Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Б) для компьютерного тестирования

Читайте также:
  1. Б) для компьютерного тестирования
  2. Б) для компьютерного тестирования
  3. Б. Для компьютерного тестирования
  4. Дизайн компьютерного практикума
  5. Для предварительного и итогового тестирования
  6. Использование компьютерного моделирования для представления и оценки скалярных и векторных полей

Глоссарий

Термин Түсініктеме
Материаловедение Құрылыс материалдарының құрамы, құрылымы және қасиеттерін және олардың өзара байланысын, физико-химиялық, физикалық, механикалық әсерлерден өзгеру заңдылықтарын зерттейтін ғылым наука, изучающая связь состава, строения и свойств материалов и закономерности их изменения при физико-химических, физических, механических и других воздействиях
Материалтану
Стойкость Материалдың ортаның физикалық және химиялық әсерлеріне қарсыласу қабілеті: ауа, булар, сулар, температура мен ылғалдық, аяз бен судың, қышқылдар мен сілтілердің, т.б.
Төзімділік
Firmness, steadiness
Состав Материалды құрастыратын заттардың немесе дайын бұйымның сапалық және сандық сипаттамасы
Құрам
Composition
Вещественный состав Заттарды құрайтын химиялық элементтер жиынтығы
Заттық құрам
Matter composition
Химический состав Заттарды құрайтын тотықтар жиынтығы
Химиялық құрам
Chemical composition
Минералогический состав Табиғи немесе жасанды (химиялық) қосылыстар (минералдар) жиынтығы
Минералдық құрам
Mineral composition

4. СӨЖ-ге тапсырма

1.Кристаллдық және аморфтық денелер туралы түсінік. Материалдың макроқұрылымы. Конгломерат және композит туралы түсінік.

2. Құрылыс материалдарының стандартизациясы: ГОСТ, ОСТ, ТУ, СНиП- тердің мазмұны мен қолданылуы.

3. Шартты түрде композицияларға жататын құрылыс материалдары

5. ОСӨЖ-ге тапсырма

1. Құрылыс материалдары-ның құрамы, құрылысы, жалпы қасиеті.

2. Зертханалық жұмысты қорғау

3. Бақылау сұрақтарына жауап беру

 

6. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет:

1. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. - Тараз, 2007.- 1-2 бөлім

2. Батырбаев Ғ. Садуакасов М.С. "Құрылыс материалдары мен бұйымдары", 1,2-бөлім, Алматы Республикалық баспа кабинеті, 1995

3. Микульский В.Г. и др. Строительные материалы (материаловедение и технология), уч. пос.-М.: ИАСВ, 2004

Қосымша әдебиет:

4. Горбунов Г.И. Основы строительного материаловедения: - М.: ИАСВ, 2002

5. Белов В.В,. Петропавловская В.Г., Шлапаков Ю.А. Лабораторные определения свойств строительных

материалов. - М.: ИАСВ, 2004

 

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

Белсенді үлестірілетін материал

 

Құрылыс материалдары-1 Техникалық факультет
2 кредит 3 семестр, 2015-2016 оқу жылы  
ЛЕКЦИЯ № 2. Табиғи тас материалдар және құрылыс материалдарын өндіруге арналған тау жыныстарынан алынатын шикізаттық материалдар Аға оқытушы магистр Имангазин Бектенбек Абидуллаевич

1. Сабақтың қысқаша мазмұны

 

Тау жыныстары құрылыс материалары өндірісіндегі негізгі шикізат қоры болып табылады, оларды керамика, әйнек, металл, жылу-, гидроизоляциялық және басқа материалдар дайындау үшін, сондай-ақ бейорганикалық байланыстырғыш заттар – цемент, әк және гипс дайындау үшін қолданады. Құм, гравий және щебень бетондар мен ерітінділер үшін толтырғыштар ретінде пайдаланылады.

Пайда болу жағдайы бойынша тау жыныстары үш генетикалық топқа бөлінеді: магмалық, метаморфтық және шөгінді.

Табиғи тас материалдары өте берік, ұзаққа төзімді, өртке шыдамды болу мүмкін. Өңделуі бойынша түрлері: дөрекі өңделген (шой тас, кесек тас, шығыршық тас, қиыршық тас, гравий, құм), бұйымдар мен пішінделген бөлшектер; даналық тастар мен дұрыс формадағы блоктар (қабырғалар қалау үшін); беттері өңделген тақталар (әсемдік қабырғалар үшін, едендік, т.б.): пішінделген бөлшектер (баспалдақтар, табаншалар, белдемшелер, т.б.); жол құрылысына арналған бұйымдар (шой тас, брусчатка). Дайындалу тәсілі бойынша – араланған және жарылған.

Беріктік көрсеткіштері бойынша табиғи тастар жеңіл (тығыздығы 1,8 кг/м3- аспайды) және ауыр (тығыздығы 1,8 кг/м3-дан жоғары) болып бөлінеді. Үлгілерді құрғақ күйінде сынағандағы сығым беріктігі бойынша маркалары (МПа): 0,4, 0,7; 1,5; 2,5; 3,5; 7,5; 10; 12,5; 15;20; 30; 40; 50; 60; 80 және 100. 0,4 -ден 20-ға дейінгі маркалар жеңіл тастарға тән. Аязға төзімділігі бойынша маркалары– 10; 15; 35; 100; 150; 200; 300 және 500.

 

2. Бақылау сұрақтары

А) жазбаша бақылау үшін

1. Табиғи тасты өңдеу жолдары.

2. Құрылыста қолданылатын табиғи тас материалдардың түрлері

3. Магмалық жыныстардың жыныс түзуші минералдары.

5. Шөгінді жыныстардың жыныс түзуші минералдары.

6. Метаморфтық тау жыныстарының негізгі түрлері.

7.Кеуекті және тығыз тас материалдарды пайдалану ерекшеліктері.

8. Тас материалдарды коррозиядан қорғау.

