Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ДӨзимертлік баҚылау приборлары 8 страница

РАДИАЦИЯЛЫҚ, ХИМИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖӘНЕ ДӨЗИМЕТРЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАР | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 1 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 2 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 3 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 4 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 5 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 6 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 10 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 11 страница | ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 12 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

s Оқу нүктелері, АҚ және ТЖ сыныптары;

s АҚ мүлігі мен жанбайтын материалдарды сақтауға арналған қоймалық бөлме;

s өндірістік өрт қауіпі жоқ бөлме;

s технологиялық, көлік және жүргінші тоннельдері;

s кезекші электрик, байланысшы, кезекші бригада бөлмесі;

s жеңіл автомобильдерге арналган көлік жәй;

s сауда және қоғамдық тамақтандыру нүктесі;

s спөрт алаңы;

s тұрмыстық қызмет көрсететін бөлмесі ретінде пайда­лану үсынылады.

Қғ жәй-күйі мен күтілуін бақылау үшін жыл сайынғы және арнайы тексетістер өткізіледі. 5 жылда бір рет кешенді тексерістер жүргізіледі. Онда Қғ қымталуы, бүкіл инженерлік-техника қондырғы мен қорғаныс құрылғысының жұмыс қабілеті жоспарға сәйкес Қғ-ны әзірлікке келтіру мүмкіндігі, желдеткіш режимі бойынша жұмысты тексере отырып 6 сағаттың бойында Қғ-ны пайдалану тексеріледі.

Қғ жөнделуі ғимараттар мен құрылыстардың жоспарлы-ескерту жөндеулерін жүргізу туралы қолданымдағы ережеге сәйкес бейбіт уақыттта оны пайдалану мақсатына байланысты жүргізіледі.

Қорғаныс ғимаратын панахана, РҚО режиміне көшіру

Бейбіт уақытта пайдаланылатын үй-жайды қорғаныс ғимараты режиміне көшіру АҚ бастығының өкімі бойынша осы ғимаратқа қызмет көрсететін топ белгіленген мерзіміне жүргізіледі.

Ғимаратты мүліктен, материалдан және қондырғыдан босату, жетпейтін нарды әзірлеу және үй-жайды қорғаныс ғимараты етіп жабдықтау жөніндегі басқа да кезек келтірмейтін басқа да жұмыстарды жүргізу үшін қорғаныс ғимаратына қызмет көрсету жөніндегі топ командирінің қарауына кәсіпорын басшысы арнайы команда бөледі (қажет жағдайда).

Қорғаныс ғимаратының бөлмелерінде бейбіт уақытта нар, жиһаз, приборлар мен басқа да қондырғылар да қойылады.

Панаханаларда ондағы адамдар үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ететін санитарлық техникалық қондырғылардың (желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация), сондай-ақ электр мен байланыстың болуы қарастырылады.

Панахана желдеткіші, әдеттегідей, екі режим бойынша қамтамасыз етіледі: таза желдеткіш және сүзгілік желдеткіш. Таза желдеткіш режимі кезінде панаханаға берілетін сыртқы ауа радиоактивті шаңнан, ал сүзгілік желдеткіш режимі кезінде УЗ мен БҚ-дан тазартылады.

Жаппай өрт, аумақ зиянды заттармен қатты газдануы ықтимал жерлердегі панаханаларда ішкі ауа толық оқшауланатын режим қарастырылады

Панахананы ауамен жабдықтау жүйесі ауа ұстағыш қондырғылардан, шаңнан қорғайтын сүзгіден, сүзгіш-жұтқыштан, жылу ұстағыш сүзгіден, желдеткіштен, тарату желісі мен ауа реттегіш қондырғыдан құралады өрт ықтимал панаханаларға ауаны күкірт қышқылынан тазартылатын сүзгілер мен ауа айдау құралдары орнатылады. Ауамен жабдықтау жүйесін зақымданудан, соққы толқынынан қорғау үшін ауа ұстағыштар мен сорғыш каналдарда жарылыстан қорғайтын қондырғылар орнатылады.

