Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Төсекті ауыстыру

Читайте также:
  1. Ағымдағы орын ауыстыру құбылысы.
  2. Ешбір пернені шертпей файлдың орнын ауыстыру.
  3. Озғалмайтын ортада орын ауыстыру құбылысы

Егер науқас катан төсек тэртібінде болса:

1. Таза ақжайманы көлденең орайды.

2. Наукастьщ кеудесін көтеріп, жастыкты алып, тысын ауыстырады.

3. Бұрынғы ақжайманы бас жағынан беліне дейін орайды.

4. Таза ақжайманы босаган жерге жайып, жастықты бас жағына қояды, науқастың басын жастыққа салады.

5. Науқастын жамбасын, аяғын көтеріп бұрынғы акжайманы алып тастап, тазасын жаяды.

6. Наукасты жатқызып, ақ жайманың шеттерін матрацтың астына түзейді.

7. Жамылғыштың тысын алмастырып, науқастың үстіне жабады.

8. Ауыстырылған лас тосектерді қапқа салады.

9. Қолды асептикалық ерітіндімен өңдейді. Егер науқасқа төсекте қозғалуға рұқсат болса:

1. Таза ақжайманы үзыннан орайды.

2. Науқастьщ басын көтеріп, жастықты алады.

3. Науқасты бір бүйіріне аударып, сол қалпында ұстайды.

4. Бұрынғы ақжайманы үзынынан наукаска қарай орайды.

5. Таза ақжайманы босаған жерге үзынынан жаяды.

6. Науқасты аркасымен таза ақжайма жағына бұрып, бүііірімен жатқызады.

7. Бүрынғы ақжайманы алып тастап, тазасын жаяды.

8. Наукасты жаткызып, ақжайманың шеттерін матрацтың астына түзейді.

9. Жастықтың тысын ауыстырып, басының астына салады.

10. Жамылғыштың тысын алмастырып, науқастың үстіне жабады.

11. Ауыстырылған лас төсектерді қапқа салады.

12. Қолды асептикалық ерітіндімен өңдейді.

 

Ішкі киімдерді ауыстыру

1. Науқастың кеудесін көтереді.

2. Үстіндегі бұрынғы койлегін шүйдесіне дейін орайды.

3. Көйлегін басынан шыгарып алып, колдарын босатады (егер қолы закымданган болса, алдымен сау колын шығарып, содан кейін ауру колын шыгарады).

4. Таза көйлекті қолдарынан бастап кигізеді (алдымен зақымданган колына, содан кейін сау қолына кигізеді).

5. Көйлекті басынан кигізіп, арқасы мен ішін жазып түсіреді.

6. Ауыстырылган лас киімдерді қапқа салады.

7. Қолды асептикалык ерітіндімен өңдейді

 

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

Тақырып бойынша қажетті материалдарды дәптерге конспект ретінде жазып отыру.

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10%)

 

Тесттер

1.Стационарда емдік- қорғау тәртібінің бөлімшелері келесі элементке бөлінеді

1. науқастың психикасын қамтамасыз ету тәртібі

2. аурухана ішілік инфекцияның алдын алуды қадағалау

3. асептика жөне антисептикалық ережелерді сақтау

4. күнделікті ішкі тәртіпті сақтау

5. рационалды физикалық, тәртіпті қамтамасыз ету (қозғалу активтілігі)
Дүрыс жауап комбинациясын тандаңыз

2,4,5 1,2,4 1,3,5 1,4,5 барлық жауабы дүрыс

2. Емдік профилактикалық мекемелерінде науқас қандай физикалық активті режимді қолданады?

1. жату режимі

2. төсектік режимі

3. қатаң төсектік режимі

4. жартылай отыру режимі

5. палаталық режим

6. жалпы режим

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз

1,3,4,7

2,4,5,6

2,3,6,7

1,2,3,5

2,3,5,7

3. Ұқсастығын тап

1. палаталық режим

2. жалпы режим

3. асханадан тамак, ішу

4. палатада тамақтану

5. баспалдақтан көтерілу

6. таза ауада серуендеу

7. палатада жүру

8. гигиеналық, ванна қабылдау

4. Науқас қатаң төсектік режимі

1. төсекте бүрылуға болады

2. тұруға болады, жатуға да болады, бірак, палатадан шықпай

3. шектеусіз төсекте активті қимылдау

4. төсекте науқасты бұрылуға рұқсат етпейді

5. Науқастың төсектік режимі бұл

1. төсектен тұрмай, төсекте бұрылуға болады

2. тұруға, жатуға да болады, бірақ палатадан шықпай

3. шектеусіз төсекте активті қимылдау

4. науқасқа төсекте бұрылуына рұқсат етілмейді

6. Науқастың жалпы режимі бұл

1. төсектен тұрмай, төсекте бұрылуға болады

2. тұруға, жатуға да болады, бірақ палатадан шықпай

3. шектеусіз төсекте активті қимылдау

4. науқасқа төсекте бұрылуына рұқсат етілмейді

7. Науқастың палаталық режиміне не жатады?

1. төсектен тұрмай, төсектен бұрылуға болады

2. тұруға, жатуға да болады, бірақ палатадан шықпай

3. шектеусіз төсекте активті қимылдау

4. науқасқа төсекте бұрылуына рүқсат етілмейді

8. Науқас ессіз жағдайда, төсекте қандай қалып қолданады

1. активті

2. пассинті

3. мәжбүрлі

9. Қандай керуетті бас және аяқ жағын тез керекті қалыпқа келтіру қалай аталады (көтеру, түсіру)

1. функционалды

2. стандартты

3. хирургиялық

4. каталка

10. Отырған науқастын аяғын төмен түсіріп, науқастың кіші қан айналымда қан үйығанын қалай аталады?

