Читайте также:
|
|
Луи де Бройль формуласы
Осы (47.2) қатынастарын ең алғаш рет 1927 жылы неміс физигі Гейзенберг ұсынған болатын, сондықтан бұлар Гейзенберггің анықталмағандық қатынастары деп аталады.
Бұл қатынастарға қарағанда, мысалы, координаттың дәл мәні болса, онда импульстің белгілі мәні болмайды, (себебі сондай-ақ импульстің дәл мәні болса, координатаның белгілі мәні болмайды (себебі)).
Электр тогы. Айнымалы және тұрақты токтар және олардың қуаты мен жұмысы
Электр тогы деп зона көлемінде электронның өріс әсерінен төменгі деңгейден жоғарға деңгейге ауысуын айтады. Ол үшін зонада иеленбеген деңгейлер болуы қажет. Сөйтіп зонада бос энергетикалық деңгейлердің бар болуы өткізгіштің қажетті шарты болып табылады. Осындай толтырылмаған зоналар (бос зона) өткізгіштік зона деп аталады
Айнымалы ток, кең мағынасында — бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы. Ал техникада айнымалы ток деп ток күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты ток түсініледі. Айнымалы ток байланыс құрылғыларында (радио, теледидар, телефон т.б.) кеңінен қолданылады.
Тұрақты Ток – ток күшінің шамасы мен бағыты уақытқа байланысты өзгермейтін электр тогы.
Тұрақты ток тұрақты кернеудің әсерімен тек тұйықталған тізбекте ғана пайда болады. Тармақталмаған тұйық тізбектің кез келген қимасында тұрақты ток күшінің мәні өзгермейді. Тұрақты токтың негізгі заңдарына ток күші мен кернеудің байланысын сипаттайтын Ом заңы, өткізгішпен ток жүрген кезде бөлініп шығатын жылуды анықтайтын Джоуль-Ленц заңы және тармақталған тізбек үшін жазылатын Киргхоф ережелері жатады. Тұрақты ток көздеріне электр машиналарының генераторы, гальвани элементтері, термоэлементтер, батареяларғатоптастырылған фотоэлементтер, күн көзінің батареялары, алдын ала зарядталған аккумуляторлар және — пайдалы әсер коэффициенті жоғары магниттік гидродинамика генераторлары жатады. Тұрақты токты жартылай өткізгіштердің және басқа түзеткіштердің көмегімен, айнымалы токты түзету арқылы өндіруге болады.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 166 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Газдардағы электр тогы. Газ разрядтарын атаңыз, мысал келтір | | | Жартылай өткізгіштер және олардың түрлері мен техникада қолданылуы |