Читайте также: |
|
Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді
Агроөнеркәсіптік кешеннің екінші саласы тікелей ауыл шаруашылығы салалары:
1. Өсімдік шаруашылығы, оған көкөніс шаруашылығы, бау-бақша шаруашылығы, астық өндірісі, мақта шаруашылығы, зығыр шаруашылығы және т.б. жатады.
2. Мал шаруашылығы, оған ірі қара мал шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, қой шаруашылығы, құс шаруашылығы жатады. Сонымен қатар мал шаруашылығы салалары өнім өндіру сипаты бойынша: етті-жүнді қой шаруашылығы, сүт бағытындағы ірі қара мал шаруашылығы, ет бағытындағы ірі қара мал шаруашылығы және т.б.
Бұл сала – агроөнеркәсіптік кешенінің басты бөлімі болып табылады. Елдегі азық-түлікті өндіруде ауыл шаруашылығы 95-96 %-ды құрайды, қалған 4-5%-ы өзен, көл, орман, теңіз өнімдері. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы табиғи шикізатты, яғни жүнді, зығырды, қант қызылшасын, түрлі өсімдіктерді шығарады.
Ауылшаруашылық өнімі ешқашан басқа салада басқа өнім түрімен ауыстырылмайды.
Аграрлық реформаның нәтижесінде Қазақстанның Азаматтық кодексіне сәйкес елде және экономиканың аграрлық секторында шаруашылық субъектілерінің жаңа құрылымдары пайда болды: акционерлік қоғамдар, серіктестіктер, өндірістік кооперативтер және басқа да кәсіпорындар.
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 229 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
НА ГОРЮЧЕСТЬ (метод II) | | | Сімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының негізі. |