Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тіркеуші органға ертеректе берілген өтініштердің бұл өтінішпен бұрын қарастырылмағандығы туралы фактіні бекіту.

Жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын құжаттар | Жылжымайтын мүлік мәмілесін мемлекеттік тіркеудің құқықтық мәні. | Жылжымайтын мүлікке құқықты тексеру. | Мәміленің қауіптілігі. | Сапаралиев А. Н. /______________________ |


Читайте также:
  1. Берілген сөйлемді тиісті сөзбен толықтырыңыз. Егер біреу өзінің тауарын сатқысы келсе, ол ... емес.
  2. Жасанды интеллектуалды жүйе туралы түсiнiк
  3. Жаттығу:Төменде берілген өрнектерді текстік құжатқа Редактора формул
  4. Р "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 28.02.2007 ж № 234-111 заңының мазмұны
  5. Сандық бағдарламамен басқарылатын (СББ) станоктар және басқару жүйелері туралы жалпы мағлүматтар
  6. Хабарландыру ... туралы 1 страница

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге алым төлегенін растайтын құжат.

Заңды тұлғалар осы құжаттардан басқа құрылтай құжаттарын ұсынады. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде не құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға немесе иеліктен айыруға құрылтайшылар (қатысушылардың, директорлар кеңесінің, акционерлер кеңесінің) жиналыстарының хаттамаларын (олардан үзінділер) ұсынады.

Шетелдік заңды тұлғалар сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасымен ұсынады.

Егер тіркелуге берілген өтініште сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кеткендігі туралы мәліметтер бар болса, онда өтініш беруші көрсетілген құжаттармен қатар монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін табыс етеді.

Егер мәмілені нотариат куәландырмаса, онда тіркеуші орган мәмілені жасаған адамдардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) қойылған қолдарының растығын, олардың іс-әрекетке қабілеттілігін (құқықтық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерікті түрде жасалғандығын тексеруге міндетті.

Бір ғана сол жылжымайтын мүлік объектісіне қатысты бір ғана сол құқықты (құқық ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеуге бірнеше өтініш болған кезде өтініштің басымдығы және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес айқындалады.

Екіншіден жасалатын мәміленің немесе жылжымайтын мүлікке құқықтардың және құқықтар ауыртпалықтары туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына негіз болып табылатын өзге де заңдық фактілердің заңдық құрамдардың заңдылығын немесе мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру;

– тіркеу парағына жүргізілген тіркеу көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы жазба енгізу;

– құқық белгілейтін құжатта жүргізілген мемлекеттік тіркеу туралы жазба жасау;

Жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжат бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы құжатты беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру.

Тіркеу процесі өтініш беруден басталады. Өтініш заңмен көзделген кез келген заңдық факт негізінде, соның ішінде сот шешімі, аренда, ипотека, мүлікті иеліктен шығару немесе өзге де заттық құқық туралы шарттар негізінде пайда болатын жылжымайтын мүлікке құқықтарды, сонымен қатар олардың ауыртпалықтарын және шектеулерін тіркеу үшін беріледі.

Өтініштер стандартты бланктер арқылы беріледі. Ақпараттық қызмет көрсету құқықтық кадастрдың тіркеу парағынан жазылым не құқық бекітуші құжаттардың көшірмесі туралы өтініштер беру үшін өтініш бланктерінің жеке нысаны көзделген. Өтініш бланкісі жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібі туралы уақытша ереженің талаптарына сай болады және келесідей негізгі бөлімдерден тұрады:

– өтініш беруші туралы ақпарат (жеке және заңды тұлғалар туралы);

– өтініш берілетін жылжымайтын мүлік туралы идентификациялық мәліметтер;

Тіркеушімен толтырылатын өтініштің орындалу (қарастырылуы) нәтижесін сипаттау; – тіркеуші органдардан талап етілетін тіркеу объектілері мен әрекеттерін сипаттау; Жеке тұлғаның өтінішке құқық иесінің не оның уәкілетті өкілінің қолы қойылуы тиіс. Заңды тұлғаның өтінішке оның басшысының не уәкілетті өкілінің қолы қойылуы тиіс. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекстің 152 бабының 4 тармағына сәйкес, егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы мен сауатсыздығы салдарынын өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша басқа азамат қол қоя алады. Егер азамат сенімхат негізінде әрек ететсе, онда сенімхат өтінішке қосылуы тиіс.

