Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ДӨзимертлік баҚылау приборлары 12 страница

ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 1 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 2 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 3 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 4 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 5 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 6 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 7 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 8 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 9 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 10 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Барлық мал қоралар мен құс фермаларында ашық суат жоқ болса, су мен жем қоры жасалады.

Асыл тұқымды мал үшін қолдан қорғаныс құралдарын жасайды (қап, брезент), атап айтқанда қорғаныс масқасы, қорғаныс жамылғысы, қорғаныс шұлықтары.

Ферма мен мал қорасында өрттен қорғау шараларын ұмытуға болмайды. Бұл үшін оның жанына су мен құм әкелінеді, өртсөндіргіш қойылады, сондай-ақ өзгеде шаралар жүргізеді.

Эпидемияға қарсы шаралар. Соғыс қимылдары кезінде жаудың жұқпалы және өзге ауруларды туғызатын құралды пайда­лану нәтижесінде, адамдар әртүрлі ауруларға шалдығуы мүмкін.

Қазір жұқпалы аурулардың түп тамырына жақын болашақта балта шабалмайтындыгы айдан анық болып отыр және адамнын құдіреттілігі туралы жалған сенімнен гөрі патологиялық мәселелерінің адамзат пайда болған уақыттан бері болып келе жатқандығын мойындайтын уақыт жетті. Эпидемиологтар, дүйім медицина жұртшылығы, көптеген мемлекет қайраткерлері жұқпалы аурулар мәселелерін шешу жағдайына аландаушылық білдіруде және олардан сақтандыру жолындағы мемлекеттік саясатты қайта қарауда.

Халық жеке гигиенаның қарапайым тәртібін сақтауға, жұқпалы ауруларды негізгі үйреншікті белгілері бойынша ажырата білуге, ал ауру ошағы пайда болған кезде карантин мен обсервация жағдайындағы жүріс-тұрыс тәртібіне бағынуға тиіс.

Тыныс жолдары зақымданған кезде инфекцияны беруші ауа болып табылады. Бақытқа қарай, зақымданған тамшылардың отыруы есебінен және көптеген қоздырғыштардың беріксіздігінен оның өзін-өзі тазалау процесі жылдам жүреді.

Жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуын ескерту үшін бейбіт уақыттағы кез-келген төтенше жағдайда сақтандыру және эпидемияға қарсы шараларды дұрыс және өз уақытында өткізудің үлкен маңызы бар.

Сүт пен суды ішер алдында міндетті түрде қайнату ке­рек, көкөніс пен жидектерді қайнатылған сумен мұқият жуу керек, ал ет-балық азық-түлікті жақсылап пісіру қажет.

Егерде мал артықшан ауру белгілері байқалса дереу мал-дәрігерге хабарлану тиіс.

Талап етілетін жағдайында белгілі бір аумақта және жабық бөлмелердің ішінде дезинфекция ісін жүргізуге арналған құрал аппараттар әзір болу міндет.

 

 

Әуе шабуылы қауіпі кезінде халықтың іс-әрекеті

Халыққа хабарлау негізгі әдісі — радио мен теледидар жүйелері. Сиреналарды пайдалану ұйғарылды. Сондықтан қазір кәсіпорындардың көлік құралдарының, гудоктарының берілуі Азаматтық қорғаныс хабарының "Баршаның назарына!" ("Әуе дабылы!" емес) жаңа ескерту дабылы екендігін білдіреді. Оны естігенде, абдырамаңыз. Бірден жергілікті үкімет орындарының немесе ТЖ жөніндегі басқарманың бөлімінің шұғыл хабарын есту үшін радио мен теледидарды (үйде, жұмыста) қосыңыз. Дыбыстық дабылдар белгіленгеннен кейін (сиреналар, гудоктар және т.б.) ақпарат бес минут бойында беріледі.

Азаматтық қорғаныстың әуе шабуылының қауіпін ескертетін "Әуе дабылы!" екендігін біледі. Мұндай жағдайда халық өз пәтерін, жұмыс орнын көлік құралын жылдам тастап шығып қорғаныс панаханасына жасырынуға тиіс.