1. шытнтақ, тізе

2. ортопноэ

3. пассивті

4. Фаулер

5. Симса

Ситуациялық есеп

1. Науқастар дем алып жатқан кезде палатаға медбике кіріп, айқайлап науқасқа дәріні уақытылы ішпегенсің деп ұрысты. Медбике дүрыс істеді ма?

2. Палатаға каталкамен науқасты жеткізді, бас жағы аяқ жағына қараған. Каталка дұрыс койылғанба? Палатаға қалай кіру керек.

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)

Н-1, 1 - бөлім, 4 – 154 бет

 

13 - сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Медициналық мекемелерде емдік тамақтануды ұйымдастыру. Науқасты тамақтандыру.

2. Сағат саны: 2 (90 мин - 100%)

3. Сабақ түрі: теориялық

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Оқушыларды медициналық мекемелерде емдік тамақтануды ұйымдастырумен және науқасты тамақтандыру принциптерімен таныстыру.

тәрбиелік: Оқушыларды Науқасты тамақтандыру кезінде кішіпейілділікке тәрбиелеу.

дамыту: Оқушыларды медициналық мекемелерде емдік тамақтануды ұйымдастыру қабілетін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.

3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА

 

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

· Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

· Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

· Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)

· Ауыр халдегі науқастарға күтім жасау;

· Функционалды керуетті пайдалана отырып науқасқа күтім

· Өзіне өзі қызмет ету тапшылығы бар науқастардың төсек орнын ауыстру;

· Өзіне өзі қызмет ету тапшылығы бар науқастардың іш киімін ауыстру.

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Жоспар:

· Тамақ блогы және үлестіру бөлмесіне порционник құру

· Ауыр науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру

· Дайьн тамақты сақтау, тарату және тасымалдау

· Ауыр халде жатқан науқасқа гастростома, зонд арқылы тамақтандыруын

· тік ішек арқылы қоректік қоспаларды енгізу техникасын

· Тамақ блогы және үлестіру бөлмесіне порционник құру

· Ауыр науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру

 

Стационарда емдік тамақтарды ұйымдастыру. Стационарда емдік тамақтарды жалпы басқаратын бас дәрігер немесе оның орынбасары ал бөлімшелерде-бөлімше меңгерушісі.

Диетолог- дәрігер барлық бөлімшелерді емдік тамақтармен қамтамасыз етуін ұйымдастырады, диеталық медбикемен басқарылады. Диетолог- дәрігердің нұсқауын барлық тамақ блогы жұмысшыларына қатысты. Диетолог- дәрігер тағайындалудың дүрыстығын жөне емдік тамақтарды қолдануьн, олардың нәтижесін талқылап, жеті күндік тамақтану тәртібін құрастыру, жаз,қыс айларында диета түріне олардың сапасына, химиялық құрылымын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ол тамақ блогының жүмысын, дайын болған тамақты қарап бақылайды. Диеталық медбике тамақ блогы жүмысына жөне санитарлық-гигиеналық ережелерді ұстануын бақылайды. Дәрігер- диетологқа бағынады.

Оның міндеттері:

- тамақ сапасын анализдеу, дұрыс сақталуын бақылау

- Дәрігер диетологтың басқаруымен күнделікті ас мәзірін тамақ картотекасына
сәйкестігін қүрастыру.

- Диеталардың химиялық кұрамын және энергетикалық құндылығьн санау.

- Медициналық құжаттарды толтыру.

Тамақтанудың санитарлық- гигиеналық тәртібі.

1. Аурухананың тамақ блогы құрылысы, мазмұны, тамақ дайындауын қатаң кадағалау қажет.

2Тамақ блогында көзге көрінетін жерде «Санитарлық ереже«ілініп түрады. Тамақ блогы, үлестіру бөлмесі және буфеттердің жүмысшыларын инструкцияға қатысты медициналық қараудан өткізіледі.

4. Тамақ блогы қызметкерлері тек қана санитарлық минимумнан сынақ тапсырғаннан кейін гана жіберіледі

5. Тамақ блогы бөлімшесінде асхана ыдыстарын жууға катаң тыйым салынады.Бүны тек қана бөлімше буфеттерінде жуады.

6. Тамақ блогы және буфет құрал-жабдықтары аурухана және емхана табельдері құрал-жабдықтарына сәйкес керек.

7. Орталықтандырылған тамақ заттарын тасымалдау болмағанда және нақты әкелуге арнайы транспорт жылына бір рет паспортизациядан өтеді.

8. Аурухана бөлімшелеріндегі буфеттер қамтамасыз етілуі тиіс:

- суық жөне ыстық су

- екі секциялы жуғыш ванналар, олар канализацияға қосылған, ыдыстарды шаятын және кептіретін сеткалар.

- Тамақты қыздыратын электроплита

- Ыдыстарды, тамақтарды сақтайтын шкафтар (нан,тұз,қант)

- Бір науқасқа шаққанда ыдыс жиынтығы

- Жуғыш және дезинфекциялайтын заттар

- Жинастыратын заттар (шелк, ветошь,щеткалар)

- Таңбаланған «буфетка арналған«

- Дайын болған тамақты екі сағат ішінде тасу керек.

