Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы ережелер

Читайте также:
  1. Дәріс №3. Зерттеудің физикалық әдістері. Әдістердің жалпы классификациясы және сипаттамасы.
  2. Жалпы ақпарат
  3. ЗЕН КЕНОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
  4. Мұрагерлік туралы жалпы ережелер
  5. Несеп жүйесіне жалпы шолу және олардың дамуы.
  6. Тақырып 4.9. Тармақталмаған тізбектің жалпы жағдайы. Кернеу резонансы.

 

1. Ұжымдық келісімшарт Қазақстан Республикасының 1992 жылдың 1 қыркүйегінен шыққан “Ұжымдық келісімшарт туралы” және 1999 жылдың 7 маусымынан шыққан “Білім туралы” заңдарының негізінде дайындалған.

2. Ұжымдық келісімшарт_________________________________ студентердің мүдделері мен құқықтарын қорғауға кепілдік беретін құжат болып табылады.

3. ____________Әкімшілік студенттік ұйымды кәсіподақ ұйымының толық қанды өкілі ретінде таниды.

4. Ұжымдық келісімшарт жасаған кезде ________ әкімшілік ректордың атынан, кәсіподақ ұйымы студентік ұжым атынан қатысады.

5. Ұжымдық келісім шарт студенттік конференцияда қабылданып, университет әкімшілігі атынан - ректор, студенттік ұйым атынан кәсіподақ комитетінің төрағасы қол қояды.

6. Ұжымдық келісімшарттың орындалуы барысында қарама қайшылықтар туған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының бекітілген зандарының реті бойынша шешіледі.

7. Ұжымдық келісімшарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 3 жыл көлмінде қолдануға жарамды.

8. ____________ Әкімшілік және кәсіподақ ұйымы ұжымдық келісімшартқа қол қойылған мерзімнен бастап оның бір айлық нұсқасын студенттерге жеткізіп отырады.

9. Ұжымдық келісімшарт өзгертулер мен толықтырулар __________ студенттік ұйымның конференцияларда енгізіледі.

 

ЖАН-ЖАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

Әкімшілік міндеттері:

1.1. кәсіподақты студенттердің мүддесін қорғау үшін сайланған ұйымы ретінде қабылдауға міндетті.

1.2. Әкімшілік кәсіподақ ұйымына студенттермен бірге мәдени – сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру үшін – жеке кабінет, көлік, байланыс құралдарын, демалыс орындарын пайдалануға беруге міндетті.

1.3. Әкімшілік кәсіподақ ұйымына мүше ретінде сайланған студенттерді конфедерациялар, жиналыстар, президиумдар уақытында және кәсіподақтық съездерге қатысу үшін, студенттердің мүддесін қорғау мақсатындағы қоғамдық жұмыстарды атқару кезінде сабақтан босату..

1.4. Әкімшілік кәсіподақ ұйымына сайланған белсенді мүшелердің заңдастырылған кепілдіктерін қатаң сақтауға, студенттік кәсіпұйымның келісімінсіз тәртіптік жазалардың жіберілмеу қадағалауға міндетті.

1.5. Әкімшілік кәсіподақ ұйымына студенттердің оқу, жұмыс, тұрмыс жағдайларының, демалу, денсаулық сақтау, тамақтану орындарының заңға сәйкес жұмыс істеуін қоғамдық бақылауға алуына мүмкіндіктер туғызуға міндетті.

1.6. Әкімшілік кәсіподақ ұйымымен бірге және келісе отырып төмендегі сұрақтарды шешуге міндетті:

- жатақханада тұру ережелерін дайындау және бекіту

- жатақханаға орналастыру

- мәдени сауықтыру шараларын жүргізуге арналған шығындар қаржысы мен стипендиялық қор қаржысын жұмсау

1.7. Оқу процессін ұйымдастыру шарттары:

- университетте оқуды ғылыми кеңес бекіткен оқу жоспарымен бағдарламаларына сәйкес сабақ кестесі бойынша жүргізілуі керек.

- бір айлық оқу жоспары негізінде сабақ кестесін құру және сабақ басталмастан 10 күн бұрын іліну керек.

