Читайте также: |
|
СИЛЛАБУС
_ MATH 22016___ Математика 1
(модульдің шифры мен атауы)
Mat (I) 1203 Математика 1
(оқытудың жұмыс жоспары бойынша пәннің коды мен толық атауы)
5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»
(мамандың пәнінің шифры мен атауы)
мамандығының студенттері үшін
Астана 2013
5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»
мамандығының студенттеріне «Математика 1» пәнінің
Силлабусы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
1) Оспанов Мырзағали Наурызханович – ф.-м..ғ.к., жоғары математика кафедрасының доцент м.а..
Байланыс телефоны: 87070314266, myrzan66@mail.ru
Ғылыми қызығушылығы: Дифференциалды теңдеулер
Ғылыми мектебі: ҚР ҒА математика және механика институтының дифференциалды теңдеулер лабораториясы (жетекшісі ф.-м.ғ.д., проф. Жұмабаев Д.С.)
Математика, Код Mat (I) 1203 Математика 1, кредит саны - 3
3) Оқу тәртібінің жүргізілу уақыты мен орны – сабақ кестесіне сәйкес, 1 семестрде
4) Пререквизиттер: ортамектептіңбағдарламасы деңгейінде математика пәнін білу керек.
Постреквизиттер: берілген курсарнайы пәндердің негізгібөлімдерін оқып-
үйренуге көмектеседі.
5) Оқу тәртібінің мінездемесі
5.1 Оқу тәртібінің бағыты – берілген курс университеттің «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының студеттерін даярлауда математика бойынша фундаментальді білім алуына арналған. Сонымен қатар, күнделікті практикалық есептерді шешу үшін математикалық ақпаратты қолдану дағдысын дамытуға жағдай жасайды. Курс математиканың келесі бөлімдерін қамтиды:алгебра және геометрия, математикалық анализдің негіздері, дифференциалдық және интегралдық есептеулер.
5.2 Пәнді оқытудың мақсаты:
- көрсетілген бөлімдер бойынша математиканың фундаментальды аппаратын игеру;
- практикалық және қолданбалы есептерді шеше білу;
- математика бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды кеңейту және тереңдету;
- жоғары математиканың негізгі ұғымдарын және оның әртүрлі салаларда қолданылуын оқып білу;
- классикалық және қазіргі математиканың негізгі ұғымдарын, заңдарын, теорияларын, сонымен қатар нақты есептердің шешу әдістерін меңгеру;
- игерілген математикалық әдістерді іскерлікпен қолдану;
- математикалық интуицияны дамыту;
- математикалық мәдениеттілікті үйрену және соған тәрбиелеу;
- ғылыми көзқарас пен логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.
5.3 Пәнді оқытудың міндеттері:
-студенттердің берілген пән бойынша нақты білім жүйесін және дағдыларын қалыптастыру, математикалық мәдениеттің жалпы деңгейін көтеру;
- практикалық және қолданбалы есептерді шешуге үйрету;
- болашақ мамандардың мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика бағыттағы технологиялық есептерді шешу үшін шығармашылық ізденістерін қалыптастыру;
- студеттерді оқулық және ғылыми әдебиетпен өздік жұмыс жасауға үйрету.
5.4 Оқу тәртібінің мазмұны:
Курс математиканың келесі бөлімдерін қамтиды:алгебра және аналитикалық геометрия, математикалық анализдің негіздері, дифференциалдық пен интегралдық есептеулер.