Егер де дабын сізді жұмыс орнында ұстап қалса, онда сол кәсіпорынның арнаулы нұсқасында айтылғандай станогіңізді өшіріп электр қуатын, газды, су айырып бірден панаханаға бет алу керек. Тоқтаусыз істейтін өндірісте агрегаттар мен технологиялық линиялары қауіпсіз жұмыс қалпына келтіріп, жақын жерді паналау керек.

Егер де әуе дабылын сіз көшеде естісеңіз АҚ мен ТЖ, коғамдық күзет жұмыскерлерінің нұсқауымен жақын жер­де орналасқан панаханаға бару керек. Қала көлігінде жүру барасында кездессе, онда оның тоқталуын күтіп, асықпай сабарлық сақтап шығып жақын панаханата бару керек. Егер де ол табылмаса оның орнына метро, жерасты өту жолдарын, қоймаларын пайдалану керек.

Әуе дабылы кезінде қоғамдық жерде болсаңыз, сол жердегі әкімшілік нұсқасын тындап берілген бағытпен аяқ басу керек.

ТЖ мен АҚ органдары ескерту жібергенсоң барлық оқу орындары, оқу үдірісі тоқтатылады және оқушылар мен оқытушыларды қорғау панаханаларына жеткізу шаралары іске асырылады. Сол жерде адамдар жеке басты қорғану құралдары мен панахана ішіндегі тәртібі туралы ескертпелері жасалады.

Ауыл аумағындағы халыққа, әуе дабылы хабарлану сәтінде, алдын-ала даярланған тиісті панаханаларға бет ала­ды. Панаға бару алдында үйдің шам жарығын, пеш, электр плита, керосинка және т.б. құралдар өшіріліп, өзімен бірге жеке дара қорғану құралдарын алып жүргені дұрыс.

Адамдарға егін егістігінде жұмыс қызуында әуе дабылы хабары болса: сай, арық, апан-шұңқырларын панаға айналдыру керек.

Халыққа әуе шабуыл қауіпі өртті деген келесі ауызекі ха­бары беріледі:

"Тындаңыздар! Сөйлеп тұрған ТЖ бөлімі. Азаматтар!... Әуе дабылы тоқтатылды! Жұмыс орындарындарыңызға, үйлеріңізге қайта беріңіз. Ауыр жарақат, егде адамдарға жәрдем беруді ұмытпаңыз. Өз қолдарыңызға жеке басты қорғану құралдарын әр уақытта ұстап жүріңіз. Біздің хабарымызды мұқият тыңдаңыз."

Жау шапқыншылығынан зардап шеккен аудандарында ТЖ мен АҚ органдары орындалып жатқан іс шаралар тура­лы және т.б. мәліметтер беру тиіс.

Аман қалудың ең қолайлы тәсілі — қорғаныс ғимаратта­рын өз уақытында, соның ішінде: берік жер асты қоймалары, қазба орындары, сай, үңгір, арық деген секілді жерлерді паналаған дұрыс.

 

 

V БӨЛІМ. ТЖ ЖАҒДАЙЛАРЬІНА БАСШЫ ҚҰРАМЫНА, АҚ ҚҰРАМАЛАРЫН ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті 30.09.93 жылы "Төтенше жағдайларды ескерту және іс-әрекеттер бой­ынша халық пен мамандарды оқыту жүйесін құру жөніндегі шаралар туралы" № 969 Қаулы қабылдады.

Осы Қауыл негізінде "ТЖ жағдайларына басшы құрамына, АҚ құрамаларын даярлау және халықты оқыту жүйесі" әзірленді.

Азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығу және төтенше жағдайлардың салдарынан қорғану Қазақстан Респуб­ликасы халқының міндеті болып табылады.

Халық үшін негізгі міндет — қалыптасқан тосын жағдайда дұрыс әрекет етуге, өз-өзіне көмек көрсете білуге үйрену.

 

АҚ бойынша халықтың әртүрлі санаттарын даярлау мен оқытуды және ТЖ-дағы іс-әрекеттерді ұйымдастыру

АҚ және ТЖ басшы құрамын даярлау Республикалық курстарда, даярлау мен оқыту орталықтарында, біліктілікті көтеру оқу орындарында (БКОҚ), оқу-әдістемелік жиындарда (оқу жылы басталар алдында) және тікелей ұйымдарда 15 сағаттық батдарлама бойынша жүргізіледі.

БКОҚ-да АҚ және ТЖ мәселесіне оқу уақытының 10— 15% бөлінеді.

