Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЖТД Неврологиясы_каз.

Жалпы дәрігерлік тәжірбие | Ішкі аурулар ЖТД_каз. | Е) Фиброэзофагогастродуоденоскопия | ЖТД балалар ауруы | Акушерия және гинекология (ЖТД)_каз | Аз_Онкология ОВП _каз | Каз хирургические болезни | Неврология» 06_ | Жұқпалы аурулар қаз | Жалпы дәрігерлік тәжірибе_ каз |


$$$001

Қандай нейрон немесе ағзаның зақымдалуы бұлшықет гипотрофиясымен сипатталады?

A) Орталықтанған қимыл нейроны

+B) Перифериялық қимыл нейроны

C) Мишық

D) Ішкі капсула

E) Алдыңғы ортылық қатпар

$$$002

Төменде келтірілген рефлекстердің қайсысы бүгілу типіндегі негізгі патологиялық рефлекс болып табылады?

А) Бабинский

В) Оппенгейм

+С) Россолимо

D) Гордон

E) Чеддок

$$$003

Ауылдық амбулаторияның қабылдау бөлімшесіне 42 жастағы ер кісі жеткізілді, эмоциональды күйзелістен кейін есін жоғалтқан. Объективті: беті қызарған. Артериальды қысымы 170/100 мм сын. бағ, Керниг және Брудзинский симптомдары екі жақты оң. Жарыққа қарашықтың реакциясы жоғалған. Беті симметриялық, тілі ортаңғы сызық бойымен. Тонусы өзгермеген, рефлексте біркелкі екіжақты жоғарылаған.

Қандай ауру осы аурудың дамуына алып келді?

А) Жүректің ишемиялық ауруы

+B) Бас ми тамырларының аневризмасы

C) Анемия

D) Қант диабеті

E) Ревматизм

$$$004

42 жастағы ер кісі, естуінің төмендеуіне, құлағындағы шуылға, сыбырлаған сөздерді нашар естуіне, кезеңдік бас ауруына, бас айналуына шағымданып қаралды. 7 жыл аралығында экскаваторда машинист болып жұмыс жасайды. Қарап тексергенде: естудің әлсіз төмендеуі – сыбырлаған сөздерді екі метрлік қашықтықтан қабылдайды. Басқа бұзылыстар анықталмады.

Қандай алдын ала қойылатын диагноз дұрыс?

А) Вибрационды ауру.

+B) Профессиональды кереңдік.

C) Меньер ауруы

D) Миелит

E) Энцефаломиелит

$$$005

43 жастағы ер кісі тер шаршағыштыққа, жүрек соғуының жиілеу ұстамаларына, ауа жетпеу сезіміне, қозғыштыққа, кезеңдік қатты бас ауруына, бас айналуына, жалпы жүдеуіне, әсіресе иық және қолының жүдеуіне шағымданып қаралды. 12 жыл бойы шахтада бұрғышы болып жұмыс истейді. Қарап тексергенде: науқас астенизирленген, саусақтар мен табанның акроцианозы. Сухожильды рефлекстері біркелкі төмендеген. Барлық сезімталдық түрлерінің бұзылыстары, әсіресе айқын вибрационды. Ромберг қалпында тұрақсыз. Координаторлық сынамасы жеңіл интенциямен.

Қандай алдын ала қойылатын диагноз дұрыс?

А) Гийена-Барре синдромы

B) Бүйірлі амиотрофиялық склероз

+C) Вибрационды ауру

D) Полиомиелит

E) Сәулелік ауру

$$$006

37 жастағы ер кісі, естудің төмендеуіне, сыбырлаған сөздерді нашар естиді, сөйлесу кезіндегі жақсы қабылдаумен, кезеңдік бас ауруына, бас айналуына шағымданып қаралды. 9 жыл бойы авиационды моторист болып жұмыс жасайды. Қарап тексергенде: естудің әлсіз төмендеуі, сыбырлау сөздерін екі метрлік аралықтан қабылдайды. Басқа бұзылыстар анықталмады.

Қандай алдын алу диагнозы дұрыс?

