Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ДӨзимертлік баҚылау приборлары 4 страница

РАДИАЦИЯЛЫҚ, ХИМИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖӘНЕ ДӨЗИМЕТРЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАР | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 1 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 2 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 6 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 7 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 8 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 9 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 10 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 11 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 12 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

РҚО-ның сыртқы қабырғасына қатты қымталған есік, ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады. Есіктер адамдарды көшіру кезінде ашылуға және есік қорабына есік қаңқасының мығым қысылуын қамтамасыз ететін резина төсемдері мен сыналары болуға тиіс.

Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады.

Панахананы электрмен жабдықтау қаланың (объектінің) сыртқы желісінен және қажетті жағдайда қоршаған көзден жүргізіледі. Сыртқы желілерден электр беру тоқтаған жағ-дайда панаханада көшпелі шам, батарея велогенератор мен басқа көздерден авариялық жарық қарастырылады.

Әрбір панаханада қалалық және жергілікті радиохабар желісіне қосылған кәсіпорынды басқару нүктесі мен дауыс қатайтқышы бар телефон байланысы болуға тиіс. Резервтік байланыс құрал ретінде объекті (аудан) АҚ желісінде істейтін радиостанция қызмет ете алады.

Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нор­масы екіярусты нар кезінде 0,5м2және үшярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс.

Панаханаларда өз бетімен ағатын немесе панахана ішіне қөзғалтқыш орнату арқылы айдау жолымен сыртқы кана­лизация желісіне ағын суды айдайтын санитарлық тораптар орнатылады. Канализация жоқ кезінде дәретті жинау үшін пудр-клөзет немесе резервуар-шұңқыр орнатылады. Ал сыйымдылығы 20 және одан да аз адам сиятын орындарды дәретті қабылдау үшін тығыз жабылатын ыдыс қойылады.

Санитарлық тораптар ерлер мен әйелдер үшін бөлек ор­натылады.

Ластанған киімді сақтауға арналған бөлме кіреберістердің біріне ыңғайластырылады және бөлмеден жанбайтын қоршаулармен ажыратылады. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі жасырынатын орынды лас киім үшін кіреберіске киім ілгіш қоюға болады.

Жасырынатын орынды жылыту ғимараттың өртақ жылыту жүйесіне қосылады және ажыратқыш қондырғылармен жабдықталады. Жылытылмайтын бөлмелерге уақытша жылыту қондырғысын қою қарастырылады.

РҚО-да қарапайым желдеткіш немесе механикалық желдеткіш қарастырылады. Қарапайым желдеткіш ауа ұстағыш және сорғыш шахталар арқылы жұмыс істейді, келетін ауаны беруге арналған саңылау бөлменің төменгі жағына, ал сорғыш саңылау жоғары жағына орналасады. Механикалық жұмыс істейтін желдеткіш жүйесінің ауа ұстағыш қондырғысы жер­дей кемінде 2м биіктікте орнатылып, радиоактивтік шаңнан қорғайтын қалпақшамен жабдықталады.

Жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шам мен шырақдандар пайдаланылады. Авариялық жарық ретінде май шамды да жағуға рұқсат етіледі.

Панаханадағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне Зл есеппен жасалады. РҚО-ны ауыз су қорымен жабдықтау өртақ су құбырынан жүргізіледі.

Барлық панаханалар кіреберіспен сыртқы есіктегі көрнекі жерге орналасқан белгілермен таңбаланады, ал панаханаға қарай қөзғалыс бағыты нұсқағышпен көрсетіледі.

Барлық тізбеленген шаралар ғимарат жасырыну режиміне көшірілген кезде жүргізілуге тиіс.

РҚО құрылысы өте қысқа мерзімде, 12 сағатқа жетпей аяқталуға тиіс.

Қарапайым үлгідегі панаханалар (ҚП)

Панахана мен РҚО жетпеген, сондай-ақ уақыт ең қаражат болмаған жағдайда еңбекке жарамды бүкіл халық қарапайым панахана — қуыстарды (ашық және жабық) салады.

Қарапайым панахана жағдайда панахана мен РҚО сияқты халықты қорғаныс ғимараттар мен қамсыздандыруда аралық кезең болып табылады.

