Читайте также: |
|
6.Мәтінді оқып, өз ойыңызды айтыңыз.
Көркем мінез қалай қалыптасады?
Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте әдептілікті, ұяттылықты, намыстылықты ерекше атаған жөн. Жан жақты дамыған, жарасымды, көркіне ақылы сай жастар арамызда жүр.
Алаштың ардагері Жүсіпбек Аймауытов былай деген: «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білім берудің көздейтін түпкі мақсаты – осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек».
Бала бидің сөзін есте сақтаңыз.
Жерден ауыр дегенім – ақыл-білім,
Судан терең дегенім – оқу-ғылым,
Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі,
Көктен биік дегенім – шәкірттің көңілі.
Егер, шын мәнінде, жас азаматпен үйлесімді жұмыс жүргізілсе, сол тәлім-тәрбие де, білім де нәтижелі болмақ. Бұл - адам бойындағы көркем мінездің қалыптасу жолы.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Көркем мінезге нелер жатады?
2. Арамызда жарасымды жастар бар ма?
3. Ж.Аймауытов мектеп тәрбиесіне қандай баға берген?
4. Бала бидің сөзінен не ұқтыңыз?
5. Жас азаматпен қалай жұмыс істеген дұрыс деп ойлайсыз?
7.Жағдаяттық тапсырманы орындаңыз.
А) Алыстан әжеңіз келді, ініңіздің мінезі жайлы айтыңыз.
Ә) Әріптесіңізге сипаттама беріңіз..
Б) Курстас құрбыңызды анаңызға таныстырыңыз.
8.Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.
Ұят – адамның рухани өміріндегі реттеуші күш.
Ол ағаттықтан қорғайды,
ізеттілікке жетелейді,
қателікке жол бермейді,
имандылықтың тетігі,
адалдықтың сақшысы.
Ұялу мене ұялту - қосақты ұғым. Бірі – ішкі әсердің қысымы, екіншісі – сыртқы әсердің дүмпуі.
Ұялу – аңғалдықтан, қызбалықтан туған ерсі әрекеттің салдары. Арлы кісі ұятына кешірім сұрап, қайталамауға бекінеді.
Ұялту – ұят қағидасын бұзған, әдептен аттаған, кісі намысын қорлаған, жала жапқан, өсек таратқан адамды өрескелдігін, жағымсыздығын түсіндіріп, айыбын бетіне басу.
Жәрдем Кейкін
9.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Әдеп жайлы біліп алыңыз.
Әдеп – мінездің анасы. Дүниедегі барлық имандылық анадан тарайды, ал, рухани мінез әдептен туады.
Әдептілік – ана сүтімен санаға сіңетін уыз мінез. Әдеп адамда есі кіргеннен-ақ, жастайынан дариды, ешкімнің ақыл-кеңесінсіз жамандықтан алыс қасиет.
Әдеп – мәдениеттіліктің,
зиялылықтың,
кісіліктің көркі,
әсемдіктің өрнегі,
адамның асқақ абыройы.
Әдептіліктің бір үлгісі – биязы сыпайылық, қарапайымдылық. «Сары майдан қыл суырған» тазалық, пәктік.
«Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпеген» деп аса әдепті адам жайлы айтады.
10.Берілген сөздерді құрамына қарай талдап, жалғанған қосымшаларды атаңыз.
Әдептілік, мәдениеттілік, жамандық, зиялылық, кісілік, әсемдік, сыпайылық, қарапайымдылық, тазалық, пәктік.
Үлгі: әдеп – ті – лік,
Сұрақтарға жауап беріңіз.
11.Сұхбатты оқып, өзара сөйлесіңіз.
- Апай, мына орындыққа отырыңыз да, демалып алыңыз.
- А-а-а, жарайды.
- Сіздің баратын жеріңіз алыс па, апа? Қандай көлікке отыратын едіңіз?
- Вокзал жақта қызымның үйі бар еді, соған бармақшы едім.
- Вокзалға тікелей баратын автобус бұл жерге тоқтамайды, апа. Сізге басқа автобусқа ауысасыз. Оны білетін бе едіңіз?
- Жоқ, білген емеспін. Осы жерден оныншы автобус жүреді деген еді біреу.