 

Б) компьютерлік тестілеу үшін

1. Тау жыныстары пайда болуы бойынша топтарға бөлінеді:

$$ магмалық, шөгілме, метаморфтық

$ ақтарылған, сынған, химиялық тұнба

$ магмалық, төгілмелі, цементтелген

$ ақтарылған, жанартау шөгінділері, органогендік

 

2. Ыстыққа төзімді табиғи тас материалдары мен бұйымдарын алады:

$$ базальттан, жанартау туфынан

$ гипстен, әктасынан, вермикулиттан

$ граниттен, кварциттен

$ доломиттен, ангидриттен, бордан

 

3. Табиғи тас материалдарының сығым беріктіктері:

$$ М0,4…М100

$ М15…М50

$ М200…М600

$ М500…М1000

 

4. Табиғи тас материалдарының аязға төзімділігі бойынша маркалары:

$$ F10…F500

$ F30…F50

$ М30…М125

$ М150..М300

 

5. Түрпілі өңдеумен алынатын фактура:

$$ қырналған, тегістелген, жылтыратылған

$ араланған, бұдырланған, айғыздалған

$ «жар тас», қайралған, тегістелген

$ шақпақталған, жонылған, бұдырланған

 

6. Дайындалу әдісі бойынша табиғи тас материалдары мен бұйымдары түрлерге бөлінеді:

$$ араланған және шақпақталған

$ фрезерленген және шақпақталған

$ түрпіленген және бұдырланған

$ қырналған және жылтыратылған

Глоссарий

Термин Түсініктеме
Горная порода Геологиялық процесстер өнімі болып табылатын және жер қыртысында өзіндік денелер түзетін, құрамы мен құрылысы анықталған табиғи минералдық агрегаттар
Тау жынысы
Rocks
Минералы Жер қыртысында физика-химиялық процесстер негізіндн пайда болатын біртекті табиғиденелер
Минералдар
Minerals
Магматическая порода Күрделі табиғи силикат – магманың жанартау әсерінен кристаллданып пайда болуы
Магмалық тау жынысы
Magmatic rocks
Осадочные породы Әртүрлі тау жыныстарының, желдетіліп, бұзылу жағдайында тасымалдануы нәтижесінде, судан, өсімдіктерден химиялық және механикалық шөгіндердің пайда болуы негізіндегі жыныстар
Шөгінді тау жыныстары
Sedimentary rocks
Метаморфизм Жоғары температуралар мен қысымдар әсерімен жер қойнауында тау жыныстарының қайта қалыптасуы
Metamorfism
Бутовый камень Өлшемдері 50 см-ден жоғары, формасы дұрыс емес тас кесектері
Шой тас
Rubble
Щебень Шой тасты ұсату арқылы алынған өлшемдері 5-70 мм (гидротехникалық құрылыс үшін 150 мм-ге дейін), тас кесектері
Қиыршық тас
Crushed stone
Песок Өлшемдері 0,16-5 мм әртүрлі минералдардың (кварц, дала шпаты, слюдалар, т.б.) түйіршектері
Құм
Sand

4. СӨЖ-ге тапсырма

1. Жыныс түзетін материалдар.

2.Табиғи тас материалдарын алу әдістері

3. Арнайы тағайындалған табиғи тас материалдары.

4. Табиғи тастардың коррозиясы және олардан қорғау.

 

5. ОСӨЖ-ге тапсырма

1. Тау жыныстарының қасиеттері.

2. Зертханалық жұмысты қорғау

3. Бақылау сұрақтарына жауап беру

6. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет:

1. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. - Тараз, 2007.- 1-2 бөлім

2. Батырбаев Ғ. Садуакасов М.С. "Құрылыс материалдары мен бұйымдары", 1,2-бөлім, Алматы Республикалық баспа кабинеті, 1995

3. Микульский В.Г. и др. Строительные материалы (материаловедение и технология), уч. пос.-М.: ИАСВ, 2004

Қосымша әдебиет:

1. Петров В.П. Сложные загадки простого строительного камня: - М.: Недра,1984

2. Рыбьев И.Г. Строительное материаловедение – М.: Высш..шк. 2002.

3. Сычев Ю.А. Распиловка камня. - М.: Стройиздат, 1989


Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

Белсенді үлестірілетін материал

 

Құрылыс материалдары-1 Техникалық факультет
2 кредит 3 семестр, 2015-2016 оқу жылы  
ЛЕКЦИЯ № 3.Минералдық шикізаттарды термиялық өңдеу арқылы алынған материалдар. Керамикалық материалдар. Аға оқытушы магистр Имангазин Бектенбек Абидуллаевич

1. Сабақтың қысқаша мазмұны

 

Керамика технологиясы деп минералдық шикізатты технологиялық өңдеуден өткізіп, артынша жоғары температураларда жентелгенше күйдіру процесінде бұйымдар алу туралы ғылымды түсінуге болады.

Керамикалық материал мен бұйымдар тағайындалуы (қабырғалық, өңдеулік, жабындық, едендік, жолдық, санитарлық-техникалық, қышқылға төзімді, жылуизоляциялық, отқа төзімді және бетон толтырғыштары), құрылымы (тығыз, кеуекту денелі), балқу температурасы (оңай балқитын, баяу балқитын, отқашыдамды) бойынша топтастырылады.

Керамикалық құрылыс материалдар өндірісі үшін негізгі шикізат – таза күйінде немесе әртүрлі қоспалар (майсыздандырғыш, кеуектендіргіш, балқытпалар, пластификаторлар, т.б.) қосылған саздар қолданылады. Шикізаттың құрамындағы сазды бөлшектердің мөлшеріне, илемділікке, су қажететушілікке және ауалық ширауға байланысты саздар жоғары илемді, орташа илемді, азилемді, илемсіз деп бөлінеді. Сазды бөлшектер негізінен минералдардан тұрады: каолиниттен, монтмориллониттен, гидрослюдалардан және олардың қосындыларынан.