- әр пән бойынша сабақты жалпы ұзақтығы 80 мин. Үзіліссіз 2 академиялық сағат бойынша жүргізілуі керек, қосарланған академиялық сағат арасындағы үзіліс 10 мин. құрау керек.

1.8. Үлгерімі мен тәртібі жақсы студенттер арасынан әрбір академиялық топқа староста (топ басшысы) мен профорг (кәсіподақ ұйымының ұйымдастырушысы) сайлау.

Олардың міндеттері:

- студенттерге сабақ кестесі мен жоспарындағы өзгерістері туралы хабарлау.

- Студенттің сабаққа қатысуын арнайы есепке алу

- Топтағы студенттердің уақытылы стипендия алуын қадағалау

- Топтағы студенттердің әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларын есепке алу

1.9. Студенттердің өзін-өзі басқару кеңесінің және студенттер кәсіпұйымының өкілдерін институттың стипендиялық комиссиясы мен ғылыми кеңеске кіргізу

1.10. Оқу жылындағы демалыс кезеңдерін сақтау:

- жазда 8 аптадан

- қыста 2 аптадан кем емес.

1.11. Мүмкіндігінше мүгедек ата-аналары мен балары бар студенттерге өндірістік тәжірибені тұрғылықты жерінен өту құқығын беру.

1.12. Демалыс уақытында студенттерді ақы төлеп аула тазарту бойынша құрылыс жұмыстарына тарту.

1.13. Оқу аудиторияларын, зертхана және студент жатақханаларын қажетті құрал-жаьдықтармен қамтамасыз ету.

1.14. Қауіпсіздік жұмыстарын қамтамасыз ету үшін келесі шараларды жүзеге асыру:

- Оқу жылы басында шартты түрде сабақтарды өткізу үшін аудиториялар мен зертханаларды пайдалануға беру.

- Студенттермен бірге оқу зертханалары мен шеберханаларында қауіпсіздік жұмыстарын жүргізу.

- Жылына бір рет тегін медициналық тексертуден өткізу.

- Оқу шеберханаларындағы, зертханаларындағы және аудиториялардағы электр құралдарын қолдау ережелерін және санитарлық, гигиеналық жағдайды бақылау.

- Ережеге сәйкес студенттермен бірге оқыс жағдайларды болдырмауға зерттеулер жүргізу.

- Оқу зертханалары мен шеберханаларын өртке қарсы құралдармен қамтамасыз ету.

 

2. Студенттердің міндеттері:

2.1. Таңдаған мамандығы бойынша теориялық білімдерді, тәжірибелік дағдыларды, жаңа әдістемелік ізденістерді меңгеруге міндетті.

2.2. Таңдаған мамандығы бойынша белгіленген мерзімде оқу жоспарын орындауға міндетті.

2.3. Белгілі себептермен сабақтан қалған жағдайда, ол жайында университет әкімшілігін құлағдар ету.

2.4. Сабақтан ауырып қалған жағдайда, ол туралы емдеу орнынан берілген анықтаманы университет әкімшілігіне тапсыруға міндетті.

2.5. Жатақханада тұру ережелері мен ішкі орнатылған тәртіптерді қатаң түрде сақтауға міндетті.

2.6. Студенттерге әкімшіліктің рұқсатынсыз университеттің жеке меншігі болып табылатын зертханалық құрал-жабдықтары мен оқулық және тұрмыстық заттарын алып кетуге қатал тыйым салынады.

2.7. Студент университеттің жеке меншігіндегі құрал-жабдықтарын, кітап қорын және басқа да бағалы заттарын сақтауға, қорғауға міндетті.

 


3. Кәсіподақ ұйымының міндеттері:

3.1. Кәсіподақ ұйымы өз қызметтерін Қазақстан Республикасының «Кәсіподақ туралы» заңыны сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

3.2. Кәсіподақ ұйымы студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жоспарлы және ұтымды орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

3.3. Кәсіподақ ұйымы университет жатақханалары мен оқу аудиторияларының жөндеуден өтуіне және қоғамдық тамақтану орындарына жалпы бақылау орнатуға міндетті.

3.4. Кәсіподақ ұйымы жеңілдетілген және диеталық тамақтануға әкімшілік тарапына көмек көрсетуге міндетті.

