Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Хабарландыру . туралы 4 страница

Хабарландыру ... туралы 1 страница | Хабарландыру ... туралы 2 страница | Хабарландыру ... туралы 6 страница | Хабарландыру ... туралы 7 страница | Хабарландыру ... туралы 8 страница | Хабарландыру ... туралы 9 страница | Хабарландыру ... туралы 10 страница | Хабарландыру ... туралы 11 страница | Хабарландыру ... туралы 12 страница | Хабарландыру ... туралы 13 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

· Алтау ала болса, ауыздағы кетер,

Төртеу түгел болса, төбедегі келер.

· Атаның баласы болма, адамның баласы бол.

· Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп.

· Жақсы бала жаман әкенің есіктегі басын төрге сүйрер,

Жаман бала жақсы әкенің төрдегі басын есікке сүйрер.

· Келінім, саған айтам, қызым, сен тыңда.

· Жақсы келін – қызыңдай,

Жақсы күйеу – ұлыңдай.

· Келін кейін отырар болар,

Көтерілуге бейім отырар болар.

8. Сұрақтарға нақты мысалдармен жауап беріңіз.

  1. «Қайта кірер есік» деген тіркес қандай мағына береді?
  2. «Алтау», «төртеу» деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіз?
  3. «Адамның баласы» кім?
  4. Неліктен «ағайын тату болса ат көп»?
  5. Қандай әкенің «басы есікте» болады, қандай әкенің «басы төрде» болады?

 

9. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Қыз ұзатуға байланысты салт-дәстүрлер

Сүт ақы – қыз анасына берілетін сый. Қызды үйден шығару күні екі жақтың келісімімен белгіленеді. Бұл күнгі сыйлықтарда сан жоқ. Солардың ішіндегі айрықша сый – қыз анасына берілетін «сүт ақы» болып есептеледі. Бұл сыйлық қыз анасына аса үлкен құрметпен табыс етіледі.

 

Келін түсіру – келіншектің күйеу баланың үйіне келуі. Бұл шараға барлық ауыл болып дайындалады. Жас қыздар мен келіншектер келінді қарсы алуға шығады. Олар жас келінді бөлмеге оң аяғымен кіргізеді, қарсы алушылар келінге шашу шашады. Содан соң келінді шымылдыққа отырғызады.

 

Үй көрсету - келіннің күйеу жігіттің туыстарымен танысуы. Тойдан кейін күйеу жігіттің туыстары және көршілер кезектесіп, келінді үйлеріне қонаққа шақырады. Келін бұл үйлерге құр қол бармайды. Енесі немесе үлкен жеңгесі дәстүр бойынша ол үйге келіннің атынан сыйлық алып барады

10. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Қалыңдықты … күйеу жігіт бас құдамен, достарымен, туыстарымен келеді.

А) көруге;

Ә) алып кетуге;

Б) кездесуге;

В) сөйлесуге.

2. Қыз баланың тәрбиесіне … ықпалы көп.

А) анасының;

Ә) әкесінің;

Б) құрбыларының;

В) мектептің.

3. Келінді жігіттің туыстарымен таныстыратын - ….

А) үй көрсету;

Ә) беташар;

Б) келіннің үйге түсуі;

В) келіннің жеңгесімен сөйлесуі.

 

11. Отбасылық бюджет туралы.

Отбасылық экономика, ең алдымен, жоспарлауды қажет етеді. Отбасының бюджеті неғұрлым қарапайым болса, солғұрлым оны жоспарлау тиянақты болғаны жөн. Жоспарлауды қалай жүзеге асыруға болады?