Жылу өрталығынан панахананы жылыту қарастырылады (ғимараттың жылыту жүйесі). Берілетін және қайтатын құбыр өткізгіштердің түйісіндегі тірек арматурасы панахана шегінде орнатылады.

Панаханада сумен жабдықтау мен канализация қалалық және объектілік жерлерден жүргізіледі. Алайда сыртқы желілер бұзылған жағдайда судың авариялық қоры, сондай-ақ сыртқы желілерге тәуелсіз ағын жинауға арналған қабылдағыштар жасалуға тиіс.

РҚО-ға арналған ғимаратты даярлау кезінде есік, терезе ойықтары таспен және басқа материалдармен тығындалып, тас пен кірпіш, топырақ салынған қаптардан қосымша қабат қойылады.

Панаханада қойылатын азық-түлікті орналастыратын және сақтайтын, адамдарға берілетін азық-түлік жиынын буып-түйетін және беретін орын жабдықталады.

Өнеркәсіп орындарының қорғаныс ғимараттарын дәрі-дәрмек салынған қобдишалармен жабдықтау қарастырылады.

Қорғаныс ғимаратының бөлмелері өрттен қорғау құралдарымен жабдықталады. Олар қойылатын жер белгіленіп жарық түсіріледі. Көрнекі жерге АҚ хабарының дабылдары, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану тәртібі, кіреберіс шығаберіс, су алатын нүктелер, санитарлық тіректер көрсеткіштері ілінеді.

Қғ-ны ұйымшылдықпен және өз уақытынында толтыру мақсатында паналаушылардың цехтарға, учаскелерге, ПИК-терге үйлерге, подъездерге қалайша бекітілгені нақтыланады.

 

Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі

Қорғаныс ғимараттарын толтыру тәртібі АҚ-ның "Баршаның назарына!" ескеру дабылы жүргізіледі.

РҚО-да паналаушылар улағыш заттардан қорғайтын жеке қорғаныс құралдарын киюге тиіс.

Адамдар оған коменданттың нұсқауы бойынша орналасады. Бал асы бар адамдар олар үшін арнайы бөлінген жерге, әдетте ауа өтетін жерлерге жақын орналастырылады.

Қорғаныс ғимаратына келген адамдар өзімен бірге жеке қорғаныс құралдарын (газқағар, респиратор, мақта-дәкі таңғышын), азық-түлік пен су қорын, басқа да аса қажетті заттар мен құжаттарды алып жүруге тиіс.

Қорғаныс ғимаратындағы демалыс әрбір адамның жатып тыныстау үшін кезекпен ұйымдастырылады.

РҚО-ға паналағандар өндірістік немесе аумақтық белгі бойынша орналасады (цех, участок, бригада, үй). Топтар орналасатын жер көрсеткіштермен таңбаланады әрбір топта басқарушы тағайындалады.

Баласы бар адамдар бөлек орынға немесе олар үшін ар­найы бөлінген жерге орналасады.

Паналаушылар нарларға орналасады. Қғ екіярусты неме­се үшярусты нарлармен жабдықталған кезде жататын орынды пайдалану үшін кезек белгіленеді.

 

 

СУДЫ, АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ, ЖЕМ МЕН СУ КӨЗДЕРІН ТЖ ЖАҒДАЙЫНДА ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ. АДАМДАРДЫ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ МАЛДЫ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ САҚТАНДЫРУ, ТЕХНИКА МЕН АВТОКӨЛІКТІ АРНАЙЫ ТАЗАЛАУ

Су мен азық-түлік тағамдарын үй жағдайында қорғау

Үй жағдайында азық-түліктің жеке қорын қорғау үшін қорапша, жәшік және өзге қақпағы тығыз жабылатын ыдыс, сондай-ақ тоңазытқыш пен қойма пайдаланылады.

Сары май, маргарин, нан, ет пен бал шыны тыста неме­се ағаш жәшікте целлофанда, жылтыр қағазға пергаментте

немесе жай қағазға мұқият оралып салына­ды. Сұйық тағамдар мен ауыз суы металл, шыны ыдыста, бетонда, термо-ста, шөлмекте, шәйнекте, графинде сақталады. Ц Эр отбасыға азық-түліктің консервіленген шағын қорын ұстау ұсынылады.

