Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жарнама» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

Читайте также:
  1. I. 1-23. Диалог между Сутой Госвами и Мудрецами
  2. Блок 2.2 Диалог «Соревнования».
  3. В диалоговом окне указать число строк и столбцов
  4. В КОНФЛИКТНОМ ДИАЛОГОВОМ ОБЩЕНИИ
  5. В магии это состояние называется остановка ВНУТРЕННЕГО ДИАЛОГА.
  6. Вовлекая в диалог и спор, избегайте принуждения.
  7. Восстановите диалог.

Сыныптарға арналған қазақ тілінен

Мемлекеттік емтихан билеттерінің 2-тапсырмасы

1-билет

Менің қалам» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Сен Қазақстанның қандай қалаларын білесің?

- Мен Қазақстанның барлық қалаларын білемін.

- Саған қандай қалалар ұнайды?

- Маған Астана, Алматы, Теміртау ұнайды.

- Сен қай қалада тұрасың?

- Мен Теміртауда тұрамын.

-Теміртау қандай қала?

-Ол Республикамыздың орта бөлігінде орналасқан. Бұрынғы Самарқанд кентінің базасында 1945 жылы 1 қа-занда құрылған. Теміртау – жоғары мәдениетті қала.

-Қала тұрғындары қанша?

- Қала тұрғындарының саны – 2010 жылғы 1 желтоқсандағы мәлімет бойынша 178 723 адам.

- Сенің қаланда қандай көрнекті жерлер бар?

- Біздің қалада көптеген көрнекті жерлер бар: Балалар мен жасөспірімдер театры; тарихи-өлкетану мұражайы; қалалық мәдениет Сарайы; мәдениет және демалыс паркі; тұңғыш Президентке арналған мұражай.

- Сенің қалаңның табиғаты қандай?

- Біздің қаланың табиғаты алуан түрлі.

- Сенің қалаңда қандай өндіріс орындары бар?

-Теміртауда үлкен зауыт бар. Теміртау - өте әдемі, жас қала.

 

2-билет

Онақ үйде» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

-Бізге жақын жерден қонақ үй керек. Ол қайда орналасқан?

-Қаланың орталығында орналасқан.

-Сол қонақ үйдің мекенжайын беріңізші.

-Халық банкінің бас офисінің жанында.

-Жақсы.

-Сіздерде бос орын бар? Маған бір орынды бөлме керек.

-Иә, бар.

-Бөлменің терезелері қай жаққа қарайды?

-Оңтүстік жаққа.

-Бөлмеде телефон, теледидар, тоңазатқыш бар ма?

-Иә, барлығы бар.

-Бөлме нешінші қабатта?

-Бөлме екінші қабатта.

-Бөлмені көруге бола ма? Мен мұнда бір ай боламын.

-Иә, көруге болады.

-Сіздің төлқұжатыңыз бар ма?

- Міне, менің төлқұжатым.

-Қонақ үйде мейрамхана, шаштараз бар ма?

-Иә, мейрамхана, шаштараз бар.

- Мен осы бөлмені аламын. Менің заттарымды бөлмеге апарып тастаңызшы. Рақмет.

 

3-билет

Жарнама» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Жарнама дегеніміз не?

- Жарнама – бұл баспа түріндегі сауда.

- Жарнаманың түрлері қандай?

- Жарнаманың түрлері: хабарландыру, аңдатпа, хабарлама.

- Жарнаманың ерекшелігі қандай?

- Жарнаманың ерекшелігі: өтетін оқиға (немесе зат) жайында айтады; нақты, кең көлемде айту міндетті емес; көркем, бейнелі назар аударатындай болу керек; сатып алу, пайдалану, қолдау үшін керек.

- Жарнаманың мақсаты?

- Жарнаманың мақсаты: сауда нарығын кеңейту, бұқараға тауар жайлы хабарлау, фирманың атағын, тауар белгісін қалыптастыру және ұйымдастыру, тауардың пайдалылығы мен артықшылығын хабарлау, қарсыластарға тойтарыс бере алу.