- Онда мен сізді сол оныншы автобусқа ауыстырып отырғызып жіберейін, жүріңіз, апа.
- О, айналайын, бақытты бол, қалқам. Көмектесіп жіберсең болар еді.
- Жарайды, апа, жүріңіз, мына автобусқа отырайық.
- Иә, иә, жүре ғой, барайын, отырайын. Өзің бір әдепті бала екенсің, қарағым. Сені осылай тәрбиелеген анаңа мың алғыс!
12.Төмендегі фразеологиялық тіркестермен танысып, олармен сөйлем құраңыз.
Көзінің ағы мен қарасындай – аса қымбат (бала)
Көзді ашып-жұмғанша – өте тез арада
Көзімнің нұры – қуанышым (бала)
Қас пен көздің арасында – өте жылдам уақытта
Көзіңді салып жүр – байқап, қарап жүр
Көзіңді құрт – бұл жерден кет, тұрма, жоғал
Көз көрген – бірін-бірі жас кезінен білетін
Төртінші сабақ (2-сағат)
1.Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.
Намыс – мінездің айбыны.
Ол – абыройға дақ түсірмеудің жолы;
адам құқы мен еркіндігінің оққағары;
өмір мәнділігінің өзегі;
адамгершіліктің соты, айыптаушысы, қорғаушысы;
жігерсіздікке ызалану;
адамның абыройын түсірер жалалы әрекеттерге кешірімсіздік.
Мұхаммед пайғамбар: «Ер жігіттің үш намысы бар: бірі – иманы, екіншісі – Отаны, үшіншісі - отбасы» деген.
Намыс бір сырлы, көп қырлы: жеке бастық намыс, құқықтық намыс, кәсіптік намыс, азаматтық намыс, ұлттық намыс. Аталуы әртүрлі болғанмен, бәрі абырой мен беделді қорғайды.
Жәрдем Кейкін
2.Берілген сөздердің антонимдік қатарын табыңыз.
Айбынды жасықтық
Абыройлы бостандық
Еркіндік адалдық, имандылық
Жігерсіздікдік беделді
Адамгершілік қаһарлы
Намыстың түрлерін талдап, сөйлемдерді аяқтаңыз.
Жеке бастық намыс дегеніміз...
Құқықтық намыс дегеніміз...
Кәсіптік намыс дегеніміз...
Азаматтық намыс дегеніміз...
Ұлттық намыс дегеніміз....
3.Халық мақалдарын біліп алыңыз.
· Малым – жанымның, жаным – арымның садағасы.
· Малсыз болсаң да, арсыз болма.
· Ар жазасы - бар жазадан ауыр жаза.
· Ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы.
4. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен мазмұнын ұғып алыңыз.
Сұлулық жайлы
Сұлулық – адам жанын қуанышқа бөлейді, тамсантады, сүйсіндіреді. Қоғам мен табиғаттың ерекше перзенті – адам, соның сұлулығы.
Адам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып тууы мүмкін, ал, бірақ, ондағы басты сұлулық – ішкі жан дүниесі, мінезі, қалыптасқан әдептілігі. Ал, адамның сыртқы сұлулығы ішкі рухани сұлулығымен сәйкес келсе, нағыз сұлулық сол болмақ.
Асыл дініміз қарапайым киімді құптайды. Ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың киімінің қарапайымдылығы сондай, жиылысқа жиналған сахабалары оның ортаға қалай келіп отырғанын да сезбей қалады екен.
Сұлулық жайлы айтылған халық сөзіне тоқталайық:
«Сұлу – сұлу емес, сүйген - сұлу»; «Сөзі шырайлының – жүзі шырайлы»; «Жаманның сөзі түйеден түскендей»; «Жылтырағанның бәрі алтын емес»; «Адамның жылтыраған сыртына емес, сұлу ішіне қызық».
Нұрлан Асанов
5. Жаңа сөздердің баламасын сөздіктен қарап, жазыңыз, біліп алыңыз.
Сұлулық –
Тамсантады –
Сүйсіндіреді –
Пішін –
құптайды –
қарапайым –
шырайлы –
жылтыраған –
6. Жағдаяттық тапсырманы орындаңыз.
