Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

I. КІРІСПЕ

Читайте также:
  1. КІРІСПЕ
  2. Кіріспе
  3. КІРІСПЕ
  4. Кіріспе
  5. Лекция. Кіріспе. Ерте орта ғасырлар. Феодалдық қатынастардың тууы.

Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде оқыған білімді тәжірибе жүзінде іске асыруболып табылады. Осы себептен мен Имангазиева Гульнур 27 мамыр – 29 маусым айы аралығында «Гео Энерджи Групп» ЖШС-ң «Қаржыландыру» бөліміне тәжірибеден өтуге жіберілдім. Мұндағы ең басты мақсатым – теория жүзінде оқыған білімімді тәжірибеге алмастыру, кәсіпорынның экономикалық жағдайын біліп, экономикалық қаржылық көрсеткіштерін зерттеу.

Еліміздің нарықты экономикалық қатынастарға өтуі халық шаруашылығында және адамдардың қызмет ету саласында тұтыну және оны қанағаттандыру мүмкіншіліктеріне сәйкестендіру әрбір заңды немесе жеке тұлғаның негізгі мақсаты мен әрекеті және оған деген ұмтылу күнделікті қалыптасқан ұдайы өндірістің бір көрінісі болып табылады. Сондықтан да өндірістік тәжірибеден өту есебімнің негізгі мақсаты кәсіпорындарда қаржылық есептің мәнін ашу, есеп беруді жасау және кәсіпорынды басқаруда экономикалық көрсеткіштің ролін анықтау мен оның қаржылық жағдайына баға беру болып табылады.

Қоғамда әрқандай өндірістің ұдайы өндірілуі үшін өз кезегінде өндірістік запастардың көлеміне тікелей байланысты болады. Ол өз кезегінде жұмыс күші мен еңбек құрал жабдықтарын пайдалану дәрежесіне байланысты болса, ол өнімді өндіру мен оны реализация ету тікелей тұтыну рыногына байланысты болады. Нарықты жағдайда рыногтың тойымдылығын қанағаттандыру дәрежесі өз кезегінде тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігіне тікелей байланысты болады. Осындай өзара байланыс қаржылық есеп жүргізу мен экономикалық көрсеткіштерді қажет етеді.

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық- шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай- ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай- ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруышылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады.

Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір- бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел- статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.

Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:

Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, оларды төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады (көрініс табады), ал шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.

Толассыздық. Субъекте өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшалайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.

Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.

Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс: қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын (оқиғаларын) бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған (немесе пайдаланған) мәліметтер өз септігін тигізуі керек.

Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.

Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құралады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.

Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъекттің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсыну тиіс.

Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.

Сақтық. Кез- келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай- ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.

Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.

Жүйелік. Пайдаланушы субъекттің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелігін сақтау мүмкіндігі артады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайымен таныса келе экономистке қойылатын талаптарды игеруге тырыстым. Тәжірибені ұйымдастыру үшін келесі міндеттер орындалуы тиіс:

- Мекеменің экономикалық құжаттарымен танысу

- Мекеменің экономикалық көрсеткіштерімен танысу

- Кірістер мен шығыстардың алғашқы есебі

- Мекеменің қаржы есептілігі туралы мәліметтерді қарастыру

Менің тәжірибе есебім 3 бөлімнен тұрады. Бұл мекемеде тәжірибе жетекшім болып «Қаржыландыру» бөлімінің бастығы Камиева Гульнар тағайындалды.

 


Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 198 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Зрительный анализатор| Агрессия как инстинктивное поведение: психоаналитический подход

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)