Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ДӨзимертлік баҚылау приборлары 7 страница

РАДИАЦИЯЛЫҚ, ХИМИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖӘНЕ ДӨЗИМЕТРЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАР | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 1 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 2 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 3 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 4 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 5 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 9 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 10 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 11 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 12 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

 

Өнеркәсіптік газқағарлар

Химиялық қауіпті объектілер қызметкерлерін қорғау үшін өнеркәсіпті газқағарлар жасалынады. Олар сүзгілік газқағарлар сияқты тыныс алу органы, көз бен бетті зақымданудан сақтайды. Олардың қолданылу аясы тар, адамды тек нақты жағдайларда ғана зиянды заттардан қорғайды. Сондықтан да олардың сүзгілік қорапшасы жұтқыштар құрамы бойынша қатаң мамандандырылған және ауадағы улы затты немесе зиянды қоспаны тазартады. Өнеркәсіптік газқағарлардың сүзгілік қорапшаларының осы маркаға сай өз мақсаты және бояуы бар.

Өнеркәсіптік газқағарларының жіктелісі

Қорапшаның түрі Қорапшаның түсі Қандай заттардан қорғайды
А қоныр Фосфорлы және хлорлы органи-калық улы химикаттардан, органикалык қосылыстар буынан (бензин, керосин, ацетон, бензол, күкірті көміртегі, тетраэтилқорғасын, толуол, ксилол, спирт, эфир)
Б сары Фосфорлы және хлорлыоргани-калық улы химикаттардан, қышқыл газ бен булардан (хлор, күкіртті газ, синил қышқылы, азот тотығы, фосген, хлорлы сутегі)
В қара Сынап буынан этилмеркур-хлорид негізінде органикалык улы химикаттардан
Г бір жағы қара, бір жағы сары Мышьякты және фосфорлы сутегінен
д қара Аммиактан, күкірті сутегін және оның қоспасынан
Е қорғаныс Органикалық заттар буынан, мышьякты және фосфорлы сутегінен
Ж қызыл Аммиактьщ, органикалық қосылыстар буының, күкіртті сугегінің, мышьяклъі және фосфорлы сутегінің, мышьякты және фосфорлы сутегінің шағын мөлшері бар көміртегі тотығынан

Соңғы шыққан өнеркәсіптік газқағарларға ПФМ-1, ППФ-95М, ПФМ-ЗП, ППФМ-92, ППФ-95, ППФ-87 жатады. Тыныс алу органдарын құрайтын қарапайым құралдары ретінде қарапайым мақта-мата дәкісін және шаңнан қорғайтын мақта-мата маскасын (ПТМ) пайдалануға болады. Тыныс алу органдарын радиоактивті шаңнан, зиянды газдан, будан және аэрөзоль қоспасынан қорғаудың қарапайым құралы ретінде Р-2 респираторлар қолданылады.

Респиратор жүзікті полиэтиленді пакетте сақталады.

Р -2 респираторы үш өлшемде шығарылады.

Р-2 респиратордан басқа өнеркәсіптік газқағарлар (ПР—5,

ПРБ-5, ШБ-1, У-2К, РУ-60, Ф-62М, ПРШ-2-59, РПА-1, ЛУР—Ш, РПГ—67 және т.б.) кеңінен пайдаланылады.

Корпусы матаның 4—5 қабатынан тұрады. үстіңгі қабаты үшін штапель, миткаль, тоқыма, бязь, ішкі қабаттар үшін фланель, бомазей, мақта-мата немесе жүн мата жарамды. Масканың бекіткіші жұқа материалының бір қабатынан жасалынады. Тігісі бойынша маска корпусы мен бекіткіші жасалады, ұзындыгы 0,8—1,5 см жоғарғы және көлденең резинасын даярлайды масканы тігеді. Көзді қорғау үшін маска ойығына шыны, плексиглаз немесе целлулоид қойылады.

Мақта-мата таңғышын 100x50 см көлеміндегі дәкі кесіндісінен жасайды. Өртасы бойынша бір қалыпты көлемі 30x20 см қалыңдығы 2см мақта қабатын жаяды. Дәкі кесіндісінің бойымен екі жағынан да бүгіп, мақтаның үстіне қояды. Байлау үшін екі жағын 30—35 см етіп қияды.