+A) Кохлеарлы неврит

B) Меньер ауруы

C) Миелит

D) Энцефаломиелит

E) Омыртқаның мойын бөлімінің остеохондрозы

$$$007

63 жастағы ер кісі. Ертеңгісін ұйқыдан кейін, бас айналуы мен сол қолы мен аяғындағы әлсіздікті сезінген. Әлсіздік үдеген және үш күн аралығында сол аяқ қолының салдануы пайда болған, сонымен қатар оң көзімен көруі нашарланған. Объективті: АҚ 110/70 мм сын. бағ. Пульс жүйелі минутына 80 соққы, толуы мен қуаты қанағаттанарлық. Жүрек үндері көмескі. Оң жақ ұйқы артериясының соққысы төмендеген. Сол жақ мұрын ерін қатпары тегістелген, тілін сыртөа шығарғанда солға қисайған. Сол жағының аяқ қолының белсенді қимылы шектелген, ондағы білектің бүгілу және жіліншіктің жазылу бұлшықеттерінің тонусы жоғарылаған. Сол жақты Бабинский патологиялық рефлексі шақырылады.

Қандай топикалық диагноз дқрыс?

A) Мидың сол жақ жарты шары зақымданған және оң көру нерві

B) Ми қабықтары зақымдалған

C) Екі жарты шар да зақымдалған және сол жақ көру нерві

+D) Бас миының оң жақ жарты шары зақымдалған және оң көру нерві

E) Бас миының қытысы зақымдалған

$$$008

Науқас 25 жаста, ағаш кесуші. Көктемде орманда жұмыс жасап жүріп, кене шағуына жол беріп, оған мән бермеген. 10 күннен кейін кенеттен бас ауруы, жүрек айнуы, құсу пайда болған. Дене қызуының 39°жоғарылауы, қалтырау, мойын аймағында ауру сезімі пайда болған. Тұмауратқан науқас ретінде амбулаторлық жағдайда ем қабылдаған. Науқастың жағдайы нашарлаған және 2—3 күннен кейін қолында және мойын бұлшықетінде әлсіздік пайда болған. Неврологиялық статусында: мойын және қол бұлшықеттерінің әлсіз салдануы.

Қандай алдын ала қойылатын диагноз дұрыс?

А) Масалық энцефалит

B) Экономо энцефалиті

+C) Кенелік энцефалит

D) Тұмаулық энцефалит

E) Шильдер лейкоэнцефалиті

$$$009

33 жастағы әйел кісі оң жақ білегіндегі күйдіретін сипаттағы ауру сезіміне, жұмыс кезінде оның күшеюіне шағымданып қаралды. Жоғарыда айтылған шағымдар 2-3 апта аралығында мазалайды. Қарап тексеруде: бұлшықет және оның беку орны ауру сезімімен, ісінуі анықталады, крепитациясы, оң иық буынының қимылы шектелген.

Қандай алдын ала қойылатын диагноз дұрыс?

А) Бүйірлі амиотрофиялық склероз

+B) Миозит

C) Миастения

D) Плексит

E) Миелит

$$$010

46 жастағы ер кісі. Соңғы 1,5 жыл бойы қолындағы ауру сезімі және парестезиялар, жалпы жүдеу, кезеңдік бас ауруы, бас айналуы, ашуланшақтығы мазалайды. Көңіл күйі кешке қарай нашарлайды. 10 жыл аралығында құрылыста бетонщик болып жұмыс жасайды. Қарау кезінде: қолындағы беткей және терең сезімталдықтың төмендеуі, сіңірлік рефлекстердің төмендеуі анықталады. Ромберг қалпында теңселу.

Қандай алдын ала қоятын диагноз ең ықтимал?

А) Миастения

+B) Вибрационды ауру

C) Паркинсонизм

D) Полинейропатия

E) Гиена-Барре синдромы

$$$011

38 жастағы әйел кісі лет, жедел ауырды, тұмаудан кейін сол төменгі жақ аймағындағы ауру сезімі пайда болды, ұстама тәрізді сипатта, ұзақтығы 2-3 сек. Ұстамалар сөйлеу кезінде, түшкіргенде, шайнау және жуынғанда күшейеді.

Неврологиялық статусында: ауру сезімі оң жақты V нервтің III бұтағының шығу нүктесінде, курковая зона сол жақты ауыз бұрышында. Басқа неврологиялық симптоматика жоқ. Көз түбі патологиясыз. Бас миының МРТ патологиясыз.

Қандай препарат тағайындау ең ықтимал?