Жылжымайтын мүлікке ортақ меншік құқығын тіркеу кезінде тіркеу туралы өтінішке олардың меншік құқығын растайтын құжаттар мен жеке басын куәландыратын құжаттар тапсырыла отырып, барлық меншік

Иелерінің қолы қойылады. Өтініште тіркелетін құқық пен жасалатын мәміленің типі не құқықтың пайда болу, өзгертілу не тоқтатылуының өзге де негіздері анық түрде көрсетілуі тиіс.

Азақстан Республикасының бүкіл аумағында жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету әдістері қарастырылады.

Аумақтық Әділет органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың өз өкілеттігі шегінде қызметін ұйымдастырудағы маңызды ролін атқарады және де Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілері туралы мәліметтерді сипаттай отырып, бірыңғай Құқықтық Кадастр жүргізеді.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу аясында бірыңғай методогиялық база жасау, сонымен бірге жылжымайтын мүлікті бағалау нәтижесін негізге алуымыз керек. Агенттікке заңмен жүктелген өзге де тапсырмалар және өтініштер барлық қосымша құжаттармен бірге өтініш қабылдаумен айналысатын қызметкерлерге беріледі. Барлық талаптарға сай келетін әрбір өтініш тіркеуге келіп түсетін құжаттары есепке алу кітабына жазылып отырады. Ол әрбір өтініштің мәртебесін анықтайды және олардың арасындағы кезектілікті бекітеді. Әрбір рәсімделген өтінішке көшірме беріледі. Өтініш нөмірлері құжаттарды есепке алу кітабында енгізілген тәртіпте және реттік тәртіпте болу тиіс. Құжаттарды есепке алу кітабына өтініш нөміріне басқа келесі ақпараттар енгізіледі: жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі не кадастрлық нөмірі белгісіз болса, өтініш берушінің мекен-жайы; өтініш берілген күн мен уақыт және өтініштермен айналысатын қызметкерлердің қолы; өтініш берушінің аты; өтініш деталдары (тіркеу объектісінің қысқаша сипаттамасы); қосымша құжаттар тізімі; бас тарту, тоқтату туралы хабарлау; өтініш нәтижесі және өтініш берушіге берілген құжаттар тізімі; өтініш берушінің қолы, күні мен уақыты.

Соңғы үш бағана берілу уақытында не тоқтатылу туралы қолдау хат берілгенде толтырылады. Құжаттарды бастапқы сараптаудан өткізгеннен кейін және өтінішті әрі қарай рәсімдеу үшін кедергі болмаған жағдайда стандартты нысанындағы құжаттардың тіркеуге түскен күні, сағаты мен минуты көрсетілген тиесілі тіркеу құжаттарын алудағы қолхат беріледі. Егер өтініш берушінің талабы бойынша өтініш жедел түрдегі процедура бойынша қарастырылатын болса, онда ол жылжымайтын мүліктің бірден-бір объектісіне қатысты болатын ертеректе берілген өтініштерді есепке алуы тиіс.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі №310 Заңымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу тәртібі туралы ереже тіркеуге берілетін құжаттарға қойылатын талаптарды анықтайды. Құжаттардың мәміленің әр типі үшін арнайы нысаны болады. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті барлық құжаттар екі данада тапсырылады, олардың біреуі түпнұсқа не нотариалдық куәландырылған көшірме болу тиіс. Тіркеуге берілген әрбір құжат үшін келесідей ақпарат берілу тиіс: құжаттың атауы; сериясы мен нөмірі; қашан берілді; кіммен берілді.

