Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шыдамдылық және түсінушілік –толеранттылықтың негізгі көрінісі.

Читайте также:
  1. A)бұл құқықтың дамуы мен қызмет етуінің қалыптасу процессінің негізгі немесе жетекші бастаулары
  2. B) негізгі құралдарды жою кезінде еңбекақы есептелінді
  3. B) пайыздармен, коэфициенттермен және индекстермен өлшенеді
  4. B. Экранды өшіру және жүйелі блокты өшіру.
  5. E) негізгі және қосымша
  6. Lt;variant>бір қосымшадан екіншісіне объекті ендіру және байланыстыру арқылы жұмыс істеу технологиясы
  7. а)- негізгі бағыттары мен белгіленуі, б), в), г)- негізгі жазықтықтар мен олардың белгіленуі

Тұлғаның негізгі қасиеті –комуникативті қабілетті дамыту

Коммуникативтік қарым-қатынас – бұл ақпарат алмасу (мысалы әңгімелесу..сухбаттас..сөйлеу арқылы қарым-қатынас орнату)

Антирелигия толеранттылық түсінігінің қарым-қатынасы

Цицерон шығармаларында «религия» сөзі халықтың тұрпайы соқыр сеніміне қарсы қойылған ұғымретінде пайдаланылады. Бұдан шығаратын бірден-бір тұжырым, дін деп кез-келген сенім түрін айтпайды тек, адамды қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім — діннің негізін қалаушы фактор, оның субстанциясы. Сенім қарым-қатынас, байланыссынды ұғымдармен астарлас жатыр. «Мен құдайға сенемін» деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық.Религия құдай барына сену болып сипатталса.Антирелигия қарама-қарсы ұғымда сипатталады

шыдамдылық және түсінушілік –толеранттылықтың негізгі көрінісі.

«Төзімділік» ұғымы алғаш рет 1953 жылы медицина саласында пайда болған. ХХ ғ. 80-ші жылдардың аяғында саяси термин ретінде ресімделген, ол «толеранттылық» ұғымының синонимі болып табылады.

Аталған ұғымды талдау нәтижесінде әлемдегі мәдениеттердің түрлі әралуандылығын қабылдау мен түсіну мағынасындағы «құрметтеу» ұғымы, адам даралығын білдіру әдістері мен өз өзін білдіру нысандары «төзімділік» ұғымының басты мағынасы мен негізі болып табылатындығы анықталды.

«Төзімділік» ұғымының мәні қазақ тілінде өте терең; ол шыдамдылық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, келісімді табу деген мағыналарды білдіреді. Төзімділікке, яғни толеранттылыққа қарсы «интолеранттылық» деген үғым бар; ол адам, әлеуметтік топтар, мемлекеттерге байланысты ымырасыздық, шыдамсыздық, тағатсызық, кейістілік, менмендік, оспадарлық, парықсыздық деген мағыналар пайдалынылады. Толерантты парасаттың үлгісі қазақ билерінде кеп кездескен. Мысалы, Қазыбек бидің қалмақ ханы Қоңтайшыға айтқан «біз қазақ деген мал баққан елміз» — деп басталып, «достығымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз» деген сөздер өзара сыйластыққа шақырады.

Төзімділік, толеранттылық, келісім тарихтың мәңгілік сыйы емес, себебі күнделікті дамудан туып отыратын қайшылықтар біржола шешілмейді, күніге, ай сайын, жылдар бойы, үздіксіз, барлық адамға шынайы жана шырлықпен, түсінік жүмыстарын жүргізе отырып, шешімді табуды талап етеді

Төзімділіктің шарты плюрализм, яғни түрлі ойлар мен пікірлердің бар болуы. Жалпы алғанда, толеранттылықтың негізі – өзінің «басқаға, бөтенге» қатынасын бақылау болып табылады. Бұл күнделікті кездесетін, тұрмыстық деңгейден бастап кәсіби қарым-қатынас жасауға дейінгі аралықты қамтитын мәселе болып саналады. Төзімділіктің негізінде плюрализмнің бар болуына құрмет көрсету орын алады, осыған байланысты «төзімділік» ұғымы демок ратия қағидаттарының бірі ретінде танылады. «Төзімділік» ұғымы алғашында әлеуметтік ой саласында философиялық категория ретінде пайда болып, қатынас ретінде түсіндірілетін. ХХ ғ. бастап ол тәжірибе – саяси қызмет, технология ретінде көрініс табады, осыған байланысты ол жеке дара саяси ұғым ретінде танылады.