Кейбір керамикалық бұйымдардың санитарлық-гигиениеналық қасиеттерін, сусіңірмегіштігін, әсемдігін арттыру оларды глазурьмен және ангобпен жабады.

Керамикалық бұйымдардың барлық түрлерін өндіру технологиясы келесі әркеттерден тұрады: шикізаттық материалдарды табу, массаны дайындау, бұйымдарды қалыптау, оларды кептіру және күйдіру.

Дайындалатын өнімнің түрі, шикізаттың түрі мен қасиетіне байланысты массаны илемді, қатаң, жартылай құрғақ, құрғақ және құйма тәсілдерімен өңдейді. Бұйымның түрі мен тағайындалуына байланысты кептіру жылу тасымалдағыш температурасы 120-1500С, күйдіру 900-14500С жағдайында жүргізіледі. Кірпіштердің сығым беріктігі бойынша маркалары: 75, 1000, 150, 175, 200, 250 және 300, аязға төзімділігі бойынша – 15, 25, 35, 50, 75 және 100.

2. Бақылау сұрақтары

 

А) жазбаша бақылау үшін

1. Керамикалық бұйымдар өндірісіндегі жартылай құрғақ және илемді әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктері.

2. Сазды шикізаттың сипаттамасы.

3. Саздарға арналған қоспалар.

4. Бұйымдарды кептіру жіне күйдіру ерекшеліктері.

6. Керамикалық бұйымдардың құрылымы және негізгі қасиеттері.

7. ғимараттардың ішін және сыртын әсемдеуге арналған керамикалық бұйымдар.

8. Шатырлар мен жабындарға арналған керамикалық бұйымдар.

 

Б) компьютерлік тестілеу үшін

1. Кірпіш маркасын анықтайды:

$$ иілім және сығым беріктігі бойынша

$ тығыздығы және су сіңіргіштігі бойынша

$ ақаулары бойынша

$ стандарттық өлшемдерден ауытқуы бойынша

 

2. Тиімді қабырғалық қыш бұйымдарына жатады:

$$ кеуекті, кеуекті-қуыс, қуыс бұйымдар

$ беріктігі мен аязға төзімділігі жоғары бұйымдар

$ су сіңіргіштігі

$ ұсақ бұйымдар

 

3. Қарапайым қыш кірпішінің маркалары:

$$ М75…300

$ М10…25

$ М25…150

$ М700…1000

4. Қыш кірпішін қалыптау әдістері:

$$ иілімді қалыптау, жартылай құрғақтай престеу

$ экструзия, жаншып шығару

$ қысыммен құю, ортадан тебу;

$ құйма, дірілдетіп штамптау

 

5. Қыш бұйымдары өндірісіндегі бұйымдарды кептірудің мақсаты:

$$ деформациялар мен сызаттарды болғызбау

$ кеуектілікті азайту

$ беріктікті арттыру

$ күйдіру уақытын қысқарту

 

6. Саз кірпішін күйдіру температурасы:

$$ Т=900-1000 С

$ Т=200-350 С

$ Т=1500-2000 С

$ Т= 2500-3000 С

Глоссарий

Термин Түсініктеме
Керамические материалы Минералдық шикізатты технологиялық өңдеуден өткізіп, артынша жоғары температураларда күйдіру процесінде алынған жасанды тас материалдар мен бұйымдар
Қыш материалдар
Materials keramic
Воздушная усадка Саз үлгісін кептіргенде сызықтақ өлшемдері мен көлемінің кішіреюі
Ауалық ширау
Drying shrinkage
Бентонит Құрамында монтмориллонит минералы артық өте ұнтақ сазды жыныстар
Bentonite
Отощающие добавки Кептіру және күйдіру процесіндегі ширауды азайту және бұйымдардағы деформациялар мен сызаттардың пайда болмауы үшін идемді саздарға қосылатын қоспалар
Майсыздандыратын қоспалар
Порообразующие добавки Керамикалық бұйымдардың кеуектілігі арттыру және жылуизоляциялық қасиеттерін жақсарту үшін сазды массаларға қосылатын қоспалар
Кеуектендіретін қоспалар
Addition of pores formation
Плавни Керамикалық бұйымдардың күйдіру температурасын төмендету мақсатында сазды массаларға қосылатын қоспалар
Балқытпалар
Overflow lanl
Глазурь Бұйымның бетіне жағылып, күйдіру арқылы бекітілген қалыңдығы 0,1-0,2 мм, шынытәріздес жабын
Glaze
Спекаемость Саздардың күйдіру кезінде тығыздалып қатты тас денеге айналу қабілеті
Бірігу қасиеті, жымдасу
Caking

4. СӨЖ-ге тапсырма

1. Қаптамалы керамика, керамиканың қасиеттері мен түрлері жабын және шатырларды санитарлық-техникада арнайы тағайындау.

2. Керамикалық материалдар: тығыз және қуысты керамиканы алудың мақсаты; әртүрлі керамикалық бұйымдарды топтастыру және негізгі қасиеттері, қолданылуы.

 

5. ОСӨЖ-ге тапсырма

1. Зертханалық жұмысты қорғау

3. Бақылау сұрақтарына жауап беру

6. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет:

1. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. - Тараз, 2007.- 1-2 бөлім

2. Батырбаев Ғ. Садуакасов М.С. "Құрылыс материалдары мен бұйымдары", 1,2-бөлім, Алматы Республикалық баспа кабинеті, 1995

3. Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной керамики. -М.: Высшая школа, 1985

Қосымша әдебиет:

1. Микульский В.Г. и др. Строительные материалы (материаловедение и технология), уч. пос.-М.: ИАСВ, 2004

2. Бурлаков Г.С. Основы технологии керамики и искусственных пористых заполнителей. -М.:,Высш.школа,1972


Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

Белсенді үлестірілетін материал

 

Құрылыс материалдары-1 Техникалық факультет
2 кредит 3 семестр, 2015-2016 оқу жылы  
ЛЕКЦИЯ № 4. Минералдық балқымалар негізіндегі материалдар Аға оқытушы магистр Имангазин Бектенбек Абидуллаевич

1. Сабақтың қысқаша мазмұны

Әйнек немесе балқымалар негізіндегі басқа материалдар мен бұйымдар алу үшін кең тараған тау жыныстары және әртүрлі өндірістің жолай өнімдері қолданылады. Минералдық балқымалар келесі топтарға бөлінеді: әйнек, тас, қожды, ситаллдар. Балқымалар негізіндегі материалдардың ұзақмерзімділік, химиялық төзімділік көрсеткіштері жоғары және олар керемет әсемдік сапаға ие.