Шаруашылық мақсат үшін суды пденкамен тығыз жабылған бөшкеде, шелекте және жуынатын бөлмеде сақтауга болады.

 

 

Су көздерін, су ұстағыш скважиналарды, құдықтарды, бұлақтарды, суғару және сумен жабдықтау су көздерін қорғау

Ауылды жерлерде сумен жабдықтау көздері ретінде жер үсті сулары (өзен, канал, көл,жасанды суат) және жер асты сулары (шыңырау, топырақ, бұлақ) қызмет етеді. Шағын ашық суаттар — көлдер, су қоймалары бірден зақымданады.

Су шығыны үлкен және тез ағатын, яғни су жылдам ауысатын өзендер, каналдар белгілі уақытта ағын суды, кейде тіпті арнайы тазартусыз пайдалануға мүмкіндік береді. Жер асты сулары РЗ, УЗ және БҚ-дан барынша сенімді қорғалған. Ауылды жерлерді сумен жабдықтау ашық су көздерінен, сонымен жер асты көздерінен жүргізіледі. Сол үшін су құбырлары шыңырау құдықтары (скважиналар) шахталы қүдықтар, бұлақтар пайдаланылады.

 

Су құбырларын қорғау

Ашық сукөзінде орналасқан ауылды су құбыры су коршауынан, су көтеру, су айдау тұрағы мен тарату торабынан тұрады.

Бір қатар жағдайда су беру үшін бірінші және екінші көтерімдегі айдау станциясы орнатылады, олардың көмегімен су айдау резервуарына, содан соң тарату торабына түседі.

Жер астында орнатылған су құбырының әуресі аз. Әдетте су шыңырау скважинасынан таза су резервуарына, сол арқылы торапқа түседі.

Ашық су көздеріндегі су қоршауын қорғау темендегінше жүргізіледі:

— бас ғимарат пен жапсарлас су бассейінен қорғауды күшейту

— қарсылас жақтын зақымдау құралдарын қолдану белсендігі есептеме бойынша төмен болатын терендікте су қоршау құбырын орналастыру

— инфильтрациялық үлгідегі су қоршауын орнату.

Жабық сукөздеріндегі су қоршауын қорғау төмендегінше жүргізіледі:

— скважина төңірегін балшықпен немесе цементпен мұқият қымтау

— труба түйістері мен басқа жерлерде судың ағуын тоқтату.

 

Су қоры бар резервуарларды қорғау:

— байқау (жөндеу) люктерін қымтау және желдеткіш трубаларда шаңнан қорғайтын және газ сүзгілерін орнату жолдарымен жүргізіледі.

 

Шахталық құдықтарды қорғау

Шахталық құдықтарды қорғау үшін тығыз жабылатын қақпағы, қымтағыш тығыны бар биік трубалар (кемінде 1 м) орнатылады.

Ластанған судың өтуін болдырмау үшін құдық төңірегіне терендігі 0,5 м және радиусы кемінде 1,5 —- 2м балшық құлып жасайды. Батшықты нығыздап, үстіне қалындығы 10 см құм немесе қиыршық тас себеді. Құдық төңірегіндегі балшық құлыпты бетоннан немесе асфальттан да жасауға болады.

Құдықтың үстіне қалқы немесе павильон орнату ұсынылады.

Бұлақтарды қорғау

Бұлақ суын қорғау каптаж салу арқылы жүргізіледі. Каптажды салу кезінде бұлақ шығатын жерде шұңқыр қазады. Шұңқырдың қабырғасы бекітіледі УЗ, РЗ, БҚ зақымдануынан қорғау үшін құрылысқа балшық жағады шұңқырды жабады, су оқшаулағыш орнатады және топырақпен көмеді.

Тасу үшін шұңқырдан суды ағызғыш труба бойынша жібереді. Су беруге арналған алаңның табалдырығы болуға керек (бетон, асфальт және т.б.). Шұңқыр жабынының қабырғасын салу үшін бөрене, тақтай, темір-бетон мен плита жүзні пайдаланылады.