Төзімділіктің негізгі ережелері мен қағидаттары БҰҰ мен Біріккен Ұлттардың білім, ғылым мен мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымының UNESCO – ның құжаттарында әзірленген, ал оның онан әрі талдау ғылыми және ғылыми және ғылыми – танымалды ақпарат көздерінде жүзеге асырыл ған. Аталған құжаттарды төменде атап өтілетін үш топқа бөлуге болады.

Біріншіден, төзімділіктің негіздері түсіндірілетін жарияланымдар (саяси мәдениет, адамның құқықтары мен бостандықтары, өзара түсінушілік, тілектестік және т.б.), оның дүниетанымды негіздері мен саяси басымдылық тарын анықтау, нормативтік — құқықтық базаны дамыту, мәдени – білім беру бағдарламасын әзірлеу мен жүзеге асыру, ағартушылық және насихаттаушы лық акцияларды жүргізу жөніндегі іс — әрекеттер орын алады;

- жалпы адамдық құндылықтарды, төзімділік мәдениетінің қайнар көздерін анықтау арқылы төзімділікті тұжырымдамалық негіздеу мақсатын көздейтін мақалалар;

- зерттеу тақырыбына сәйкес келетін немесе зерттеу тақырыбына ұқсас тақырыптар бойынша жазылған кандидаттық және докторлық диссерта циялар. Негізінен төзімділік мәселесіне қатысты зерттеулер өте аз. Қазақстандық саясаттанушылық ғылымның дамуына Г.О.Насимованың докторлық диссертациясы елеулі үлес қосқан, алайда ол жанжалды пара дигма шеңберінде жазылған, еңбекте төзімділік мәселесіне қатысты деректер аз.

Екіншіден, төзімділік мәселесінің кез келген аспектілері бар: діни, тарихи, философиялық, мәдениеттанушылық, педагогикалық, психологиялық, сасат танушылық, құқықтық, әлеуметтанушылық және т.б., олардың әзірлеушілік деңгейлері де әртүрлі. Төзімділік мәселесі саясаттанушылық шеңберінде өте аз зерттелген.

Төзімділік мәселесі теориялары шынайы классикалық теориялар болып табылатын Ағарту дәуірінде өмір сүрген ойшылдардың еңбектерінде зерт телген. Төзімділік ХVІІ – ХVІІІ ғасырлардың Дж. Локк, Ф.М.А.Вольтер, Ж.Ж.Руссо, И.Кант сынды ұлы либералды ойшылардың азаматтық қоғамның негізгі құндылықтарының бірі ретінде қарастырылған. ХІХ ғ. Дж.Ст.Милль төзімділік идеясын еркіндіктің басты шарты ретінде қарастырады, М.Вебер дінге еріктілік идеяларын қорғайды. ХХ ғасырдың 70-ші жылдары «бейтарап либерализмнің» теорияшылы Дж. Роулс төзімділікті әлеуметтік әділдіктің негізі ретінде қарастырады. Барлық атап өтілген еңбектерде төзімділік идеясы ой еркіндігі мен ар – намыс еркіндігі қағидаларының шиеленісуі ретінде қарастырылады, алайда онымен қоса соғыс пен бейбітшілік мәселесі мен де ұштастырыла бастады. А.А.Алиев, М.С.Стецкевич, В.М.Золотухин, В.В.Шалин, Б.Г.Капустин және т.б. діни төзімділік туралы ойлардың қалып тасу мен дамуының талдауына арналған монографиялық еңбектер мен жеке леген мақалалар жазған.

Саяси төзімділік жеке феномен ретінде оның саяси жүйеде қызмет етуі саяси тәртіпге (режимге) байланысты болғандықтан зерттелмеген. Саяси төзімділіктің талдауы азаматтық қоғам теорияларының ережелеріне негіз деледі (қазақстандық ғалымдардан төзімділік туралы Р.К.Қадыржанов, К.Г.Габдуллина, К. Ж. Нұғыманова жазған).

