Читайте также:
|
|
Тәубе етудің тағылымы
Барлық мақтау күллі әлемдердің Раббысы Аллаға тән! Алланың игілігі мен сәлемі пайғамбарымыз Мұхаммедке (ﷺ), оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және олардың ізінен ең көркем түрде ергендерге болсын!
Ибн Фәрис «тәубе» сөзінің тілдік мағынасы: «қайту, оралу» дегенді білдіреді» деп айтқан. Ал Ибн Мунзир: «Тәба иләллаһ» (Ол Аллаға қайтты) сөз тіркесі: «Өз күнәларынан құтылып, Аллаға бойұсынуға бел буды», - деген мағынаны білдіретінін айтқан. Енді «тәубе» сөзінің шариғи мағынасы: Алладан қорыққандықтан күнәдан арылу; күнәнің жиіркенішті екенін сезіну; Аллаға бағынбағаны үшін өкіну; осыған ұқсас жаман, жиіркенішті әрі күнәлі істерге енді қайтып оралмау; нақты жігерлік танытып, шешім қабылдау және осы үшін барлық сақтық шараларын жүзеге асыру дегенді білдіреді.
Имам Ибн Муфлих былай деген: «Тәубе – ол өткен күнәларды жасап, Аллаға бағынбағаны үшін өкіну, бұдан былай мұндай іс-әрекетке бармауға нақтылы шешім қабылдау және оны тастаудағы мақсат, дүниелік жетістікке жету, зиян нәрсені кетіру немесе біреудің мәжбүрлеуімен емес, бәлки бір Алла тағаланың разылығы үшін өз қалауымен бас тарту» Хафиз ибн Хажәр былай деген: «Тәубе сөзінің шариғаттағы мағынасы: күнәнің жиіркенішті екендігін сезіне отырып тәрк ету, жасап қойғандығы үшін өкіне отырып, енді мүлде жасамауға шешім қабылдау және жасаған күнәсі біреудің хақысына тиісті болған болса, онда әлгі кісіге хақысын қайтарып, одан кешірім сұрау қажет»
Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 66 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
КІРІСПЕ | | | Тәубенің маңыздылығы және міндеттілігі |