- Сонымен, жарнама – бұл ой, және де оны пайдаланушыға жеткізе білу шарт.

- Жарнама қай жерде қолданылады?

- Жарнама барлық жерде қолданылады.

- Таралу масштабына қарай жарнаманың түрлерін ата.

- Таралу масштабына қарай: глобальді (бүкіл әлемдік), мульти – ұлттық, бүкіл ұлттық, аймақтық, қалалық, жергілікті.

- Жарнама жасалу жолына қарай қандай болады?

- Өзіңдік немесе «үй жайындағы» реклама берушінің өзі жасаған; жарнама агентімен дайындалған: дайын (ескі жарнама рөліктерінің ойналуы).

- Жарнама құралдарын 5 үлкен топқа бөлуге болады: баспасөз, телевидение, радио, жарнама, кино.

 

4-билет

«Бұқаралық ақпарат құралдары» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Бұқаралық ақпарат деген не?

- Бұқаралық ақпарат құралдары – газет, журналдар.

- Адам өмірінде олардың орны қандай?

- Газет-журналдардың адам өмірінде алатын орны зор.

- Біз газет-журналдан не туралы білеміз?

- Еліміздегі, шет елдердегі оқиғалардан хабардар боламыз, қызықты жайларды білеміз. Сонымен бірге тарихи оқиғалар, атақты адамдар жайында мақалалар оқимыз. Көптеген газеттерде міндетті түрде теледидар бағдарламасы, ауа рай жайында мәліметтер басылады.

- Газет – журналдардың түрлерін ата.

- Газет – журналдардың түрлері көп: орталық, жергілікті, ресми, жеке меншік, балаларға, жасөспірімдерге, спортқа, музыкаға арналған. Бұл күнде елімізде 1500-ден астам газет-журнал шығады.

- Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары қай тілде таратылады?

- Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттiк тiлде және басқа да тiлдерде таратылады.

- Қазақ халқы баспасөз туралы не айтқан?

- «Баспасөз – халық айнасы» - дейді халық.

5-билет

«Ауылға қатысты мамандықтар» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Сенің туыстарың ауылда тұра ма?

- Иә, тұрады.

- Туыстарың кім?

- Менің нағашыларым ауылда тұрады.

- Ауылға қатысты қандай мамандықтар бар?

- Ауылға қатысты мамандықтар: қойшы, балықшы, агроном, тракторшы, комбайнер, сауыншы, дәрігер, мұғалім.

- Сенің нағашыларың кім болып жұмыс істейді?

- Атам – қойшы, әжем – оған көмектеседі. Үлкен нағашы ағам балықшы болып еңбек етеді.

- Жазда адамдар қалай еңбектенеді?

- Жаз айында адамдар ерте тұрып, кеш жатады. Өйткені бұл кезде жұмыс көп болады.

- Сен ауылға барасың ба?

- Мен жазда ауылға барғанды жақсы көремін. Ауылда туыстарыңды көресің, жақсы демаласың.

 

6-билет

«Киім дүкенінде» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

-Сәлеметсізбе!

-Сәлеметсізбе!

-Мына шалбар қанша тұрады?

-Шалбар 3 мың 600 теңге тұрады.

-Мына пальтоны киіп көруге бола ма?

- Иә, болады.

- Мынау пальто тым ауыр екен, жеңілдеуі жоқ па?

-Иә, бар.

-Мынау маған шақ. Осыны аламын. Орап беріңізші.

- Маған анау ерлердің жейделерін көрсетіңізші.

-Сіз қандай жейдені қалайсыз?

-Маған ұзын жеңді беріңізші.

-Бір размер үлкендеуін беріңізші.

-Жақсы, рақмет. Қанша төлеу керек?

- Сіз 36 мың 500 теңге төлейсіз.