A) Циклодол

B) Клоназепам

+C) Финлепсин

D) Глицин

E) Фенозепам

$$$012

42 жастағы әйел кісі, жедел ауырды, суықтанудан кейін беті қисайған, оң көзін жұму мүмкін емес, оң жақ құлақ артындағы аймақта ауру сезімі пайда болған.

Неврологиялық статусында: оң жақ маңдай қатпары тегістелген, лагофтальм, Белла симптомы, оң көзінен жас ағу, оң жақ бетінің жартысында қимыл шектелген (маңдай, қас, жақтары),оң ауыз бұрышы түскен, ауыз ақсайту кезінде оң ауыз бұрышы қимылсыз.

Қандай препарат тағайындау бірінші кезекте?

A) Антибиотиктер

B) Кортикостероидтар+

C) Тамырлық

D) Вирусқа қарсы

E) Диуретиктер

$$$012

25 жастағы ер кісі. Өткерген отиттан кйін, беті қисайған, сол жақ құлақ арты аймағында ауру сезімі пайда болған. Ертеде ештеңемен ауырмаған.

Неврологиялық статусында: сол жақ маңдай қатпары тегістелген, көз қатпары S>D, сол жақ ауыз бұрышы түскен, аузын ақсайту кезінде ауыз бұрышы қимылсыз, сол көзінен жас ағады. Басқа неврологиялық симптоматика анықталмады.

Лайықты емді тағайындаңыз.

Қандай препарат тағайындау лайықты?

А) Финлепсин

В) Пирацетам

С) Маннитол

+D) Дексаметазон

Е) Мексидол

$$$013

27 жастағы ер кісі, клиникаға сол бетінің жартысының ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданып түсті. Ауру сезімі кенеттен, күйдіретін, ұстаманың ұзақтыңы бірнеше секундтан минутқа дейін. Ауру сезімі сол жақ жоғарғы ерін аймаңынан басталады, шайнаумен, жуынғанда, қырынғанда күшейеді. Ауру сезімі гиперемиямен, сол жақты жас ағумен жүреді.

Қандай препарат тағайындау бірінші кезекте?

А) Актовегин

+В) Карбамазепин

С) Тиамин

D) Церебролизин

Е) Милдронат

$$$014

56 жастағы ер кісі, кенеттен эмоциональды жүктемеден кейін оң аяқ қолындағы әлсіздікті және жансыздануды, сөйлеудің қиындауын сезінді. Көп жылдар бойы артериальды қысымның жоғарғы сандарымен жүретін гипертониялық аурумен ауырады.

Неврологиялық статусында: моторлы афазия элементтері, оң жақты мұрын ерін қатпары тегістелген, тілі оң жаққа қисайған, жеңіл оң жақты гемипарез. Барлық көрсетілген белгілер үш сағаттың ішінде шешілген.

Қандай тактика жүргізу дұрыс?

А) Жоспарлы түрде стационарға госпитализация

+В) Шұғыл түрде стационарға госпитализация

C) Амбулаторлы жағдайда ем алу

D) Хирургиялық ем

Е) Жоспарлы түрде поликлиникаға қаралу

$$$015

57жастағы ер кісі ертеңгісін кенеттен артериальды қысымның 150 /100 мм рт.ст. жоғарылау фонында пайда болған қатты бас ауруына, құсуға, оң аяқ қолының жансыздануына және ілсіздігіне, сөйлеудің бұзылуына шағымданады. Объективті АҚ- 200/115 мм рт. ст., пульс – минутына 94 соққы. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 3 көлденең саусақпен, Керниг және Брудзинский симптомдары екі жақты. Бет және оң жақты тіл мимикалық бұлшықеттерінің орталық салдануы, тонусы мен рефлекстердің жоғарылауымен оң жақты гемиплегия және гемигипестезия.

Қандай препарат тағайындау ең лайықты?

A) Сульфат магния+

B) Гепарин

C) Аспирин

D) Теофиллин

E) Пентоксифиллин

$$$016

33жастағы ер кісі, қатты бас ауруына, бас айналуы шағымдарымен жеткізілді. Қарау кезінде: шүйде бұлышқеттірінің ригидтілігі, Керниг симптомы, жалып интоксикация көріністері, қандағы Вассерман реакциясы оң, ликворда лимфоцитарлы плеоцитоз.

Бұл жағдайда қандай емдік тактика ең лайықты?