- Науқастарға тамақты буфетші немесе бөлімшенің кезекші медбикесі таратады

- Бөлімшелердің барлық науқастары асханада тамақтанады. Науқастардың тамақтары (үйден келген шкафта, сөрелерде (құрғақ тамақтар) ал тез бұзылатын тоңазытқышта сақталады

- Порционникті және порционник талаптарын құрастыру

- Дәрігер науқасқа диетаны тағайындап немесе болдырмау жөне ауру тарихына стол нөмірі жазылады

- Палата медбикесі тағайындау парағына диета туралы мәліметтерді таңдайды

- Медбике порционникті 2 экземплярда жасайды

- Онда стол туралы мәлімет және науқастар залы және оларды қабылдайтын.Бір экземплярды бөлімшенің аға медбикесіне тапсырады ол басқасын таратушыға берілген порционникте палата нөмірі, аты-жөні,наукастың тамақтанатын орнын көрсетеді, асхана, палата.

- Порционникті аға медбике таңертең ұсынады. Науқастар саны, емдік столдар туралы мәліметтерді береді. Порционникті аға медбике және бөлімше меңгерушісі талаптар жазады. Таңертең қүжаттарды аурухананың диеталық мейіркешіне береді.

Науқастарға тамақ үлестіру

- 1 Тамақты бөлімшеде буфетші және палата медбикесі таратады. Ыстық тамақ, температурасы 60С, ал суық тамақ 15С төмен болмау керек.

- 2 Жалпы тәртіптегі науқастар асханада тамақтанады.

- 3 Төсектегі науқастарға тамақты палатаға арнайы столдарда әкелінеді.

- 4 Тамақты үлестірмес бұрын медбике таңбалаңған халат киіп, қольн жуады.

- 5 Бөлімшелерді жинайтын санитаркалар тамақ үлестіруге жіберілмейді.

- Қалған тамақ қалдықтарын және лас ыдыстарды науқастың жанына қалдырмау қажет.

- Науқастарды тамақтандыру.

- Белсенді, енжар және жасанды түрлері болып бөлінеді.

Егерде науқас өзі тамақтанатын болса жалпы тәртіп, бос қозғалатын, оған тамақ ішетін жерді көрсетіңіз. Егерде науқас өздігінен палатада тамақтанса (палаталық немесе төсектегі тәртіп) алып келген тамақтың, сырткы түріне, оның тем- сын бақылаймыз. Тамақты подносқа салып әкелген жөн. Тамақтанғаннан кейін ыдыстарды жинап, керует маңындағы стол немесе сөрелерді сүртеміз. Егерде науқас медбикенің көмегімен тамақтандырылса(қатаң төсек төртіп).

науқасты тамақтандырмас бұрын палатадағы барлық емдік процедураларды аяқтау керек, физиологиялық бөлінулер, палаталарды тазалау, бөлмені желдету науқастың қолын жуып немесе дымқыл жылы сүлгімен сүртіп, көкірегіне салфетка қоямыз.

Жылы тамақты тумбаға немесе керует маңындағы столға қоямыз.

Науқасты ыңғайлы отырғызамыз{ жартылай отырғызып немесе отырғызып)

Науқастың жанына отырыңыз себебі сізге ыңғайлы болу үшін.

Егерде науқасты отырғызып тамақтандыру қиын болса онда сол қолмен тамақты қасықпен береміз.

Тамақтанғаннан кейін ыдыстарды аламыз. Науқастың аузын шайып және қолдарын жуамыз, төсек орнына тамақ қалдықтарын қағып науқасты жатқызамыз.

Тісі жоқ науқастарды тамақтандыру.

Толық немесе жартылай тісі жоқ науқастарды сұйық және езілген тамақтармен тамақтандырамыз.

Тамақтану тәртібі

Емдеу мекемелерінде 4рет тамақтандырады. Асқазан, ішек, жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары 5-6 рет тамақтанады.

Диета 1

Белгілеудің қолданылатын кезі: ішкі ірінді жара ауруларының асқынуы басылған кезде, тыртықтаньш біткен кезде, сондай-ақ ауру бетінің қайтуы кезінде 2-3 ай бойы, гастриггың асқыну кезеңіндегі жоғары секрециясы.

Белгілеудін мақсяты:

Химялық тітіркендіргіштерді болдырмай және механикалық тітіргендіргіштерді шектей отырып, асқазан мен ұлтабарды сақтау, жараның тыртықтанып бітуіне мүмкіндік беру.

Жалпы сипаттамасы: асқазан сөлін қоздырғыш заттарды болдырмау. Тағамды көбінесе ұнтақтап пісірілген немесе буланған күйде береді. Калориясы қалыпты және А мен С витаминдері көп белок, май мен көмірсутегі біркелкі болып келген қалыпты диета.

Калориясы мен қүрамы: ЮОг май, ІООг белок, 400г көмірсутегі, ЗОООг калорий.

Тамақтану режимі: күніне 6 рет тамақтану, ұйықтау алдында сүт немесе кілегей, айран ішу.

Днета 2

Белгілеудін қолданынатын кезі: қатпа (іш қату)

Белгілеудін мақсаты; перисталтиканы (қуыс мүшелерін созылып, жиырылуы) күшейту, ішті босатуды реттеу.