АҚ құрамаларын даярлауды ұйым басшылығы ұйымдастырады және 15 сағат көлемінде, оның ішінде 9 сағат жалпы тақырып және 6 сағат арнайы тақырыптар бойынша практикалық сабақ өткізіледі.

АҚ құрамаларынмен жылына 2 рет жеке құрамды хабарландыру және жинау бойынша жаттығу өткізіледі, бұның барысында олардың жасақталуы, техникамен, мүлік-аспаппен жарақталуы, сондай-ақ іс-әрекетке даярлығы тексеріледі.

АҚ құрамаларына кірмейтін жұмысшалар мен қызметшілерді даярлау әрбір оқып-үйренушіге белгілі білім көлемін беруді және төтенше жағдайлардағы іс-әрекетке және корғаныс әдістеріне практикалық дағдыларды сіңіруді мақсат етеді.

Сабақ күн сайын 12 сағаттық бағдарлама бойынша өткізіледі.

Сабақ барысында "Баршаның назарына!" дабылы бой­ынша және төтенше жағдай қауіпі мен пайда болу туралы ақпарат алған кезде дұрыс іс-әрекет жасауға, өз-өзіне көмек көрсету әдістерін үйренуге баса назар аударылады.

Өндіріс пен қызмет саласына тартылмаған халықты да­ярлау Азаматтық қорғаныс бойынша жаднамаларды, буклеттерді, мерзімді баспасөздегі материалдарды жеке үйрену, телехабарларды қарау мен тыңдау арқылы жүргізіледі.

Жоғары оқу орны студенттері 'Тіршілік қауіпсіздігі" кур­сив, оқиды, ол міндетті пән және арнайы сабақ ретінде оқу жоспарына енгізіледі.

Сабақ жоғары курстарда (3—4) өткізіледі.

АООҚ және КТМ оқушылары 25 сағат көлемінде бастапқы әскери даярлықтың (БӘД) "Азаматтық қорғаныс" курсын игереді.

Барлық үлгідегі жалпы білім беретін мектептер 1-9 сыныптарының оқушылары "Тіршілік қауіпсіздігі негіздері" (ТҚН) бойынша оқып үйренеді.

ТҚН бойынша сабақ міндетті және оқу уақытында өткізіледі.

Сейсмоқауіпті аумақта орналасқан мектепке дейінгі ба­лалар мекемелерімен оның меңгерушілері мен тәрбиешілері тоқсан сайын ойын түрінде төтенше жағдайлардағы іс-әрекет бойынша сейсможаттығу және жарты жылда бір рет, егер мектепке дейінгі балалар мекемелері сел қауіпі бар аумақта орналасса, сел бойынша жаттығу өткізеді.

Оқып үйрену барысында әдістемелік құралдар, тақырыптық мультфильмдер мен ойындар пайдаланылады.

Ұйымдардағы АҚ мен ТЖ жөніндегі оқу-жаттығу түрлері

Арнайы тактикалық оқулар (АТО) бейбіт және соғыс уақытынан шыққан мақсат бойынша міндетті орындаушы АҚ құрамаларын даярлаудын негізгі және аса тиімді түрі болып табылады.

АТО даярлықпен өткізу кезінде АҚ құрамаларын даяр­лау бағдарламасын, АҚ құрамалар мен АТО ұйымдастыру мен өткізу бойынша нұсқаулықты, бейбіт және соғыс уақытындағы АҚ жоспарларын басшылыққа алу керек.

АТО созымдылығы 4 — 8 сағат болуға тиіс.

АТО даярлау мен өткізу кезінде мына құжаттар әзірленеді:

♦ АТО даярлық пен өткізу туралы бұйрық;

♦ АТО даярлығының күн тізбелік жоспары;

♦ АТО өткізу жоспары.

Командалық-штабтық оқу (КШО) ұйымдарда Азаматтық қорғаныс бастықтарының, АҚ және ТЖ штабтары мен қызметтерінің, басшы құрамын, Азаматтық қорғаныс құрамалары командирлерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарына және Азаматтық қорғаныс бой­ынша бірге даярлаудың негізгі түрінің бірі болып табылады.