А) Преднизолон

В) Изониазид

С) Грамицидин

+D) Пенициллин

E) Тетрациклин

$$$017

40 жастағы әйел кісі, кенеттен ауырды, өткерген тонзиллиттан кейін, толқын тәрізді қызба, петехиальды бөртпе, мұрнынан қан ағу, жалпы улану көріністері, буындарындағы ауру сезімі мазалаған. Неврологиялық статусында: есінде, сұрақтарға әлсіз жауап береді. Горизонтальды нистагм. Бұлшықет тонусы төмендеген. Гипергидроз түріндегі айқын вегетативті бұзылыстар, аяқ қолдың акроцианозы. Райт-Хеддельсон реакциясы оң нәтижелі.

Қандай препарат тағайындаған бірінші ретті болып табылады?

А) Преднизолон

+В) Рифампици

С) Изониазид

D) Маннитол

E) Тиамин

$$$018

34 жасар ер кісі, дене қызуының 37,5° градусқа жоғарылауымен, айқын бас ауруына, бас айналуына, тәбетінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуына шағымданып қаралды. Симптомдар 2 апта ағымында пайда болды және біртіндеп күшейді. Неврологиялық статусында: сол жақты айқаспалы қылилық, сол жаққа қарағандағы диплопия, шүйде бұлшықетінің ригидтілігі 3см, Керниг симптомы 120°градуспен, аяқ қолдың салданулары жоқ.

Осы жағдайда қандай емдік тактика ең лайықты?

А) Терапевтикалық бөлімшеге жатқызу.

В) Пульмонологиялық бөлімшеге жатқызу.

+С) Арнайы емдік мекемеге жатқызу.

D) Емді амбулаторлы жүргізу

Е) Инфекционды ауруханаға жатқызу

$$$019

43 жастағы ер кісіде, толық дені сау фонда дене қызуының 38° градусқа жоғарылауы, бас ауруы және құсу, көз алмасында ауру сезімі пайда болды.

Неврологиялық статусында: қарашықтары D=S, Манн-Гуревич симптомы оң, шүйде бұлшықетінің ригидтілігі 2 см, Керниг симптомы 120°градуспен, ошақты неврологиялық симптоматика анықталмады.

Қандай терапия тағайындау бірінші кезекте болып табылады?

+А) Вирусқа қарсы терапия

В) Дегидратационды терапия

С) Гипотензивті терапия

D) Антибактериальды теапия

E) Антигистаминдітерапия

$$$020

33 жастағы ер кісі жұмысқа барар жолда, жығылып, құлады, желкесімен бордюрға басын соғып алды. Есін бірнеше секундқа жоғалтқан, өздігінен тұрып, жұмысқа жеткен, жұмысында бір сағаттан кейін қатты бас ауруы, бас айналуы және жүрек айнуы пайда болған. Медпунктке қаралды. Қарау кезінде: жұмсақ тіндердің жарақаттары жоқ. Пульсі ритмді, мин 82 соққы., АҚ—110/70 мм.рт.ст. Есі анық. Өзін ұстауы дұрыс. Есте сақтауы сақталған. Менингеальды және ошақты неврологиялық симптомдар жоқ. Қандай диагностикалық әдіс бірінші ретте тағайындалады?

А) Люмбальды пункция

В) Ульразвуковая доплерография

+С) Компьютерная томография

D) Допплерография

Е) Реоэнцефалография

 

$$$001

22 жастағы әйел, емхана дәрігеріне ауыруының 3 ші күні ауызының құрғауына, заттардың екі еселеніп көрінуіне, көру қабілетінің нашарлауына, жутынудың қиындауына, қақалуына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. 3 күн бұрын қонақта салат, кәуап, үйде жасалған консервіленген шұжық жеген. Келесі күні әлсіздік, ауызының құрғауы, эпигастрии аймағында ауырсыну, 2 рет құсу болған. Көз алдында “тор”, заттардың екі еселеніп көрінуі, жұтынудың қиындауы, даусының қарлығуы пайда болғанын байқаған. Қарап тексергенде: есі анық, екі қабақта птоз, мидриаз. Сұйық тағамды жұтуы қиындаған, тамағында жайсыздық сезінеді.

Ең ықтимал диагноз?

