Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орытынды

КІРІСПЕ | НЕГІЗГІ БӨЛІМ | Тәубенің маңыздылығы және міндеттілігі | Осы күнәні қайта жасамауға нақты шешім қабылдау. | Тәубе намазы |


Читайте также:
  1. Азақстан-2030 Стратегиясы. Негізгі қорытындылар
  2. Бап. Жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету
  3. Бап. Көрiнеу жалған жауаптар беру, сарапшының, маманның жалған қорытындылары немесе қате аудару
  4. Орытынды
  5. Орытынды
  6. Орытынды
  7. Орытынды

Иә, ислам тарихында үлкен күнәні былай қойғанда, харамға көзі түсіп кеткені үшін аһ ұрып, сәждеге бас қойған, күнәсін жуып-шаю үшін мұқтаж жандарға қайыр-садақа беруге асыққан, Алладан күндіз-түні кешірім тілеп, жүрекке түскен қара дақты көз жасымен жуып-шайған қаншама тәубешіл жандар, соның ішінде қаншама тәубешіл жастар болды десеңші. Жүректі шайтанның улы оқтарынан қорғау әрі шалыс басып, күнәға батқан бойда бірден аһ ұрып, тәубе ету олардың өмірдегі ең басты ұстанымы еді десек артық айтқан болмаймыз.

Адам баласы жаратылысынан қателесуге, күнә жасауға бейім келеді. Қазақта осынау ақиқатты меңзейтін пайғамбар хадисімен мағыналас «сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ болмайды», – деген аталы сөз бар. Біздің сенімімізде күнәдан пәктік тек періштелер мен пайғамбарларға ғана тән қасиет. Алла алдында тәубенің қабыл болуының басты шарты – өкініш. Өйткені, өкініш – жасалған күнәнің парқына жеткендікті білдіреді. Міне, сондықтан да, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Өкініштің өзі тәубе», – деген. Шынайы тәубенің бұдан басқа да маңызды шарттары бар, соның бірі – жасап қойған күнәні екінші мәрте қайталамауға бел буу болса, енді бірі – күнәнің артынан уақыт оздырмай бірден тәубеге келу. Сондай-ақ, егер жасалған күнә кісі ақысына қатысты болса, ақысы кеткен адамнан кешірім сұрап, көңілін алу да тәубенің маңызды шарттарының біріне жатады.

Алла Тағала Құранда Өзіне серік қосудан өзге күнә атаулының бәрін кешіретіндігін айтып, уәде берген. Алла берген уәдесінен әсте таймайды. Олай болса, Аллаға серік қосудан өзге қандай үлкен күнәға батсақ та, күнәларымыз қанша жерден көп болса да, Аллаһтың «әл-Ғафур», «әл-Ғаффар», «әт-Тәууәб» деген есімдеріне, бізге берген хақ уағдасы мен шексіз мейіріміне үміт арта отырып, біліп, білмей, жасырын, жария жасаған әрбір күнәнің артынан ұдайы тәубеге келіп отыруымыз керек. Сонда көктегі періштелердің дұғасына еніп, Хақ тағаланың сүйікті құлдарының қатарына қосыламыз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Халифа Алтай «Құран Кәрім» қазақша мағынасы және түсінігі

2. Хадис шәрифтер

3. «Тәубенің қасиеті». Мақала (Абай.kz сайты)

4. Жұма мінбері кітабынан

 

 


Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 72 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тәубенiң қасиетi| Хориняк Виктор Викторович

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)