Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының негізі.

Читайте также:
  1. Ауыл шаруашылығы саласы.
  2. Бөлме өсімдіктерін көбейту жолдарымен танысу
  3. Бөлме өсімдіктерін көшіріп аударып отырғызу әдістері
  4. Бөлме өсімдіктеріне топырақ дайындау тәсілдері
  5. Бөлме өсімдіктерінің азалығын сақтау, суару уақыты және жиілігі
  6. Бөлме өсімдіктерінің ауру, зиянкестерімен күресу тәсілдері
  7. Бөлме өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері

Өсімдік шаруашылығы егін шаруашылығы егіншіліктен, бақша шаруашылығы мен жүзім өсіруден тұрады.Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларына дәнді дақылдар, техникалық және сергітпе дақылдар өсіру, бау-бақша шаруашылығы жатады.

Егін шаруашылығы географиясына табиғи факторлар, яғни топырақ пен агроклиматтық жағдайлар (жылу, жарық, ылғал) тікелей әсер етеді.Белсенді температуралар жиынтығы орманды дала зонасында 1800- 2000°-ка, дала зонасында - 2000-2600°, шөлейт зонада - 2400-3000° және шөл зонасында 3000°-тан жоғары болып келеді.

Өсімдіктің жылу сүйгіштігі жоғары болған сайын, оны өсіруге көп мөлшерде белсенді температуралар жиынтығы қажет. Өсімдіктің ылғалмен қамтамасыз етілуін ылғалдылық коэффициентінің көмегімен анықтайды.Ауыл шаруашылық дақылдарын орналастырудың климаттық жағдайларына талдау жасау үшін агроклиматтық карталар пайдаланылады.

Еліміздегі егіншіліктің басты саласы - дәнді дақыл өсіру (астық шаруашылығы). Олар егістік жерлердің 2/3 белігін қамтиды. Ең алдымен, бұл - бидай, одан әрі - арпа, жүгері, күріш, сұлы, қарақұмық, тары және қарабидай.

Бидай жылуды жақсы көретін дақыл, ол үшін ең қажетті топырақ түрлері - қара және қара қоңыр топырақтар.Оны негізінде 3 тың облыстары - Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан құрайды. Олар республикадағы астықтың 4/5-ін береді.

Қазақстанның жылы оңтүстік аймағында күзде, қысқа қарай себілетін күздік бидай өсіріледі. Ол ерте, маусым айында пісіп, көктемгі және күзгі жауын-шашынды пайдаланғандықтан, тұрақты өнім береді.

Жылу және ылғал сүйгіш, тропиктік өсімдік — күріш, бұл су жайылған егістік жерлерде - атызда (чек) өсетін біздің еліміздегі бірден-бір дақыл. Оны Оңтүстіктің суармалы жерлерінде, Сырдарияның (Қызылорда облысы), Іле мен Қараталдың (Алматы облысы) аңғарларында өсіреді.

Арпа мен сұлы негізінен азықтық өсімдіктер. Арпа - тез пісетін, ең төзімді есімдік болғандыктан, барлық жерде таралған дәнді дақыл. Сұлы ыстыққа төзімсіз, ылғал сүйгіш өсімдік. Оның негізгі өсірілетін аудандары - Солтүстік пен Шығыс.

Жылу мен жарықты сүйетін жүгеріні Қазақстанның Оңтүстігіндегі суармалы жерлерде, жылуды көп қажет етпейтін күздік бидайды елдің Шығысында, құрғақшылыққа төзімді тарыны Батыс пен Солтүстікте өсіреді.

Техникалық дақылдар - мақта, қант қызылшасы және күнбағыс.

Мақтадан бағалы талшық, тұқымынан май алынатындықтан, оны «ақ алтын» деп атайды. Оған, әсіресе, көп мөлшерде жылу, жарық әрі мол су қажет. Ол үшін ең қолайлы топырақ - сұр топырақ. Елімізде мақта шаруашылығымен тек жалғыз Оңтүстік Қазақстан облысы (Сырдария мен Арыс) ғана айналысады.

Қант қызылшасы - ол жылуды, ылғалдылықты, құнарлы топырақты, сонымен қатар көп еңбекті қажет ететін дақыл. Сондықтан оны халық көп қоныстанған суармалы жерлерде өсіреді. Біздің елімізде ондай жерлер - Алматы жәнe Жамбыл облыстары.