Әдеби көздерді талдау қазіргі заманға сай ғылыми әдебиетте негізінен саяси төзімділіктік тек белгілі бір тұстары мен көріністерінің зерттеулері қана кездесетіндігін көрсетті. Төзімділіктің анықтамалары саясаттанушылық энциклопедиялық сөздіктерде кездеседі, төзімділік мәселесінің кейбір аспек тілері ұжымдық монографияларда кездеседі. Қазақстандық саяси ғылымда саяси төзімділік теориясына арналған теориялық — әдіснамалық жұмыстар мүлде жоқ деуге де болады.

«Төзімділік» терминін саралау барысында ғалымдар арасында елеулі қайшылықтар туындайды. Біраз жағдайда оны тікелей «төзімділік» сөзімен байланыстырады. Қазақ тілінде «төзім» сөзі «шыдам», «сабыр», «тағат» мағынасында да қолданылады. Яғни, «төзімді болу» — басқаға, оның ісіне, құбылыстарға шексіз төзу, шыдау ұғымын білдіреді

жетілу деңгейі мен бағытын өзгені тану, түсіну, кішіпейілдік, адамның рухани өмірін жетілдіретін тұтас түсінік, белсенді көзқарас.

Жалпы төзімділік өркениетті қоғамға тән құбылыс. Мұндай қасиет тұтас ұлттың басына бір күнде орнай салмайтыны белгілі. Бұл – халықтың сана-сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің айқын көрі нісі. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Қазақстандағы қоғамдық қарым-қатынастар дың белгілі бір дәрежеге көтерілгенін байқаймыз.

Еуропа құрлығының тарихында халықтардың ұлы көші болған сонау замандардан кейін соңғы жылдары әлемнің басқа аймақтарынан миллиондаған тұрғындардың жаппай көшкенін атауға болады. Олар жаңа жерге өздерінің мәдениетін, дінін және құндылықтарын ала барды. Осыдан жиырма шақты жыл ғана бұрын қайсыбір академиялық проблема болған бұл мәселе қазір нақтылыққа айналып отырі [17].

Қазақстандық үлгідегі төзімділіктің ерекшеліктері:

·біріншіден, төзімділіктің қазақстандық моделі қазақ халқының сан ғасырлық тарихында қалыптасқан төзімділік, шыдамдылық, қонақжайлылық, өзге халықтарға, мәдениеттер мен діндерге деген құрметі сияқты қасиеттерінің негізінде құралған;

·екіншіден, тәуелсіздік жылдардағы Қазақстанда төзімділік саяси мәдениеттің нормасы ғана емес, жалпы мемлекеттік саясаттың өзекті қағи даты болды. ЕҚЫҰ кеңістігінде Қазақстанда тұңғыш рет айрықша қоғамдық институт құрылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы деп аталатын бұл институт қазіргі кезде түрлі этностық топтар мен діни конфессиялардың мүдделерін тоғыстыратын табысты үндесу алаңына айналды;

·үшіншіден, төзімділікті негіз еткен қазақстандық саясат алғашқы кезден-ақ ішкі өлшемдермен қатар сыртқы өлшемдерді де ескеріп отырады. Осын дай жағдайлардың арқасында Қазақстанның төзімділік мәселесі жөніндегі саясаты айнымайтын бірізді, болжамды және «екі түрлі стандарт тан» ада. Сондықтан да ЕҚЫҰ-ның көптеген елдері Қазақстанның «қиын түйінді кикілжіңдерін» шешуде ара ағайын болуын қалайды;

·төртіншіден, Қазақстан өркениеттер аралық үнқатысулардың бел сенді жақтаушысына айналып отыр. Біздің еліміз мұсылман әлемі мен Батыстың арасындағы диалогтың дамуына жан-жақты жағдай жасайды және Өркениеттер альянсы достары тобының мүшесі.

 


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 823 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Але ж від нас, простих україн| Азіргі толеранттылық түсінігінде діни және зайырлы мәдениеттің рөлі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)