-Сау болыңыз.

7-билет

«Менің қалаған мамандықтар» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Сен кім болғың келеді?

- Мен мұғалім болғым келеді.

- Неге?

- Мен өзім кішкентай кезімнен мұғалім болуды армандадым. Жас бүлдіршіндерге қалам ұстатып, алғашқы сөзін жаздыруға үйреткім келеді. Жақсы білім мен тәрбие бергім келеді. Мұғалім мамандығы – өте керекті және қиын жұмыс.

- Сен тағы қандай мамандықтарды ұнатасың?

- Біздің тұрмысымызда, өмірімізде кездесетін мамандықтың түрі көп: дәрігер, экономист, құрылысшы, архитектор т.б. Олар барлығы маған ұнайды.

- Жақсы маман болу үшін не істеу керек?

- Мұғалім, дәрігер, заңгер болуды армандасаң, арнаулы жоғары оқу орнына түсу керек. Университет пен институтқа, академияға түсуге болады. Өмірде өз орнын тауып, жақсы маман болу үшін жемісті еңбек ету керек.

 

8-билет

«Тұңғыш қазақ театры» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- 1926-1930 жылдары қай қалаларда клубтар, халық театрлары ұйымдаса бастады?

- 1926-1930 жылдары Алматыда, Ақмолада, Семейде, Петропавлда, Оралда, Қостанайда т.б. қалаларда клубтар, халық театрлары ұйымдаса бастады.

- Қай жылы қазақтың тұңғыш ұлттық театры ашылды?

- 1926 жылы қазақтың тұңғыш ұлттық театры ашылды.

- Театрды кім басқарды?

- Театрды дарынды режиссер және артист Жұмат Шанин басқарды?

- Қай пьеса тұңғыш рет театрда қойылды?

- «Еңлік – Кебек» пьесасы.

- Оның авторы кім?

- «Еңлік – Кебек» пьесасының авторы – Мұхтар Әуезов.

- Театр құрамында қандай танымал шеберлері ойнады?

- И. Байзаков, Ә. Қашаубаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, Ж. Шанин, Қ Қуанышбаев,

Қ. Жандарбеков, Қ. Бадыров, Қ. Мұңайтпасов, З. Атабаева, Ш. Әлібекова, Ш. Байзакова, М. Шамова, Ж. Шанина ойнады.

 

9-билет

«Жолаушы көлігі» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Жолаушы көлігін білесің бе?

- Иә, жолаушы көлігінің түрлері өте көп: пойыз, электрлі жүрдек поездар, ұшақ, автобус, троллейбус,

трамвай, жеңіл көліктер жатады. Адамдар ең дамыған көлік түрін жасаумен көп шұғылданады.

- Жолаушы таситын көліктер неден жылдам жүреді?

- Ат арбадан жылдам жүреді. Әрі оған қарағанда көп адам тасиды.

- Қазір ең жылдам көлік не?

- Қазір ең жылдам көлік – ұшақ. Оған жететін көлік әлі шыққан жоқ.

 

10-билет

«Жазғы демалыста» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Сенің отбасың жазғы демалыста қайда барады?

- Біз отбасымызбен жағажайға барамыз.

- Онда суға шомыласыңдар ма?

- Әкем балық аулайды, шешем күнге қыздырынады, кішкентай қарындасым құмнан бекініс жасап ойнайды.

- Биыл жазда қайда демалдыңдар?

- Биыл жазда Бурабай демалыс орнында демалдық.

- Өздерің демалысты қалай өткізесіңдер?

-Жаздыгүні күнге қыздырынып, жидек теріп, суға шомылғанды ұнатамыз.

11-билет

«Қазақ актерлері» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Сен қазақ актерлерін білесің бе?

-Иә, білемін. Олар: А.Әшімов, Қ.Тастанбеков, Құрманбек Жандарбеков, т.б.

-Кім туралы айтып бере аласың?