Жаттар заңмен белгіленген талаптарға сай болу тиіс, яғни мүліктің сипаттамасы, тіркелген құқықтың түрі болу тиіс, қажетті жағдайларда нотариалдық куәландырылуы тиіс және т.б. Тіркеуге тазартулары бар не қосымша жазулар жазылған, сызып тасталған сөздер мен өзге де ескертілмеген түзетулер бар құжаттар, сондай-ақ қарындашпен орындалған құжаттар қабылданбайды.

Жаттармен қоса құқықтың (ауыртпалықтың) әрекет ету аясын көрсететін жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық жоспары беріледі. Тіркеуге құжатарды қабылдауда өтініштер бойынша қызметкер жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым сомасының төленгенін растайтын құжаттың және төлем туралы бланкте белгінің бар екендігін тексереді. Ол Республикада бекітілген төлем енгізілетін күнгі айлық есептік көрсеткіштермен есептеледі.

Мемлекеттік тіркеу үшін төлем енгізуден Ұлы отан соғысына қатысушылыр, оларға теңестірілген тұлғалар, І және ІІ топтағы мүгедектер және жеке тұратын зейнеткерлер босатылады. Құжаттар тіркеуге қабылданғаннан кейін барлық құжаттар тіркеушіге беріледі. Бұл апта өтініш тіркеушімен мұқият түрде қарастырылады. Тексеріс негізінен олардың сәйкестілігін бекіту үшін өтініштегі ақпаратты тіркеу парағының жазбаларымен салыстырудан тұрады. Мысалы, меншік құқығын беру жағдайында жылжымайтын мүлікті сатушы тұлға реестрде осы жылжымайтын мүліктің иесі ретінде көрсетілген тұлға болу тиіс.

Тексеріс заты болып жылжымайтын мүлікке құқықтарды иеліктен шығару үшін кедергі болатын ауыртпалықтардың (шектеулердің) бар екендігін тексеру болып табылады. Мысалы, уәкілетті органның жылжымайтын мүлікті тұтқынға алуы және тағы да басқалар болып саналады. Заңға және шарттарға сәйкес, егер ауыртпалықтар жылжымайтын мүлікті иеліктен шығаруға кедергі болмаса (мысалы, аренда мен кепіл), онда сәйкесінше мәмілені тіркеу үшін заң мен құжаттама негізінде ауыртпалықтардың (шектеулердің) жаңа құқық иесіне ауысу мүмкіндігін бекіту қажет. Басқа тексерістерге мыналар кіреді:

– Өтініш түпнұсқа болып табылытынын бекіту үшін құжаттарды оқып зерттеу, қойылған қолдарды және басқа да рәсімдерді тексеру;

– Әрбір өтініштің тіркеу объектісі болып табылатынын құқықтық тіркеу үшін берілгендігін бекіту;

– Тіркеу парағын оқып зерттеу;

– Тоғысқан тексерістер, мысалы, сервитутты тіркеу үшін жылжымайтын мүлік объектісінің үстемдік ететін және ауыртпалықты сервитутының сәйкесінше жазбалары болуы тиіс;

Тіркеуші органға ертеректе берілген өтініштердің бұл өтінішпен бұрын қарастырылмағандығы туралы фактіні бекіту.

Тіркеуден бас тарту жағдайлары анықталған кезде өтініш беруші тұлғаға бас тартылу себебі туралы жазбаша нысанында хабар жіберіледі. Жылжымайтын мүлікке құқытарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуден бас тарту негіздеріне төмендегілер жатады:

– Тиесілі емес тұлғаның өтініш беруі;

– Құжатта тазартулар мен өзге де ескертілмеген түзетулердің болуы;

– Құжаттамада не оның көшірмелерінде аты-жөнінің не заңды тұлғаның

атауыны, мекен-жайының дұрыс көрсетілмеуі, қажетті қолдар мен мөрлердің болмауы;


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 239 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Математика , Код Mat (I) 1203 Математика 1, кредит саны - 3| Тініш берушінің тиесілі не толық емес рәсімделген құжаттар пакетін беруі; – Мәміленің заңға сәйкес келмеуі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)