Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пайғамбарлардың саны және Құранда аты аталған пайғамбарлар

Читайте также:
  1. B) пайыздармен, коэфициенттермен және индекстермен өлшенеді
  2. B. Экранды өшіру және жүйелі блокты өшіру.
  3. E) негізгі және қосымша
  4. Lt;variant>бір қосымшадан екіншісіне объекті ендіру және байланыстыру арқылы жұмыс істеу технологиясы
  5. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 1 страница
  6. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 10 страница
  7. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 11 страница

Аллаһ Тағала адамдарға тура жолды көрсету үшін көптеген пайғамбар жіберді. Олардың алғашқысы Хазіреті Адам (а.с.) болса, соңғысы Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) екені әмбеге аян. Құранда пайғамбарлардың саны жайында мәлімет жоқ, тек хадисте - 124 мың, екінші бір риуаятта - 224 мың пайғамбардың адамзатқа келіп кеткендігі айтылады. Әрине, бұл тақырыптың тікелей иманға тигізер пайдасы да зияны да жоқ. Сондықтан мәселені имани тұрғыдан таразылағанда, ең бастысы – «Хазіреті Адамнан (а.с.), Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарға дейін келіп - кеткен барлық пайғамбарларға иман еттім» деген пайым – сенім тұрғысынан ең абзал ұстаным.

Құранда тек 25 пайғамбардың есімі ғана аталады. Өзге пайғамбарлар жайында Құранда Хазіреті Пайғамбарымызға: «Расында сенен бұрын да елшілер жібердік. Олардың кейбірін саған баян еттік те, кейбірін баян етпедік» ( 40.Ғафыр-78) делінген. Осы 25 пайғамбардың 18 -інің есімі «Әнғам» 83-86 аяттарында кездессе, өзгелері басқа аяттарда аталады.

«Ибраһимнің еліне байланысты берген дәлеліміз осы. Қалағанымыздың дәрежесін көтереміз. Күдіксіз Раббың хикмет иесі, толық білуші. Және оған Исхақ, Яғқубты беріп, барлығын тура жолға салдық. Бұрын Нұхты да тура жолға салып және оның ұрпақтарынан Дәуіт, Сүлеймен, Әйюб, Юсуф, Мұса және Һарунға да тура жол көрсеттік. Игілік істеушілерге осындай сыйлық береміз. Және Зәкәрия, Яхя, Иса және Иляс барлығы жақсылардан. Исмайл, Әляса, Юнус әрі Лұтты барлығын әлемге ардақты қылдық» ( 6.Әнғам, 83-86).

Негізінен Аллаһ Адам мен Нұхты және Ибраһим мен Имранның жұрағатын әлемдерге ардақты қылды» (3.Али Имран-33).

Ад еліне туыстары Һудты жібердік» (7.Ағраф-65).

Самуд еліне туыстары Салихті жібердік» (11.Һуд-61).

Мәдиянға туыстары Шуғайбты жібердік» (11.Һуд-84).

Исмайыл, Идрис, Зулкифлдерге де мәрхамет еткен едік. Солардың барлығы да сабырлы еді» (21.Әнбия-85).

Мұхаммед (с.а.у.) сендерден ешбір кімсенің әкесі емес. Бірақ Аллаһтың Елшісі және пайғамбарлардың соңы. Аллаһ әр нәрсені толық білуші» (33.Ахзаб-40).

Пайғамбарлар дәрежесі

Пайғамбарлардың түрлі дәрежедегі қызметтеріне қарай белгіленетін дәрежелерінің де болатындығы:

«Сол пайғамбарлардың біреулерін кейбіреулерінен артық қылдық. Аллаһ олардың кейбірімен сөйлескен, кейінің дәрежесін көтерген» (2.Бақара – 253). Олай болса пайғамбарлардың қызметтеріне қарай жүйеленген төмендегідей атаулары бар:

Елші (Расул) дегеніміз – Оған Аллаһтан уахи түсіп, шариғат берілген және оны жеткізу бұйырылған басы бос, азат адам баласы.  
Пайғамбар (Нәби) дегеніміз – Оған Аллаһтан уахи түсіп, дінді жеткізу бұйырылған басы бос, азат адам баласы. Елшілерге дінді жеткізу міндетті болғандықтан, ол – пайғамбарларға қарағанда ерекшелеу[4]. Әрбір елші пайғамбар бола алады да, әрбір пайғамбар елші бола алмайды. Аллаһтың елшілеріне, пайғамбарларына иман келтіру – уәжиб, өйткені оларға иман келтіру иманның негіздерінен, ал мойындамаған адам – кәфир болады.

Аллаһ Тағала Құранда:

﴿ آمَنَ الرَّسُولُ بِمَا أُنْزِلَ إِلَيْهِ مِنْ رَبِّهِ وَالْمُؤْمِنُونَ كُلٌّ آمَنَ بِاللَّهِ وَمَلَائِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ لَا نُفَرِّقُ بَيْنَ أَحَدٍ مِنْ رُسُلِهِ﴾

«Пайғамбар өзіне Раббы тарапынан түсірілгенге иман келтіреді. Мүминдер да барлығы Аллаһқа, періштелерге, кітаптарға және пайғамбарларға иман келтірді. Елшілердің араларын айырмаймыз»

Улул-азм пайғамбарлар

Улул-азм» ‑ сан түрлі ауыртпашылықтар мен тіл жетпес азаптарға төтеп беріп, Аллаһтың ақ жолын үгіттеуден бір сәт те айнымаған пайғамбарларға берілген есім. «(Мұхаммед с.а.у.) Сол уақытта пайғамбарлардан уәде алған едік. Сенен, Нұх, Ибраһим, Мұса және Мәриям ұлы Исалардан, солардан берік уәде алған едік» (33.Ахзаб – 7).


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 370 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Адамзаттың пайғамбарға мұқтаждығы| КАК ОТКРЫТЬ ИНТЕРНЕТ МАГАЗИН ШАГ ЗА ШАГОМ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)