Киілген маска иекті ауыз бен мұрынды көзге дейін жабуға тиіс. Олардың ұшын төменгі жағының төбе сүйекте, ал жоғары жағының құлақ үстіндегі желкеде болатындай етіп байлайды.

Бұл құралдар радиоактивтік, улағыш заттардың және бактериалдық құралдардың тікелей түсуінен, ал кейбір жағдайларда жалпы әскерлік қорғаныс жиыны улы заттар буының адамның тері жамылғысына әсерінен қорғауды қамтамасыз етеді.

Теріні қорғаудың сүзгілік құралы киімді қорғайтын

сүзгілік қорғаныс жиыны болып табылады. Бұл жиынның негізгі мақсаты — адамның тері жамылғыларын бу тәріздес күйіндегі улағыш заттардың әсерінен қорғау. Жиын сонымен қатар аэрөзольдік күйдегі радиоактивтік шаңның бактериалдық құралдардан қорғауды қамтамасыз етеді.

Теріні қорғау құралдары арнайы химиялық заттар сіңірілген мақта-қағаз матасынан жасалынады, соның арқасынан материалдың ауа сіңірінділігі негізінен сақталады, ал улы және зақымдағыш заттар мата арқыны өткенде ұсталады. Бір жағдайда бейтараптану, екінші жағдайда жұту (сорбция) өтеді.

Шаруашылық объектілеріндегі, АҚ құрамалары АҚ әскери бөлімдері, химиялық әскелер, қарулы күштердің өзге ар­найы құрамалары көп уақыттан бері жаяпы әскерлік қорғау жиынын (ЖҚЖ), жеңіл қорғаныс костюмін, қорғаныс комбинезонын және костюмды пайдаланып келеді.

Сүзгілік қорғаныс киімін де ұмытуға болмайды, оның оқшаулағыш құралдарына қарағанда үлкен артықшылығы бар. Онымен жұмыс істеген жеңіл, адам ұзақ шаршамайды іс-қимылдары жинақы.

Теріні қорғау құралдарын зақымдалмаған жерлерде киеді.

Оқшаулағыш құралдарда адам ысынып, тез шаршайды. 15 С-тан жоғары температура кезінде жұмыс созымдылығын арттыру үшін теріні қорғау құралын сыртынан киетін, мақта-қағаз матасынан жасалынған ылғалдағыш комбине­зон қолданылады. Ылғалдағыш комбинезондар сумен жиі шайылады.

Теріні қорғау құралдары зақымдалмаған жерлерде немесе қорғаныс құралдарының сыртқы жағының дене мен киімнің қорғалмаған бөліміне тимейтіндей етіп авариялық жұмыстардан алшақ жерде жүргізіледі.

Теріні қорғаудың қарапайым құралдары

Адамның терісін қорғаудың қарапайым құралдар ретінде ең алдымен өндірістік киім (арнайы киім) күртелер мен шалбарлар, комбинезондар, брезенттен, оттан қорғайтын немесе резиналы матадан, тұрпайы шүғадан тігілген халаттар пайдаланылуы мүмкін. Олар тек адамдардың терісіне радиоактивті заттар бактериалдық құралдардың түсуінен қорғауға ғана емес, сондай-ақ белгілі бір уақыт бойында там-

Аяқты қорғау үшін өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы резина етікті, ботыны және галошты пайдалану қажет, сондай-ақ теріден және тері ауыстырғыштан тігілген аяқ киімдерді резиналы галошпен киген жөн.

Қолды қорғау үшін резиналы не­месе тері қолғап пен биялайды кию керек. Жүннен, мақталы қағаздан тігілген және тоқымалы қолғапты тек радиоактивтік және бактериалдық заттардан қорғау үшін ғана пайдалануға болады, о л а р улы заттардан қорғау үшін жарамсыз.