Поляк авторлары Б.Киселевская мен Г.Сарновская шаруашылық кітабын жүргізуді ұсынады. Кітап үш бөліктен тұрады: кіріс, шығыс және төлемдер, қаржыны жинау. Отбасы мүшелерінің айлық жалақылары, стипендиялары тағы басқа табыстар кіріс бөліміне, пәтерге, электроэнергияға т.б. төленетін ақша шығыс бөліміне жазылады. Оларды уақтылы төлеп тұру қажет. Шығынның ең маңыздысы – тамақ үшін жарататын ақша болып есептеледі. Күнделікті тамаққа кететін ақша белгілі, соны 30 күнге көбейту керек. Сондай-ақ санитария мен гигиена заттарына кететін шығындарды да естен шығармаған жөн. Егер жұбайлар жас нәресте күтіп отырған болса, оған қажетті төсек орын, арба, киім-кешектер жайлы да ұмытпау керек.

Кассалық кітапшадағы «қаржыны сақтау» бөлімі бос болып қалмау керек. Оған ақша салу үшін көңілге ұнаған заттарды сатып ала бермей, қажеттілерді ғана алып, әзірге қажетсіз болып саналатындардан бас тарта білген жөн.

Сұрақтарға жауап жазыңыз.

1.Отбасылық бюджет неден құралады деп ойлайсыз?

2. Отбасылық бюджетті жоспарлау деген не?

3. Шаруашылық кітабы не үшін керек, ол қандай бөлімдерден тұрады?

 

12. Төмендегі сөз тіркестерінің мағыналарын салыстырып оқып, ұғып алыңыз.

Отбасылық экономика – мемлекет экономикасы

Отбасының бюджеті – мемлекеттің бюджеті

Шаруашылық кітабы – оқушының кітабы

Бақылаудың жақсы түрі – есептеудің жақсы түрі

Айлық жалақы – аз немесе көп жалақы

Уақтылы төлеп тұру – жылдам төлеп тұру

Жас нәресе күту – баланың тууын күту

Бос болып қалу – ақша салмау

Көңілге ұнаған заттар – жақсы заттар

Қажетсіз болып қалу – ұнамай қалу

БОӨЖ тапсырмасы:

« Жаңа дәстүр, жаңа салт» деген тақырыпта эссе жазыңыз.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1.Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. /Ред.басқ. Каиров Н.А. т.б. Алматы: Мектеп, 1988. -346 б.

2.Әдеп және жантану./Құраст.Қ.Жарықбаев. Алматы: Атамұра, 1996. -224 б.

3.Қалиев С., т.б. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. Алматы: Білім, 2001. -224 б.

4. Әбдіков Т. Мұратымыз – ізгілік // Парасат, 2001. № 7.

ҮШІНШІ САБАҚ (1-сағат)

«Қазіргі тұрғын үй»

Грамматика. Сілтеу есімдіктері, олардың түрленуі. Барыс және жатыс септіктері.

 

Сілтеу есімдіктеріне жататындар: бұл, осы, сол, мына, ана, анау. Сілтеу есімдіктері септеледі, тәуелденеді, жіктеледі.

 

1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.

 

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй мәселесі

 

1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін барлық жағдайдың жасалуы қаралған. Тұрғын үй мәселесі өмірдегі ең басты мәселе болған және бола да береді. Ф.Энгельс: «Бір нәрсені өндіру үшін адамдардың тамағы, киімі және баспанасы болу керек...»,-деген.

1993 жылғы 6 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен «Жаңа тұрғын үй саясатының мемлекеттік бағдарламасы және оны жүзеге асырудың механизмдері» бекітілді.

Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрғын үй заңдылығы.

1992 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасының тұрғын үй кодексі қабылданды. Қазіргі кезде негізгі заңшығарушы актілердің қатарында ҚР-ның 1997 жылғы 16 сәуірде қабылданған «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы жатады.

Тұрғын үй заңдылығы жатақханалар мен қызметкерлерге берілетін мекемелердегі мекенжайларды бөлу мәселесімен де шұғылданады.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан әр адамға 15-18 шаршы метр, ең кемі бір бөлмелі пәтер беріледі.