-Шәкен Кенжетайұлы Айманов туралы айтып бере аламын.

-Жақсы, айтып бер.

-Шәкен Айманов – Қазақстанның халық әртісі, режиссер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Туып - өскен жері Павлодар облысы, Баянауыл ауданы. Орта мектепті бітірген соң (1928 ж.). Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. 1933 жылы Қазақ драма театрының құрамына алынады. Осы театрда 20 жыл еңбек етті. Театрдың бас режиссері болды (1951ж.) Ол М.Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының сахнасында Ақан сері, Қобыланды, Қодар, Алдар көсе, Исатай бейнелерін, әлем драматургиясынан Оттело және Касио (Шекспир), Уәлиханов және Тихон (Островский «Таланттар мен табынушылар») т.б. бейнелерді сомдады. Ш.Айманов қойған «Абай» спектакліне 1952 жылы КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді.

- Шәкен Аймановтың қандай фильмдері бар?

-Оның «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Дала қызы» (1954), «Біздің сүйікті дәрігер» (1958), «Алдар Көсе» (1965), «Туған жер» (1967), «Атаманның ақыры» (1970) деген фильмдері бар.

12- билет

Шоқан (Мұхаммедханафия) Уәлиханов Қостанай облысында Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Жасында ауыл мектебінде оқып, Омбыдағы кадет корпусында оқиды. Шоқанның зерттеушілік қабілеті оқып жүргенде оянған. Ол 22 жасында орыс географиялық қоғамына мүше болып қабылданды.Шоқан қырғыз, ұйғыр, қытай, қыпшақ, керей, айман-(руларының) халықтарының тарихын өмірін зерттеген Оның еңбектері: «Ыстықкөл күнделіктері», «Жоңғария очерктері», қырғыздың «Манас» жырын тұңғыш зерттеген. Ш. Уәлиханов қазақтың ұлы ғалымы, әтнограф, саяхатшы, зерттеуші, ағартушы демократ.Қазақстан ғылым академиясының тарих, археолгия және этнография институтына Ш.Уәлиханов есімі берілді. Алматыда № 68 мектеп, көше Ш.Уәлихановтың атымен аталады.

 

 

13-билет

«Интернет жүйесінің пайдасы» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Сенің үйіңде компьютер бар ма?

- Иә, бар.

- Сен компьютерді жиі қолданасың ба?

- Иә, жиі қолданамын.

- Жалпы интернет желіге қосылу үшін не керек?

- Модем керек.

- Интернет желісі ненің кепілі?

- Интернет желісі – ақпарат жеделдігінің, жетімділігінің кепілі.

- Интернет жүйесінің пайдасы қандай?

- Интернет жүйесінің пайдасы өте зор. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады. Алысты жақындату, ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады.

- Интернетті тағы не үшін қолдануға болады?

- Интернеттің көмегімен машина, үй сатып алуға, басқа қалалардағы қонақ үйден орын алуға, кітап сатып алуға, әр түрлі ойындар ойнауға, тіпті басқа елдегі таныстарыңызбен еркін cөйлесуге де болады.

 

14-билет

«Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық драма театры» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Қарағанды қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық драма театрында болдың ба?

- Иә, болдым.

- Театрдың негізін қалаушы әртістерді білесің бе?

- Театрдың негізін ҚазССР-нің еңбек сіңірген әртістері З. Көшкінбаева, Ж. Шашкина, С. Телғараев, З. Жақыповтар қалады.

- Театр қай жылы ашылды?

- Театр 1932 жылы Ж. Шаниннің «Зәуре» қойылымымен ашылды. Ондағы басты кейіпкердің рөлін Ж. Шашкина ойнады. 1934 жылы театр жаңа әртістермен толықты. Олар Қазақ СССР-нің халық әртісі Р. Қойшыбаева, А. Мұсабекова, М. Сүртібаев Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртістері А. Шаймерденов, М. Бектенов.

