Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Хабарландыру . туралы 12 страница

Хабарландыру ... туралы 1 страница | Хабарландыру ... туралы 2 страница | Хабарландыру ... туралы 3 страница | Хабарландыру ... туралы 4 страница | Хабарландыру ... туралы 5 страница | Хабарландыру ... туралы 6 страница | Хабарландыру ... туралы 7 страница | Хабарландыру ... туралы 8 страница | Хабарландыру ... туралы 9 страница | Хабарландыру ... туралы 10 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

-хана, образует существительные, указывающие на названия учреждений: ас (пища) - асхана (столовая), дәріс (лекция) - дәрісхана (лекционный зал), ем (лечение) - емхана (поликлиника.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Ұлттық дәстүр, салт-дәстүр, ұрпақ, әлеуметтік орта,құндылықтар жиынтығы, тұтас ұлт, ықпал ету, сұрыпталған, халықтық болмыс, ұлттық мінез, салт-сана, перзенттік борыш.

2-тапсырма. Төменде берілген сөз, сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріп, әрқайсына сөйлем құрыңыз.

Үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік, арлылық.

 

3-тапсырма. Төменде берілген жай сөйлемдерді күрделендіріңіз.

Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлері бар. Осы дәстүрлер халқымызға оң ықпал етіп келеді. Ұлттық дәстүрімізді білу -борышымыз.

 

4-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз.

- Қандай салт-дәстүрлерді білесің?

- Мен мынадай салт-дәстүрлерді білемін, мысалы: діни дәстүрлер, тұрмыстық дәстүрлер, табиғатқа байланысты дәстүрлер бар.

- Осылардың әрқайсысы туралы айтсақ қайтеді.

- ----------------------------------------------------------------

- ----------------------------------------------------------------

- ---------------------------------------------------------------

5-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыз.

Свои традиции бережет каждый народ. Они имеют социально-историческую, культурно-бытовую, идеологическую, воспитательную значимость, являются неотъемлемой частью народного сознания, выражают его сущность. Казахский народ богат традициями и обычаями.

6-тапсырма. –шы, -ші жұрнақтары арқылы жаңа сөз жасап, орыс тіліне аударыңыз.

Тігін, етік, тәрбие, аң, би, жұмыс, күзет, оқу, жүргізу, әдебиет.

7-тапсырма. «Миға шабуыл» әдісі.


 

                   
   
 
 
 
     
     
 
 


8-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Традиция

Традиция это совокупность элементов социального и культурного наследия. В качестве традиции выступают определенные общественные нормы поведения, идеи, обычаи, обряды, вкусы, взгляды и т. д. Те или иные традиции действуют в любом обществе и во всех областях общественной жизни. В древности традиции передавались неосознанно – через научение и подражание. Традиция выполняет ряд культурных функций: устанавливает преемственность культуры, служит духовной опорой нации. Через традицию передаются культурные информации и ценностей от поколения к поколению. Каждый народ имеет свою национальную самобытную традицию.

Он төртінші сабақ (2-сағат)

 

Лексикалық тақырып: Ұлттық дәстүр

Дүниеде қазақ деген ұлт – біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт-санасы мен әдет-ғұрпы да – жалпы қазаққа бірдей тән, оның ғажайып мол рухани қазынасы да бөліп-жаруға келмейтін ортақ қазына

Нұрсұлтан Назарбаев

Ұлттық дәстүр

Әрбір халық өзінің ұлттық дәстүрімен ерекше. Халықтың дәстүріне қарай оның мінезі, тарихы, дүниетанымы қалыптасады. Халықтық дәстүрдің жүздеген, мыңдаған жылдық тарихы бар. Сондықтан оны әбден сұрыпталған, жинақталған құндылықтардың жиынтығы деп санаймыз. Халықтың дәстүріне оның қоршаған ортасы, географиялық орналасуы, шаруашылығы әсер етеді.

Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүрге бай халық. Халықтық салт-дәстүрлер сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Дәстүр – белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлері үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік, арлылық, т.б. жатады. Осы дәстүрлер біздің дербес халықтығымыздың сақталуына, тұтас ұлт ретіндегі ерекшеліктеріміздің айқын болуына оң ықпал етіп келеді. Дәстүр халқымыздың ғасырлар бойы өмір сүру тәсілдерінен, күнделікті әрекеттеріне сұрыпталған мәдениетіміздің үлкен бір бөлігі. Бабалардан бізге жеткен дәстүрлерде біздің халықтық болмысымыз, ұлттық мінезіміз, салт-санамыз айқын көрінеді. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жетіп келе жатқан ұлттық дәстүрлер сан алуан. Дәстүрлер іштей бірнеше салаларға бөлінеді. Мысалы: отбасылық дәстүрлер, маусымдық дәстүрлер, діни салттар, мерекелік дәстүрлер, тұрмыстық салттар. Ұлттық дәстүрімізді білу және оны сақтау баршамыздың перзенттік борышымыз. Себебі, дәстүр халықты ғасырлар бойы сақтап келген рухани тірегі. Әрине, ол заманына қарай өзгеріп, жаңғырып тұрады.