КШО жиі сайын, егер олар үстіміздегі жылы жоспарланса, КО және ОЖ алдында, қалған ұйымдарда бір тәуліктсн аспайтын мерзімде, оның ішіде 8 сағат жұмыс уақытында олар үшін ыңғайлы уақытта өткізіледі. Ұйымдарда КІІІО-ны өткізу басшы құрамының оқу тобындағы 15 сағаттық бағдарлама аяқталғаннан кейін ұсынылады.

КШО өткізу үшін, әдеттегідей, мына құжаттар әзірленеді:

s ұйымдарда КШО өткізу және даярлық туралы АҚ бастығының бұйрығы;

S ұйымдардағы КШО даярлығының күн тізбелік жос­пары;

s оқуға басшылықты ұйымдастыру схемасы; s басшылар орынбасарлары мен дәнекерлерінің жеке жоспары;

S басқа қажетті құжаттар.

Кешенді оқу (КО) Азаматтық қорғаныс бастықтарының, АҚ және ТЖ штабтары мен қызметтерінің, басшы құрамын, Азаматтық қорғаныс құрамалары комаңдирлерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салда­рына және Азаматтық қорғаныс бойынша бірге даярлаудың негізгі түрінің бірі болып табылады.

Оқудың созымдылығы барлық оқу сұрақтарының толық және сапалы пысықтауды қамсыздандыруға және екі тәуліктен аспауға тиіс. Жоғары тұрған АҚ бастығының шешімі бойынша оқу созымдылығы көбейтілуі мүмкін.

КО-ға бүкіл басшы құрам, ұйымдар АҚ құрамаларының командирлері, жеке құраммен, техникамен, прибормен және мүлікпен толық жарақталған құрамалардың ықтимал ең көп саны тартылады.

Ұйымдарда КО жүргізу үшін мына құжаттар әзірленеді:

♦ ұйым АҚ бастығының бұйрығы;

♦ КО өткізудің күн тізбелік жоспары;

♦ оқуды өткізу жоспары;

♦ басшылар орынбасарларының (көмекшілерінің) дәне-керлерінің жеке жоспары;

♦ оқуды қамсыздандыру үшін басқа да құжаттар (материалдық-техникалық, медициналық қамсыздандыру, барлау мен байланысты ұйымдастыру жоспары, қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулық).

Объектілік жаттығу (ОЖ) — бұл кешенді оқудың өткізудің уақыты мен орындалған шаралардың көлемі бойынша қысқартылған, жеңілдетілген түрі.

ОЖ созымдылығы 10 сағатқа дейін.

ОЖ-ға бүкіл басшы құрам, құрамалар мен ұйымдар АҚ құрамаларының командирлері сондай-ақ құрамаға кірмеген жұмысшылар мен қызметшілер тартылады.

ОЖ өткізу үшін, әдеттегідей, мына құжаттар әзірленеді:

S ұйымдарда ОЖ өткізу және даярлық туралы АҚ бастығының бұйрығы;

S ұйымдардағы ОЖ даярлығының күнтізбелік жоспары;

S ОЖ өткізу жоспары.

Оқудың барлық түрлеріне (КО, ОЖ, КШО, АТО) даярлықпен өткізудің нақты сұрақтары тиісті нұсқаулықтарда көрсетілген.

Сейсмоқауіпті аймақта орналасқан барлық ұйымда, оқу орнында және мектепке дейінгі мекемелерде кемінде тоқсанына бір рет сейможаттығу өткізіледі.

Авариялық жағдайлар бойынша жаттығулар барлық ұйым-а, оқу орнында және мектепке дейінгі мекемелерде тоқсанына бір рет сел бойынша жаттығу өткізіледі.

Жаттығулардың барлық түрлері ҚР ТЖА әзірлігін нұсқаулықтар бойынша өткізіледі.

Тосын жағдайда іс-әрекеттер халықты үйрету мәселесіндегі насихаттың рөлі

АҚ мен ТЖ саласындағы білімді насихаттау — бұл ҚР заңнамалық және өзге нормативтік-құқық актілерін халықты,қоршаған ортаны және ұйымдарды қорғау, адамдардың өмірін, мәдениет және өзге мұра түрлерін құтқару, ықтимал, зілзала, авария мен апаттың әлеуметтік-экономикалық залалын азайту жөніндегі үкімет саясатын тарату және мұқият түсіндіру.

