|
$$$001
***
Мына жүйке зақымданғанда амавроз дамиды:
A)Көру трактысы
B)Иіс сезу трактысы
C)Көру төмпешігі
+D)Көру нервісі
E)Ішкі капсула
$$$002
Қарашықтардың әр түрлі болуы аталады:
A)Миоз
+B)Анизокория
C)Мидриаз
D)Амблиопия
E)Амавроз
$$$003
68 жастағы әйел адамда ми инсульты дамыды. Неврологиялық статуста: оң жақты гемиплегия, гемианестезия және гемианопсия. Патологиялық ошақ қайда орналасқан:
A)Маңдай бөлігі сол жақтан
B)Маңдай бөлігі оң жақтан
+C)Ішкі капсула сол жақтан
D)Ішкі капсула оң жақтан
E)Ми бағаны
$$$004
Науқаста дерттің нәтижесінде жүрген кезде атаксия, саусақ-мұрын және тізе-өкше сынамасын жасағанда интенционды тремор, оңға қарағанда нистагм пайда болды. Бұл клиника оң жақтан айқын көрінеді. Ромберг позасында науқас оңға құлайды. Патологиялық ошақ орнын көрсет:
A)Мишық құрты
B)Мишықтың сол жақ шар жартысы
+C) Мишықтың оң жақ шар жартысы
D)Мищықтың жоғарғы аяқшалары
E) Мищықтың төменгі аяқшалары
$$$005
Науқаста кенеттен басының ауру сезімі, құсу, жүрек айну симптомдары пайда болды. Объективті тексергенде: горизонтальді нистагм, солға қарағанда айқын, сол жақтан адиадохокинез, скандирленген сөйлеу, атаксия, Ромберг позасында солға құлайды. Зақымданған ошақ аймағын тап:
+A)Мишықтың сол жақ жарты шары
B)Мишықтың жоғарғы аяқшалары
C) Мишықтың төменгі аяқшалары
D) Мишықтың оң жақ жарты шары
E)Мишық құрты
$$$006
42 жасар ер адам, 3 жыл бұрын бас-ми жарақатын алды. Жүрісінің бұзылуына, оң жақ қол мен аяғының қозғалыстарының бұзылысына шағымданады. Қарағанда – орталық тип бойынша оң жақты пирамидалы жетіспеушілік, координаторлы сынамаларды сол жақтан интенциямен жүргізеді, адиадохокинез сол жақтан, сол жақтан бұлщықет гипотониясы. Зақымданған құрылымдарды көрсет:
A)Жұлын-церебелярлы жол сол жақтан, руброспинальды оң жақтан
B)Алдыңғы ортаңғы иірім сол жақтан, сол жақты маңдай-мишықты жол
C) Алдыңғы ортаңғы иірім оң жақтан, оң жақты маңдай-мишықты жол
D)Жұлын-церебелярлы жол оң жақтан, руброспинальды сол жақтан
+E) Алдыңғы ортаңғы иірім сол жақтан, мишықтың сол жақ жарты шары
$$$007
Науқаста атаксия, оң жақтан интенционный тремор, адиадохокинез, горизонтальды нистагм. Зақымдану ошақ қайда орналасқан:
A)Мишық құрты
B)Оң жақ ми аяқшасы
C)Мишықтың сол жақ жарты шары
+D)Мишықтың оң жақ жарты шары
E)Сол жақ алдыңғы ортаңғы иірім
$$$008
Гипертониялық аурумен ауыратын 54 жасар ер адамда кенеттен сөйлеу қабілетінің бұзылуы байқалды. Оған айтқан сөзді түсінеді, қарапайым инструкцияларды орындайды, экспрессивті сөйлеу қабілеті тежелген. Қандай аймақ зақымданған:
+A)Брок аймағы
B)Вернике аймағы
C)Шетүстілік иірім
D)Аралшық
E)Супрамаргинальды иірім
$$$009
48 жасар ер адам, оң жақ шайнау бұлшықеттерінің әлсіздігіне шағымданады. 1 жыл көлемінде ауырады. Объективті: ауызын ашқанда төменгі жақ оң жаққа ығысады. Оң жақ шайнау бұлшықеттерінің гипотрофиясы және гипотониясы. Төменгі жақ рефлекстері оң жақтан төмендеген. Сезімталдық бетте сақталған. Патологиялық процесстің орналасқан жері:
A)Тілжұтқыншақ нервтің оң жақ қозғалыс ядролары
+B) Үшкіл нервтің оң жақ қозғалыс ядролары
C)Үшкіл нервтің III тармағы
D)Бет нервісі оң жақтан
E)Кезбе нерв оң жақтан
$$$010
Әйел адам, 43 жасар, невропатологқа бетінің асимметриясына шағымданады. Жуынып жатқанда байқады: ауыз қуысында суды ұстай алмайды, ұртын үрлей алмайды. Өзінің ауруын суықпен байланыстырады. Объективті: көз саңылауы сол жақтан ұлғайған, көзі жабылмайды. Қасын түйгенде қыртыс пайда болмайды. Сол жақ мұрын-ерін бұрышы тегістелген. Белл симптомы сол жақтан оң. Көзінен жас ағады. Қасүсті рефлексі сол жақтан шақырылмайды. Мишықтық симптомдар және сезімталдық бұзылыстар анықталмайды. Науқаста қандай диагноз:
A)Үшкіл нервтің невропатиясы
B)Кезбе нервтің невропатиясы
C)Тілжұтқыншақ нервтің невропатиясы
+D)Бет нервтің невропатиясы
E)Тіласты нервтің невропатиясы
$$$011
8 жасар қыздың анасы дәрігерге мынадай шағымдармен келді: соңғы 3 ай көлемінде қызы нашар оқи бастады. Сабақ үстінде қызда периодты түрде қатып қалған көзқарас, сол уақытта сұраққа жауап бермейді, өзінің атына тіл қатпайды. Талмалар еш уақытта болмаған. Неврологиялық қарауда ешқандай бұзылыс байқалмады. Науқаста қандай диагноз болуы мүмкін:
+A)Абсанстар
B)Синкопальды жағдайлар
C)Тәрбие дефектісі
D)Талу
E)Джексонды талмалар
$$$012
26 жасар ер кісі емханаға айына 1-2 рет болатын талмаға шағымданып келді. Талмалар 6 ай көлемінде. Талмалар өздігінен пайда болады. Туыстары науқас талма болған кезде құлайтынын, денесі тырысып қалатынын айтады, кейін талма пайда болатынын, тілін тістейтінін, еріксіз зәр шығаратынын айтады. Клиникалық зерттеулерден кейін диагноз қойылып, ем тағайындалды. Қандай дәрілік заттар қолданған дұрыс:
A)Диакарб
B)Преднизолон
+C)Депакин
D)Энцефабол
E)Прозерин
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 177 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Каз хирургические болезни | | | Жұқпалы аурулар қаз |