Жалпы сипаттамасы; диетада өсімдік клеткасына бай және ішектің қызметін күшейтетін тағамдардың мөлшерін көбейту. Минералды суларды жиі пайдалану. Калориясы мен құрамы ІООг белок, ЮОг май, 450г көмірсутегі, 3500 калорий. Ас түзы көбірек(25г).

Тамақтану режимі; күніне 4-5 рет тамақтану, түнге қарай айран, қара өрік, қызылша беріледі.

Диета 3

Белгілеудің қолданылатын кезі; секрециялық кемшілігі бар созылмалы гастрит. Асқынбаған созылмалы энтероколит(тоқ ішек пен аш ішектің кабынуы.)Шайнау аппараты қызметінің бұзылуы. Операциядан және жедел инфекциядан сауығу кезінде, сондай-ак асқазан-ішек жолын сақтау қажеттілігі көрсетілген басқада жағдайларда.

Белгілеудің мақсаты; асқазан мен ішектің секрециялық және қозғалыс қызметін келтіруге жәрдемдесу, асқазан ішек жолын механикалык сақтау. Жалпы сипатгамасы; экстракт заттар және асқазан сөлін бөлуге жөрдемдесетін, бірақ қарынның шырышты қабығын тітіркендірмейтін басқа да заттарын сақтайтын физиологиялық толық жарамды диета. Құнарсыз дәнекер ет пен өсімдік клеткасы тағамдарды көбіне ұнтақталған тұрде береді. Калориясы мен құрамы; 80-100г белок, 80-100г май, 400г көмірсутегі, ЗОООг калорйи, ЮОмг С витаминдері(көбірек). Тамақтану режимі; кұніне 4-5 рет тамақтанады.

Диета 4.

Белгілеудің қолданылатын кезі; гастроэнтероколиттер(қарын мен аш ішек, тоқ ішектердің қабынуы), жедел энтероколиттер мен созылмалы энтероколит асқынуы. Ішекке операция жасалғаннан кейін жедел дизентерия. Емдеудің мақсаты: ішекті механикалық және химиялық сақтау: перистальтика мен ішектің кебу процесін кұшейтетін тағамдар бермеу.

Жалпы силаттамасы: көмір сутегі мен майдың есебінен калориясы шектелген, белогы физиологиялық норманың төменгі шегіндегі диета.Сүт пен өсімдік клеткалы азықтар берілмейді. Бұл диета 5-7 күннен көбірек мерзімге белгіленеді.

Калориясы мен құрамы; 80 г белок, 70г май, 50 г көмірсутегі, 2000 калорий, ІООмг С витамині, тағамда В жөне басқа топтардың жетіспейтін витамині, препараттармен толықтырылады.

Тамақтану режимі; 5-6 рет тамақтанады, 1,5л сүйық-ыстық шай, қара кофе, сорпа, шиповниктің қайнатпасы ретінде беріледі.

Диета 5

Белгілеудің қолданылатын кезі бауыр мен өт шығаратын жолдардың созылмалы аурулары(холецистит, гепатит, бауыр циррозы) асқынбаған және асқазан мен ішектің аурулары болмаған кезде.Боткин ауруынан сауығып келе жатқаңда

Белгілеудің мақсаты; бауырдың бұзылған қызметін қалпына келтіруге көмектеседі. а) оған гликогеннің жиналуына; б)тамақ майын (әсіресе, қиын балқитын) шектеу жолымен май алмасуын нормаға келтіруген липотрондық ұйқы безіне әсер ететін заттарды енгізуге; в) ішектің қызметін реттей отырып, бауырдың улануын азайтуға: г) өттің бөлінуін жылдамдату; д) бауырды тітіркеңдіріп, ауруды асқындыратын тағамдык заттарға әсерін тигізеді. Жалпы сипаттамасы белок физиологиялық нормада, көмірсутегі мол, май шектелген диета бойынша.

Холестерині мол тағамдар берілмейді. Липотроңдық факторлар мен витаминдердің мөлшері көбейтілген. Ас түзы 10-12г дейін Калориясы мен құрамы; 80-І00г белок, 60-70г май, 450-500г көмірсутегі, 2800-ЗОООг калорий. Май алмасуы бұзылған сырқатқа сутегі жеткізеді. Тамақтану режимі; әрбір 2-2,5 сағатта тамақтандырады. жөне жылы күйінде көп сусын ішеді(күніне 2л дейін)

Диета 6.

Белгілеудің қолданылатын кезі; қүяң мен несеп қышкылдары диатезі. Эритемия және ет пен балық тағамдарын жеуге болмайтын басқа да жағдайларда Белгілеудің мақсаты; пуриндік алмасуды нормаға келтіруге және несеп қышқылының эндогендік жасауларын азайтуға көмектесу.

Жалпы сипаттамасы; пуриндік косылыстары көп азыктар пайдаланбайды. Сілті радикалдары бар азықтар енгізіледі, ас түзы бойынша шектеледі. Калориясы мен қүрамы; 80-100г белок, 80г май, 400г көмірсутегі, 2700 калорий. Шамадан тыс толық сырқаттарға көмірсутегі шектеледі.

Тамақтану режимі; күніне 5 рет тамақтанады. Сүйықтықты (күніне 2-2,5 л) шай, жеміс-жидек, морс, сілтілі су ретінде көп ішеді.

Диета 7.

Белгілеудің қолданылатьш кезі; сауыға бастау кезеңіндегі жедел нефрит. Несеп түнбасындағы өзгерістері аз созылмалы нефрит. Гипертониялық аурулар және тұзсыз диетаны қажет ететін басқа да жағдайлар. Екіқабат әйелдердін нефропатиясы.