- Ал 1936 жылы облыс орталығының Қарағанды қаласына көшірілуіне байланысты театр облыстық драма театры деп атала бастады.

- Қай жылы театрға Сәкен Сейфуллиннің есімі берілді?

- 1964 жьшы театрға қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткер С. Сейфуллиннің есімі берілді.

- Қай жылы театр Халықтар достығы орденімен марапатталды?

- 1982 жылы театрдың 50-жылдық мерейтойы қарсаңында театр Халықтар достығы орденімен марапатталды.

- Бүгінгі күні С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театры республикамыздағы алдыңғы қатарлы театрлардың бірі. Театр бірнеше театр фестивальдерінін жеңімпазы, соның ішінде 2000 жылы Каир (Египет) қаласында өткен Бүкіләлемдік театр фестиваліне қатысып жүлделі орынга ие болып қайтты. Театр сахнасында қазақ драматургтері мен қатар орыс және шетел авторларының шығармалары қойылады.

- Қай спектакльді көрдің?

- Ш.Мұртазаның «Домалақ ананы» көрдім

- Театр сахнасында қандай әртістер қызмет етеді?

- Театрда ҚР еңбек сіңірген әртістері Е.Жүнісбеков, К.Жұмабеков, Г. Рашкалиева, А.Ахметқалиева, М.Қисықов,С.Жұмағали, М.Садықанов, Ш.Нукина, Б.Кемалова,Қ. Жырымбаева, Б. Ахметов,

- Б. Бәкіжанов т. б. қызмет етеді.

- Театрдың бас режиссері кім?

- ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ә.Т.Оразбеков, бас суретшісі Қ. Мақсұтов.

 

15-билет

«Ұлттар достығы» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

-Сен қай республикада тұрасың?

-Мен Қазақстан Республикасында тұрамын.

-Қазақстан қанша ұлт өкілдері тұрады?

-Біздің елімізде 130-дан астам халықтардың өкілдері тұрады.

- Қазақстан халқы қалай өмір сүреді?

-Тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етуде.

 

16-билет

«Қазақ халқының салт - дәстүрлері» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

-Сен қандай қазақ халқының салт – дәстүрлерін білесің?

- Қазақ халқының салт – дәстүрлері: шілдехана, қырқынан шығару, бесікке салу, тұсау кесу, тілашар, үйлену тойы т.б.

- Қай қазақ халқының салт – дәстүрін көрдің?

- Бесікке салу, тұсау кесу, үйлену тойын көрдім.

-Ұнады ма?

- Иә, ұнады.

- Бесікке салу туралы айтып берші.

- Қазақ халқында бесік – қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бұл – қазақ халқының елеулі үлкен дәстүрі. Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе елдің құрметті, өнегелі адамына жүктеледі. Мерекелік дастарқан жайылып, бесікке салған адамға кәде беріледі.

- Жақсы. Салт- дәстүрлерді сақтау керек пе? Неге?

- Әр халықтың салт – дәстүрлерін сақтау керек. Өйткені олар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, рухани байлығы болып келеді.

 

17-билет

«Менің қаламның ескерткіштері» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Сен қай қалада тұрасың?

- Мен Теміртау қаласында тұрамын?

- Теміртауда қандай ескерткіштер бар?

- Теміртау қаласында 3 ескерткіш тіркелген, оның ішінде 2-уі сәулет ескерткіші, олар:

балалар мен жасөспірімдер театрының ғимараты, 1955 жылы пайдалануға берілген, 2009 жылы күрделі жөндеу жүргізілді; мәдениет Сарайының ғимараты, 1972 жылы пайдалануға берілген, 2010 жылы күрделі жөндеу жүргізілді.

-Монументалдық өнер ескерткіштері бар ма? Толық айтып берші.