Минералдық балқымалардан парқшалы мөлдір, конструкциялық, өңдеулік, жылу- және дыбысизоляциялық бұйымдар, арнайы құбырлар жасалады.

Ешқандай қоспасыз шыны түзетін кремний, фосфор және бор тотықтары,негізінен өпкомпоненттік шихта қолданылады. Құрылыста негізінен негізгі компоненті ретінде кремний қостотығы SiO2болатын силикаттық әйнек пайдаланылады.

Әйнек өндірісі үшін шикізаттық материалдар негізгі және қомалқы түрлеріне бөлінеді. Негізгілеріне минералдық шикізат және кейбір өндіріс өнімдері қолданылады: кварц құмы, сода, доломит, әктас, поташ, натрий сульфаты. Қосалқы шикізаттық материалдар (мөлдіреткіштер, тұншықтырғыштар,бояғыштар, т.б.) шихтаға шынының қайнатуын жеделдету және қажетті қасиеттер беру үшін қосылады.

Құрылыстық әйнек өндірісі келесі негізгі әрекеттерден тұрады: шикізаттық материалдарды өңдеу; шихта дайындау; әйнекті қайнату; бұйымды қалыптау, жасыту және бетін өңдеу (шлифтеу, жалтырату, декоративтік өңдеу). Шыны қайнату процесі арнайы пештерде (ванналық, құтылық) 1500-16000С температурада жүргізіліп, салқындатумен аяқталады. Бұйымдарды созу, құю, таптау, пресстеу, үрлеу әдістерімен қалыптайды.

Қарапайым құрылыс әйнегінің тығыздығы – 2,5 г/см3. Арнайы әйнектердің тығыздығы 6,0 г/см3-ге дейін барады, жылуизоляциылық шыныда - 15-600 кг/м3. Есептік теоретиялық беріктілік шегі әйнекті созғанда – 12000 МПа, нақта беріктігі 30-60 МПа. Оптикалық қасиеттері жарық өткізу, жарық сындыру, жарық сейілтумен сипатталады

2. Бақылау сұрақтары

А) жазбаша бақылау үшін

1. Әйнек бұйымдар, құрылымы, түрлері, қасиеттері.

2. Әйнек өндірісіне арналған шикізаттар.

3. Әйнек өндірісінінің негіздері.

5. Парақша мөлдір материалдар және жарық сейілтетін әйнектер.

6. Әйнек негізіндегі әсемдік бұйымдар.

7. Шыны талшықтарын алу, оларды қолдану.

8. Ситаллдардың құрылымы мен қасиеттерінің ерекшеліктері, тас балқымалары негізіндегі бұйымдар

 

Б) компьютерлік тестілеу үшін

1. Шыны (әйнек) - бұл:

$$ тез салқындатылған минералдық балқымалардан жасалған аморфты материал

$ балқымалардан жасалған кристалды материал

$ тез салқындатылған металл балқымалардан жасалған аморфты материал;

$ салқындатылған минералдық балқымалардан жасалған шыны кристалды

Материал

 

2. Еш қоспасыз шыны алуға болатын тотықтар:

$$ SiO , P O , B O

$ SiO , Al O , K O

$ SiO , Fe O , B O

$ SiO , Fe O , P O

 

3. Құрылыс шынысының өндірісі келесі негізгі әрекеттерден тұрады:

$$ шикізаттық материалдарды өңдеу; шихта дайындау; шыныны қайнату; бұйымдарды қалыптау және жасыту

$ шикізаттық материалдарды өңдеу; шыныны қайнату; бұйымдарды қалыптау

және шынықтыру

$ шикізаттық материалдарды өңдеу; шихта дайындау; шыныны қайнату

$ бұйымдарды қалыптау және күйдіру

шихта дайындау; шыныны қайнату; бұйымдарды қалыптау және күйдіру

 

4 Шыны шихтасы деп айтады:

$$ мөлшерленген шикізатты құрайтын материалдардың бірқалыпты араласпасы

$ шикізатты елегеннен шыққан қалдық

$ шыныны балқытудан шыққан қалдық

$ ұнтақталған шыны компоненттерінің араласпасы

 

5. Шыны шихтасының максималды қайнату температурасы:

$$ 1550 С

$ 1000 С

$ 1450 С

$ 1800 С

 

6.Ситаллдардың сипаттамасы:

$$ шыныкристалды құрылым, беріктігі жоғары, химиялық төзімді, қатты

$ поликристалды кристалды құрылым, термиялық төзімсіз

$ аморфты кристалды құрылым, соққыға беріктігі жоғары

$ ірі кристалды құрылым, морт сынғыш, сығым беріктігі жоғары

 