Белгілеудің мақсаты; бүйрекгің қызметін шамалап сақтау жоғары қан қысымы мен ісікке әсер ету.

Жалпы сипатгамасы; тұзсыз диета, тағамдар жинағы мен аспаздық өңдеуі 7а және 76 диеталар сияқты, бірақ қайнатып пісірген ет немесе балык., сондай-ақ ірімшік қосу арқылы белок 80г дейін артады.

Калориясы мен құрамы; 80г белок, ІООг май, 400-500г көмірсутегі, 2800-3200г калорий. Тамақтары ас түзы Зг, С,Р витамині жөне В тобының витамиңдерінін мөлшері мол. Бүйрек қызметі сақталған амилоидозбен және нефрозбен ауыратын аурулар ушін белогы(140г дейін), липотропты факторлары, май кышқылдары мен витамиңдері көп 7 диетасы белгіленеді. Тамақтану режимі; күніне 4-5 рет тамақтанады.

Диета 8.

Белгіленудін колданылатын кезі; арнайы тамақтану режимін талап етпейтін тамақ қорыту органдарының, бауыр мен жүрек-қан тамыры жүйесінің ауруы жоқ семіздік,

Белгілеудің мақсаты; шектен тыс семіздікті болдырмау және оны жою үшін зат алмасуға әсер ету.

Жалпы сипаттамасы; тағамның калориясын негізінен көмір сутегі ішінара майдын есебінен шектеу; белок физиологиялық нормадан артык- Тәбет шақыратын азот экстракт белоктары мен дәмді тұздықтары салынбайды. Сұйықтықты енгізу біршама шектеледі (1000 мл).

Калориясы мен құрамы; 100-220 г белок, 60-70 г маЙ, 180-200 г көмір сутегі, 1800-1850 калорий, С витамині көбірек, басқа витаминдер физиологиялық норма негізінде. Тамактану режимі; аштық сезімін жою үшін калориясы аз тамақты жеткілікті мөлшерде жиі-жиі қабылдау.

Диета 9.

Белгілеудің қодданылатын кезі: ацидозы мен ішкі мүшелерінің ауруы жоқ кантты диабет.

Белгілеудін мақсаты: көмірсутегін дүрыстап ұстауға жағдай жасау, май алмасуы бүзылуының алдын алу.

Жалпы сипаттамасы: белоктар физиологиялық нормадан жоғары, май мен көмір сутегі біршама шектелген Жеңіл сіңірілетін көмірсутегін тағамға қосу. Диетаға липотропты әрекет жасайтын заттарды енгізу. Рационға көкөністі мол қосу. Холестерині бар тағамдар мен тұзды шектеу. Аспаздық өңдеу өдеттегідей. Калориясы мен қүрамы 100-120г белок 70г май, ЗООг көмірсутегі, 2400 калорий. амақтану режимі; күніне брет тамақтанады. Көмірсутегі бір күнге бөлінеді. Инсулин инъекциясы кезінде жөне одан соң жарты сағаттан кейін сырқат құрамыңда көмірсутегі бар тағам кабылдауы тиіс. Қантты диабетпен ауыратын сыркаттың ішкі мүшелері де, ауыратын болса, оған аралас диета беріледі. Мәселен бауыры ауыратындарға 9-5, май 60г май дейін шектелген, экстракт заттар қолданылмайды. 9-5 диетасын атеросклерозбен және гипертония ауруларымен ауыратындарга белгілеуге болады.

Диета 10.

Белгілеуге қолданылатын кезі; жүрек- қан тамыры жүйесінің аурулары, а) 1 дәрежелі қан айналымы - қан айналымы жеткіліксіз кездегі және алмасу кезендегі жүректің ревматикалық ақауы; б) 1 және 2 дәрежелі гипертониялық аурулар. Нерв жүйесінің аурулары. Созылмалы нефрит жэне несеп тұнбасының өзгерістері бар пиелонефрит, жедел және созылмалы пиелит. Белгілеудің мақсаты; қан айналымына неғұрлым қолайлы жағдай жасау нерв жүйесін қоздыратын заттарды болдырмау, азоттық заттардың шығуын жақсарту және несеп шығаратын жолдарды тітіркендіретін тағамдарды қолданбау.

Жалпы сипаттамасы; ас тұзы шектелген (5-6 г), азот экстрактивті заттар мен тұздар қолданбайды. Ішектің қызметін реттейтін тағамдар, құнарлы өсімдік клеткасы бар көкөніс, жеміс- жидек, сондай-ақ кебекті ақ және қара бидай наны енгізіледі. Механикалық өңдеуді ептеп пайдалана отырып өңдейді.

Калориясы мен құрамы; 80 г белок, 67-70 г май, 350-400 г көмір сутегі, 2500-2800 калорий.

Тамақтану режимі; күніне шақтап тамақтанады, кешкі тамақты ұйқыдан 3 сағат бүрын ішеді. Жүрек- қан тамыры жүйесімен ауыратындарға көп су ішуге болмайды. Сүйықтық 1000-1200 мл дейін шектеледі.

Диета 11.

Белгілеудің қолданылатын кезі; егер басқа ішкі мүшелерінің аурулары болмаса, өкпе туберкулезінің асқынған, басылған немесе созылмалы кезеңінде.