- Ұлы Отан соғысында қайтыс болған теміртаулық жауынгерлер ескерткіші. Ескерткіштің іргетасына Ұлы Отан соғысы жылдары қайтыс болған теміртаулықтардың және жауынгер-интернационалистердің есімдері жазылған плита орналастырылған. Ескерткіш 1974 жылы ашылған, авторы - С.Б.Назарян.

-2000 жылы Ұлы Отан соғысы жылдары қайтыс болған кәсіпорын жұмысшыларына естелік Монумент ашылды (Жеңістің 55 жылдығының қарсаңында ҚарГРЭС-1-дің аумағында).

2001 жылы Металлургтер Монументі ашылды (авторы А.Билык, материалы - тот баспайтын болат және қола).

2002 жылы қызметтік борышын атқару барысында қайтыс болған Теміртау қаласы ішкі істер басқармасының қызметшілеріне естелік Монументі ашылды (ішкі істер басқармасының аумағында).

 

18-билет

«Астанаға саяхат» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

-Сәлем, Аслан!

-Сәлем, Әсет!

-Сен Астанада болдың ба?

-Иә, болдым.

-Ал сен ше?

-Жоқ, болған емеспін.

-Астана қандай қала?

-Астана жаңа және өте әдемі қала.

-Онда қандай мәдениет орталықтары бар?

-Астанада, орыс драма театры, өнер мұражайы, орталық мұрағат, түрлі оқу орындары бар.

-Сен жазғы демалыста Астанаға барасың ба?

-Иә, барамын.

-Жарайды, сау, бол!

-Сау, бол!

 

19-билет

«Менің арманым» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Сенің арманың қандай?

- Менің арманым – жақсы дәрігер болу.

- Арманыңа жету үшін не істеу керек?

- Мектепті жақсы бітіріп, ұлттық бірыңғай тестілеуден көп ұпай жинау керек және Қарағанды қаласындағы медициналық академияға түсу керек.

- Иә, арманың жақсы.

- Неге дәрігер болғын келеді?

- Адамдарға көмек беру үшін, оларды емдеу.

 

20-билет

«22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Сіз қай елдің азаматысыз?

- Мен Қазақстанның азаматымын.

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

- Қашаннан бері?

- 1989 жылы 22 қыркүйекте «Тіл туралы» Заң шықты.

- Қазақстанның әрбір азаматының міндеті не?

- Қазақстанның әрбір азаматының міндеті – мемлекеттік тілде сөйлеу және мемлекеттік тілді құрметтеу.

- Тілдер мерекесі мектепте қалай өтеді?

- Тілдер мерекесі біздің мектепте ерекше өтеді. Бұл тек қана бір күн емес, апта бойы өтеді. Әрбір сынып қабырға газетін шығарып, концерт дайындап, көрмелер ұйымдастырады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқу сайысы өтеді. Бұл мереке жыл сайын өте қызықты өтеді.

 

 

21-билет

«Қазақстан Республикасының рәміздері» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту, әнұран, елтаңба.

- Жаңа мемлекеттік әнұран қашан қабылданды?

- 11 қаңтар 2006 жылы қабылданды.

- Әнұранның авторлары кімдер?

- Әнұранның сөзін жазғандар: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев, әнін жазған Ш.Қалдаяқов.

-Әнұранды айтып бер. Жақсы.

- Елтаңбада не бейнеленген?

- Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Оны қанатты пырақтар көмкеріп түр. Жоғары

жағында жұлдыз, астыңғы жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

- Елтаңбаның авторлары кім?

- Елтаңбаның авторлары Шот-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлибеков.

- Мемлекеттік туымыздың түсі қандай?

- Мемлекеттік туымыздың түсі – көгілдір.

- Тудың ортасында не орналасқан?

- Тудың ортасында алтын күн және қыран құс.

- Туда тағы қандай белгілер бар?

- Туда сол жағында ұлттық ою- өрнек бейнеленген.

- Тудың өлшемі қандай?

- Ені – 1 метр, ұзындығы – 2 метр.