Теріні қорғаудың қарапайым құралдары арнайы ерітінді сіңірілгеннен кейін улағыш заттардың буымен аэрөзольдарынан адамдарды қорғау қабілетін алады. Тек мата-материалдарынан тігілген киімге ғана ерітінді Жеңіл қорғаныс сіңіруге болады костюмы киімнің; бір данасына ерітінді

сіңіру үшін 2,5 л ерітінді жеткілікті. Сіңіру үшін К—4 арнайы пастасын немесе май-сабын эмульсиясын пайдалануға болады. Оны 250—300 г суда үгітілген шаруашылық сабынды еріту арқылы алады, ал содан соң 0,5 л минералдық немесе өсімдік майын қосады.

Ерітінді сіңірілген киімді үтіктеуғе болмайды.

Жеке қорғаныстың медициналық құралдары

Жеке қорғаныстың медициналық құралдары —медициналық препараттар, материалдар және арнайы құралдар зақымдау құралдарының әсерін және сақтандыру кезіндегі күрделіліктерді төмендету және зақымданудан ескерту мақсатында қолданылады.

Жеке қорғаныстың медициналық құралдарына радиациядан қорғайтын, залалсыздандыратын және бактериядан қорғайтын препараттар, УЗ (ҚӘУЗ) рецетурасынан бастап таңғыш құралдары жатады.

Табельдік медициналық жеке қорғаныс құралдарына мыналар жатады:

АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасы; радиациялық қауіпті аумақта тұратын халыққа арналған әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы — ИПП-8, ИГІП-10; жеке химиялық әсерден қорғайтын пакеттер; ППМ медициналық — таңу пакеті.

Әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы мына құралдармен жабдықталған: радиациядан қорғау құралдары, жалпы терапевтік препараттар (аспирин, седальгин, аммиак, бесалол, валдидол, нитроглицерин, папазол, диазолин, феназе-пам), антисептикалық және таңғыш құралдар (бриллианттық жасыл, калий перманғанат, деринат, левоменоль немесе мафенидин ацетат, мақта, бактерицидті жабысқыш, бинт).

 

ХАЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРАЛАРЫ

 

Халықты инженерлік қорғау шаралары бүкіл республи­ка аумағында, экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларының кешенінде салыстырмалы (панахана катерогиялан-ған қалалар мен аса маңызды объектілерде, радиациядан қорғайтын орындар қауіпсіз аймақта салынады) жүргізілуге тиіс. Халық қорғаныс ғимаратын дұрыс пайдалануға дағдылануы қажет, халыққа хабарлау жүйесі АҚ дабылы мен ТЖ қауіпі және пайда болу кезіндегі іс-әрекетті беру жөніндегі ақпаратты беруге тұрақты даярлықта болуға тиіс.

АҚ инженерлік-техникалық шаралар өз уақытында әзірленіп бейбіт уақытта өтуге тиіс. Өз сипаты бойынша өз уақытында жүргізілмейтін шаралар ерекше кезеңде (қарсылас шабуылы қауіпі жағдайында) өте қысқа мерзімде өткізілуге тиіс.

Қорғаныс ғимараттары — бұл арнайы мақсаттағы инженерлік ғимараттар. Олар халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі авариялар кезіндегі шыққан радиациялық заттардан, зақымдағыш факторлардың ықтимал қайталануынан, жарыныстардан, сондай-ақ зілзаладан, авариялар мен апаттардан қорғайды.

Шаруашылық салалары мен объектілерде АК, инженерлік­ техника шараларын жоғалау 2.01.51-90 Құрылыс нормалары мен тәртіптеріне және АҚ мен ТЖ саласында орталық атқарушы органмен (Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі) келісім бойынша министірліктер мен өзге орталық атқарушы органдар әзірлеп бекіткен нормативті құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

Бұдан әрі берілген материалды түсіну үшін төмендегі терминдер мен түсініктерді білу қажет:

S АҚ бойынша топтарга жататын қалалар — бұл үлкен экономикалық, стратегиялық және қорғаныстық маңызы бар қалалар.

V Категорияланған объектілер — үлкен экономикалық және қорғаныстық маңызы бар өнеркәсіп орындары мен өзге де ұйымдар, үш категорияға бөлінеді: аса маңызды, бірінші және екінші категориялар.

Топтар бойынша қалалар, категориялар бойынша категорияланган объектілер тізбесі Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен анықталады.