Көшеде бір бейтаныс адам келе жатады. Оған қарсы тағы бір адам ұшырасады да:
- Айтып жіберіңізші, Абылай хан көшесіне қалай баруға болады?- деп сұрайды.
Кісі (тоқтайды, күлімсірейді):
- Е, ол жап-жақын. Осы бетіңізбен тура жүріңкіреп барып, оңға бұрылыңыз.
Әлгі кісі:
- Сізге көп рахмет!
- Оу, оның не қиындығы бар! (Тағы да күлімсірейді).
Тапсырма: Міне, осы сәттен не байқадыңыз? Жол көрсеткен адамның ізгі қасиеті қандай?
7. Есте сақтаңыз.
Эстетикалық және этикалық тәрбиеге жете мән беріп, адам бойындағы әсемдік және әдептілікті қалыптастыратын - отбасы мен мектеп.
Тәрбиедегі кемістіктер: әсіре бояну;
әсіре сылану
өз бойын күтпеу
олпы-солпы киіну
сақал-шашын уақтылы алмау
аяқ киімін тазартып кимеу
шетелдік сән үлгісіне еліктеп, ашық-шашық киіну;
ата-анасының алдында әдепсіз киім киініп жүру.
8. Сөйлемдерді сын есімдермен толықтырыңыз.
Керек сөздер: ескілеу, нағыз сұлу, жзарасымды, таза, сұлу.
Төртінші сабақ (3-сағат)
1. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен мазмұнын ұғып алыңыз.
Замандастарымыз арамызда жүр.
Қап-қара киініп, бет-жүзін қарамен бояп, үсті-басына темір-терсектерді жалтыратып іліп, денесіне сурет салдырып алған немесе басқа да ерекше тұстары бар, өзгелерге ұқсамайтын жастарды көрсеңіз, шошымаңыз. Оларды бір топ бейформальды бірлестіктің өкілдері деп қабылдаңыз.
Шынымен де, бұл қызықты құбылыс болғанмен, оның астарында үлкен мән бар. Жұрт назарын өздееріне аударуға тырысатын бұл «ерекше адамдар» - субмәдениет өкілдері. Субмәдениет – жастардың өзіндік қоғам құрып, қоғамнан бөлек бірлестік жасауы. Неше түрлі рок, гот, эмо, рэп т.б. сияқты субмәдениеттер кең етек жаюда. Олар өздеріне тән шаралар да ұйымдастырады. Мысалы, Павлодар қаласында үш жыл қатарынан Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында бейформальды жастар фестивалі өткізіліп тұрды. Оған республикамыздың түкпір-түкпірінен бейформальды жастар – рок музыканттар, брейкер бишілері, граффити суретшілері...
«Готика» - абсолютті индивидуализм және ерекше романтика. Олар өмірлерінің әр сәтін музыка, имидж сияқты мәдениет құралдары арқылы ерекшелейді. Готтардың символы қара түнек іспеттес болса, эмолар тек қара мен алқызыл түсті мойындайды.
Қазақ жастарының біразы беттері мен құлақтарына, тілдері мен мұрындарына, қастарына түрлі пирсинг-сырғаларын іліп алып, рок пен гот атануда. Бұл олардың болашақ жолына кедергі болуы әбден мүмкін.
Ақмарал Есімханова
Жаңа сөздер.
Шошу – пугаться
Қызықты құбылыс – интересное явление
Етек жайды – распросроняется
Ешкімге ұқсамау – не быть похожим ни на кого
Кедергі – препятствие
2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
3.Мәтіннен сын есімдері бар сөйлемдерді теріп жазыңыз, сын есімдердің түрлерін ажыратыңыз.
Үлгі:
Қап-қара (күшейтпелі) киініп, бет-жүзін қарамен (жай) бояп, үсті-басына темір-терсектерді жалтыратып іліп, денесіне сурет салдырып алған немесе басқа да ерекше тұстары бар, өзгелерге ұқсамайтын жастарды көрсеңіз, шошымаңыз.
4. Пікірталас өткіземіз.
Тыңдаушылар бірнеше топтарға бөлінеді. Әр топ өз позициясын дәлелдейді, өмірден мысалдар келтіреді, топтар бір-біріне сұрақтар даярлайды.
