Читайте также:
|
|
Алла тағала былай дейді: «[Оларға былай] айт: «Әй, өздеріне зиян жасаған құлдарым! Алланың мейірімінен күдер үзбеңдер! Расында Алла барлық күнәларды кешіреді. Расында, Ол - Кешіруші, Мейірімді! Өздеріңе апат келуден бұрын Раббыларыңа қайтыңдар, Оған бойұсыныңдар. Кейін жәрдем көре алмайсыңдар»
Хафиз ибн Кәсир: «Бұл ізгі аят кәпірлерден және басқа адамдардан болған барлық күнәһарларға айтылған шақыру. Бұл аят күнәларды жасаудан бас тартып, тәубеге келген барлық адамдардың күнәларын, ол күнәлар қандай болмасын, тіпті саны бойынша теңіз көбігіндей болғанның өзінде Алла кешіретінін баяндайды» - деген. Алла Тағала былай деді:
«Әй, иман келтіргендер! Барлығың Аллаға тәубе етіңдер! Мүмкін жетістікке жетерсіңдер» Сондай-ақ, Алла тағала былай деді:
«Ал кімде-кім тәубеге келмесе, міне, солар залымдар!» Имам әл-Қуртуби былай деген: «Мұсылман үмметі барлық ізгі кісілердің тәубе етуге міндетті екендігіне бір ауыздан келіскен»
Алла Елшісі (ﷺ) былай деген: «Уақыт өте келе, Алланың ізгі құлдарының өзі күнә жасамаса жүре алмайтын болады». Осы және осы секілді хадистер әрбір иман келтірген адамда күнәлар және кемшіліктер бар екеніне меңзейді. Дегенмен, күнәларының саны және ықыласты түрде әрдайым Алладан кешірім сұрау жағынан қарағанда, адамдар арасында өзіндік айырмашылықтар бар.
Әнас ﴾р.а.﴿ Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқаны турасында хабар береді: «Барлық Адам баласы қателесуші. Бірақ сол қателесуші пенделердің ішіндегі ең жақсылары – тәубе ететіндері»
Алла тағала кешіруді және күнәлары үшін тәубе етушілерді жақсы көреді. Себебі, күнәсін мойындап, Аллаға шын ықыласпен тәубе ету – Алланың сүйікті құлдары болған Пайғамбарлардың (ﷺ) амалы. Омар ибн Абдул-Азиз өзінің мұсылмандарға жасайтын үндеулерінде былай деп айтыңдар деп уағыздайтын: «Арғы аталарың Адам ﴾а.с.﴿ айтқандай:
«Раббымыз, біз өзімізге зұлымдық жасадық. Егер Сен бізді кешіріп, мейіріміңе бөлмесең, әлбетте зиянға ұшыраушылардан боламыз».
Нұх ﴾а.с.﴿ айтқандай: «Егер мені кешірмесең, мейіріміңе бөлемесең, мен зиянға ұшыраушылардан болармын».
Ибраһим ﴾а.с.﴿ айтқандай: «Ол сондай Алла Қиямет Күні қателерімді жарылқауын үміт етемін».
Мұса ﴾а.с.﴿ айтқандай: «Раббым! Рас өзіме зұлымдық жасадым. Мені кешір!».
Алла Елшісі (ﷺ): «Әй, адамдар! Аллаға тәубе етіңдер және Одан кешірім сұраңдар. Мен күніне жүз мәрте Оған тәубе етемін», - деп айтатын.
Тәубенің шарттары
1. Алла Тағала алдында ықыласты түрде кешірім сұрау.
Алла Тағала былай айтты:
«Әй, иман келтіргендер! Аллаға шынайы түрде тәубе етіңдер».
Алла Елшісі (ﷺ) былай деген: «Расында, Алла өзінің разылығы үшін ықыласты түрде жасалған амалдарды қабыл етеді!».
Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 103 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
НЕГІЗГІ БӨЛІМ | | | Осы күнәні қайта жасамауға нақты шешім қабылдау. |