1- тапсырма. Төменде берілген дәстүр атауларын сала бойыншатт толтырыңыздар.

Сабантой, беташар, айт, тұсаукесер, наурыз, қыз қуу, жарапазан, қадыр түні, сүндет той, тілашар, соғымбасы, бәйге, көкпар, құрбан шалу.

                               
   
     
         
 
 
   
       
 


2-тапсырма. Мәтіннен зат есім тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған сөздерді табыңыз.

3-тапсырма. Сіз қандай ұлттың дәстүрін білесіз? Айтып беріңіз.

4-тапсырма. Төменде берілген жұрнақтар арқылы зат есімдер жасаңыз.

Үлгі: –шылық – шаруа-шылық, егін-шілік, айырма-шылық;

 

-шілік, -ша, -ше, -шық, -шік, -ыл, -іл, -л, -хана, -стан, -кеш, -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, -ым, -ім, -м.

Он төртінші сабақ (3-сағат)

5- тапсырма. «Ұлттық дәстүр» тақырыбында эссе жазыңыз.

14 сабақ

СОӨЖ тапсырмалары


1. Қазақ халқының қандай ұлттық дәстүрлерін білесің?

2. Дәстүр дегеніміз не?

3. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлеріне не жатады?

4. Ұлттық дәстүрдің қандай салалары бар?

5. Қандай отбасылық дәстүрлерді білесің?

6. Діни салттарға қандай салттар жатады?

7. Қандай мерекелік дәстүрлерді білесің?

8. Тұрмыстық салттарға қандай дәстүрлер жатады?

9. Тұсаукесер, шілдехана қай дәстүрге жатады?

10. Наурыз мейрамы қай дәстүрге жатады?

 

ОН БЕСІНШІ САБАҚ (1-сағат)

Лексикалық тақырып: Ұлттық мәдениет

Грамматикалық тақырып: Қос сөз және біріккен сөздер

Сөздік

дамыған – развитый

өңір – край

бұған куә – свидетельство тому

қорған – курган

әсем безендірілді – красочно оформлен

ортағасырлық қалалар – средневековые города

ықпал – влияние

мекендеген – обитавшие

өнер туындысы – произведение искусства

кесене – мавзолей

көне замандардан басталады – начинается с древних эпох

қолданбалы өнер – прикладное искусство

әр түкпірінде – в разных уголках

айрықша – особенно

қазіргі заманға сай – современный

деңгей – уровень

ҚОС СӨЗ ЖӘНЕ БІРІККЕН СӨЗДЕР

Біріккен сөздер (слитные слова) это один из видов сложных слов, состоящих из сочетания двух корней, являющихся названием нового предмета или явления: алғысөз предисловие, баспасөз – пресса, төлқұжат паспорт, жанармай топливо, күнтізбе – календарь, сенімхат доверенность, қолхат – расписка, тілашар разговорник.

Қос сөздер (парные слова) образуются путем двукратного повторения одинаковых, близких по значению слов или начального слога корневых слов и делятся на два вида:

1. Қайталама қос сөздер (парно-повторные): қайта-қайта (снова и снова), әрең-әрең (еле-еле); өзімен-өзі (сам по себе), бетпе-бет (лицом к лицу); бару-бармау (пойти, не пойти).

2. Қосарлама қос сөздер (собственно-парные слова): әке-шеше (родители, букв: отец и мать,), көрші-қолаң (соседи), бала-шаға (домочадцы), келін-кепшік (снохи, невесты).

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Мәдениет, көне қалалар, археологиялық қазбалар, кесене, саз өнері, қолданбалы өнер, жаңа деңгей.

2-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестері арқылы сөйлем құрыңыз.

Мәдениет, ұлттық сана, өркениет, ғылым, білім, әдебиет, сәулет, дәстүр, мүсін, тарихи кешендер, сәулет мәдениеті.

3-тапсырма. Сөз тіркестерін жасаңыз.

 

       
 
   
 


Мәдениет Мәдени

 

 


 

4-тапсырма. Біріккен сөздер мен қос сөздерді екі бағанға бөліп жазыңыз.

