Читайте также:
|
|
Жаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабында құжаттарды қабылдау туралы жазба жазылмайды. Осындай хабарламаның, тіркеу туралы өтініштің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сақталуға тиіс. Тіркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жоғарғы тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа шағымдануға болады. Құжаттарды қабылдаудан бас тартудың негіздері жойылған кезде құжаттар тіркеуге жалпы тәртіппен беріледі.
Егер тіркеуге берілетін құжаттарда тіркеу объектісі болып табылатын бірнеше құқықтар (ауыртпалықтар) бекітілсе, ал өтініш құжатта көрсетілген құқықтардың біреуін не бірнешеуін тіркеуге берілген болса, тіркеуші тіркеуден бас тартып, өтініш беруге өтініште тіркеудің әр объектісінің жекелеп көрсетуді және олардың әрқайсысы үшін жекелеп төлем енгізуді ұсынады не өтініш берушінің әр құқықты (ауыртпалықты) тіркеу үшін төлем енгізгені туралы құжатты көрсетуімен құжаттамада көзделген барлық құжаттарды тіркейді.
Заңда, егер тіркеуге барған тұлғаның құқықтарын үшінші тұлға даулайтын болса, тіркеуді тоқтата тұру мүмкіндігі қарастырылмаған. Егер 10 күн ішінде құқыққа таласушы тұлға өзінің қуыным жасауының дәлелдерін табыс етпесе, құқықты тіркеу жүзеге асырыла береді. Ал қуыным жасауының дәлелді себептері табыс етілсе, таласқа түскен құқықты тіркеу ісі сотта шешілгенге дейін тоқтатыла тұрады. Тоқтатыла тұру фактісі тіркеуге түсетін құжаттарды есепке алу кітабында белгіленеді. Тоқтата тұру туралы хабарламада талапкердің аты — жөні, өтініш берілген күні және тіркеуді тоқтата тұру уақыты көрсетілуі тиіс. Құжаттар тіркеуге қабылданғаннан кейін барлық құжаттар тіркеушіге беріледі. Бұл этапта өтініш тіркеушімен мұқият түрде қарастырылады. Тексеріс негізінен олардың сәйкестілігін бекіту үшін өтініштегі ақпаратты тіркеу парағының жазбаларымен салыстырудан тұрады. Мысалы, меншік құқығын беру жағдайында жылжымайтын мүлікті сатушы тұлға реестрде осы жылжымайтын мүліктің иесі ретінде көрсетілген тұлға болу тиіс. Тексеріс заты болып жылжымайтын мүлікке құқықтарды иеліктен шығару үшін кедергі болатын ауыртпалықтардың (шектеулердің) бар екендігін тексеру болып табылады. Мысалы, уәкілетті органның жылжымайтын мүлікті тұтқынға алуы және тағы да басқа болып табылады. Жылжымайтын мүлікке құқытарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді тіркеуші орган құқық иесінің немесе уәкілді мемлекеттік органның өтініші негізінде, ал егер құқық шарттан туындаса – оның кез келген тарапының өтініші негізінде жүзеге асырады.
Өтініш беруші тіркеуші органға:
Жылжымайтын мүлікке құқығын тіркеу туралы тілек білдірген өтініш
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 106 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тіркеуші органға ертеректе берілген өтініштердің бұл өтінішпен бұрын қарастырылмағандығы туралы фактіні бекіту. | | | Жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын құжаттар |