Мемлекеттік немесе әскери, бюджеттік ұйымдарда қызмет істемейтін азаматтар табысы аз, мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғалатын азаматтар болып есептеледі. Оларға тұрғын үй ҚР Үкіметі белгілегендей көлемде, ең кемі бір бөлме беріледі. Табысы аз әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтар «Тұрғын үй туралы» Заңның 68 бабымен белгіленген. Оларға І-ІІІ топтағы мүгедектер мен ҰОС-на қатысушылар, көп балалы азаматтар, зейнеткерлер, оралмандар, толымсыз отбасылар, мүгедек-балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар жатады.

 

2. Жаңа сөздермен таныс болыңыз.

тұрғын үй – жилье

қамтамасыз ету – обеспечить

жағдай жасау – создат условие

жүзеге асыру – осуществить

заңшығарушы акт – законодательный акт

жатақхана – общежитие

әлеуметтік қорғалу – социально обеспечить

табысы аз – малоимущий

көп балалы – многодетный

оралмандар

мүгедек-бала – дети-инвалиды

толымсыз отбасылар – неполные семьи

 

3. Сұхбаттасыңыз.

 

- Қазақстанда тұрғын үй мәселесінің шешілу жайы қалай деп ойлайсыз?

- _____________________________________________________.

- Қала тұрғындарына тұрғын үй беру мәселесі бойынша жасалған мемлекеттік бағдарлама жайлы не білесіз?

- _____________________________________________________.

- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан әр адамға берілетін мекенжай көдемі қандай?

- _____________________________________________________.

- Табысы аз азаматтар мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынған ба? Оларға кімдер жатады?

 

Жатыс септігіндегі сөздер кімде? неде?қайда? және қашан? деген сұрақтарға жауап береді. 1) дауысты, ұяң және үнді дауыссыз дыбыстардан соң- да, -де;М: дала+да, колхоз+да, ұл+да. 2) қатаң және ұяң б,в, г, д дыбыстарынан соң - та, -те;М: курс+та, Әуезовте, герб+те. 3) 3-жақтағы тәуелдік жалғауынан соң - нда, -ндеболып жалғанады.М: қаласы+нда, көшесі+нде.   Барыс септігіндегі сөздер кімге? неге? қайда? деген сұрақтарға жауап береді. Жалғаулары: -ға, -ге, -қа, - ке. М: мектеп-ке, базар-ға, ауыл-ға, қала-ға, үй-ге.

 

3.Мақалдарды біліп алыңыз.

- Қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім.

- Үйі бардың күйі бар, үйі жоқтың күйі жоқ.

- Үйдің жылы-суығы қыс түскенде білінер,

Адамның алыс-жуығы іс түскенде білінер.

- Үй іші толған жансың, бір-біріңе меймансың.

 

4. Жатыс жалғаулы тіркестерге назар аударыңыз, оларды аяқтаңыз.

Қазақстан Республикасын-да-ғы...;

Бүгінгі өмір –де-гі...;

1993 жылғы 6 қыркүйек-те-гі...;

Қызметкерлерге берілетін мекемелер-де-гі...;

Жаңа мекенжай-да-ғы...;

Тұрғын үй қорын-да-ғы...;

 

5. Сілтеу есімдіктерін тәуелдеуді жалғастырыңыз, олармен ауызша сөйлемдер құраңыз

Үлгі: Менің мұным ешкімге ұнамады.

 

І ж. Менің осы-м, мұны-м, мынау-ым

ІІ ж.

Сып.

ІІІ ж.

Үшінші сабақ (2-сағат)

 

1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз, сілтеу есімдіктерін көрсетіңіз.

 

Біздің ауыл

Біздің ауыл қаладан 60 шақырым жерде орналасқан. Ауылдың көшелері түзу, кең, асфальттанған. Ауыл тұрғындары үйлерін жаңа сарынға лайықтап тұрғызып жатыр, ал ескілерін жақсы жөндеп алған.