Глоссарий

Термин Түсініктеме
Стекло Химиялық құрамы мен қатаю температурасын ескерусіз, тұтқырлығы артқан сайын қатты денеге сай механикалық қасиеттерге ие болатын балқымаларды тез суыту жолымен алынатын барлық аморфтық денелер
Әйнек
Glass
Осветлители Шыны массасынан газ көпіршектерін жоюға ықпал жасайтын материалдар
Жарықтандырғыш
Clarifiers
Глушители Әйнекті мөлдір емес жасайтын материалдар
Тұншықтырғыш
Dampers, mufflers
Отжиг Әйнек бұйымдарды қалыптағанда, оларды жылдам салқындатқанда пайда болатын және бұзылуға әкеліп соғатын ішкі кернеулерді тоқтататын міндетті әрекет
Жасыту
Annealing
Закалка Әйнекті иілімді күйге дейін жеткізіп, сосын бетін кенет жылдам салқындату бойынша беріктігі жоғары шынылар алудағы міндетті әрекет
Шынықтыру
Hardening, chilling
Шихта Құрамында шынытүзуші тотықтар мен әртүрлі қоспалар бар әйнек өндірісіндегі қолданылатын көпкомпонентті шикізаттық араласпа
Mix. blend
Флоат-способ Балқытылған қалайының бетінде шыны массасының ағуы нәтижесінде, беттік сапасы жоғары әйнектер дайындаудағы, әйнекті қалыптау процесі
Флоат-әдіс
Metod of float
Пеностекло Аз мөлшердегі (1-3%) ағаш көмірімен, әктаспен немесе басқа шынының балқу температурасында газ шығаратын материалмен араластырлыған ұнтақталған әйнекті күбіндіру жолымен алынған пемзаға ұқсас жасанды материал
Көбікшыны
Spong-glass

4. СӨЖ-ге тапсырма

1. Құрылыста қолданылатын қаптамалы әйнек пен әйнектің түрлері: блоктар, профильдік әйнек, әйнекбетондық конструкция, әйнек шатыр, құбыр.

2. Ситаллдың қасиеттері мен қолданылуы.

 

5. ОСӨЖ-ге тапсырма

1. Зертханалық жұмысты қорғау

2. Бақылау сұрақтарына жауап беру

6. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет:

1. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. - Тараз, 2007.- 1-2 бөлім

2. Батырбаев Ғ. Садуакасов М.С. "Құрылыс материалдары мен бұйымдары", 1,2-бөлім, Алматы Республикалық баспа кабинеті, 1995

3. Казеннова Е.П. Общая технология стекла и стеклянных изделий: М.: Стройиздат, 1983

Қосымша әдебиет:

1. Микульский В.Г. и др. Строительные материалы (материаловедение и технология), уч. пос.-М.: ИАСВ, 2004

2. Горшков В.С. и др. Вяжущие, керамика и стеклокристаллические материалы: структура и свойства:

Справочное пособие. - М.: Стройиздат, 1994

3. Журналы «Строительные материалы», «Строительные материалы, технология и оборудование ХХ1 века»,

«Стекло и керамика»

 


Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

Белсенді үлестірілетін материал

 

Құрылыс материалдары-1 Техникалық факультет
2 кредит 3 семестр, 2015-2016 оқу жылы  
ЛЕКЦИЯ № 5. Металлдық материалдар Аға оқытушы магистр Ибраимбаева Гульназ Баккыдыровна

1. Сабақтың қысқаша мазмұны

Металлдар материалдар ретінде құрылыстық техника үшін құнды қасиеттер кешеніне ие – жоғары беріктілік, иілімділік, дәнекерленушілік, шыдамдылық, беріктелуге қабылетті және термомеханикалық және химиялық әсерлермен басқа қасиеттерін жақсартуға болады. Таза күйінде металлдар,беріктілігі мен қаттылығының төмендігі, иілімділігінің жоғарылығынан сирек қолданыладыедко. Негізінен олар қорытпа түрінде қолданылады: басқа металлдар мен металл еместар, мысалы көміртегі. Темір және оның қорытпалары болат (С<2,14) пен шойын (С>2,14) қара металлдарға, ал қалғандары (Be, Mg, Al, Ni Ti, Cr, Mn, Cu, Zn, т.б.) және олардың қорытпалары түсті металлдарға жатады. Құрылыста ең көп қолданылатыны қара металлдар. Олар түсті металлдарға қарағанда арзан, алайда түсті металлдар да құнды қасиеттерге ие – үлесті беріктік, иілімділік, коррозияға төзімділік, декоративтілік.

Қара металлдар алу үшін шикізат ретінде әртүрлі минералдық тотықтардан тұратын темір кендері жатады – магнетит, гематит, хромит, т.б. Түсті металлдар өндірісінде бокситтер қолданылады; мыстың, никельдің, мырыштың және т.б. карбонаттық кендері.

 

2. Бақылау сұрақтары

 

А) жазбаша бақылау үшін

1. Металлдардың қасиеттері.

2. Құрылыста көп қолданылатын түсті металлдар.

4. Болат пен шойын, олардың негізгі түрлері, алу тәсілдері.

5. Легирлеуші элементтер, олардың түрлері, мөлшері.

6. Болатты шынықтыру мақсаты.

7. Көміртегі мен тұрақты қосындылардың болаттың қасиетіне әсер етуі.

 

Б) компьютерлік тестілеу үшін

1. Құрылыстық болат бұйымдарының көптеген түрлерін дайындау үшін көбінесе қолданылатын болат:

$$ азкөміртектілі және легирленген конструкциялық

$ жоғары көміртектілі инструменталдық

$ азкөміртектілі инструменталдық

$ шыныққан және тұрақтандырылған

 

2. Қорытпаға жататын металл:

$$ болат

$ мыс

$ мырыш

$ темір

 

3. Болат деген:

$$ темірдің 0,1-2,14% көміртегімен қорытпасы

$ темірдің 20-40% көміртегімен қорытпасы

$ темірдің 40-60% көміртегімен қорытпасы

$ темірдің 6-8% көміртегімен қорытпасы

 

4. Легирленген болаттарды алу мақсаты:

$$ болаттын сапасын арттырып оған арнайы қасиеттер беру

$ морт сынғыштығын және коррозияға төзімділігін арттыру

$ иілімділігін арттыру және әсемдік беру

$ термиялық өңдеу мүмкіндігін арттыру

 

