндетті түрде орындалуы қажет және әр аптаның белгіленген мерзімінде тапсырылуы. Үздік жұмыстың негізінде жалпы орта бағаға шығарылады, бұл тестіге қойылатын бағаның бірі болып саналады. Үй жұмысында студент өз бетінше, қисынды ойлай алатын, талдау мен зерттеу жасай білетіндіктерін көрсетулері керек.

Емтихандар: Сабақтың әрбір үш аптасынан кейін семестр аралығында үш стандартты емтихан жүргізіледі. Тестіге қосымша сабақтар жүргізілмейді (егер бағасы төмен болса оны көтеруге, сонымен қоса емтиханды қайта тапсыруға болмайды).

Егер емтиханның біреуіне қатынаспасаңыз келесі емтихан екіге тапсырылған болып саналады. Барлық емтиханда нормативтік құқықтық актілерден басқа, өз дәріс жазбаларыңыз, кез келген оқулықты пайдалануға тыйым салынады.

Қорытынды емтихан: Пәнді оқу билет формасындағы емтиханмен аяқталады. Емтихан билеті барлық өткен материалды қамтиды. Емтиханға рұқсат алу үшін бағдарламада қарастырылған барлық тапсырмаларды орындау қажет. Дәрістік материалдар тақырыптары бойынша тест түрінде ішкі семестрлік бақылау жоспарланған. Қорытынды бағаны қою барысында ішкі семестрлік бақылау және сынаќ нәтижесі бойынша балдар ескеріледі.

 

 


Дата добавления: 2015-10-30; просмотров: 551 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: СОӨЖ-на арналған сұрақтар | СОӨЖ-на арналған сұрақтар | Негiзгi және қосымша әдебиеттер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Шет елдердің мемлекет және құқығы тарихы пәні бойынша тест сұрақтары| II. САҒАТТАРДЫ САБАҚ ТҮРІНЕ ҚАРАЙ БӨЛУ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)