Әке-шеше, күнбағыс, күнтізбе, бала-шаға, түйеқұс, темірқазық, әп-әдемі, қозықұйрық, қайта-қайта, сарыала, итмұрын, бүгін, биыл, оқта-текте

5-тапсырма. «Мәдениет», «Мәдени», «Мәдениетті» сөздерінің бір- бірінен айырмашылығын түсіндіріп,олармен сөйлем құрыңыз.

 

6-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз.

1. Мәдениетті адам қандай болу керек деп ойлайсыз?

 

 

 

 

2. Мәдениетті адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?

 

 

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

7-тапсырма. Мәтіннен есім сөздерді тауып, олардың сөйлемдегі қызметін айтыңыз.

8-тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңіз.

 
 

 


1. Ата-бабадан қалған зат

2. Сөз өнері

3. Сауда орны

4. Тәуелсіздік сөзінің синонимі

5. Францияда өткен жарыс

6. Әнші, әртіс

7. Дербес сөзінің синонимі

8. Мәдениет орны.

 

Он бесінші сабақ (2-сағат)

Еуразияның ең бір бай да бірегей

мәдениеті – қазақ мәдениеті

Н.Назарбаев

Ұлттық мәдениет

Қазақ жерінде мәдениет ерте кезден бастап дамыған. Оған еліміздің әр өңірінен табылып жатқан ортағасырлық көне қалалардың орны, мәдени бұйымдар басқа да алуан-алуан заттар куә. Мысалы Есік қорғанынан, Жайық бойынан, Алтай өңірінен табылған алтын адамдар, әртүрлі бұйымдар мен әсем безендіріліп жасалған қару-жарақтарды атауға болады. Археологиялық қазбалардан алынған деректерге қарағанда біздің эрамызға дейінгі адамдар мекендеген көне қалаларда алаңдар, сәулет өнерінің туындысы болатын ғимараттар болған. Одан бергі кезеңдерде қазақ жері мәдениетінің дамуына «Ұлы Жібек жолы» үлкен ықпал етті. «Ұлы Жібек жолы» бойындағы Отырар, Сауран, Сығанақ, Тараз, Шымкент, Яссы сияқты мәдениеті дамыған ортағасырлық қалалар мәдениет пен өнердің орталығы болған. Ахмет Иассауи, Арыстанбаб кесенелері, Айша бибі, Алашахан мазарлары мәдениетіміздің тарихы көне замандардан басталатынын көрсетеді. Жоғарыда аталған қалаларда әдебиет, музыка, сәулет өнерлері айрықша дамыды. Бұл қала – қорғандарда байырғы мәдениет қалыптасты. Ұлттық мәдениетпен бірге, тайпааралық, ұлтаралық дәстүрлер де көптен-көп дамыды. Сондықтан сол кездің өзінде мәдениетаралық байланыстардың бірте-бірте өрістегенін аңғарамыз.

Қазақ мәдениетінің дамуына сәулет өнерімен бірге музыка өнері, қолданбалы өнер әсер етті. Қазақ даласының әр түкпірінде осындай өнерлердің өзіндік дәстүрлері қалыптасты. Мәселен, Сыр өңірінің, Арқаның, Жетісудың, Еділ мен Жайық атырабының ән мен күй, шешендік сөз бен поэзия дәстүрлерінің өзіндік сипаты болды. Бұл қазақ мәдениетінің жан-жақты дамуына ықпал жасады.

Қазақтың ұлттық мәдениетінің стильдері – ою-өрнектерден айқын аңғарылады. Ою-өрнектердің алуандығы мен байлығы, әсіресе, киіз үй бұйымдарынан көрінеді. Алаша, текемет, сырмақ, желбау, тұскиіз, кілем, сандық беттеріндегі бейне-нақыштар далалық мәдениеттің эстетикасы.

Қазақстан мәдениеті жалпы адамзат дамуы сияқты ХХ ғасырда айрықша өркендеді. Қазақстанның театр, бейнелеу өнері, кино өнері, саз өнерінің қазіргі заманға сай түрлерінің дамуы – мәдениетімізді жаңа деңгей-дәрежеге, сандық-сапалық белеске көтерді.

1-тапсырма. Мәтінде берілген қос сөздер мен біріккен сөздерді бөлек-бөлек жазыңыз.