АҚ мен ТЖ саласындағы білімді насихаттауды ТЖ басқармалары, болімдері мен қызметтері, даярлау және оқыту орталықтары, қоғамдық ұйымдар, ұйымдар АҚ штабтары, оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары жүргізеді.

АҚ мен ТЖ насихаттауға дәрістер баяндамалар, радио мен теледидардағы сөздер, баспасөз материалдары, кино, диа, бейнефильмдер, көрнекі насихат, журнал, бюллетень, жаднама, буклет, кітапша, парақша және т.б. кіреді.

Бұл мәселелер ҚР ТЖА әзірлеген "АҚ мен ТЖ саласындағы білімді насихаттауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтарында" жан-жақты баяндалған.

 

VI ТАРАУ. ТЖ ҰЙЫМДАРЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

 

Ұйым жұмысы тұрақты негіздері

ТЖ салдарын ескерту мен жоюдың Мемлекеттік жүйесін негізгі міндеттерінің бірі кәсіпорын, ұйым, мекеме, сондай-ақ әлеуметтік нысандарының жұмыс істеу қалыбын арттыру мен ТЖ ескертуге бағытталған нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру болып табылады.

Шаруашылық насандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру мәселесі қазіргі жағдайда үлкен маңызға ие болуда. Бұл төмендегі бір қатар негізгі себептерге қатысты:

-өндірістік саладағы мемелекеттік реттеу мен қауіпсіздік механизмінің әлсіреуі, барлық деңгейдегі еңбек және технологиялық тәртіптің әлсіреуі, сондай-ақ өндірістің аварияға қарсы төзімділігінің төмендеуі;

- негізгі өндірістік қорлардын жылдам тозуы, сонымен қатар оларды жаңарту қарқынының төмендеуі

- өндірістің технологаялық қуатының артуы, қауіпті зат­тар, материалдар мен бұйымдарды тасымалдау, сақтау мен пайдалану көлемінің өсуі, халық пен қоршаған ортаға қауіп төндіретін өндіріс қалдықтарының жинақталуы;

-шарасыз зандық және нормативтік құқықтық бағы ТЖ қауіпсіздігін және ескертуін басқарудағы тәуекелдік мәселесіне талдаудың ғылыми негізін жеткіліксіз пайдалану;

-мемкелеттік қадағалау органдары мен инспекция жұмысының талаптылығы мен тиімділігінің төмендеуі;

-әскери жанжалдар мен террорлық актілердің пайда болуы ықтималдығы.

 

 

Шаруашалақ нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы

ретінде оның төтенше жағдайлардағы жоспарланған көлемдегі және номенклатурадағы өнімдерді шығаруға (тікелей материалдық құндылықты шығырмайтын нысандар үшін өз міндеттерін мақсатқа сәйкес орындалуы), ава­рия (зақымдану) жағдайында қысқа мерзімде өндірісті қалпына келтіруге қабілеттілігі түсініледі.

Төтенше жағдайларға шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығына мына факторлар әсер етеді: жұмысшылар мен қызметшілерді зілзала, авария (апат), сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының бастапқы және қайталана факторларының ықпалынан сақтау сенімділігі; нысанының инженерлік-техникалық кешенінің белгілі бір деңгейде осы ықпалға қарсы тұру қабілеті, нысанды өндіріс үшін барлық қажетті өніммен (шикі зат, отын, электрэнергиясы, газ, су және т.б.); жабдықтау жүйесінің сенімділігі, жұмысшылар сағаты олардың қүдірет немесе тәртіп деңгейі, нысан сипаты, шығарылатын өнім, қолданылатын технология; өндіріс пен АҚ басқару тұрақтылығы мен үзіліссіздігі; ны­санды күрделі және өзге шұғыл, сондай-ақ бұзылған өндірісті қалпына келтіру жұмыстарына даярлау.

Тізбеленген факторлар төтенше жағдай ахуалы мен оны көтеру жолындағы шаруашылық нысанының тұрақты жұмыс істеуінің негізгі талаптарын анықтайды.

Қазіргі уақытта болашақта Чернобыль сияқты аварияларды болдырмау үшін төтенше жағдай ахуалында өнеркәсіп өндірісінің тұрақтылығына талаптар ерекше маңызға ие болуда.