Белгілеудің мақсаты; организімнің туберкулез инфекциясына қарсылығын арттыруға көмектесу. Сырқаттың жалпы тамақтануын жақсарту және витаминдер қорын жинауға көмектесу.

Жалпы сипаттамасы; витамині мен белогы көп май мен көмір сутегі шағындап көбейтілген калориялы диета. Кальциі мол сүт тағамдары жеткілікті мөлшерде. Ас тұзы мен сұйықтық нормасы шектеулі. Татымдықтар рұқсат етіледі. Аспаздық өңдеуі әдеттегідей, онда азот экстрактивті заттары сақталған.

Калориясы мен қүрамы; 120-140 г белок, 100-200 г май, 500-550 г сутегу, 3800-4000 калорий. Витаминдер мол мөлшерде.

Тамақтану режимі; күніне 4-5 мәрте тамақтанады.

Диета 13.

Белгілеудің қолданылатын кезі; инфекциялық аурулар жедел, қызбалы кезеңдерде, баспалар, құрт тәрізді соқыр ішек өскінін алып тасталғаннан кейінгі 2-3 күндегі асқазанның бір бөлігін кесіп тастаған соң көрсетулер бойынша 8-9 күннен кейін.

Белгілеудің мақсаты; сырқаттың температурасы көтерілген қызба кезеңінде жөне операциядан кейін күш- қуатын жинауга көмектесу, қарын-ішек жолын сақтау.

Жалпы сипаттамасы; белоктың төменгі физиологиялық нормада болуы, май, көмір сутегі мен калориясын шамалап шектеу. Қызуы қатвд сырқаггарга витамин қосқан сусьш, көп мөлшерде сұйық беру. Асраздық өндеуі; тағамды үгіп, немесе тартып береді, химиялық тітіркендіргіштері шағын болуы тиіс.

Калориясы мен қүрамы; 70-80 г белок, 70 г май, 300 г көмір сутегі, 22ООк калорий. Көп мөлшерде С және басқа витаминдер.

Диета

Белгілеудің қолданылатын кезі; несепті сілтілі реакция бар және фосфорлы калий тұзының шөгіндісі түзетін фосфатурия.

Жалпы сипаттамасы; диетаға несеп реакцияны қышкыл етіп өзгертуге көмектесетін тағамдар енгізу. Кальцийге бай сут, ірімшік, сыр және сілтілендіретін өсері бар тағамдар қолданылмайды. Сұйықтық жалпы мөлшері 5-2 л. Аспаздық өңдеуі өдеттегідей.

Калориясы мен құрамы; 80-100 г белок, 100 г май, 400 г көмір сутегі, 2800 калорий.

Тамақтану режимі; күніне 4—5 мәрте тамақтанады.

Диета.

Белгілеудід қолданылатын кезі; тамақ қорыту мүшелерінің күйі қалыпты және арнайы емдік диета, сонымен қатар белгілеудің қажеті жоқ барлық сырқаттар ауырған жағдайда.

Белгілеудін мақсаты; емдеу мекемесі жағдайында сырқатты физиологиялық нормаларға сай тамақпен қамтамасыз ету.

Жалпы сипаттамасы; тағамның, белогы, майы, көмір сутегі мен калориясы дене еңбегімен шүгылданбайтын дені сау адамның тамақтану нормасына сәйкес, ал витаминдері көбірек. Тамақ сан алуан тағамдардан тұрады. Ет, қүс, балық кез келген аспаздық өңдеуде; шүжық сосиска, консервілер- шектелген мөлшерде; сүт тағамдары; сүт немесе айран күнделікті; майларды, сары май және табиғи өсімдіктер майын күнделікті салатқа, винегретке және басқа да тағамдарға кұйып беру; Қиын сіңірілетін майлы тағамдар; майлы ет, қой жөне шошқа еті, сиыр, қой жөне шошқаның тоңазытқан майы, тәтті үн тағамдары берілмейді. Татымдықтар шақтап пайдаланады. Аспаздык, өңдеуі витаминдерді сақтап отырып одеттегідей болады.

Калориясы мен қүрамы; 80-100 г белок, 80-100 г май, 400-500 г көмір сутегі, 50-100 г қант, 3000 калорий.

Тамақтану режимі; күніне 4-5 мәрте тамақтанады.

Стационарға келушілер алып келетін тамақтарды сақтау. Алкогольді, пісте, арбуз, балмүздақ, үй және фабрикада консервілердің түрлері, торт, пирожные, варенье рүқсат етілмейді.

Жасанды тамақтандыру

Жасанды тамақтандыру организмге асқазан зондының, клизманың көмегімен немесе парентеральды қоректі заттарды енгізу.

Зонд арқылы тамақтандыру

Көрсетілімдері: ес-түссіз жатқан науқастар, ас қорыту жүйе өтімсіздігі. Дайындаңыз: жіңішке стерильді зонд диаметрі 0,5-0,8 мм, вазелин немесе глицерин, воронка немесе Жане шприці, сұйық тамақ (тәтті шай, морс, гомогенді эмульсиялар) фонендоскоп, лейкопластыр, түйрегіш, зондты жабатын қабық, шприц.

