Читайте также:
|
|
Фарадейдің бірінші заңы бойынша, электролиз уақытында бөлініп шығатын заттың массасы М, мынаған тең болады: ,
мұндағы q — электролит арқылы өтетін электр мөлшері, К -электрохимиялық эквивалент.
Фарадейдің екінші заңы бойынша электрохимиялық эквивалент химиялық эквивалентке пропорционал болады, яғни
мұндағы А — бір кг-атомның массасы, Z — валенттілік, кг-эквиваленттің массасы, F — сан мәні 9,65 • 107 к/кг -экв-ке тең Фарадейдің саны.
36.Лазер (ағылш. laser, ағылш. light amplification by stimulated emission of radiation - жарықты мәжбүрлі сәулелену арқылы күшейту қысқашасы) — лазер, оптикалық кванттық генератор — толтыру (жарық, электр, жылу, химиялық және т.б.) энергиясын когерентті,монохроматты, поляризацияланғанжәне тар бағытталған сәулелену ағынының энергиясына түрлендіруші аспап. Лазер сәулесін беретін аспап. Оның түрлері: газ лазері, жартылай өткізгіш лазері, қатты дене лазері және сұйық зат лазері.Стоматология тәжірибесінде баяу ағынды гелий-неондық лазер қолданылады. Қанжел (пародонт) ауруларын, зақымданғантканьдерді емдеуде, организмнің әр түрлі ауруларға бейімділігін (сенсебилизаңия) кеміту, иммундық қасиеттерін күшейту т. б.клиникалық жұмыстарда жақсы нәтиже беріи келеді. Ауызқуысында болатын стоматиттерді (ауыздың уылуы) ерін мен тіл жараларын, глоссалгияны (тоқтаусыз ауыратын тіл кеселі), глосситті(тіл кабынуы) лазер сәулесімен емдеудің нәтижесі жақсы. Бұл сәулені сондай-ақ жақ сүйектері сынғанда, бетке пластикалықоперациялар жасағанда қолданады.[1] Еріксіз сәуле шығару,индукцияланған сәуле шығару — кванттық жүйелердің сыртқы (мәжбүрлеуші) сәуле әсерінен электрмагниттіксәуле шығаруы. Еріксіз сәуле шығару кезінде шығарылған электрмагниттік толқынның жиілігі, фазасы, полярлануы және таралу бағыты сыртқы толқынның сәйкес сипаттамаларымен бірдей болады 1916 ж. А.Эйнштейнтұжырымдаған. 37.Кванттық сандар – кванттық жүйелерді (атом ядросын, атомды, молекуланы, т.б.), жеке элементар бөлшектерді, жорамал бөлшектерді (кварктер мен глюондарды) сипаттайтын физикалық шамалардың мүмкін мәндерін анықтайтын бүтін немесе бөлшек сандар. Олар сутек атомы және сутек тәрізді атомдар үшін былайша аталады: бас кванттық сандар (n), орбиталық кванттық сандар (l), магниттік кванттық сандар (ml), магнитті спиндік не спиндік кванттық сандар (ms) l- 0 ден (n-1)-ге дейінгі (n-1)-бүтін сандарды қабылдайтын шама,сөйтіп ол орбиталық кванттық сан деп аталады да атом ішіндегі электрон импульс моментін анықтайды.Сонда l-дің мәні мынадай болады:
l =0,1,2…(n-1).
2)Бас кванттық сан - атомдағы электрондардың энергия деңгейін анықтайды: . Шредингер теңдеуінен шығады және Бор теориясына сәйкес келеді.
3) Спиндік кванттық сан mS=±1/2. Электрондардың ядроға қатысты z осіндегі проекциясы. .
4)Магниттік кванттық сан m =0;1;2;±l;2l+1; Орьитада қозғалған электрондардың z осіндегі проекциясын анықтайды: .
5) Импульстік кванттық сан: j=l±1/2.Электрондардың толық импульс моментін анықтайды: .