Осы талаптар инженерлік-техникалық шараларды жобалау (ИТЖ) нормасында, сондай-ақ олар үшін әзірленген салаға қатысты қолдарындагы норма талаптарын толықтыратын және дамытатын ведомстволық нормативтік құжаттар негізінде қаланған.

Тұрақтылықты көтеру бойынша шараларды іске асыру мен әзірлеу саласындағы ұйымдар басшыларының негізгі міндеттері:

♦ ұйым жұмысының тұрақтылыгын арттыру бойынша ұсынысты белгіленген тәртіппен әзірлеу және ұсыну;

♦ төтенше жағдайларда және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде ұйым жұмысының тұрақтылығын көтеру бойынша шаралар мен әзірлеуді жүргізу;

♦ авариялардың пайда болу қауіпін, қайталана зақымдау ошағын төмендету бойынша шаралар жүргізу;

♦ азық-түлікті, ауыз суын, сумен жабдықтау көзін, мал мен өсімдікті, өсімдік пен мал өнімдерін, радиоактивті химиялық және бактериялогиялық (биологиялық) зақымданудан қорғау бойынша шараларды өткізу мен ұйымдастыру.

Төтенше жағдайы немесе кәзіргі адам өлтіру қару жарақтарын қолданған кезінде салалы және аумақты басқарма тұрақты жұмыс істеу мақсатында, арнаулы әскери экономикалық оқулары өткізіледі. Ол өз алдына бұл сұрақтарды келесі (әртүрлі салалы және аумақты басқарма штабты-командалы, сондай-ақ ұйымдар, қалалар мен аудандар ішіндегі комплексті) оқуларында шешуте көмек береді. Оқулар басқарушылардың өз ісін атқаруға дайындықтың негізгі формасы болып табылады. Сонда салалы және аумақты органдарының бірлесіп жасалған жұмыстың тәсілдерімен формалары анықталады. Азаматтық қорғаныс міндеттерін шешу барысында, және де төтенше жағдай мен соғыс уақыты кезінде экономика жұмысын тұрақтандыру мәселесі шешіледі.

АҚ ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРАЛАРЫН ЖОБАЛАУ НОРМАЛАРЫ

Азаматтық қорғаныс шараларын кешенді және саралай өткізу мақсатында, халықты қорғау деңгейін қажетсіз мемлекеттік шығындарды жұмсамау мақсатында халықты қорғау деңгейін төмендетпей, аумақ пен ұйымның маңызыдық деңгейін ескере отыра, қалаларды, топтарға, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс категория бойынша аумақ пен ұйымдардың маңыздылық деңгейі ескере отырып жүргізіледі.

Қалаларды, топтарды, ұйымдарды Азаматтық қорғаныс бойынша категорияларга жатқызу тәртібін Қазақстан Рес-публикасының үкіметі анықтайды.

s Категорияланған нысан — бұл үлкен экономикалық, стратегиялық және қорғаныстық маңызы бар қалалар. Ка­тегорияланган қалалар маңызы бойынша төрт топқа бөлінеді: аса маңызды, бірінші, екінші және үшінші топтар.

V Категорияланған объектілер — үлкен экономикалық және қорғаныстық маңызы бар өнеркәсіп орындары мен өзгеде ұйымдар. Үш категорияга бөлінеді: аса маңызды, бірінші және екінші категориялар.

"Категорияланбаған объектілер" — барлық қалған ұйымдар (нысандар).

Тұрақтылық мәселелерін реттейтін құжаттар Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық шараларын жобалау (ИТЖ) нормалары болып табылады. Олар құрылыс нормалары мен ережелер кешенін (ҚНжЕ), мемлекеттік стандартты (ГОСТ) Азаматтық қороғаныстың инженерлік-техника-лық қамсыздандырудың барлық түрі бойынша нұсқаулық пен басшылықты қамтиды.

Осы құжаттар негізінде орталық атқарушы органдар салалық стандартты, АҚ ИТЖ нормаларын қолдану бойынша басшылық нұсқаулықты әзірлейді.

Шаруашылық нысандары мен салаларында АҚ ИТЖ және орталық атқарушы органдар, республикалық мекемелер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің келісімі бойынша жоспарлау 2.01.51-90 ҚНжЕ талаптарына сәйкес жүргізеді.


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 398 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 11 страница| ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 13 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.023 сек.)