1-ші топ. – «Әркім өз қалауынша киінуге құқы бар»
2-ші топ. – «Адам аласы ішінде» дегендей, адамға киіміне қарап баға беруге бьолмайды.
3-ші топ. – «Субмәдениетті де қолдауға болады».
4-ші топ. – «Киім кию этиксын берік ұстанған жөн деп ойлаймын».
5. Мәтінді оқып, мағынасын есте сақтаңыз.
Адамды тани аласың ба?
Бұл өмірде кімнің кім екенін кескін-келбетіне қарамай-ақ, ісінен де білуге болады. Данагөй қазақтың мына сөзін еске алайық.
Туыстың кім екенін, басыңа іс түсіп, жалалы болғанда білерсің,
Бауырдың кім екенін, жаның күйзеліп, жаралы болғанда білерсің,
Достың кім екенін, өмір өткелдерінен өтіп, саналы болғанда білерсің,
Жолдастың кім екенін, басыңнан бақ тайғанда білерсің,
Баланың кім екенін, күш-қуатың кетіп, қартайғанда білерсің,
Келіннің кім екенін, жағдайың кетіп, жантайғанда білерсің,
Әйелдің кім екенін, шаңырағың шайқалғанда білерсің,
Адам тану – даналықтың қайнар көзі. Жүсіп Баласағұни айтқан екен: «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара», - деп.
Мақсұтбек Сүлеймен.
6. Жаңа тіркестерге сұрақ қойыңыз, сөздіктің көмегімен орыс тіліне аударыңыз.
Жала лы (клевета) болғанда –
Жара лы (рана) болғанда -
Сана лы (сознание) болғанда –
Бақ тай ғанда (несчастье) –
Қартай ғанда (стареть) –
Жантай ғанда (быть беспомощным) –
Шаңырағың шайқал ғанда (раставание, беспокойствие) -
7. Өзара сөйлесіңіз.
- Асан, сен білесің бе, туыс қандай жағдайда жаныңда болу керек?
- Туыс адам басыңа іс түскенде жәрдем беруі керек.
- Бауырың ше?
- Бауырың жаның қиындыққа ұшырағанда қасыңда болуы керек.
- Досыңның қандай екенін қашан анық білесің?
- Досыңның қандай екенін ақылың толып, санаң оянғанда білесің.
- Бала қандай жағдайда қажет болады?
- Бала ата-ана қартайып, күші тайғанда қажет.
- Келін ше?
- Келін ата-ене қартайып, аурушаң болғанда, оларға жағдай жасауы керек.
8. Берілген сөздердің антонимдерін табыңыз.
Туыс –
Бауыр –
Дос –
Қартаю –
Шаңырағы шайқалу –
Жағдайы кету -
9. Фразеологиялық тіркестерді біліп алыңыз.
Тайға таңба басқандай (сұрағы: қандай?) – анық
.Сөзі мірдің оғындай (сұрағы: қандай?) - өткір
Сөзі түйеден түскендей (сұрағы: қандай?) – дөрекі
Судай жаңа (сұрағы: қандай?) – жап-жаңа
Сүттен ақ, судан таза (сұрағы: қандай?) - безвинный
10. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
А. жігерлі, салқын. Қанды, қарапайым
В. тым биік, табанды, еңбекқор
С. дөңгелек жүзді, орта бойлы, қыр мұрынды
Д. ақылды, көпшіл, ұзын бойлы
А. Ақ сақалды адамды сыйлау – парыз.
В. Ауылдағы адамға жұмыс табылады.
С. Қысқа мерзімде аяқтады.
Д. Көгілдір түс – еркіндік белгісі.
3.Баяндауыш қай шақта тұр?
Халықтың ең таңдаулы өкілдерінің бірі ретінде біз оны сыйлыққа ұсынып отырмыз.
А. өткен шақ
В. ауыспалы осы шақ
С. келер шақ
Д. нақ осы шақ
4.Сөйлемді толықтырыңыз. Менің әжем... киінеді.
А. ұзын
В. сәнді
С. ерекше
Д. қысқа
11. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы және бір-бірімен мағыналас тұрақты тіркестерді ажыратып жазыңыз.