Істеу қажет:

1. Қолыңызды жуыңыз

2. процедурамен науқасты таныстырыңыз

3. Стерильді зондтты вазелин немесе глицеринмен майлаңыз

4. Науқастың басын артқа шалқайтамыз

5. Стерильді зондты төменгі мұрын жолдары арқылы 15-18 см тереңдікке
енгіземіз

6. Сол қолдың саусағымен жұтқыншақтағы зондты анықтап оны артқы
жұткыншақ клеткасына қысыңқыраймыз, себебі зонд трахеяны үзбес үшін

7. Науқастың басын аздап алға қисайтып және оң қолмен зондты өңештің
ортаңғы бөлігіне дейін итереміз. Егер дем шығарған кезде ауа зондтан
шықпаса, ал науқастың дауысы сақталады, яғни зонд өңеште тұр.

8. Зондты мына қашықтықта енгіземіз, формула бойынша(бойы/см)100;

9. Шприцке ауа толтырып оны зондқа жалғау керек

10. Фонендоскопты эпигастральді бөлікке қоямыз

11. Фонендоскоптың көмегімен ауаны зонд арқылы асқазанға жібереміз,

дауыс естілсе онда ауа асқазанға түскенін білдіреді

12.3ондты зажиммен қысып, тұйық ұшына лоток түсіреміз

ІЗ.Зондтың тұйық ұшына Жане шприцін немесе воронканы кигіземіз

14. Воронкаға немесе Жане шприціне тамақ қүямыз

15.3ажиммен қыстырылған зондты босатамыз

Іб. Асқазанға тамақты жылы күйінде, поршенді жәй басып немесе воронканы асқазан денгейінен жоғары көтереміз

17.Воронкаға таза су кұйып, воронканы аламыз. Зондтың тұйық ұшын пробкамен жабамыз

18.3ондтың тұйык ұшын киімге немесе наукастың басына бекітіп, себебі зонд оған кедергі жасамау үшін. Жасанды тамақтандыру кезінде 2-3 апта зондты шығармайды.

Профилактика мақсатында науқасты тамақтандыру кезінде патогенді микрофлора дамымас үшін зондты екі сағат сайын жуамыз.

Оректендіру клизма (ректальді тамақтандыру).

Көрсетілімдері: қоректендіру клизмасы организмге резорбтивті әсер етуіне

негізделген. Оларды көп мөлшерде (12 л-ге дейін), дәрілік заттар (0,9% натрий

хлорид ерітіндісін, 5 % глюкоза, аминқышқыл ерітінділері) қолданылады.

Қоректік клизма салмастан 1 сағат бұрын ішекті толық босату үшін тазарту

клизмасын жасайды. Шағын мөлшердегі қоректік клизманы (200-500 мл)

резеңке грушаның көмегімен жасайды. Құятын сұйықтын температурасы 37-38 °С.

Парентеральді тамақтандыру.

Көрсетілімдері: асқорыту жолы бітелу белгілері, ісік, өңеш, асқазан, ішек операцияларынан кейін әлсіреген науқастарды операцияға дайындау. Осыған байланысты келесі препараттарды қолданады. Көмірсулар - 10 % глюкоза ерітінділері, белоктар- аминкышқылдар, ыдыраған белок молекулалары күйінде. гидролизин, белокты гидролизат казеин, фибриносол, аниналон, аминопептид, аминокровин, альвизин, левмин, полиамин және т.б. Алғашқыда 30 мин. 10-20 тамшы / мин., майлы эмульсия күйінде: липофундин, интралипид. Парентеральді тамақтандыру тамыр ішіне енгізіледі. Жібермес бүрын ерітіндіні 37-38 ° С булы моншада жылытамыз. Алғашқы 10-15 минутта 15-20 там/ мин, кейіннен 60 там/ мин дейін жібереміз. 500 мл препаратты 3-5 сағатта жібереміз.

Ескерту: белокты препараттарды науқастарға жылдам жібергенде оларда ыстық, беттері қызарып, тыныс алуы киындайды. Парентеральды тамақтандырғанда тәулікті ескеру қажет.

11. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.

Тесттер:

1. Науқастардың тамақтану рационында белок, май, көмірсу ара қатынастары кандай болуы керек.

А) белок ара қатынасы жоғары

Б) белок, май, көмір су ара қатынасы ауру түрімен байланысты

В) 1:1:4 белок, май, көмірсуге сәйкес

Г) май ара қатынасы жоғары

2. Сау адамның тамақтану рационына не кіреді
А) 80-100 г белок

Б) 400-500 г көмірсу

В) 200 г май

Г) витаминдер, микроэлементтер

3. 1 г көмір су организімге қанша ккал береді
А) 0,3 ккал

Б) 4,1 ккал

В) 5,5 ккал

Г) 7,3 ккал

4. 1 г май организімге қанша ккал береді
А) 4,1 юсал

Б) 3,3 ккал

В) 9,3 ккал

Г) 8,8 ккал

5. Көмір су ненің қүрамында болады
А) крахмал

Б)ет

В) қант

Г) жұмыртқа

6. Тамақтану тәртібі бұл-

А) кулинарлық емдеу сипаттамасы

Б) тамақ, ішу уақьпъі және жиілігі

В) тамақтың сапалық құрамы

Г) тамақтың мөлшерлік құрамы

7. Қажет диета жөне оны қолдану ұзақтығы анықталды.

А) диеталық медбике

Б) аға медбике

В) дәрігер

Г) палаталық медбике

8. Порционник талаптарын ас блогына құрастыру есебі:
А) палаталық медбике

Б) аға медбике

В) бөлімше меңгерушісі

Г) диеталык медбике

9. Порционник ішіне кіретін мәлімеггер
А) өр түрлі диеталық столдардың саны
Б) науқастар саны

В) палаталар аталуы

Г) тамақтану төртібі

10. Тамақты кім үлестіреді

А) кіші мед. қызметкері

Б) буфетші

В) палаталық медбике

Г) диеталық дөрігер

Ситуациялық есептер:

1. Түнде науқасқа асқазан жара ауруымен бөлімшеге келіп түсті. Берілген науқасқа мәліметтерді кім ұсынды?