Олар халықты ядролық жарылыстың соққы толқынынан, жарық сәулесінен және өткіш радиациядан қорғайды шығын ашық жермен салыстырғанда 1,5 есеге азаяды. Сәуле тию ықтималды 2,3 есеге азаяды.

Егер қуысты жапса, онда жарық сәулесінен толық қорғануға болады соққы толқынынан қорғану 2,5—3 есеге, өткіш радиациядан қорғану 200—300 есеге артады қуыстарды жабу сонымен қатар киімге радиоактивті заттардың жүғуынан, сондай-ақ қираған ғимараттардың сынықтарынан зақымданудан қорғайды.

Қуыс ашық немесе жабық болуы мүмкін. Ашық қуыс радиоактивті сәуле мөлшерін 2—3 есеге, жабық — 40—50 есеге азайтады. Бастапқыда қуыс ашық болып салынады. Әдетте оның терендігі 180—200 см, жоғарыдағы ені 110 —120 см және төмендегі ені — 80 см болады.

Қуыстың ұзындығы жасырынатындардың санымен анықталады және бір адамға 50—60 есеппен жасалады. Қуыстардың қалыпты сыйымдылығы 10—15 адам, ал үлкен қуыстыкі 50 адам.

Кіреберістер түйіспелі учаскеге тікбұрышты болып жа­салады, бұл жағдайда сыйымдылығы 20 адам қуыста бір кіреберіс, ал одан артық болған жағдайда екі кіреберіс жаса­лады. Әлсіз топырақта қуыс қабырғалары киіммен, қалың тақтаймен, темірбетон құрылғысымен және басқа материалдармен ынғайтылады. Қабырғалардың бірінің бойымен отыру үшін орындық, ал қабырғаларға, азық-түлікпен ауыз суы құйылған ыдысты сақтау үшін қуыс жасайды. Қуыс еденнің астына одан шығар жерде орналасқан су жинағыш құдығы бар дренажды арық орнатылады.

Қуыстың жабыны бөренеден темірбетон плитасынан не­месе тіреуден істелінеді. Үстіне балшық қабатын немесе өзге су жібермейтін материал төсеп, топырақ себеді (0,6—0,7) және дерн жабады.

Кіреберістер сыртынан есік қалқанымен жабатын люк немесе есігі бар төмендетілген баспалдақты саты түрінде жасалынады.

Қуысқа тақтайдан істелінген желдеткіш қорап орнатылады.

Қуыстың ағаш бөлшектер, сыртқа шығып тұрған ұштарын оттан сақтайтын кранмен жабады.

Ашық қуыстарды салу жау шабуылы қауіпі туындаған сәттен бастап қысқа мерзімді аяқталуға тиіс. Бұдан кейін қуыстар жабылады. Бұдан кейін қуыстын қорғаныс қабілеті өсіп РҚО деңгейіне жеткізілуге тиіс.

Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі

Қорғаныс ғимараттарын толтыруға, онда адамдарды орналастыруға және өзін-өзі ұстау тәртібін қамсыздандыруға басшылықты панаханаға қызмет көрсететін топтың, (буынның) жеке құрамы осы қорғаныс ғимаратының коменданты болып табылатын командир жүргізеді.

Қорғаныс ғимаратына келген адамдарда жеке қорғаныс құралдары (газқағар, респиратор, мақта-мата таңғышы), екі тәулікке жететін азық-түлік қоры, ауыз суы қоры, тазалық бұйымдары, ең қажетті жеке заттар мен құжаттар болуға тиіс. Панахананы толтыру ұйымдасқан түрде жедел жүргізіледі.

Панаханаға бірінші кезекте балалар мен қарттар жіберіледі, балалар мен ата-аналар жеке бөлмеде немесе олар үшін арнайы бөлінген жерге орналасады.

Паналаушылар комендант пен қызмет көрсету тобының (буынның) жеке құрамының өкімін мүлтіксіз орындауға, ғимараттағы тәртіпті сақтауға тиіс.

Қорғаныс ғимаратындағы демалыс әрбір адамның жатып тыныстауы үшін кезекпен ұйымдастырылады.