Жүрек жұтқан, аузына құм құйылды, зәресі зәр түбіне жетті, еңбегі жанды, қас қаққанша, ат ізін салмады, су жүрек, аузы аузына жұқпады, еңбегі еш кетті, араны ашылды, үріп ауызға салғандай, ит арқасы қиянда, ат ізін құрғатпады, тәбеті тартпады, ай десе аузы, күн десе көзі бар, ит өлген жерде, көзді ашып-жұмғанша.
Мағыналас тұрақты тіркестер | Қарама-қарсы мәндегі тұрақты тіркестер |
үріп ауызға салғандай, ай десе аузы, күн десе көзі бар | жүрек жұтқан – су жүрек |
БОӨЖ тапсырмасы:
« Жаным – арымның садағасы» деген мақалды қалай түсінемін?» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Әдеп және жантану./Құраст.Қ.Жарықбаев. Алматы: Атамұра, 1996. -224 б.
2.Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытовтың психологиялық көзқарастары. Алматы: Білім, 2000. -76 б.
3.Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. Алматы: Ана тілі, 1997. -125 б.
БЕСІНШІ САБАҚ (1-сағат)
«Уақыт және адам»
Грамматика. Сан есімнің түрлері.
1. Сан есім жайлы есіңізге түсіріңіз.
Сан есім заттың санын білдіреді. Сұрақтары: қанша? неше? қаншасыншы? нешінші? М: Біз поезға сағат 10-да (қаншада?) отырдық. Сан есімдер құрамы жағынан дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Дара сан есімдер бір сөзден ғана тұрады. М: Олар бір бөлмеде алты қыз тұрады. Күрделі сан есімдер екі немесе одан көп сөзден тұрады. М: Екі жарым сағаттан соң жолға шығамыз. |
2.Сөйлемдерді толықтырыңыз.
3. Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен мазмұндаңыз.
Уақыт алтыннан да қымбат.
Адам баласына берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі – уақыт. Өркениетті елдерге барсаңыз, осы уақыт мәселесіне аса ұқыпты қарайтынын аңғаруға болады. Себебі олар уақыттан ұтылса, көп нәрсе жоғалтатынын біледі. Көлік аялдамаларында тұрғанда, жүру мезгілдерінің «12.01»; «16.03»; «17.08» секілді әрбір минутқа дейін есептеулі екендігіне таң қаласыз. Автокөлік сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут кешігіп, я бір минут озбайды. Небәрі бір-екі минутқа кешіге қалса, жүргізуші әжептәуір сөгіс алып жатады. Ал бізде ше? Сағат сұрағанда «Жетіден он минут кетті» десең, «Е, жеті жарым десеңші» дей саламыз. Демек біз уақытқа аса ұқыпты емеспіз.
Бүгінгі күні уақытты өлтіретін «жаулар» көбейген тәрізді. Солардың бірі теледидар деуге болады. Жасыратыны жоқ, «көк сандығы» жоқ үйді елестету қиын-ақ. Алайда осы теледидардың уақыттың нағыз жауы екеніне екінің бірі көңіл бөле бермейді.
Бірде Эйнштейн қызметшісіне «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп, демалыпты. Бірақ қызметшісі оны біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп: «Ал, жарты сағатымды қайтарып беріңіз»,- деген екен. Уақыттың жауларының қатарына көп сөз бен көп қыдыруды да жатқыза аламыз.
Уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, адамның көп нәрседен айырылатыны анық.
Еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен. Ата-бабамыз «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген. Барлық уақытша қызықты қоя тұрып, дер кезінде қимылдаған адам кейін соның жемісін жейді.
Жадыра САТТАРОВА,
ЖР-32 қ тобының студенті
4. Мәтінді жоспар бойынша мазмұндаңыз.
5. Мәтінде кездесетін жаңа сөздерді біліп алыңыз.
Баға жетпес құндылық – неоценимая ценность
Сөгіс алу – здесь: быть наказанным
Дер шағында – своевременно
Бейнет – здесь: труд
Зейнет – здесь: удовольствме, благополучие
Бесінші сабақ (2-сағат)
1. Сан есімдерге тиісті қосымшалар жалғап, сұхбаттасыңыз. Дара, күрделі сын есімдерді табыңыз.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 190 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Хабарландыру ... туралы 4 страница | | | Хабарландыру ... туралы 6 страница |