2. Науқастарға тамақты үлестіретін кім жөне қашан өткізілді? палатада ауыр халде жатқан науқастар біреуінде емдік процедуралар аяқталады, ал екіншісінде физиологиялық бөлінулер қабылданып жатыр. Басқа науқастар тамақ іше ме?

12. Сабақты қорытындылау: 2 мин(2%)оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.

13. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

 

 

14 - сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Дене қызуын өлшеу, тамыр соғуды зерттеу. Қан қысымын өлшеу. Тыныс алуды бақылау.

2. Сағат саны: 2 (90 мин - 100%)

3. Сабақ түрі: теориялық

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Оқушыларды дене қызуын өлшеуді, тамыр соғуды зерттеуді, қан қысымын өлшеуді, тыныс алуды бақылаудың қағидаларыментаныстыру.

тәрбиелік: Оқушыларды дене қызуын өлшеу, тамыр соғуын зерттеу кезінде және қан қысымын өлшеу кезінде кішіпейілділікке тәрбиелеу.

дамыту: Оқушыларды науқаспен қарым – қатынас қабілетін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.

3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА

 

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

· Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

· Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

· Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)

· Тамақ блогы және үлестіру бөлмесіне порционник құру

· Ауыр науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру

· Дайьн тамақты сақтау, тарату және тасымалдау

· Ауыр халде жатқан науқасқа гастростома, зонд арқылы тамақтандыруын

· тік ішек арқылы қоректік қоспаларды енгізу техникасын

· Тамақ блогы және үлестіру бөлмесіне порционник құру

· Ауыр науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Жоспар:

- тамыр соғуын анықтау орындары мен әдістерін

- тамыр соғуының сипаттамасы

- артериалдық қысымды өлшеу әдісі

- тыныс алу түрлері: қалыпты (кеуделік, құрсақтық, аралас), патологиялық (Куссмаул, Биот, Чейн-Стокса)

- тыныс алу сипаттамасы: жиілігі, тереңділігі, ырғағы

- тамыр соғуын санау

- тамыр соғуын тіркеу

- артериалды қан қысымын өлшеу

 

Тамыр соғуын анықтау және оның сипаттамасы:

Артериалды тамыр соғуы – қанның артериалды жүйеге атқылауы кезінде пайда болатын, тамыр қабырғаларының ырғақты тебіренуі. Тамыр соғуының сипаты, оның қабырғаларының жағдайына, әсіресе созылуына байланысты.

Тамыр соғуының ырғақтығы – пульс толқыны аралығындағы үзіліс бойынша анықталады. Егер пульстік тебіренуі артерия қабырғасының пульстік тебіренуі тең уақыт аралығында пайда болса пульс ырғақты (дұрыс). Ырғақтылық бұзылған кезде тамыр соғу толқыны дұрсы ауыспайды – артериалдық пульс.

Тамыр соғуының жиілігі – 1 минутта анықталады. Дені сау адамның тыныш жиілігін минутына 60-80. Жүрек жиырылуы тез болғанда (тахикардия), тамыр соғуының толқыны асады, пульс жиілейді. Ал жүрек соғуы төмендегенде (брадикардия) – пульс сиректейді. Егер пульс ырғақты болса, оның жиілігін 30 минутта анықтап, 2-ге көбейту керек. Егер пульс ырғақсыз болса, оның жиілігін 2 қолда бірдей 1 минуттан анықталып, шыққан санды қосып, 2-ге бөледі.

Тамыр соғуының күші – тамырдың соғу тербелісінің таралуын түгел тоқтатуға қажетті күшпен анықталады. Тамырдың қатты соғу дәрежесін шамамен ең жоғарғы қан қысымының мөлшерімен шамалауға болады. Қан қысымы неғұрлым жоғары болған сайын, тамыр соғұрлым қатты соғады. Артериалды қысым көтерілгендегі тамырдың соғуы қатты болады.

Тамыр соғуының толықтығы – тамыр соғуының жылдамдығы – тамырдың соғу толқынының көтеріліп, түсуімен анықталады.

Тамыр соғуының биіктігі – тамыр соғуының толықтығымен байланысты. Тамыр жақсы соғуы кезінде саусақтың астынан тамырдың қатты толқынып, ал нашар кезінде тамырдың әлсіз соғуын, тамыр соғуының толқыны аз білінер – білінбес сипап білуге болады. Бұл жүрек бұлшық еті жұмысының нашарлағанын көрсетеді. Әсіресе білінер – білінбес соғуы тамырдың білінбей соғуы деп аталады. Тамыр соғуын анықтаудың мақсаты: жүрек – қан тамыр жүйесін қызметіг бағалау. Тамыр соғуын анықтау орындары: кәрі – жілік артериясы, ұйқы, самай, ұршық сан, тізенің асты, тобық артериялары.

Кәрі – жілік артериясында тамырдың соғуын анықтау

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 1463 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Курс, 4 семестр | Оқытушы қолы __________________________ | Mesopotamia from Both Sides | Coda: Amateur Archaeology in Iraq |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ситуациялык есептер.| Kabul eden: J.B. Ataýew

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.094 сек.)