+А) Ботулизм

B) Мидың ісігі

C) Гипертониялық криз

D) Тағамдық токсикоинфекция

E) Ми қан айналымының жедел бұзылысы

$$$002

28 жастағы ер адам, ауруының 2-ші күні терапевт дәрігеріне қаралған. Шағымдары: іштің толғақ тәрізді ауруы, жүрек айну, бастың ауруы, тәулігіне 10 рет сүйық нәжіс болуына, тенезмдер, жалған шақырулар. Қарап тексергенде: дене қызуы - 38,0°С, АҚҚ 90/60 мм с.бағ, пульс -110 рет/мин. Іштің пальпациясы кезінде: іштің сол жақ мықын бөлігінде ауырсыну, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті шырышпен қан аралас, нәжізсіз. ЖҚА: эр.-4,0х1012 /л, НЬ -145 г/л, лейк.-11,4x109/л, э – 1%, п– 6%, с – 75%, л – 18%, м - 5. ЭТЖ – 17мм/с.

Қай диагноз ең ықтимал болады?

A) Тырысқақ

B) Салмонеллез

+C) Жедел дизентерия

D) Тағамдық токсикоинфекция

E) Жедел гастроэнтероколит

$$$003

Жасөспірім 17 жаста учаскелік терапевтке ауыруының 5-ші күні мынандай шағымдармен келген: тамақтың ауруына, жұтыну кезінде күшейуіне, бас ауру, жүрек айну, айқын әлсіздік, буындардағы ауыру сезіміне, зәрінің қоңыр түсті болып өзгеруіне. Қарап тексергенде: дене қызуы 38,5° С. Тері жабындылары, склерасы сарғыштанған, мойын˗жақ астық лимфа түйіндері пальпацияланады, аңқасы – қызарып, бадамша бездері ұлғайған, лакуналары іріңді жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астының ауру сезімі, бауыр қабырға доғасынан 2,0-2,5см шыққан, консистенциясы тығыз.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал болады?

A) Листериоз

B) Иерсиниоз

C) Лептоспироз

D) Вирусный гепатит

+E) Жұқпалы мононуклеоз

$$$004

17 жастағы жасөспірім емханадағы дәрігер-инфекционистке қаралды. Әлсіздікке, дене температурасының жоғарлауына, тәбеттің төмендеуіне, құсуға шағымданады. Бүгін, ауыруының 8 күнінде терісіндегі және склерасындағы сарғаюды байқаған, жалпы жағдайы жақсарып, тәбеті ашылған. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары аздап сарғайған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты ауру сезімді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады. Зәр түсі қоңыр, нәжісі түссізденген. Қанның биохимиялық анализі: АЛТ - 460 ммоль/л, АСТ - 254 ммоль/л, жалпы билирубин - 65.0 ммоль/л, тікелей - 52 ммоль/л. ИФА: a-HAVIgМ оң. Амбулаторлық ем тағайындалған.

Қандай ем шарасы базистік терапия құрамына кіреді?

A) Серотерапия

B) Антибиотикотерапия

C) Вирусқа қарсы терапия

+D) Оральді дезинтоксикация

E) Өт айдайтын препараттарды қабылдау

$$$005

Ер адам бірнеше жылдан бері емханада «Созылмалы вирусты гепатит С» диагнозымен есепте тұрады.

Қандай синдром созылмалы HСV-инфекциясының бауырдан тыс көріністеріне жатады?

A) Калькулезді холецистит

B) Криглер-Найяр синдромы

+C) Аутоиммунды тиреоидит

D) Өкпе туберкулезі

E) Өт шығу жолдары дискинезиясы

$$$006

35 жастағы ер адам, бастың қатты ауыруына, дене қызуының жоғарылауына, ұйқының бұзылуына, тәбеттің жоғалуына шағымданып учәсткелік дәрігерді үйіне шақыртты. Анамнезде: ауру бір апта бұрын әлсіздік, субфебрильді қызба, бас ауруының біртіндеп өршуінен басталған. Кеше дене қызуы 39,0-40,0ºС-қа дейін жоғарылап, 3 рет іші өткен. Қарап тексергенде: әлсіз, тежелген. Тері жабындылары бозғылт, іш аймағында – бірең-сараң қызғылт түсті бөртпе элементтері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі – 78 рет/мин. ҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, сұр-қоңыр жабындымен жабылған. Іші кепкен.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Ку-қызбасы