Қос сөздер Біріккен сөздер
   

Он бесінші сабақ (3-сағат)

Мәдени мұра

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері көптеген шаралар жоспарлануда. Солардың бірі – «Мәдени мұра» бағдарламасы. Бұл бағдарлама қазақ халқының ұлттық мәдениетін насихаттауға арналған. Бағдарлама ауқымында көптеген мәселелер шешіледі. Мысалы, мәдени ескерткіштерді қорғау, фольклор шығармаларын тарату, кинофильмдер дайындау. Қазақ халқының мәдениеті өте бай болғандықтан бұл бағдарлама ұзақ жылдарға арналған.

1-тапсырма. Төменде берілген шағын мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2-тапсырма. Бұл бағдарлама жөнінде ақпарат дайындаңыз.

3-тапсырма. Төменде берілген сөздермен және сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыз.

Мемлекеттік бағдарлама, ұлттық қазына, тарихи шығарма, дәстүр, қымбат, өзекті, құндылық, деректі фильм, энциклопедия, музыкалық туынды.

4-тапсырма. Ұлттық мәдениетке байланысты қандай қос сөздер мен біріккен сөздер

білесіз?

 

2 сабақ

СОӨЖ тапсырмалары

1. Қазақстандағы көне қалалардың орындары қай жерлерден табылды?

2. Есік қорғанынан, Жайық бойынан, Алтай өңірінен қандай бұйымдар табылды?

3. Мәдениеті дамыған мәдениет пен өнердің орталығы болған ортағасырлық қалалар.

4. Мәдениетіміздің тарихы көне замандардан басталатынын көрсететін мазарлар.

5. Қазақ мәдениетінің дамуына қандай өнерлер әсер етті?

6. Еліміздің қай өңірлерінде ән мен күй, шешендік сөз бен поэзия дәстүрлері жақсы дамыды?

7. Қазақстан мәдениеті қай ғасырда жақсы дамыды?

8. Қазақстанның қандай өнер түрлері мәдениетімізді жаңа деңгейге көтерді?

9. Қазақ халқының ұлттық мәдениетін насихаттауға арналған қандай бағдарламаны білесің?

10. «Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаты не?

ІІ СЕМЕСТР

БІРІНШІ САБАҚ (1- сағат)

Лексикалық тақырып: Қазақ өнері

Грамматикалық тақырып: Шылау

Сөздік

құбылыс – явление

кезең – период

ежелгі – древний

алғашқы қауымдық құрылыс – первобытная община

ірі бөлігі – большая часть

кеңінен пай даланылды – широко использованна

музыка арқылы өрістеді – развивались посредством музыки

айрықша – особенно

негіз – основа

күй – кюй

халық әні- национальная песня

келбет – облик

көрерменін баурайды – увлекает своего зрителя

ізденістер үстінде – в исканиях

жаңғыруы – возрождения

жаңа қырынан – с новой стороны

кеңінен пайдаланылды – широко использованы

көрініс – вид

 

ШЫЛАУ

Септеулік шылау Жалғаулық шылау Демеулік шылау
Атау с., Барыс с., Шығыс с., Көмектес септіктерде тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданады. Үшін, сайын, дейін, туралы, сияқты, кейін, соң, бері, бірге, қабат, қатар Сөздер мен сөйлемдерді байланыстырады. Және, да, бірақ, дегенмен, алайда, өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, не, немесе, я, яки, болмаса кейде, бірде, біресе, егер. Сөздерді байланыстырмайды., қосымша мағына береді. Ма, ме, ба, бе, -ақ, ау, -мыс, түгіл, ғана, тек, -ды, ді, ты, ті
Мектепке(неге?)дейін бірге бардық. Мен әкеммен(кіммен?) бірге кешке(неге?) шейін жұмыс істедім. Көпір (не?) арқылы өттік. Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін. Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеуім керек. Мен солдатпын ғой! Ол мектепке барды ма? Дәмін татық-ау. Берілген тапсырманы орындапты-мыс.

 

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Халық, өнер, құбылыс, тарих, ежелгі, ән, классикалық, дәстүрлі, мәдениет, жанр, күй, ұлттық, музыка, кино өнері, көркем фильм, режиссер, ұлттық болмыс, көркемдік, тәуелсіздік, рухани.

2-тапсырма. Диаграмманы толықтырыңыз.

 
 

 

 


       
   
 
 

 


3-тапсырма. Берілген сөздер қай өнер түріне қатысты? Кестелерге жазыңыз.

Ескерткіш, қобыз, сурет, оркестр, портрет, әдебиет, қарындаш, шешен, сазгер, қылқалам, шебер, сазбалшық, күй, шеберхана, бояу, монумент, сазгер, тіл, көрме, әнші, шығарма, опера, өлең.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 190 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Хабарландыру ... туралы 11 страница| Хабарландыру ... туралы 13 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.034 сек.)