Қажетсіз ғимарат ішінде жүруге, шулауға, темекі тартуға рұқсатсыз керосин шамын, май шамды, электр жарығын инженерлік агрегаттар мен тораптарды қосу мен ажыратуға, панахана аспаптарын, мүлігімен жабдықтарын рұқсатсыз алуға белгіленген жерге тамақ қалдықтарын тастауға, коменданттың рұқсатынсыз азық-түлік пен ауыз суына тыйым салынады. Бірінші кезекте балалар мен қарт адамдар демалады. Онда сұхбаттар, дауыстап оқу, радио хабарларын тындау ұйымдастырылады.

 

 

РҚО-да жоғарыда келтірілген келіп-кету тәртібінен ба­сқа кейбір қосымша тәртіптер сақталуға тиіс.

Панахана еденін ара-тұра сумен шайып, ал 2—3 тәуліктен соң РҚО-пың барлық жері мен ондағы заттарды ылғал шүберекпен сүрту қажет. Азық-түлік пен суды ластағыш заттар түспеу үшін жақсы жабылған ыдыста сақтайды.

Тамақ пен су ішу кезінде ғимарат желдеткіші тоқтауға тиіс. Тамақ ішер алдында қолды ылғал шүберекпен сүрткен жөн. Фильтрлі желдеткіш жүйесін ажырату және қайта қосу қажеттілік бойынша жүргізіледі. Қарсылас жақ химиялық қаруды қолданған жағдайда паналаушылар газқағарлары мен теріні қорғау құралдарын киеді.

Қорғаныс ғимаратынан шығу сырттағы жағдай мен түсетін әмірлер және дабылдар туралы паналаушыларға комендант хабарлағаннан кейін оның өкімі бойынша жүргізіледі.

Кіреберістер мен авариялық шығаберістер үйінді астында қалған жағдайда комендант АҚ құрамаларының көмегін күтпей, паналаушыларды жұмысқа тарта отыра оны тазалауды ұйымдастырады. Бірінші кезекте шығар есікті ашуға шара қолданылады, сол үшін оны тиегінен босатады. Жайпақ есікті сүйемен және сына арқылы ілгешейінен алады. Жайпақ есікке бұрғымен, кескішпен және арамен саңлау жасайды, бұдан кейін іштегі үйінді қиқымдарын жинап кіреберісті үйіндіден тазартуды одан ары жалғастырады. Бір уақытта авариялық шығаберістер үйіндіден тазартылады. Адамдарды қорғаныс ғимаратынан шығару мына тәртіппен жүргізіледі: әуелі төбеге бірнеше адам шығып өз бетімен көтеріле алмайтындарға көмектеседі, бұдан кейін зардап шеккендер, балалар мен қарттар, ең соңында қалған барлық адам әкетіледі.

Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын қүтіп ұстау және пайдалану тәртібі

Қорғаныс ғимаратын пайдалануға даярлықта ұстау мен оны дұрыс пайдалануға бақылауды панахана мен жасырыну орындарын ұйымдастыру қызметі, ал оларды күту мен пай-далануды осы ғимаратқа қызмет көрсететін топ (буын) жүргізеді. Буын командирі (ол қорғаныс ғимаратының ко­мандиры) ғимаратқа қызмет көрсететін инженерлік-техникалық қызметшілерден тағайындалады. Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде бөлмелерді белгіленген мерзімде қорғаныс ғимараттары режиміне көшіруді қамтамасыз ететін барлық талаптар орындалуға және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарына адам келуге қажетті жағдайлар сақталуға тиіс.

Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде жалпы, соңдай-ақ оны жекелеген бөліктерінің —кіреберістер мен авариялық шығаберістердің және қорғалған-қымталған есіктердің, баулықтардың және жарылыстардан қорғайтын қондырғылардың, бүкіл қорғаныс ғимаратының, инженерлік-техникалық қондырғылардың қорғаныс қабілетінің сақталуы, қымталуы мен суды өткізбеушілігі және оны кез келген уақытта соғыс уақытындағы режимде пайдалануға көшіру мүмкіндігі қамсыздандырылуға тиіс. Қорғаныс ғимараттарының қондырғыларын бөлшектеуге, бөлмелерді өзгертуге, коршағыш құрғыларға саңылау мен ойық істеуге және қорғаныс қабілеті мен қымталудың өзгеде бұзылуына тиым салынады.