Соққы толқыны майданында артық қысым (Рф) Юк Па (ОДкгс/кг.см) және одан артық пайда болуы мүмкін АҚ бойынша топтарға жататын қалалар мен аса маңызды шаруашылық объектілері орналасқан, аумак ықтымал қираулар аймағын құрайды.

Соққы толқынының майданында артық қысым (Рф) ЗОк Па (0,3кгс/кг.см) тең және одан артық шегіндегі ықтимал қираулар аумағының бір бөлігі ықтимал күшті қарғаулар аймағын құрайды.

Ықтимал қатты қираулар аймағы мен ықтимал қираулар аймағы шекаралары арасында тұрған аумақ ықтимал әлсіз қираулар аймағын құрайды.

Ықтимал күшті қираулар аймақ шекарасы мен ықтимал әлсіз қирау аймағы шекарасын жобалық құрылыс салу шекарасынан аулақтату категоррияланған қалалар мен шаруашылық объектілерінің категориясына байланысты.

Ықтимал қатты қираулар аймағы, әдеттегідей, категорияланған қалалардың жобалық құрылыс шекарасымен орайлас келеді.

Ықтимал әлсіз қираулар аймағы категорияланған қала­лар мен аса маңызды объектілер шекарасынан 7—10 км қашықтықта орналасқан.

АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалар мен аса маңызды объектілерден ықтимал қираулар аймағымен жапсарлас, ені 20км аумақ ықтимал қауіпті радиоактивті зақымдану (ластану) аймагы деп аталады.

Ықтимал қауіпті радиоактивті зақымдану (ластану) аймағыньщ шекарасына жапсарлас, ені 10км аумақ ықтимал қатты радиоактивті зақымдану (ластану) аймағы деп аталады.

ҚӘУЗ шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын шаруашылық объектілері химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) деп аталады, олардың зақымдалуы немесе бүлінуі адамдардың, хайуанаттар мен өсімдіктердің жаппай улануына алып келуі мүмкін, химия, қағаз, тоқыма, қорғаныс, мұнай өндеу, кәсіпорындарыңда, мұнай-химия өнеркәсібінде, түсті және қара металлургияда, минералды тыңайтқыштар өнеркәсібінде ҚӘУЗ-дің үлкен қоры бар. ҚӘУЗ-дің үлкен бөлігі агроөнеркәсіп және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында жинақталған.

ҚӘУЗ зақымдауына ұшыраған аймақ химиялық зақымдану аймағы деп аталады. Оған ҚӘУЗ төгілген (шығарылған) орынмен улаушы концентрациядағы ҚӘУЗ-і бар бұлт тараған аумақ кіреді. ҚӘУЗ-дің химиялық зақымдау аймағы зақымдалған бұлттың таралуының терендігі мен және енімен сипатталады. Аймақтың жылжымалылығы ауа ағынының тік және көлбеу қөзғалысына байланысты.

Ықтимал қираулар аймағынан, ықтимал қауіпті химия-лык зақымдану, ықтимал апатты су басу, сондай-ақ ықтимал қауіпті радиоактивті ластану аймағынан тыс орналасқан және жергілікті, көшірілген халықтың тіршілігі үшін жарамды облыс әкімшілікті шекарасы шегіндегі аумақ қауіпсіз (қала сырты) аймағын құрайды.

Халықты инженерлік қорғау жүйесі мына бағытта қамтиды:

S қорғаныс ғимараттары қорын жинақтау:

S қорғаныс ғимараттарын паналаушыларды қабылдау тұрақты әзірлеуге ұстау;

s жау шабуылы қауіпі кезінде жылдам тұрғызылатын панаханаларды салу;

s хабарлау жүйесін АҚ дабылы мен ол бойынша іс-әрекет туралы ақпаратты бүкіл халыққа жеткізу жүйесін тұрақты әзірлікте ұстау.

Бейбіт уақытта жүргізілетін инженерлік қорғаныс шараларына мыналар жатады:

S панаханалар мен радиациядан қорғайтын орындар (РҚО) бойынша нормативтік және жобалық техникалық құжаттаманы әзірлеу

S ҚН жЕ және жобаларды әзірлеу

S қорғаныс ғимарттарын салуды жоспарлау. Бұл құрылыс болашақ және жылдық жоспарларға кіреді.

s қорғаныс ғимарттарын салу. Жұмыс істейтін шағын шағымды жасырыну үшін барлық қорғаныс ғимараттары бейбіт уақытта салуға тиіс.