- Тудың авторы кім?

- Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.

- Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды?

- Мемлекеттік рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды

 

22-билет

«Қазақстан Республикасының саяси жүйесі» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Қазақстан мемлекеті қандай мемлекет?

- Қазақстан мемлекеті – бүгінгі таңда президенттік жүйемен басқарылатын демократиялық мемлекет.

- Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы не?

- Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

- Мемлекеттік билік қандай?

- Республикамызда мемлекеттік билік біртұтас.

- Елімізде билік жүйесі қандай тармақтан тұрады?

- Елімізде билік жүйесі мынадай тармақтардан тұрады: Президент, Үкімет және Парламент.

- Республиканың ең жоғары өкілді органын ата.

- Республиканың ең жоғары өкілді органы – Парламент.

- Оның қызметі қандай?

- Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады.

- Парламенттің құрамын білесің бе?

- Иә, білемін. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

23-билет

«Қазақстан Республикасының Парламенті» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Қазақстан Республикасының ең жоғарғы өкілдікті орган қандай?

- Қазақстан Республикасының ең жоғарғы өкілдікті орган- Парламент.

- Қазақстан Республикасының Парламенті не істейді?

- Парламент - заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган.

- Парламент неше рет сайланды?

- Парламент екі рет сайланды (1995 және 1999 жылы).

- Парламенттің өкілетті мерзімі неше жыл?

- Парламенттің өкілетті мерзімі — төрт жыл.

- Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, жағдайы қандай заңмен белгіленеді?

- Конституциялық заңмен белгiленедi.

- Парламенттің құрылымын айтып бер.

- Парламенттің құрылымы екi палатадан: жоғарғы палата — Сенат және төменгі палата — Мәжiлiстен тұрады.

 

 

24-билет

«Білім беру жүйесі» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Республиканың білім беру жүйесі неден тұрады?

- Балабақша, жалпы білім беретін мектеп, кәсіби-техникалық училище, арнаулы орта және жоғары білім орындары, әр түрлі мамандық бойынша жетілдіру курстары.

- Жалпы білім беретін мектеп неше сатыдан тұрады?

- Үш сатыдан: бастауыш (1-4 сыныптар), толық емес орта мектеп (5-9 сыныптар) және толық орта (10-11 сыныптар).

- Білім беру жүйесінің мақсаты қандай?

- Білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.

- Республикада қанша арнаулы орта білім беретін оқу орындары бар?

- 249 оқу орны, онда 200 мың оқушы оқиды.

- Ал жоғары білім беру жүйесінде ше?

- 100 шақты мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орны тіркелген.

 

25-билет

«Байланыс түрлері» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Интернет деген не?

- Интернет – электрондық байланыс құралы.

- Оған не қосылған?

- Оған дүние жүзінің негізгі электрондық байланыс агенттерінің бәрі қосылған.

- Сондықтан біз қай жердің оқиғаларын біле аламыз?

- Сондықтан біз әлемнің түпкір-түпкірінде болып жатқан оқиғаларды біле аламыз.

- Белгілі бір мәселе туралы білу үшін не істеу керек?

- Белгілі бір мәселе бойынша молырақ мәлімет алу үшін, интернеттік тиісті сайттарын ашып, іздеген ақпаратты таба аламыз. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар.

- Оларды ата.

- Қосылып түратын тікелей байланыстар (кіру жолдары); тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары); почталық байланыстар.

-Бұл атаулар әзірге түсініксізПошталық байланыс туралы айтып бер.

- Компьютермен хат жазсаңыз, ол бір минуттан кейін алушының электрондық байланыс жәшігіне түседі.

- Тұрақты қосылып тұратын байланыс деген не?

-Тұрақты қосылып тұратын байланыс - жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұрады. Тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады.


Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 2349 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Alexander Alexandrovich Mezhevoy| ОНА, женщина за тридцать

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.065 сек.)