Қорғаныс ғимаратында мына құжаттар болуға тиіс: АҚ хабарының дабылдары, жеке қорғаныс құралдарын пайда­лану тәртібі, кіреберіс-шығаберіс, су алатын нүктелер, са-нитарлық тіректер көрсеткіштері, қорғаныс ғимаратының күтіп-ұстау тәртібі мен жабдықтау табелі, панахана паспөрта, ажырату қондырғыларын көрсеткімен ішкі және сыртқы инженерлік тораттар жоспары, қорғаныс ғимаратгың жәй-күйін тексеру журналы, желдеткіш-сүзгіш және өзге инженерлік жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар, приборларды пайдалану тәртібі. Сонымен қатар АҚ және ТЖ лауазымды тұлғаларының, емдеу мекемелерімен өрт командирымен, теле­фон мен мекен жайының тізімдері жасырынатындардың өзін-өзі ұстау тәртібі көрнекі жерге ілінуте тиіс.

Қорғаныс ғимараттарының жәй-күйі бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдаланатын кәсіпорын (мекеме) басшысы белгілеген тәртіппен жүргізілетін жыл сайынғы және арнайы (кезектен тыс) қадағалауларда тексеріледі.

Қорғаныс ғимаратының кіреберісіне кедергі жасауға болмайды. Қала (аудан) ТЖ және АҚ басқару органдарының келісімісіз кіреберістерге, шығаберістерге және сыртқы ауа келетін қондырғыларға жақын учаскелерге құрылыс салуға тиым салынады.

Қорғалған-қымталған есіктер бейбіт уақытта ғимарат пайдаланған кезде ашық болуы және оңай жабылатыи ілгешектерде тұруға тиіс.

Есік ойықтарын жабу үшін кәдімгі есіктер қойылуға тиіс,

Қорғаныс ғимаратының бөлмелері құрғақ болуға қажет.

Температура қысқы уақытта бейбіт уақытта бөлмелерді пайдалану талаптарына сәйкес ұсталуға тиіс. Бөлмелерді есікті ашық және таза желдету режимі бойынша сүзгілік желдету қондырғысын қысқа мерзімді жұмысы үшін қоса отырып ұдайы ауасын тазартып отыру қажет.

Қорғаныс ғимаратының инженерлік-техникалық қондырғылары пайдалану үшін ақаусыз күйде күтілуге тиіс. Оны бейбіт уақытта пайдалануға рұқсат етіледі (сүзгіш-жұтқыштар мен регенеративті қондырғыларды қоспағанда).

Ауыз суының авариялық қорының ыдыстарында екі тәуліктің бойында су толық айырбасталуға тиіе. Авариялық қысымсыз ыдыста таза күйінде болуға және панахана режиміне көшкен кезде сумен толтырынуға тиіс.

Дәрет жинауға арналған авариялық резервуарлар жабық болуға тиіс, оларды бейбіт уақытта пайдалануға рұқсат етілмейді. Бейбіт уақытта пайдалануға қажеттігі жоқ санитарлық тораптар жабық болуға және сүргіштелуге тиіс.

Бейбіт уақытта пайдаланылмайтын ДЭС тоқтатылады. Оларды тоқтату қорғаныс ғимаратын панахана режиміне көшіру кезінде жүргізіледі.