5. Болат құрамындағы көміртегінің мөлшері көбейген сайын:

$$ қаттылығы артып, иілімділігі төмендейді

$ беріктігі және сызықты термиялық керілу коэффициенті төмендейді

$ аса қатты болып, морт сынғыштығы азаяды

$ өңделуі жақсарады

 

6. Жез деген:

$$ мырыш пен цинктің қорытпасы

$ жеңіл қара металлдардың бір түрі

$ мырыш пен қалайының қорытпасы

$ мырыш пен алюминийдің қорытпасы

 

Глоссарий

Термин Түсініктеме
Металлы Көптеген, формасы дұрыс емес ұсақ кристаллдардан тұратын поликристаллдық денелер
Металлдар
Мetals
Сталь Құрамындағы көміртегі мен қосындыларды жою арқылы шойыннан алынатын темір мен көміртегі қорытпасы (С<2,14)
Болат
Steel
Чугун Темір кенінде кездесетін темірді және оның табиғи тотықтарын жоғары температурада домналық процесспен кокстеп, тотықсыздандыру арқылы алынған темір мен көміртегі қорытпасы (С>2,14)
Шойын
Cast-iron
Сплавы Бірнеше металлдар немесе металл еместерден тұратын жүйе
Қорытпалар
Alloy, fusion
Старение Көміртектілі болаттың қасиетінің уақыт аралығында микроқұрылымының өзгермей өзгеруі
Тозу
Ageing
Латунь Мыс пен мырыштың қорытпасы
Жез
Brass, yellow, copper
Бронза Мыс пен қалайының, алюминийдің, кремнийдің, қорғасынның, бериллийдің және басқа элементтердің қорытпасы
Қола
Bronze

4. СӨЖ-ге тапсырма

1. Құрылыста қолданылатын болаттың көнеру себептері және оның қасиеттеріне әсері.

2. Болаттың құрылымын түрлендіру және қасиеттері туралы түсінік.

3. Болаттың термиялық және термомеханикалық өңдеу.

5. ОСӨЖ-ге тапсырма

1. Термиялық және термомеханикалық өңдеу қасиеттері мен мақсаты.

2. Зертханалық жұмысты қорғау

3. Бақылау сұрақтарына жауап беру

 

6. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет:

1. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. - Тараз, 2007.- 1-2 бөлім

2. Батырбаев Ғ. Садуакасов М.С. "Құрылыс материалдары мен бұйымдары", 1,2-бөлім, Алматы Республикалық баспа кабинеті, 1995

3. Скобников К.М, Глазов Г.А., Петраш Л.В и др. Технология металлов и других

конструкционных материалов, Машиностроение, 1972

Қосымша әдебиет:

1. Микульский В.Г. Строительные материалы (материаловедение и технология), М.: ИАСВ, 2004

2. Рыбьев И.Г. Строительное материаловедение – М.: Высш..шк. 2002.

2. Лахтин Ю.М. Металловедение и термическая обработка металлов. – М.: Металлургия, 1984

 

 


Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

Белсенді үлестірілетін материал

 

Құрылыс материалдары-1 Техникалық факультет
2 кредит 3 семестр, 2015-2016 оқу жылы  
ЛЕКЦИЯ № 6. Бейорганикалық байланыстырғыш заттар. Ауалық байланыстырғыш заттар. Аға оқытушы магистр Имангазин Бектенбек Абидуллаевич

1. Сабақтың қысқаша мазмұны

Бейорганикалық байланыстырғыш заттар деп сумен араластырғанда илемді-тұтқыр қамыр түзетін, уақыт өткен сайын өз еркімен физика-химиялық процесстер нәтижесінде қатаятын ұнтақ материалдарды айтады. Бейорганикалық байланыстырғыш заттар ауалық және гидравликалық болып бөлінеді. Ауалық байланыстырғыш заттар тек қана ауада қатайып, беріктігін жинауға қабылетті. Химиялық құрамы бойынша олар 4 топқа бөлінеді: гипстік, магнезиалдық, ауа әгі және сұйық шыны.

Гидравликалық байланыстырғыш заттар тек қана ауад емес, сондай-ақ суда да ұзақ уақыт қатайып, беріктігін сақтай алады. Бұл топқа гидравликалық әк, романцемент, портландцемент және оның түрлері кіреді

Гипс байланыстырғыштарын өндіру үшін шикізат ретінде CaSO4*Н2О минералына тұратын табиғи гипс жатады, өндіріс қалдықтарын да пайдаланады (фосфогипс, борогипс). Гипс байланыстырғыш заттар жылумен өңдеу температурасы бойынша төмен температурада күйдірілген және жоғары температурада күйдірілген болады. Құрылыс гипсі қатайғанда су қосу және қоссулы кальций сульфатының түзілу химиялық реакциясы орындалады.

Ауа әгін кальцийлі-карбонатты тау жыныстарын 900-12000С температурада баяу СО2 толық жойылғанша күйдіру жолымен алынады.

Магнезиалдық байланыстырғы заттарын кальций тотықтарынан (магнезит немесе доломит) тұратын ұнтақты 750-8500С баяу күйдіру жолымен алынады.

Сұйық шыныны кварц құмы мен содадан әдеттегі әйнекті қайнату жолымен алынады, артынан балқыма қатқан соң мөлдір кесектерді жоғары температура мен қысымда 0,6-0,7 МПа ерітіп алады.

 

2. Бақылау сұрақтары

А) жазбаша бақылау үшін

1. Ауада қатаятын байланыстырғыш заттар, олардың түрлері.

2. Гипс байланыстырғыштарының қатаюы ерекшеліктері.

3. β- модификациялы және α -модификациялы гипс байланыстырғыштарын салыстыру, қасиеттері, қолданылуы.

4. Әуа әгі, қасиеттері, қолданысы.

5. Әуа әгінің сөнуі, қатаюы, түрлері және қолданысы.

