Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жылжымайтын мүлікке құқықты тексеру.

Тіркеуші органға ертеректе берілген өтініштердің бұл өтінішпен бұрын қарастырылмағандығы туралы фактіні бекіту. | Тініш берушінің тиесілі не толық емес рәсімделген құжаттар пакетін беруі; – Мәміленің заңға сәйкес келмеуі. | Жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын құжаттар | Сапаралиев А. Н. /______________________ |


Читайте также:
  1. Жылжымайтын мүлік мәмілесін мемлекеттік тіркеудің құқықтық мәні.
  2. Жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын құжаттар
  3. І Тақырып: Мемлекет және құқықтың пайда болуы

Бұл сол пәтер ме?

ТТБ: Бару міндетті.

Мәміленің қауіптілігі.

Жылжымайтын мүлікке құқықты тексеру.

Мәміленің адалдығына талдау сатылатын жылжымайтын мүлік объектісінің сатушысының құқын тексеруден басталады. Басқа біреулердің пәтерлерін қымсынбай сататын арендаторларға, тыйым салынған тұрғын үйді сатуға қоятын алаяқтарға алданып, өкініп қалмау үшін төмендегі құжаттарды тиянақты, ыждағатты, жан-жақты зерделеу керек:

· Жылжымайтын мүлікке және оның техникалық мінездемесіне байланысты тіркелген құқық (ауыртпалық) туралы анықтама (ТҚО-да беріледі) — ГБД РН ақпараттық жүйесінен электрондық үкімет порталында тиянақты, ұсынақты жасалады.

· Құқық берілген құжаттар (сатушы әзірлейді).

· КСК-нің, коммуналдық қызметтің түбіртегі (мекемелердің, ұйымдардың сұрауымен, өтінішімен меншік иесінің талабы бойынша беріледі) ағымдағы төлем бойынша немесе меншік иесінің осы төлемдерге байланысты қарыздары жоқтығы туралы олардан анықтама.

· Меншік иесінің сатуға қойылған мүлікке міндетті салық төлемдері бойынша қарыздарының жоқтығы туралы Салық басқармасынан анықтама (салық басқармасы немесе комитет береді).

· Егер тұрғын үй мәселесі болса, азаматтардың тіркелім кітапшасы (ТҚО-да беріледі).

· Пәтердің жоба-жоспары (әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқық тіркелімі бөлім-дерінде беріледі).

Мұнда жалған құжатты анықтайтын, айқындайтын маманға жүгініп, ақылдасқан дұрыс. Ол тәжірибелі юристің ғана қолынан келеді. Түзетілген құжаттардың айна-қатесіздігі тексеріледі. Ұрланғандар мен жоғалғандардың қатарында емес екенін алдын ала білу үшін — бланктер мен мөрлерді ыждағатты тексеруге кеңес беріледі.

Кейде алаяқтар жылжымайтын мүлікке байланысты ойларына құқық белгіленген құжаттардың дубликатын пайдаланады, бұл оларға нотариалды мәміле біткеннен кейін, бір сатып алушыдан барлық соманы алуға мүмкіндік береді, әрі қарай сатып алушының тіркелімі жоқ болғандықтан, кейде барлық соманы (екінші рет) — екінші нотариалды рәсімдеуден соң, бұнда дубликат бойынша емес, алғашқы құжаттармен басқа сатып алушыдан алады.

Сондықтан мемлекеттік тіркелімнен ұсынылған дубликаттар расталмағанда, сақ болған жөн. Мұндай тіркелімнің жоқ болуының себептерін зерттеу қажет, егер сіздің юристіңіз оның себебінің дұрыстығын айтса — онда дубликаттарды ұсынуға байланысты жағдай мен қағаздарды тиянақты тексереу қажет.

Бұл сол пәтер ме?

Мәміленің адалдығын тексеруге тек жылжымайтын мүлік объектісінің ғана емес, бүтін сол объектінің құжаттарын тексеру кіреді. Сізге көрсетілген пәтердің құжат бойынша сатылатындығына көзіңіз жете ме?

Мұндай арамзалықтың, сұмпайылықтың түрі қаланы жақсы, тәуір білмейтін, қаладан тыстағы аңқау сатып алушыларға арналған. Сенгіш, көңілшек сатып алушыға сәулетті де дәулетті тұрғын үй көрсетіледі, ал, құжаттар қаланың сыртындағы құлағалы тұрған баспанаға рәсімделеді. Бұл қалай істеледі?

Арбаудың, алдаудың күрделі түріне пәтер, үй нөмірлерінің кестелерін ауыстыру, тіпті көше атауының өзгеруі жатады.

Көше атауының ұқсастығы да көзбояушылыққа пайдаланылады. Немесе, айталық, бір қалада түрлі саябақ кооперативтер болады, ал, оларда көшелер Яблоневая, Октябрьская, Садовая… болып кете береді. Аймақпен таныс емес келушіге тамаша, керемет көгалды жер бөлімшесі бар бір кооперативтегі үйшік көрсетіледі, ал, сатылатыны — басқа бір ескі. Сондықтан — сатып алудан бұрын картаны зерттеуге ерінбеңіз.

Сөйтіп, әсіресе, қала сыртындағы жылжымайтын мүлікті иеленерде өте, тым сақ болыңыздар: құжаттар бойынша әдемі вилла құлағалы тұрған сарайға, жертөлеге айналып кетуі ықтимал.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 147 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жылжымайтын мүлік мәмілесін мемлекеттік тіркеудің құқықтық мәні.| Мәміленің қауіптілігі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)