Панахана (РҚО) режим! бойынша пайдалануға қорғаныс ғимараттарын әзірлікке келтіру ушін мына іс-әрекеттер жүзге асырылады:

— қорғаныс ғимараттарының алдын тазалау, жазба-көрсеткіштерді және "Юру" жарық дабылын қою;

— қорғаныс ғимараттарын панахана режимінде пайдалану кезінде пайдаланылмайтын мүлікпен материалдан босату, ғимараттарды нарлармен және орындықтармен жабдықтау;

— инженерлік-техникалық қондырғылардын тоқтатылуын жүргізу;

— қорғалған-қымталған есіктерден кәдімгі есіклерді, пандустарды және жеңіл экрандарды алу;

— қорғалған-қымталған есіктердің, олардың ілгешектерінің ақаусыздығын тексеру;

— технологиялық ойықтарды, барлық қорғау-қымтау қондырғыларын жабу (жүк люктері мен лифт шахталары, монтаждық ойықтар және т.б.); — бейбіт уақытта панахана желдеткіші үшін пайдаланыл­майтын желдеткіш жүйесінің ауа ұстағыш және сорғыш саңлауларын жабу және қымтау;

— авариялық шығаберістерін жәй күйін тексеру және қажет болса оларды тексеру;

— желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация, энергиямен жабдықтау және ажыратқыш қондырғылары жүйесінің ақаусыздығын тексеру;

— қорғаныс ғимараттарының қымталуын тексеру;

— бейбіт уақытында пайдаланылмайтын санитарлық тораптарын ашу;

— сыртқы су құбырына қорғаныс ғимаратының су құбырын жүйесін қосу, авариялық су қорын толтыру және ауыз суына арналған ыдысты қою;

— ғимараттың жарық жүйесін панахана режиміне қосу;

— дауыс шығарғыштар мен телефондарды орнату және қосу қажет жағдайда панахананың жабдықпен, аспаппен, прибормен жеке қорғаныс құралымен жабдықталуын тексеру;

— ғимаратты желдету;

— азық-түлік пен дәрі-дәрмек қорын жасау.

Қорғаныс ғимараттарының панахана режимінде пайда­лану қызмет көрсету буынның басшылығымен жүргізіледі, ол халықты қабылдауға даярлықты, паналаушыларды дұрыс орналастыруды және олардың панаханаға келіп-кету тәртібін сақтауын, сондай-ақ ішкі қондырғылар мен байланыс құралдарының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

"Баршаңыздьщ назарыңызға!" ескерту дабылы және іс-әрекет тәртібі туралы белгіленген ақпарат бойынша қызмет көрсе­ту буының жеке құрамы панаханаға келіп жылыну жүйесін ажыратады, бүкіл бөлмелердегі жарықты қосады сүзгілі-желдеткіш қондырғыларды жұмысқа әзірлейді, авариялық шығаберістердің және сорғыны желдеткіш реттегіш оқшаулағышын жабады, қажет болса транзиттік коммуникацяның қондырғысын жабады, келген адамдарды қабылдап орналастырады.

Қорғаныс ғимараты толып, панахананың қорғалған-қымталған есіктерінің жапқаннан кейін таза желдеткіш жүйесі бойынша оны ауамен толтырады.

УЗ қолданылғандығы туралы берілген ақпарат бойынша ауамен жабдықталған жүйесі бірден сүзгіш-желдеткіш режиміне қосылады.

Ядролық жарылыстан кейін сүзгіш-желдеткіш жүйесі бір сағатқа ажыратылады, толық оқшаулау режимі белгіленеді, ахуал анықталады және қалыптасқан ахуалға сәйкес режим-ге көшу жүргізіледі.

Сүзгіш-желдеткіш режиміне таза желдеткіш қосылардың алдында ауада УЗ бар-жоғы тексеріледі. Келген ауада УЗ іздері байқалған жағдайда сүзгіш-желдеткіш режимі сақталады.

 

ҚОНЫСТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨШІРУ

Көшіру және қоныстандырудың принциптері және көшіру әдістері

Көшіру шаралары зілзалаға, апаттарға душар болуы мүмкін аудандардан, зақымдану аумақтарынан халықты алдын ала әкету (көшіру) мақсатында, тұрғындарды, жұмысшылар мен қызметкерлерді табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезіндегі, сондай-ақ осы зақымдау құралдары қолданылған кезінде қорғау төсілі ретіндегі негізгі әдіс болып табылады.