6. Магнезиалдық байланыстырғыш заттар және сұйық шыны.

 

Б) компьютерлік тестілеу үшін

1. Ауада қатаятын байланыстырғыштарға жатады:

$$ құрылыс гипсі

$ полимерлер

$ пуццоланды цемент

$ портландцемент

 

2. Құрылыс гипсін алу гипс реакциясы:

$$ СаSО х 2Н О СаSО х 0,5Н О+1,5 Н О

$ СаСО СаО+СО

$ СаSО СаО+ SО

$ МgСО МgО+СО

 

3. Ауа әгін алуға болады:

$$ карбонатты кальций-магнийлі тау жыныстарын 900 -12000С температурада

күйдіру арқылы

$ кальций-магний карбонаттарын біріккенше күйдіру арқылы

$ карбонатты тау жыныстарын 300-5000С температурада күйдіру арқылы

$ сульфатты тау жыныстарын 150-1600С температурада күйдіру арқылы

4. Ауа әгінің негізгі пайдалану саласы:

$$ силикат бұйымдар дайындау

$ бояулар құрамына қолдану

$ құрылыс ереітінділерінде қолдану

$ акустикалық материалдар дайындау

 

5. Баяу ұстасып, баяу қатаятын гипс байланыстырғыштарына жатады:

$$ ангидрит цементі

$ жоғары беріктілі гипс

$ супер-гипс

$ құрылыс гипсі

 

6. Күйдіргіш (каустикалық) доломит алуға болатын шикізат:

$$ MgCO

$ CaCO

$ CaCO x MgCO

$ CaSO x 2H O

 

Глоссарий

Термин Түсініктеме
Неорганические вяжущие вещества Сумен араластырғанда илемді-тұтқыр қамыр түзетін, уақыт өткен сайын өз еркімен физика-химиялық процесстер нәтижесінде қатаятын ұнтақ материалдар
Бейорганикалық байланыстырғыш заттар
Cementings (binding) inorganics
Гипсовые вяжущие вещества Негізінен жартысулы гипс пен ангидридтан тұратын және шикізатты жылумен өңдеп, ұнтақтау жолымен алынатын ауада қатаятын байланыстырғыш заттар
Гипс байланыстырғыш заттары
Binding of gips
Воздушная известь Құрамындағы саздың мөлшері 6 %-дан аспайтын кальцийлі-карбонатты жыныстарды (бор, әктас, доломиттелген әктас) 900-12000С температурада СО2 толық жойылғанша баяу күйдіру жолымен алынатын өнім.
Ауа әгі
Air hardening lime
Молотая негашенная известь Кесек әкті алдын-ала сөндірмей ұнтақтап алынған ауалық байланыстырғыш зат
Ұнтақталған сөндірілмеген әк
Quicklime milled
Магнезиальные вяжущие вещества Кальций тотықтарынан (магнезит немесе доломит) тұратын ұнтақты 750-8500С баяу күйдіру жолымен алынатын ұнтақтәріздес материал  
Магнезиалды байланыстырғыш заттар
Magnesia binding
Жидкое стекло Құрамында көп мөлшерде (50-70%) су бар натрий және калий силикаттарының коллоидты сулы ерітіндісі
Сұйық шыны
Glass liquid
Кислотоупорный кварцевый цемент Таза кварц құмы мен кремнийфторлы натрийді біріктіріп ұнтақтау жолымен алынған ұнтақтәріздес материал
Қышқылға төзімді кварц цементі
Cement quartz acid-proof

4. СӨЖ-ге тапсырма

1. Гипстік байланыстырғыштар және әктің әртүрлі түрлерінің тығыздалу ерекшеліктері туралы түсінік.

2. Қожды әк, пуццоландық әк, магнезиалды байланыстырғыш заттардың қолданылуы мен қасиеттерінің ерекшеліктері және негізгі алу жолдары.

3. Шикізат материалдарының қасиеттері, құрамы, сұйық әйнектерді қолдану және қышқыл өткізгіш кварцтік цементті қолдану әдістері.

 

5. ОСӨЖ-ге тапсырма

1. Ауалық байланыстырғыш заттар: түрлері, қасиеті, қолданылуы

2. Зертханалық жұмысты қорғау

3. Бақылау сұрақтарына жауап беру

 

 

6. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет:

1. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. - Тараз, 2007.- 1-2 бөлім

2. Батырбаев Ғ. Садуакасов М.С. "Құрылыс материалдары мен бұйымдары", 1,2-бөлім, Алматы Республикалық баспа кабинеті, 1995

3. Горшков В.С. и др. Вяжущие, керамика и стеклокристаллические материалы: структура и свойства:

Справочное пособие. - М.: Стройиздат, 1994

Қосымша әдебиет:

1. Микульский В.Г. Строительные материалы (материаловедение и технология), уч. пос. – М.: ИАСВ, 2004

2. Волженский А.В. Минеральные вяжущие вещества.-М., 1986

3. Белов В.В,. Петропавловская В.Г., Шлапаков Ю.А. Лабораторные определения свойств строительных

материалов. - М.: ИАСВ, 2004

 

 

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

Белсенді үлестірілетін материал

 

Құрылыс материалдары - 1 Техникалық факультет
2 - кредит 3 семестр, 2015-2016 оқу жылы  
ЛЕКЦИЯ № 7. Гидравликалық байланыстырғыш заттар Аға оқытушы магистр Имангазин Бектенбек Абидуллаевич

1. Сабақтың қысқаша мазмұны

 


Гидравликалық байланыстырғыш заттарды түрлерге бөлу. Гидравликалық модуль туралы түсінік.

Гидравликалық әк және романцемент: шикізат, өндіру принциптері, қолданылу саласы.

