Читайте также:
|
|
Алла тағала былай айтты: «Ал олар қашан арсыздық істесе, не өздеріне зұлымдық жасаса, Алланы естеріне алып, күнәлары үшін кешірім сұрайды. Күнәларды Алладан басқа кім кешіреді? Сондай-ақ, олар жасаған істеріне біле тұра қасарыспайды. Міне солардың сыйлықтары Раббылары тарапынан кешірім және астарынан өзендер ағатын жұмақтар. Олар онда мәңгі қалады. Амал істеушілердің сыйлықтары нендей керемет!». Ән-Нуғман ибн Башир былай айтқан: «Мен Умар ибн әл-Хаттабтан» «Аллаға шынайы тәубе етіңдер!» деген аят жайлы сұрағанымда, ол былай айтты: «Бұл – жасаған күнәң үшін өкіну және оған ендігәрі қайтпау, не оған қайтуға ынтаның болмауы».
Зұлымдық жасалған адам алдында айыбын жуып-шаю.
Егер мұсылман ұрлаған жағдайда, не біреуге материалды немесе денесіне зардап тигізсе, сол адамның айыбын түземейінше, не хақысын қайтармайынша, не кешірім сұрамайынша жоғарыда айтылған шарттар жеткілікті болмайды. Әбу Һұрайра ﴾р.а.﴿ Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын жеткізеді: «Өз бауырының абыройына немесе басқа бір нәрсесіне байланысты зұлымдық жасаған адам, динарлар мен дирхамдар жоғалмай тұрған кезде, күнәсі үшін кешірім сұрасын! Өйткені, егер ол адамда жақсы амалдар болса, (Ақырет күнінде, жәбір көруші оған) жәбір көрсеткеніне қарап амалдарын одан алып кетеді. Ал егер ол адамда жақсы амалдар болмаған жағдайда, жәбір көрушіден жаман амалдар алынып соған беріледі».
Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 57 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тәубенің маңыздылығы және міндеттілігі | | | Тәубе намазы |