Бұрында соғыстар кезінде көшіру кең қолданылатын. Бірақ та, бұрын өткізілген көшіру шаралары, яғни ұлы Отан соғысы кезінде, зілзалалар, авариялар мен апаттар уақытында белгіленген көшіру шараларынан қатты ерекшеленеді. Мысалы, ұлы Отан соғысы кезінде халық жауға қарама-қарсы бағыттағы қашық аудандарға көшетін. Қазіргі көшіру шара­лары ең ықтимал қирау, зілзала, авариялар мен апаттар аумақтарынан халықты әкетуді (көшіруді) қарастырады.

Көшіру шаралары мынаны қамтиды:

— көшіру — Төтенше жағжайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдардық құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету.

— қоныстандыру — бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларда жұмысын жалғастыратыны ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін (олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа ұйымшылдықпен апару және орналастыру. Қаладағы ұйымдарда тек ауысымда жұмыс істеушілер ғана қалады, ал қалған жұмысшылар мен қызметшілер қаласыртындағы аймаққа орналастырылады. Жұмыс орнына апарып қайту ең аз уақытты сскере отырып ұйымдастырылады (үш сағаттан аспайды).

Көшіру шараларына, сондай-ақ шекаралас аудандардың, аса маңызды объектілерге жақын орналасқан аудандардың халқын көшіру жатады.

Қауіпсіз аймақ — бұл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су аймағынан тысқары орналасқан көшірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздандыру үшін даярланған аумақ.

Барлық көшірілген халық қауіпсіз аймақтағы қоныстандыру нүктесінде ең қажетті тіршілік көзімен қамсыдандырылуға тиіс.

Көшіру мен қоныстандырудың негізгі принциптері:

— көшірілуге тиіс халықтың барлық санатын барынша қамту;

— көшіру шараларын өндірістік принцип пен тұрғылықты жері бойынша жүргізу;

— көшіру шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізу;

— көшіру шараларын жүргізу кезінде жоспарлық пен ұйымшылдықты сақтау;

— көшіру шараларын жүргізу үшін көліктің барлық түрлерін олардың белгіленген жұмыс режимін бұзбай пай­далану, сондай-ақ жеке көлікті пайдалану;

— орналастыру, қоныстандыру орындарын дер кезінде даярлау;

— көшірілетін және қоныстандырылатын халықты жолда, орналастыру және қоныстандыру орындарында тіршілік көзімен қамсыздандыру;

— өз қызметін жалғастыратын объектілерді үздіксіз және тұрақты жұмысын тұрақтандыру.

Республика аумағында өндірісінде қатты әсер ететін заттарды шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын 500 жуық аса қауіпті объекті бар. Су басу аймағында тұратын халық үшін 200-ге жуық су қоймасы қауіп төндіреді. Әртүрлі зілзала түрлері экономика мен ауылшаруашылығы объектілеріне елеулі залал келтіруі, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жағдайда ҚР халқы уақытша көшіруге дайын болуға тиіс.

 

Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда көшіруді Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді. Шараларды жоспарлауды төтенше жағдайлардың туындауы қауіпі мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын ескере отырып, орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар алдын ала жүргізеді.

Барлық категориядағы халықты әкетуді (шығаруды) және оларды қауіпсіз аймаққа орналастыруды оларды жұмыс істейтін, оқитын, тұратын жерлері бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар ұйымдыстырады.

Халықты көшіру сабақтас тәсілмен — халықты жаяу немесе көлікті барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады. Көлікті беруді есептеулер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнгенде және пайда болған кезең мен қорғану шараларының мүдделері мен халықтың жеке пайдалануындағы көліктің қолда барын ескере отырып, соғыс кезеңіне жекеше жасалады.

Осы заманғы зақымдау құралдарын қоддану қауіпі төнген кезде өндірісте істемейтін және қызмет көрсету саласындағы халықты (зейнеткерлер, жоғары оқу орындарының, мамандандырылған арнаулы оқу орындарының төменгі курс студенттері, колледждердің лицейлердің, мектеп — интернаттардын оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер, мүгедектер мен қарттар үйлерінде орналасқандар, әкімшілік пен олардың отбасы мүшелерімен бірлесе отырып) көлік жұмысының кестесін бұзбастан көшіру шаралар басталғанға дейін ішінара көшіруге жатады. Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан кауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 180 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 3 страница| ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 5 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.019 сек.)