Читайте также:
|
|
Несеп ағардың қызметі; бүйрек түбегінен несеп қуығына зәрді әкелу. Несеп ағардың қызметтерін екі бөлікке бөлуге болады:
· Транспорттық-зәрді өткізу
· Насостық-бүйрек түбегінен несеп қуығына зәрді шығару.
Несеп ағардың бөліктері:
1. Құрсақ
2. жамбас
3. қабырға ішкі немесе интрамуральді
Несеп ағардың тарылулары:
1. Бүйрек түбегінің несеп ағарға өткен жері
2. Құрсақ бөлігінің жамбас бөлігіне өту жері
3. Жамбас бөлігінің барлық деңгейінде
4. Несеп ағардың несеп қуығына өткен жері.
Несеп ағардың қабықтары:
1. Сыртқы, адвентиция, себебі ол ішперденің артында, ретроперитонеальді орналасқан.
2. ортаңғы, бұлшықеттік, ол екі қабаттан тұрады:
· сыртқы, ұзына бойлық
· ішкі, циркулярлық
Мускулатурасы тегіс бұлшықеттік талшықтардан құралған.
3. Ішкі, кілегейлі қабық, бездер орналасқан, олар сөл бөледі, ол несеп ағардың кілегейлі қабығын зәрдің тітіркендіруінен қорғайды.
Несеп ағардың ұзындығы 25-28 см., оң 1-2 см. Қысқа. Диаметрі 0,5 см-ге тең. Ішкі қуысы 2-4 мм-ге жуық.
Несеп қуығының қызметтері: зәрдің жиналуы және шығарылуы.
Келесі бөліктерді қарастырады.
· Несеп қуығының түбі
· Денесі
· Ұшы, бекітілген урахусқа жалғасады.
· Несеп қуығының мойыны-түбінің несеп жібергіш өзекке өткен жері.
Көлемі 250-500 мл-ге тең. Әсіресе студенттерде, мұғалімдерде, хирургтерде несеп қуығының көлемі үлкендеу.
Несеп қуығының қабықтары:
1. сыртқы-серозды немес адвентицияльді, несеп қуығының толуына байланысты
2. ортаңғы-бұлшықеттік. Ол үш қабаттан тұрады:
· сыртқы-ұзына бойлық
· ортаңғы-циркулярлық
· ішкі-ұзына бойлық
Бұлшықеттік қабаттары бір-біріне өтеді, сондықтан оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды. Барлық бұлшықеттік қабатты m. detrusor vesicae деп атайды.
3. ішкі-кілегейлі қабық кілегей асты негізімен, соның арқасында қатпарал түзеді. Кілегей асты негізі несеп қуығы үшбұрышы тұсында жоқ. Оның шекаралары:
· төбесі-несеп қуығының тесігі.
· Негізі-несеп ағардың тесіктерін қосушы сызық.
· Шеттері-несеп ағар тесіктерін несеп қуығы теігімен байланыстырушы тесік.
Несеп қуығы зәрмен толықтырылған кезде, қабырғалары созылып, қалыңдығы 2-3 мм-ге тең, ол бос кезінде оның қабырғасы ұлғаяды 10-15-ке дейін.
Несеп жібергіш өзектің қызметтері.
1. несеп қуығынан зәрді сыртқы ортаға шығару-транспорттық
2. шәуетті шығару
Бұл екі қызмет тек ерлерде ған, әйелдерде тек зәрді шығару қызметі.
Ерлерде өзектің ұзындығы 16-22 см., ішкі диаметрі 0,5-0,7 см., әйелдерде 2-3,5 см., ол диаметрі 0,8-1,2 см.
Несеп жібергіш өзектің (ерлердің) бөліктері.
1. простата бөлігі-3 см. Бұл бөлік арқылы ерлердің несеп жібергіш өзек өтеді, ол простата өзектің физиологиялық сфинктері болып саналады. Жыныстық қозу кезеңінде және одан кейін зәр шығару мүмкін емес.
2. Жарғақтық бөлік-1,5 см. Ерлердің несеп жібергіш өзектің жамбас диафрагмасынан өтуі. Ең тар жері.
3. Кеуекті бөлігі, ұзындығы 15 см-ге жуық.
Ерлердің несеп жібергіш өзегінің тарылулары және кеңеюлері.
І тарылулары:
· Несеп жібергіш өзектің ішкі тесігінің тұсында
· Несеп-жыныс диафрагмасынан өту жері
· Несеп-жібергіш өзектің сыртқы тесігінің тұсында
ІІ Кеңеюлері:
· Простата бөлігінде, бұл жерде шәует төмпешігі, оның ұшында простаталық немес ерлердің жатыры орналасқан.
· Сыртқы жыныс мүшесі басының тұсында-ладья тәрізді кеңею.
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 504 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бүйректің құрылымдық-функциянальдық бірлігі. Зәрдің түзілу фазасы. Юкстагломерулярлық аппарат. | | | ХАРАКТЕРИСТИКА ПРОЦЕССОВ, ЛЕЖАЩИХ В ОСНОВЕ РАБОТЫ ПОЧЕК |