S халықты жасырынуға жарамды ғимараттарды анықтау және зерттеу

s қалалардың жер асты кеңістігін, тау ұңғымаларын, жартастар мен табиғи жыраларды қорғаныс ғимараттары етіп ыңғайлау

s қорғаныс ғимарттары қоры күтіп-ұстау және қызметшілерді даярлау

s екі нұсқа бойынша халықты жасыру жоспарын әзірлеу: АҚ шараларын жоспарлы жүргізген және жау кенеттен шабуылдаған кезде.

s қарапайым панахана мен жылдам тұрғызылатын панахананы салу бойынша дайындық шараларын жүргізу.

Соғыс уақытында өтікізілетін инженерлік қорғаныстарына мыналар жатады:

S қолда бар қорғаныс ғимараттары паналаушыларды қабылдау үшін тұрақты әзірлікке келтіру;

s қолда бар жертөлелік бөлмелер мен цоккольдік ғимараттар бірінші қабаттарын радиациядан қорғайтын орын (РҚО) етіп ыңғайлау;

S жеңіл қондырғылар мен қорғаныс ғимараттарын салу. Жеңіл қондырғылары бар қорғаныс ғимарттары немесе жыл­дам тұрғызылатын панахана бейбіт уақытта қорғаныс ғимаратымен қамсыздандырылмаған категорияланған қалаларда немесе аса маңызды объектілерде соғыс уақытында жұмыс істейтін шағын ауысымдар үшін салынады;

S қарапайым панаханаларды салу. Қарапайым панаха­налар шабуыл қауіпіне байланысты категорияланған қалалардағы еңбекке жарамды халықтың күшімен салынады.

Панаханалар халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі, яғни оларды ұжымдық корғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру.

Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесімен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан — ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚӘУЗ) ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Барлық панаханалар жасырынатындарды ядролық жарылыс соққы толқынның майданында артық қысымның ықпалынан — 10кПа (1 кгс/кв.см) қорғауға және мыңға тең иондаушы сәулеленудің радиациялық дөзасын әлсірету дәрежесінде болуға тиіс.

Панаханадағы тіршілік жүйесі екі тәуліктің бойында жасырынатындардың есептік саның қамсыздандыруға тиіс.

Панаханалар деңгейі бойынша 4 сыныпқа бөлінеді:

— бірінші сынып — А-І Рф= 5 кгс/кв.см және 1С =5000— ерекше тапсырыс бойынша салынады (үкіметті басқару нүктелері);

— екінші сынып — А-ІІ Рф= 3 кгс/кв.см және Қ, =3000 — аса маңызды және АО бойынша 1 топтағы қалаларда салынады;

— үшінші сынып — А-ІІІ Рф= 2 кгс/кв.см және К3 =2000

— АҚ бойынша II мен III топтағы қалаларда салынады;

— төртінші сынып — A-IV Рф= 1 кгс/кв.см және К3 = 1000 — категорияланған қалалардың шегінде орналасқан аса маңызды объектілерде салынады, мұнда А — панахананы (I, II, HI, IV) — панахана сыныбын білдіреді, Рф — соққы толқынының майданындағы артық қысымды тежейді

— күш килограммы кв.с, К3 — иондаушы сәулелену ради­ация дөзасын әлсірету коэффициент! (дөзаны қанша рет әлсіретеді) — 1000.

Жылдам тұрғызылатын панаханалар (ЖТП) — бұл жеңіл қондырғылар арқылы 15 күн мен бір ай аралығында жау шабуыл қауіпіне байланысты тұрғызылган ғимарат.

Мұндай панахананың сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) — 50—200 адам.

Радиациядан қорғайтын орындар (РҚО) адамдарды радиоактиве зақымдалу жағдайында сәуле тиюден, тыныс органдарын, тері мен киімді радиоактивті заттардың түсуінен қорғайды. Ластанған киімді сақтауга арналған бөлме кіреберістердің біріне ыңғайластырылады және бөлмеден жанбайтын қоршаулармен ажыратылады.