5.5 Оқу пәнінің жоспары
№ | Тақырыптың атауы | Сағат саны | СӨЖ тапсырмалары | |
Дәріс | прак- тика | |||
1. | Екінші және үшінші ретті анық-тауыштар,олардың қасиетте-рі.Матрица.Матрицаларға амал-дар қолдану.Кері матрица. | Матрицаның рангы және оны есептеу. | ||
Сызықтық теңдеулер жүйесін шешу. Крамер әдісі, матрицалық әдіс, Гаусс әдісі. | Сызықтық теңдеулер жүйесін зерттеу. Кронекера-Капелли теоремасы. | |||
3. | Вектор ұғымы. Векторларға қолданылатын сызықтық амал-дар, базис. Екі вектордың скаляр көбейтіндісі, векторлық көбейтінді және қасиеттері, аралас көбейтінді. | Сызықтық тәуелсіз векторлар жүйесі. Базис. | ||
4. | Жазықтықтағы аналитикалық геометрия. Жазықтықтағы түзудің теңдеуі, оның түрлері. Кеңістіктегі аналитикалық геометрия. | Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы | ||
5. | Екінші ретті қисықтар, олардың канондық теңдеулері. Комплекс сандар. Муавр формуласы. | Екінші ретті беттер, олардың канондық теңдеулері. | ||
6. | Математикалық анализге кіріс-пе. Нақты сандар жиыны. Сан тізбегі. Сан тізбегінің шегі. Функция. Функцияның анықта-лу облысы, берілу тәсілдері. | Жиынның жоғарғы және төменгі шегі.Элементар функциялардың графигі.Анықталмағандықты ашу тәсілдері. | ||
7. | Функцияның шегі. Шектерді есептеу. Функцияның үзіліс нүктелері және олардың түрлері. | Нүктедегі үзіліссіз функциялардың қасиеттері. | ||
8. | Функцияның туындысы, оның геометриялық және механика-лық мағынасы. Күрделі функ-цияның туындысы. Дифферен-циал. Жоғары ретті туындылар. | Негізгі элементар функциялардың туындыларының кестесі. Гипербола-лық функциялар, олардың қасиет-тері. Гиперболалық функциялардың туындылары. | ||
9. | Дифференциалды есептеудің негізгі теоремалары. Лопиталь ережесі. | ex, cosx, sinx, ln (1+x), функцияларын Тейлор формуласымен жіктеу. | ||
10. | Туындының көмегімен функцияны зерттеу. | Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәні | ||
11. | Анықталмаған интеграл, оның қасиеттері. Алмастыру әдісі және бөліктеп интегралдау. | Интегралдар кестесі | ||
12. | Рационал функцияларды, тригонометриялық өрнектерді интегралдау. | Иррационал өрнектерді интегралдау | ||
13. | Анықталған интегралдар ұғымына келтіретін есептер. Анықталған интегралды есептеу: алмастыру әдісі және бөлшектеп интегралдау. | Анықталған интегралдың негізгі қасиеттері. Ньютон-Лейбниц формуласы. | ||
14. | Интегралдарды жазық фигуралардың ауданын, қисық доғалардың ұзындығын, айналу денелерінің көлемін және айналу беттерін есептеуге қолдану.Меншіксіз интегралдар. | Меншіксіз интегралдардың жинақтылық белгілері. | ||
Итого |
6) Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
6.1 Негізгі әдебиеттер:
1. Хасеинов К.А. Математика канондары. Оқулық.. -Алматы,2003.
2. Айдос Е.Ж. Жоғары математика. Алматы. «Ильтех-Кітап» ЖШС, 2003.
6.2 Қосымша әдебиеттер:
1. Я.С. Бугров, С.М.Никольский. Дифференц. и интегральное исчисление, М.: Наука, 1980.
2. Н.С.Пискунов. Дифференциальное и интегральное исчисление, т.1, т.2, М.:Наука,1976.
3. Сборник индивидуальных заданий по высшей математике ч.1-2.
Под редакцией Рябушко А.П. Минск.: Вышейшая школа, 2001г.
7) Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
Қорытынды бақылау түрі | Бақылау түрлері | Ұпайлар |
Емтихан | Қорытынды бақылау | |
Аралық бақылау | ||
Ағымдық бақылау | ||
Барлығы |
8) Оқу тәртібінің саясаты:
Дәріс және практикалық сабақтардың мерзімі-50 минут. Егер сабақ уақытында (кезінде) студент тәртіп бұзатын болса, онда оқытушы дәріс пен практикалық сабақтар өткізілетін оқу аудиториясынан шығарып жіберуге құқылы. Студент оқытылатын курс дәрісінің қысқаша мазмұнын жазып отыруы тиіс, практикалық және үй тапсырмаларын орындауы, сабаққа кешікпей келуі керек, сабақ уақытында сөйлеспеуі, газет-журнал оқымауы, ұялы телефонды ағытып қоюы және оқу процесіне белсенді қатысуы тиіс.
Кафедраның әдістемелік кеңесінде қаралды, хаттама № ____ «___» __________2012ж.
Кафедра меңгерушісі _____________________ Бокаев Н.А.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 129 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Глава книги: Карева В.В. История Средних веков | | | Тіркеуші органға ертеректе берілген өтініштердің бұл өтінішпен бұрын қарастырылмағандығы туралы фактіні бекіту. |