Біз орталықтағы мына үлкен екі қабатты қызыл кірпіш үйде тұрамыз. Біздің үйіміз үлкен, жаңа. Өткен жылы әкем үлкен ағам екеуі бұл үйді қайта күрделі жөндеуден өткізді. Барлық бөлмелерге жаңа есік, терезелер қойылды. Екінші қабаттағы демалатын холл қайта жөнделіп, ол жерге компьютер қойдық.

Екінші қабаттағы менің бөлмемнің терезелері бақшаға қарайды. Біздің бақшамыз кең және онда алма, алмұрт, өрік сияқты жеміс ағаштары бар. Бізге келген қонақтар мұнда еркін демалады. Көктем, жаз айларында таңертең терезені ашсаң, жемістердің иісі аңқып, көңіліңді қуанышқа бөлейді.

Биыл ауылдың орталығында осы жаңа мектепті, мына кітапхананы, спорт кешенін салды. Келесі айда Мәдениет сарайы іске қосылмақ. Ауылда жастар көп, олар - институт бітіріп, жолдамамен келген мұғалімдер, дәрігерлер және ауыл шаруашылығы қызметкерлері. Бұған бәріміз қуаныштымыз.

 

Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін біліп алыңыз.

Ауыл тұрғындары – сельчане

Жаңа сарынға лайықтап – по новому стилю

Күрделі жөндеу – капитальный ремонт

Шаруақор – трудолюбивый

 

 

2. Суретке қарап, мәтіннен құрыңыз. Мәтінде ілік, барыс, табыс және жатыс септігіндегі сөз тіркестері болсын.

3. Сөйлемнің дұрыс нұсқасын табыңыз.

  1. Мен 1985 жылда /жылы туғанмын.
  2. Бүгін біздің/ бізге үйге қонақтар келеді.
  3. Менің ағам Мәдениет сарайына / сарайында болды.
  4. Ауыл орталығында / орталығына балалар бақшасы бар.
  5. Жазда атам екеуіміз малға / малда шөп жинадық.
  6. Апам қызына / қызға жаңа көйлек сатып алды.
  7. Сізге/сіз де таза ауаға шығып демалыңыз.

 

4. Мәтінді оқып, баяндап беріңіз.

Астана – Қазақстанның бас қаласы. Бұл жақта қыс – ұзақ, жаз – қысқа. Қыста ауа райы суық. Есіл – әдемі өзен. Астанада жаңа қала салынып жатыр. Жаңа қалада үлкен әдемі ғимараттар көп.

Жаңа қалада денсаулық сақтау мекемелері көп. Қалалық аурухана, кардиологиялық орталық, «Мейірім», ана мен бала орталықтары бар. Астанаға қонақтар көп келеді. Олар Бәйтеректе, Думанда, Атамекенде, Пирамидада болады.

Бәйтерек монументі – Астананың мақтанышы. Оның биіктігі – 105 метр. 97 метр биіктікте көру алаңы орналасқан. Адамдар бұл жерден бүкіл Астананы алақандағыдай анық көреді. Монументте екі лифт жұмыс істейді.

 

5. Төмендегі сұрақтарға өз сөзіңіхзбен толықтырып жауап беріңіз.

 

1. Астана қаласының ауа райын сипаттаңыз.

2. Қаладағы жаңадан іске қосылған денсаулық сақтау мекемелерін білесіз бе?

3. Бәйтерек монументі жайлы не білесіз?

4. Астанадағы жаңа тұрғын үйлер сізге ұнай ма?

 

Үшінші сабақ (3-сағат)

1. Қала үйінің ішкі сипатын айтып шығыңыз. Бұлар қандай бөлмелер?

2. Өзара сөйлесіңіз, барыс және жатыс септіктеріндегі сөздерді атап көрсетіңіз.

- Асқар, сен қалалық тұрғын үй департаментінде жұмыс істейсің бе?