РҚО ықтимал әлсіз қираулар аймағында орналасқан кезінде оның қоршау қүрғылары соққы толқын майданын­дагы артық қысымға есептелуге, 20кПа (0,2 кгс/кв.см.) тең болуға тиіс.

РҚО-да орналасқан жеріне орай иондаушы сәулеленудің радиациясы дөзасын төмендету дәрежесі мен қорғаныс ко­эффициент! болуға тиіс:

— ықтимал қатты қираулар аймағынан тыс орналасқан, АҚ бойынша бірінші және екінші категориялардағы объектілерде жұмыс істейтін кәсіпорындар ауысымы үшін —200;

— ықтимал қатты қираулар аймағы шекарасынан сыртындасындағы ықтимал қауіпті радиоактивті зақымдану (ла­стану) аймағында: жұмыс істейтін кәсіпорындар ауысымы АҚ құрамалары мен емдеу мекемелері үшін —200, халық пен көшірілгендер үшін — 100;

— ықтимал күшті радиоактивті зақымдау аймағында: жұмыс істеу ауысымдар үшін — 100, халық пен көшірілгендер үшін — 50;

— ықтимал қатты радиоактивті зақымданған аймағынан тысқары жерде: жұмыс істеу үшін ауысымдар — 20 халық пен көшірілгендер үшін — 10.

Улағыш затар мен бактериалдық заттардан қорғау үшін газқағарлар пайдаланылады. РҚО ықтимал күшті қираулар ай­мағынан тыс орналасқан шаруашылық объектілер жұмысшылары мен қызметшілерін, сондай-ақ категорияланған қалалардан, поселкалардан тұратын және аталған қалаға поселкалармен елді мекендерден көшірілген халықты қорғауға арнажан.

Терендетілген ғимаратта жетпеген жағдайда арнайы РҚО салынады. Олардың құрылысы үшін қолда бар материалдардан салынады.

Қарапайым панаханалар

Ең оңай табылатын қарапайым панаханалдар — ашық және жабық қуыстар. Олар адамдарды соққы толқынынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың сынықтарынан қорғайды.

Куыс — құрылғысы бойынша қарапайым өртақ ғимарат. Оны халық қысқа мерзімде салады. Қуыс ашық немесе жабық болуы мүмкін. Ашық қуыста ядролық жарылыстың соққы толқынымен, жарық сәулесімен және өткіш радиациямен зақымдану ықтималдылығы ашық жерлермен салыстырғанда 1,5—2 есеге азаяды. Бастапқыда қуыс ашық болып салынады. Әдетте оның терендігі 200 см, жоғарыдағы ені —120 см және төмендегі ені — 80 см болады, ал ұзындығы паналайтындардың санына қарай. Жабық қуысты диаметрі 18—20 см бөренеден, темір бетон плитасынан жасайды, оның төбесінің үстіне рубероидпен, полиэтиленді пленканы немесе қалындығы 20— 30 см топырақ қабатымен төсейді, бұдан кейін 70—80 см қалыңдықтағы топырақ төгеді және шым қыртысымен жабады.

Шығаберісті бір немесе екі жағынан қуысқа бұрыштай етіп салып, есікпен және орындықпен жабдықтайды. Желдету үшін сорғыш тетігі орнатылады. Қуыстарды салу үшін орынды ықтимал үйінді аймағын тысқары жерде таңдайды.

Кіреберістер сыртынан есік қалқанымен жабатын люк немесе есігі бар төмендетілген баспалдақты саты түрінде жасалынады.

 

Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану

 

Бейбіт уақыттағы қорғаныс ғимараттары жобаға сәйкес экономика мұқтажы мен халыққа қызмет көрсету үшін пайдаланылуы мүмкін.

Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде бөлмелердін белгіленген мерзімде қорғаныс ғимарат режиміне көшуге жарамдылығын қамтамасыз ететін барлық талаптар мен қауіпті кезенде қорғаныс ғимаратына адамдардың келу үшін қажетті жағдай жасалуға тиіс. Қорғаныс ғимараттарын (Қғ) бейбіт уақытта:


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 651 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 6 страница| ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 8 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.023 сек.)