Күнбағыс — құрғақшылыққа төзімді, жылуы, жарығы мол, топырағы кұнарлы жерлерде жакқы өседі. Оны Қазақстанның барлық облыстарында дерлік өсіреді. Бірақ егістік пен жинаудын, 3/5-і Шығыс Қазақстан облысының үлесіне тиеді.

Картоп - бір уақытта азық-түлік, мал азығы, әрі техникалық дақыл болып табылады. Картоп құнарлы, ылғалды топырақта жаксы өседі, жазы салқын жылдарда мол өнім береді.

Оны егін шаруашылығы мүмкін жерлердің бәрінде өсіреді. Өнімнің 3/4 бөлігі Солтүстік және Оңтүстік аудандардың үлесіне тиеді, ал еліміздің негізгі «картоп жүйегі» болып бұрыннан бері Алматы облысы саналады.

Бау-бақша шаруашылығы республикамыздың оңтүстігінде кеңінен таралған.

Сонымен бірге, бау бақша дақылдарының тез пісетін және суыққа төзімді түрлері Ортылық Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанда, Алтайда, Зайсан қазаншұңқырында, Жайықтың төменгі сағасында өсіріледі. Елімізде бау бақша дақылдарын өсіуге мамандандырылған аудандар бар. Көкөніс шаруашылықтары, Алматы, қарағанды, Өскемен, Шымкент, Ақтөбе, т.б қалалар мен облыс орталықтарында шоғырланған. шу өзенінінің құмдауытты аңғарында, Семей мен Алматының төңірегінде тамаша қарбыз, ал Сырдарияның төменгі ағысында Қызылорда мен Қазалы аудандарында балдай тәтті қауын өсіріледі.

Жүзім шаруашылығымен Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары, Арыс, Сырдария өзендерінің төменгі сағасындағы аумақтар, сонымен бірге Іле және Жоңғар Алатауы бөктерлерінде орналасқан аудандар айналысады. Жемшөптік дақылдар мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз ету мақсатында өсіріледі. Оған шөптесін өсімдіктер, көпжылдық өсімдіктер, жоңышқа т.б жатады.

Өсімдік шаруашылығының проблемалары

Негізгі дақылдар бойынша өнімділік әлемдік өнімділік көрсеткіштерімен салыстырғанда төмен деңгейде.

1-сурет. Негізгі а/ш дақылдарының өнімділігін салыстыру

       

Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау 2011 жылы жеткілікті жоғары деңгейге (мың тонна) жетті: бидай – 22732,1, жүгері, – 482,
арпа – 2593, күріш – 347, соя – 133, күнбағыс – 409, рапс – 149, мақта – 336, картоп – 3076, көкөніс – 2878, жемшөптік жүгері – 1053, жемшөп (тамыр жемістер, бақша, дәнді дақылдар, жүгерісіз сүрлем) – 279, алма – 115 мың тонна.

Бидайдың 2011 жылғы жоғары өнімі кезінде оны аса өндіру орын алды, бұл өнімді экспорттау кезінде қиындықтар, сондай-ақ астық тасығыштар мен сақтау қуаттарының тапшылығын туғызды. Майлы дақылдар бойынша сақтау қуаттарының тапшылығы және ауыл шаруашылығы өндірушілері білімінің жетіспеушілігі айқын көрінді. Соя мен жүгері өндірісінде өндірістің ұсақ тауарлығы жоғары емес өнімділікке әкеледі, сондай-ақ қайта өңдеу саласында проблемалар бар. Жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру үшін негізгі тежеуші факторлар ұсақ тауарлы өндірушілер арасында бөлінген суарылатын жерлердің тапшылығы, сақтау қоймаларының тапшылығы, қайта өңдеу өнеркәсібі үшін шикізаттың жетіспеушілігі болып табылады, бұл осы өнім түрі бойынша импортқа тәуелділіктің жоғары дәрежесіне әкеледі.

Жемшөп дақылдары егілетін жыртылған жерлер ауданы 2011 жылы 2619,9 мың гектарды құрады, оның ішінде 79,6 мың гектар жемшөпке арналған жүгері, 310,3 мың гектар – бір жылдық шөптер және 178,2 мың гектар көпжылдық шөптер. Жемшөп дақылдарының өнімділігі төмендеуде, бұл жер пайдаланудың тиімсіз құрылымымен байланысты. Мал шаруашылығының өсіп келе жатқан қажеттіліктері сапалы күрделі жемшөппен жеткіліксіз қамтамасыз етіледі.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 735 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ауыл шаруашылығы саласы.| Мал шаруашылығы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)