Портландцемент: шикізаттық материалдар және өндіру принциптері. Портландцементтің техникалық сипаттамалары: тығыздығы, су қажететушілігі, қатаю мерзімдері және көлемінің бірқалыпты өзгеруі. Портландцемент клинкерінің химиялық, минералдық және заттық құрамы. Портландцементтің белсенділігі және маркасы. Цементтің және басқа байланыстырғыш заттардың қатаюы: жалпы қатаю теориясы, ұнтақтылық дәрежесінің температураның және ортаның ылғалдығының цементтің қатаюына әсер етуі, қатаюды жеделдету тәсілдері.


2. Бақылау сұрақтары

А) жазбаша бақылау үшін

1. Гидравликалық байланыстырғыш заттар. Гидравликалық байланыстырғыш заттардың түрлері.

2. Гидравликалық модульдің байланыстырғыш заттардың қасиеттеріне әсер етуі.

3. Гидравликалық әк пен романцементтің пайдаланылуы, олардың құрамы мен қасиеттері.

4. Клинкерлік минериалдардың портландцементтің құрамында түзілуі.

5. Негізгі клинкерлік минералдар.

6. Портландцементтің қасиеті және оларды реттеу әдістері.

 

Б) компьютерлік тестілеу үшін

1. Гидравликалық байланыстырғышқа жатады:

$$ гидравликалық әк, портландцемент

$ гидратты әк, күйдіргіш (каустикалық) доломит

$ сұйық шыны, ангидрит

$ эстрих-гипс, ангидриттік цемент

 

2. Гидравликалық әкті алу үшін құрамында қанша мөлшерде сазы бар әктасын біріккенше күйдіреді?

$$ 6-20 %

$ 6 %-тен төмен

$ 20 %-тен жоғары

$ 50 %-ке жуық

 

3. Минералдық қоспаларсыз цементтің тығыздығы, кг/м :

$$ 3,05-3,15

$ 3,0-5,0

$ 1,5-3,0

$ 0,5-3,15

 

4. Портландцемент алу үшін реттегіш қоспалар қосылған әк және саздың бірігіп күйдірілген қоспасы:

$$ клинкер

$ фритта

$ силикат-кесек

$ шихта

 

5. Портландцемент алынады:

$$ клинкерге ұнтақ гипс тасын қосып ұнтақтап майдалау арқылы

$ шихтаға ұнтақ гипс байланыстырғышын қосып ұнтақтап майдалау арқылы

$ араласпаға пластификатор қосып майдалау арқылы

$ компонеттерді нақты фракцияға дейін уату арқылы

 

 

6. Портландцемент клинкерін күйдіру температурасы:

$$ 1450 С

$ 3000 С

$ 250 С

$ 800 С

Глоссарий

Термин Түсініктеме
Портландцемент Құрамындағы кальций силикаттары көп (70-80 %), клинкерді гипс қоспасымен (3-5 %) бірге ұнтақтау нәтижесінде алынған гидравликалық байланыстырғыш зат
Portland cement
Клинкер Негізінен көмірқышқыл кальций мен алюиосиликаттардан құралған араласпаны жентелгенше күйдіру (14500С-та) арқылы алынған өнім
Clincer
Алит Портландцементтің қатаю жылдамдығын, бастапқы беріктігін және т.б. қасиеттерін анықтайтын ең негізгі, клинкердегі мөлшері - 45-60 %
Alite
Белит Маңыздылығы мен мөлшері бойынша (20-30 %) клинкердегі екінші силикаттық минерал. Баяу қатаяды, бірақ портландцемент ұзақ қатайғанда ең жоғарғы беріктілкті береді
Belite
Водопотребность цемента Қалыпты қоюлықтағы цемент илемін алу үшін қажетті су мөлшері. 22-28% аралығында болады
Цементтің су қажеттілігі
Water consumpsion
Тонкость помола Стандарт бойынша алдын-ала кептірілген цемент сынамасын №008 торлы електен (ұяларының жарықтағы өлшемі 0,08 мм) өткізу арқылы анықталады; ұнтақтық дәрежесі сынаманың електен 85% өтіп кететіндей болуы керек.
Ұнтақтық дәрежесі
Fineness of grinding
Нормальная густота цементного теста Цемент қамырының жылжымалылығы, оның анықтағанда цилиндр –Вик аспабының келсабы қамырға толы сақинаның табанына дейін 5-7 мм жетпеуі керек.
Цемент илемінің қалыпты қоюлығы

4. СӨЖ-ге тапсырма

1. Портландцемент түрлері мен құрамдық ерекшеліктері туралы түсінік: ерекше тез қатаятын, жоғары тез қатаятын, пластифика-циялық цемент, пуццоландық, шлак портландцементі, гипсоцементнопуццоландық байланыстырғыш, ақ және түрлі түсті цементтер.

2. Ұлғаятын және отырмайтын цементтердің құрамы мен тағайындалуы.

5. ОСӨЖ-ге тапсырма

1. Портландцементтік тастардағы коррозия түрлері және олардан қорғау.

2. Зертханалық жұмысты қорғау

3. Бақылау сұрақтарына жауап беру

6. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет:

1. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. - Тараз, 2007.- 1-2 бөлім

2. Батырбаев Ғ. Садуакасов М.С. "Құрылыс материалдары мен бұйымдары", 1,2-бөлім, Алматы Республикалық баспа кабинеті, 1995

3. Горшков В.С. и др. Вяжущие, керамика и стеклокристаллические материалы: структура и свойства:

Справочное пособие. - М.: Стройиздат, 1994

Қосымша әдебиет:

1. Микульский В.Г. Строительные материалы (материаловедение и технология), уч. пос. – М.: ИАСВ, 2004

2. Волженский А.В. Минеральные вяжущие вещества.-М., 1986

3. Белов В.В,. Петропавловская В.Г., Шлапаков Ю.А. Лабораторные определения свойств строительных

материалов. - М.: ИАСВ, 2004

 

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

Белсенді үлестірілетін материал

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 351 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Формирование однополосно-модулированных колебаний.| Б) для компьютерного тестирования

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.148 сек.)