+B) Іш сүзегі

D) Кенелік бөртпе сүзегі

E) Эпидемиялық бөртпе сүзегі

D) Солтүстік Азияның кенелік сүзегі

$$$007

32 жастағы ер адам Ақбұлақ ауылындағы амбулатория дәрігеріне қаралған. Шағымдары: дене қызуының 39ºС-қа жоғарылауы, ірі буындарының ауыру сезімі, тершеңдік. Анамнезде: Бір ай бойы ауырады – кейде ыстық сезінген (температурасын өлшемеген), айқын тершеңдік мазалаған. Сүт фермасында жүргізуші болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: тері жабындылары ылғалды, қолтық асты, шап лимфа түйіндері үлкейген. Бауырының төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Буындары өзгермеген. Гиперемия мен жергілікті ыстық жоқ.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Безгек

+B) Бруцеллез

C) Иерсиниоз

D) Іш сүзегі

E) Ку-қызбасы

$$$008

20 жастағы ер адам, 25-ші маусымда емханаға айқын қалтыраудан басталатын және тершеңдікпен аяқталатын, дене қызуының ұстама тәрізді 39-40ºС-қа дейін жоғарылауына шағымданып келген. Дәрігерге келген күні науқастың дене қызуы – 36,9ºС. Тері жабындылары бозғылт, маса шағуының іздері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Анамнезінде: қазіргі кезде жұмыс істемейді. Бір ай бұрын Ауғанстанда ұлтаралық парызын орындағын әскери бөлімінен оралған.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Грипп

+B) Безгек

C) Лептоспироз

D) Ку-қызбасы

E) Кенелік бөртпе сүзегі

$$$009

23 жастағы ер адам емханаға әлсіздікке, дене салмағының төмендеуіне, 20 күн бойы дене қызуының 37,3°С-қа дейін жоғарылауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: ауыз қуысында кандидоз, полилимфаденопатия. Анамнезінен: соңғы жылдары пневмониямен, белдемелі герпеспен ауырған. Бір жыл бұрын жыныстық жолдасын өгерткен, пассивті гомосексуалист. Дәрігер науқаста АИВ-инфекциясы бар екеніне күдіктенді.

Науқаста аурудың қандай клиникалық сатын болжамдайсын (ДДҰ жіктелуі бойынша):

A) I (бірінші)

B) II (екінші)

+C) III (үшінші)

D) IV (төртінші)

E) Терминальді

$$$010

42 жастағы ер адам, Маңғыстау облысының тұрғыны. Дәрігерді үйіне мынандай шағымдармен шақыртты. Дене қызуының 39°-40°С-қа жоғарылауы, қалтырау, бүкіл денесінің қақсап ауруы, қатты бастың ауруы, оң жақ кеудесінің ауруына, құрғақ жөтел мазалайтындығын айтты. Ауру жедел, кеше кешкісін басталған. 3-күн бұрын түйе союға қатысып, қолын жарақаттап алған. Қарап тексергенде: науқастың жағдайы ауыр. Тыныс алу жиілігі минутына – 30 рет. Пульсі – 140 рет/мин., АҚҚ-90/60 мм с.б. Өкпесінің оң жағында жайылған құрғақ сырылдар. Гемограммада: лейкоциттер –32 х109/л, т/я нейтроф.-14%, с/т нейтроф – 82%, лимф. – 2%, мон. -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

+A) Оба

B) Грипп

C) Бруцеллез

D) Пастереллез

E) Ку-қызбасы

$$$011

Суретте көрсетілген біріншілік терілік аффект қай жұқпалы ауруға тән?

 

A) Оба

B) Листериоз

C) Туляремия

D) Пастереллез

+E) Сібір жарасы

$$$012

36 жастағы ер адам тоқтаусыз құсу, іштің өтуі, шөлдеу шағымдарымен үйіне емханадан дәрігер шақырған. Қарап тексергенде: дене қызуы – 36,0°С, әлсіз. АҚҚ – 80/60 мм с.б. тамыр соғысы минутына – 105 рет. Даусы қарлыққан. Тері тургоры төмендеген. Іші кіріңкі, ауырмайды. Үлкен дәреті сұйық, күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз.

Науқаста қандай асқыну дамуы ықтимал?

+A) Гиповолемиялық шок

B) Ішек өтімсіздігі

C) Инфекциялық-токсикалық шок

D) Бүйректің жедел жетіспеушілігі

E) Мезентериальді тамырлардың тромбозы

 


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 284 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Хирургические болезни ОВП_каз| Фтизиатрия (ОВП)_каз

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.039 сек.)