Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Саяси социологияның пайда болуы мен дамуы

Маргарет Арчердің морфогенез теориясы | Энтони Гидденстің құрылымдық теориясы | Нил Флигстайнның жаңа институционализм теориясының сараптамасы | ІІІ бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫ | Экономикалық социология пәні | Нарық социологиясы | Кәсіпкерлік социологиясы | Шаруашылық ұйым социологиясы | Категориясы ретінде | Билікке түсінік беру |


Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ
  2. Африканың геосаяси және әкімшілік бөлінуі
  3. В. П. Горячкинның рационалдық формуласы. Соқаның пайдалы әсер коэффициенті
  4. Дін социологиясының қалыптасуы мен дамуы
  5. Ежелгі Үндістанның әлеуметтік-саяси көзқарастары
  6. І Тақырып: Мемлекет және құқықтың пайда болуы
  7. Л. Н. Гумилев еуразияшылдық идеясының дамуына қосқан үлесі.

 

Маманданған сала ретінде саяси социология (саясат социологиясы) ХХ ғасырдың 30-50 жылдары орныға бастады. Саяси социологияның алғы шарты - саясаттану ғылымы жеке академиялық пән ретінде бұрынырақ қалыптасты: оның алғашқы кафедралары Батыс Еуропада және АҚШ-та ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болды. Саясаттың пәндік саласы мен социологиялық көрісі ежелгі грек ойшылдары, атап айтқанда, Платон, Аристотель тарапынан айқындалған еді. Соңғысы мемлекеттің социологиялық теориясының негізін құруға ерекше үлес қосты және саяси социологияның ең жақын туысы - саясаттану ғылымының идеясы мен бірқатар принциптерін қалыптастырады. Әрі қарай саясат пен мемлекетті социологиялық түсінудің түрлі аспектілерін Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гобсс, Ш.Л.Монтескье, А.Токвиль және басқалар қарастырды. Саяси социологияның қалыптасуына мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы айырмашылықтарды ашушылар шешуші үлес қосты. Оның өкілдері француз және неміс энциклопедистері К.А.Сен-Симон, Дж. Локк, А.Фергюссон және Гегель болды. Кейін ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап социология жеке пән болып дамыды. Жоғарыда айтылған мемлекет пен азаматтық қоғам арасын айырып алу, саясатты оны әлеуметтік саласымен өзара әрекеттесуі арқылы зерттеуге алғышарттар жасап берді. Мұндай алғышарттар Батыс социологиясында М.Вебер тарапынан, элита тұжырымдамасын жасаушылар (В.Парето, Г.Моска), саяси партия тұжырымдамасы өкілдері (Р.Михельс, М.Острогорский), мүдделі топтар және қысым көрсетуші топтар тұжырымдамасының өкілдері (А.Бентли, Д.Трумен), саяси зерттеулердің эмпирикалық мектебі немесе “чикаго мектебі” өкілдері (Ч.Мерриам, Г.Лассуэл, Г.Госкел және басқалар) және басқа бірқатар мектептер мен бағыттардың өкілдері тарапынан іс жүзіне жүзеге асырылды.

Батыста саяси социологияның қалыптасуы жалпы социологияның дамуымен және саясаттану ғылымымен өзара бәсекелестікте даму нәтижесінде іске асты. Саяси социология осы екі пәннің проблематикасы мен ыңғайларын байланыстырушы ғылыми білімнің саласы ретінде пайда болды. Мысалы, құрылымдық-функциялық және Т.Парсонстың әлеуметтік жүйе теориясы мен оның жалпы социологиядағы жақтаушылары (сонымен қоса құрылымдық- функциялықтың көптеген түрлері) саяси жүйе теориясында саяси социологиямен үндес, ал социологияның институттандырылуы, әлеуметтендірілуі, әлеуметтік жіктелуі және әлеуметтік дамуы сияқты негізгі ұғымдары мен тұжырымдамалары саясаттандырылады немесе саяси институттандырылуына, саяси әлеуметтену, саясатты саралау құралдарына айналады.

Саясатты зерттеуші социологтар саясатты, әлеуметтік құрылымды, формальді емес әлеуметтік институттарды, қоғамдық пікір мен жүріс-тұрысты, әлеуметтік-саяси процестер, нормалар мен қатынастардың бүкіл кешенін талдау арқылы қарастыруды, тұлға мен кіші топты, олардың психологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттамаларын т.б. толық күйде зерттеу арқылы ұсынды.

Жалпы саяси социологияның дамуымен олардың функциялары ретінде жаңа білімнің генерациясы, алынуы (танымдық), саяси шешімдерді ақпараттық қамтамасыз ету, саяси тұрақтылықты қолдау (тәжірибелік-саяси), саяси әлеуметтенуге қол ұшын беру (тәрбие-дүниетанымдық) және басқалар қалыптасты. Саяси социология әлеуметтік саяси өрлеудің және қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымының ең дұрыс үлгісін анықтау мен іздеуде нақты міндеттерді шеше алатын болды, саяси идея мен мұраттарды, саяси нормалар мен әдет-ғұрыптарды, саяси ақпарат пен білімді таратуды, саяси қатынастар мен байланысты, әлеуметтік өзара байланыстар, тәуелділіктер, құбылыстар мен процестер жалпы білімдерді тереңдете түсуді, осының бәрін ортақ социологиялық білім ретінде байыта түсуді іске асыра бастады.

Саяси социология қазіргі уақытта әлеуметтік өзгерістердің саяси салдарын, саяси инститтутардың әлеуметтік процестер мен құрылымдарға әсер етуін зерттеп біледі, тұлға мен қоғамның өзара әрекеттесу мәселесін қарастырады. Саяси социологияның орталық мәселелері әлеуметтік қауымдастықтардың өзара әрекеттесуі саяси институттардың қызмет атқару тәсілдері сипаты қалайша көрініс береді, құрылымның тұрақтылығына саяси шектеу қандай деңгейде әсер етеді, қауымдастықтардың институттану процестерінің сипаты қоғамдағы мәртебесін қалай өзгертеді және саяси тәртіптің әлеуметтік базасы қандай деген сұрақтарға жауап береді.


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 129 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тарау. САЯСИ СОЦИОЛОГИЯ| Саясаттану және саяси-әлеуметтік пікір алысулардың айырмашылығы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)