3.5. Кәсіподақ ұйымы студенттерге кәсіподақ есебінен қаржылай көмек көрсетуге міндетті.

3.6. Кәсіподақ ұйымыөткізетін бұқаралық іс-шаралары және олардың мақсаттары мен міндеттері туралы алдын-ала әкімшілікті құлағдар етуге міндетті.

3.7. Кәсіподақ ұйымы танымдылық, спорттық-сауықтыру, мәдени – бұқаралық іс-шараларын жүргізуге қамтамасыз етуге міндетті.

 

4. Студенттерге арналған әулеметтік кепілдіктер.

Әкімшілік міндеттері:

4.1. Студенттерге стипендияны белгіленген мерзімде төлеуді ұйымдастыру.

4.2. Студенттер ауырған немесе ата-анасы, жақын туыстары қайтыс болған жағдайда жедел түрде қаржылай көмек көрсету.

4.3. Жылына бір рет 1% стипендиялық қор қаржысынан қаржылай көмек көрсету.

4.4. Жанұялы студенттерге, ата-анасы жоқ студенттерге, сонымен қатар диспансерлік есепте тұратын студенттерге уақытылы барлық жеңілдектерді көрсетуді қамтамасыз ету.

4.5. Жатаханаға мұқтаж барлық студенттерді, аспиранттарды және жанұялы студенттерді жатахана орындармен қамтамасыз ету.

4.6. Диспансерлік есепте тұрған және жағдайды төмен отбасынан шыққан студенттердің жеңілдік берілген және диеталық тамақтануына қаржы бөлу.

4.7. Шығармашылық, мәдени – техникалық бірлестіктер мен көркемдік ұйымдардың жұмыс жасауына жағдай туғызу және ғимараттар беру.

4.8. Туберкулездік және диспансерлік есепте тұрған студенттердің курортты-санаторияларға жолдамаларын төлеуге қаржы бөлу.

4.9. Кәсіпұйым есебіне уақытылы стипендиядан 1% көлемінде кәсіподақтық төлемдерді аудару.

4.10. Мәдени-бұқаралық іс-шараларды жүогізуге және шартқа отырған студенттерге қаржылай көмек көрсету үшін жасалған шарттан 0,5 % кәсіпұйым есебіне аудару.

 

5. Ұжымдық келісімшарттың жасалуы мен орындалуын бақылау.

 

5.1. 1992 жалдың 1 қыркүйегінен шыққан Қазақстан Республикасының «Ұжымдық келісімшарт туралы» заңының 4 бабына сәйкес осы келісімшарттың орындалуын бақылауды тең құқылы негізде әкішілік өкілдері мен кәсіпұйым студенттерінен құрылған комиссия жүзеге асырады.

5.2. Жылына екі рет әкімшіілікпен кәсіпұйым ұжымдық келісімшарт міндеттерінің орындалуы туралы біріккен отырыс ұйымдастырады.

5.3. Комиссияның талабы бойынша екі жақ 3 күндік мерзім ішінде барлық қажетті ақпараттарды ұсынулары тиіс.

6. Ұжымдық келісімшарттың орындалуындағы жауапкершілік.

Ұжымдық келісімшарт міндеттемелерін орындамаған немесе бұзған адамдар 1992 жылдың 1 қыркүйегінен шыққан Қазақстан Республикасының «Ұжымдық келісімшарт туралы» заңына сәйкес жауапты болады.

 

 

_________________________________

студенттер кәсіподағының төрағасы

_________________________ мырзаға

 

 

Өтініш

 

Мені Қазақстан Республика білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Алматы қалалық «Парасат» үйымы қатарына қабылдауыңызды сұраймын.

Стипендиямның бір пайыз көлеміндегі айлық мүшелік жарнамды университет бухгалтериясы арқылы төлеуге қарсы емеспін.

 

Қолы:

1. ___________________________________________________________

2. ___________________________________________________________

3. ___________________________________________________________

4....

***


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 968 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Об утверждении Правил назначения и выплаты государственных стипендий отдельным категориям обучающихся в организациях образования | Размеры государственных стипендий обучающихся в организациях образования по государственному заказу или гранту | Порядок назначения и выплаты государственных стипендий | Заключительные положения |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Администрация обязуется| В Республике Казахстан

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)