- Иә, менің ол департаментте жұмыс істегеніме 5 жыл болды.

- Тұрғын үйді қалай алуға болады?

- Тұрғын үй мәселесі біздің республикамызда мына жолдармен шешіледі. Олар:

  1. үйді ипотекамен алу;
  2. өз қаражатына сатып алу;
  3. тұрғын үйдің мемлекеттік бағдарламасына қатысу;
  4. жеңілдікпен тұрғын үй алу;
  5. тұрғын үйқұрылысына қатысу.

- Ипотекамен алудың қиындығы неде деп ойлайсың?

- Ол үшін айлық жалақың көп болу керек.

- Мемлекеттік бағдарламамен кімдер пәтер ала алады?

- Қала тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, 55-64 жас аралығындағы қарттар.

- Жеңілдікпен пәтер алушыларға кімдер жатады?

- 65-тен асқан қарттар мен зейнеткерлер, ҰОС-на қатысушылар, мүгедектер, көп балалы отбасылар, асыраушысы жоқ жалғызбасты аналар.

 

3.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Мәтінде қандай мәселе әңгіме болды?

2. Тұрғын үй алудың басты қандай жолдары бар?

3. Зейнеткер адам пәтерді қандай жолмен ала алады?

4. Мұғалімдер мен дәрігерлердің, жалпы бюджет қызметкерлерінің пәтерді қалай алуы мүмкін?

 

4.Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1) Мараттың жалақысы аз болған... ипотекаға пәтер ала алмады.

2) Менің апам жеңілдік... пәтер алудың кезегінде тұр.

3) Біз өз қаражатымыз... пәтер сатып алдық.

4) Көрші ағай университте мемлекеттік бағдарлама... пәтер алды.

5) Үлескерлік... құрылысқа кірудің қаупі бар.

 

5. Асты сызылған сөздер мен сөз тіркестеріне қойылатын сұрақтарды (қалай? қайда? несіне? қандай?) таңдаңыз.

Тұрғын үй департаментінде (істейді)

Ипотекамен (аламын)

Өз қаражатына (алды)

Күнкөрісіне (жетеді)

Статистика бойынша (5-10 пайызы)

Мемлекеттік бағдарлама бойынша (алды)

Үлескерлікпен (алды)

Асыраушысы жоқ (отбасы)

 

БОӨЖ тапсырмасы:

« Үйі бардың күйі бар» деген тақырыпта эссе жазыңыз.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1.Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. Алматы: Ана тілі, 1997. -125 б.

2.Тәуелсіздік толғауы. Астана, 2002. -376 б.

ТӨРТІНШІ САБАҚ (1-САҒАТ)

«Мінез және келбет»

Грамматика. Етістіктің осы және өткен шақ түрлері. Сын есім.

Есіңізге түсіріңіз.

Осы шақ   Өткен шақ  
1. Менің әкем құрылыста жұмыс істеп жүр. 2. Менің анам емханаға бара жатыр. 3. Менің әріптесім департаментте жүр. 4. Біз жылдық есеп жасап жатырмыз. 5. Мен үйге кеш қайтып бара жатырмын. Менің әкем құрылыста жұмыс істеді.   Менің анам емханаға барды. Менің әріптесім департаментте жүрді. Біз жылдық есеп жасадық. Мен үйге кеш қайтты.

 

1.Мәтінді оқып, мағынасын сөздіктің көмегімен ұғып алыңыз.

Мінез – адам сыны

 

Мінездің мәні мен мағынасының ұғымы кең. Ол – адамның бар болмысын, сезімін, көзқарасын қаз қалпында елестетеді.

Адамның мінезі өзгере ме?

Ел ішінде «мінез өзгермейді» деген ұғым бар. Мінез сәбилік пен кәмелеттік жас аралығында отбасының қасиеттеріне сәйкес, ата-ананың үлгісімен, отбасының мәдени-тұрмыстық, әлеуметтік жағдайларында негізін қалайды.