6) mJ=mL+J;mJ=-J;-J+1;…+J; Екінші кванттық сан, бағытындағы электрондардың мүмкін болатын толық импульс моментінің проекциясын анықтайды.
Паули принципі. Күрделі атомдардың орбитальдарын электрондармен толтыру үшін орбитальдардың әрқайсысында бола алатын электрондар санын анықтап алу қажет. Ол үшін 4 квант санын өзара комбинациялайдың жолын білу керек.
Швецария физигі В. Паули 1925 жылы элементтердің периодтық жүйедегі орнына қарап және спектрлерін анализдей отырып, квант сандарын электронның реалды күйін сипаттай алатындай етіп, комбинациялаудың жалпы принципін ұсынған. Паули бұл тыйым салу деп аталған принципі бойынша бір атомның ішінде барлық жағынан ұқсас екі электрон болуы мүмкін емес, яғни атомдағы 2 электронның 4 квант санының төртеуі де бірдей бола алмайды.
Атомдағы әрбір электронның басқалардан гөрі ең кемінде бір квант саны өзгеше болуы керек. Паули принципін пайдалана отырып алғашқы екі квант қабатында бола алатын электрондардың санын табайық: n = 1, l = 0 десек, ондағы электрондардың тек спиндері ғана өзгеше болады:
n l m s;1 – электрон: 1 0 0 +½; 2- электрон: 1 0 0 -½
Мұнда үшінші электрон болуы мүмкін емес, егер болған жағдайда онда Паули принципін бұзып, үшінші электрон алғашқы екеуінің біреуіне ұқсап кетер еді. n = 2 болғанда біріне бірі ұқсамайтын 8 электрон бола алады. Бір квант қабатындағы бірдей орбитальдарды электрондармен толтыру үшін Гунд ережесін білу керек. Гунд ережесі бойынша берілген қабатшадағы электрондардың спин сандарының қосындысы максималь болуы шарт.
38. Электростатика дегеніміз қозғалмайтын электр зарядтарының өзара әсерін және тұрақты электр өрісінің қасиетін зерттейтін физика бөлімі.
Электр заряды дегеніміз дененің немесе бөлшектің электромагниттік әсерге қабілетін сипаттайтын дененің ішкі қасиеті.
Электр өрісінің заряды – Кулон (Кл) – бұл ток күші 1А болған кезде өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 сек уақыт ішінде өтетін электр заряды.
Элементар (минимал) электр заряды дегеніміз Кл.
Теріс таңбалы элементар зарядты тасушы – электрон. Оның массасы кг. Элементар оң таңбалы зарядты тасушы – протон. Оның массасы
Тәжірибе жүзінде тағайындалған электр зарядының мынадай негізгі қасиеттері бар:
- Запрядтың екі түрі бар: оң және теріс. Аттас зарядтары тебіледі, әр аттас зарядтар тартылады.
- Электр заряды инвариантты – оның шамасы санақ жүйесіне байланысты емес, яғни ол қозғалады ма, әлде тыныштықта болады ма.
- Электр заряды дискретті – кез-келген дененің заряды элементар зарядқа бүтін еселі болады.
- Электр заряды аддитивті – кез-келген денелер жүйесінің заряды (бөлшек) осы жүйеге енетін денелер (бөлшектер) зарядының қосындысына тең.
- Электр заряды зарядтың сақталу заңына бағынады; кез-келген тұйық жүйедегі электр зарядының алгебралық қосындысы берілген жүйе ішінде қандай процесс жүрсе де өзгеріссіз қалады.
Берілген жағдайда тұйық жүйе деп сыртқы денелермен заряд алмаспайтын жүйені айтады.
Электростатикада нүктелік электр заряды деген физикалық модель пайдаланылады. Бұл берілген жағдайда өлшемі мен формасы елеусіз зарядталған дене.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 778 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Магнетиктің магниттелуінің сыртқы магнит өрісінің кернеулігінен бір мәнді емес тәуелділігі. | | | Электр өрісінің кернеулігі. |