Одан соңғы кезеңде адамдармен қарым-қатынас, қоғам мен орта, еңбек, тіршілік, ізденіс пен талпыныс, сәттілік пен сәтсіздіктің әсерімен тұрақты мінез қалыптасады. Кейде, әсіресе жастық шақта, үлгі тұтқан азаматтарға еліктеп немесе тағдыр тәлкегімен тектілік мінезде жасандылықтың пайда болуы мүмкін. Бірақ ол табиғи бітімге терең сіңбейді. Мінез бұрынғы қалпына тез түседі.

Мінездің көрінісі өте көп. Адамды әр қырынан танытатын мінез екі бағытты: ақылмен астарлас келісті мінез және қым-қиғаш қылықты теріс мінез.

Көңіл шалқытар жадыралық, шабыт шақырар жарқындық, адами ажарды ашу, асаулықты басу – келісті мінез. Ал, тұрлаусыз ауытқымалы, ала көңілді, шиелі, кінәмшіл, қырсыз, қыңыр – теріс, жағымсыз мінез.

Жәрдем Кейкін

Мінез – характер ата –ана үлгісімен – по примеру родителей

Мәдени –тұрмыстық – культурно–бытовой әлеуметтік – социальный

ізденіс, талпыныс – здесь: творчество сәттілік – удача

тағдыр тәлкегімен – по велению судьбы

келісті мінез – безупречный характер

2. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

· Мінез – адамның (ойы, намысы, болмысы).

· Адамның мінезі (өзгереді, өзгермейді).

· Мінез (сәбилік шақта, ержеткенде) негізін қалайды.

· Мінез қарым-қатынас, қоғам мен орта, еңбек, тіршілік, ізденіс пен талпыныс, сәттілік пен сәтсіздіктің әсерімен (өзгереді, тұрақтвнады).

· Жастық шақта тектілік мінезде (жасандылықтың, тұрақтылықтың) пайда болуы мүмкін.

· Жарқын мінез – (келісті, келіссіз) мінез.

 

3.Етістіктерді тиісті шақ формасына қойыңыз.

Інімнің мінезі өзгер.... Мен жұмысымды тиянақты атқарып жүр....Анам қарындасыма сабақ оқытып жатыр....Біздің үй қонақ күтуге дайындал....Біз көршілермен тату тұрып жатыр....Өмірімде сәттілік пен сәтсіздік жиі болып тұр.... Әкемнің келісті мінезі көп адамға үлгі бол....Ағам ешкімге теріс мінез көрсетпе....Жағымсыз мінез оған абырой әпермей жүр....

 

4.Үлгі бойынша сөйлем құраңыз.

Үлгі: Оның мінезі қатал болды, бірақ қайырымсыз емес.

 

Ашушаң ---------------------------------- тез қайтады

Ашық-жарқын -------------------------- көп сөйлейді

Ерке --------------------------------------- кінәмшіл

Пысық ------------------------------------- қыңыр

 

5. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлемдер құраңыз.

Кәмелеттік жас + мінез;

Ата-ана + үлгі;

Сәтсіздік - + ашу;

Еліктеу + жасандылық;

Табиғи бітім + сақталу;

Теріс мінез + жағымсыз.

 

Сын есімдер заттың түрін, түсін, сипатын білдіреді, қандай? Қай? Деген сұрақтарға жауап береді. Сын есімдер негізгі және туынды болып екіге бөлінеді. Негізгі сын есімдер түбір сөзден жасалады. М: ақ, қара, жақсы, жаман, т.б. Туынды сын есімдер кез келген сөз табына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады. Туынды сын иесімнің жұрнақтары: -ты, -ті, -ды, -ді, -лы, -лі. (қарлы, құмды, атақты); -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік (жастық, балалық,адалдық);  

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 90 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Хабарландыру ... туралы 3 страница| Хабарландыру ... туралы 5 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.04 сек.)