 

Малға арналған жемді қоймада және дала жағдайында

сақтау

 

Зақымдану қауіпі кезінде қоймалардағы есік пен терезе ойықтарына кірпіш қойып, сылаған дұрыс, жақтауларды, ойықтарды мұқият қиыстырып, шыныны жағылатын затпен тығындап, есіктерге нығыздағыш төсем қойған жөн. Қойма терезесін қорғаудың ең жақсы әдісі кәдімгі шыныны шыны блоктарымен, сондай-ақ қысқыш болттың көмегімен терезе ойығына тығыз тартылатын тірекпен айырбастау. Қоймалардағы желдеткіш қондырғылары арнайы жылжытқышпен және металл қалпақшамен жабдықталады.

Қойма мен элеватор ішінденгі ауаны залалсыздандыру үшін бактерицидтік шам орнату ұсынылады.

Қойма ғимараттарының дайындық деңгейіне байланысты, азық-түліктің, тамақ шикі затының қоры брезентпен, синтетикалық пленкамен көп қабатты қағаз орамалмен жабу қажет.

Егін жинау кезінде ашық аспан астындағы жемді қорғау бір қатар қиындықты туғызады.

Егін жинау кезінде зақымдау пайда болған кезінде егіс өнімдерін бірінші кезекте, мүмкіндік болса, негізгі сақтау орнына (элеватор, қойма) апару қажет. Егер мұндай мүмкіндік жоқ болса, оны сол жерде мұқият қымтайды, сол үшін тегіс жерді таңдайды, оның төңірегінен 1м қашықтықта жауын суынның ағуы үшін шұңқыр қазады. Аланды жақсылап тазалайды, таптайды, сабан төсейді содаң соң астықты төгіп үстін сабанмен, бұдан кейін брезентпен немесе полиэтиленді пленкамен жауып, үстін бастырып қояды (топырақ, бөрене және т.б.). Жабатын материал жоқ болса астықты 25—30см қалыңдықтағы сабанмен жауып, үстіне топырақ тастайды. Картоп, тамырлы жемістер мен көконістер бұртқа жиналады, оларға желдеткіш қорапша бекітеді. Шөппен сабаның маясын синтетикалық пленкамен, брезентпен, са­банмен, жасыл бұтақпен жауып желден ұшпас үшін тірекпен бекітеді. Өсімдіктердің жасыл массасы сүрлеу үшін жабық траншея мен шөп мұнараларында мұқият қорғалады.

Жем мен суды залалсыздандыру

Жаппай зақымдау құралдары қолданылатын аудандағы су мен жем зақымдалған ретінде күдікті болып саналады. Егер олар тығыз жағылған ыдыста сақталса және зақымдану белгілері байқалса, онда оларды алдын ала тексеріссіз пайдалануға болмайды. Су мен жемді залалзыздандырудың негізгі әдістері — олар дезактивация, дегазация, дезинфекция.

Дезактивация — бұл зақымдалған объектіден радиоактивті заттарды жою.

Жасырынатын орынның санына, түріне, зақыадалған сипатына қарамастан жемге дезактивация жүргізеді немесе өзін-өзі дезактивациялаған қалдырады. Дезактивацияның мынадай түрлері бар:

— сыртқы қабаттың 10—15 см алу

— зақымдалған ыдысты таза ыдыспен алмастыру. Қапқа салынған жемді таза қапқа салады, ал зақымдалған қаптың үстіңгі бөлігін сумен ылғалдатады және астықтың зақымдалмаған бөлігін таза ыдысқа салып, зақымданған қапты және оған жақын астық қабатын сүзгілейді.

Жем мен тамырлы жемістерді кейде сумен шаю арқылы дезактивациялауға болады.

Суды дезактивациялау әртүрлі әдіспен жүргізіледі: тұндыру және айдау. Табиғи иониттерді — балшықты қара топырақты су құйылған ыдысқа салып және араластырады. Тұнығу үшін уақыт береді. Судың үстіңгі таза қабаты 50— 70% тұнғаннан кейін стронцийден және өзге радиоактивті изотоптардан 90% тазарады. Сүзгілердің әртүрлі толтырғыштары бар бірнеше үлгісі пайдаланылады. Атап айтқанда түбіндегі сұйықты кетіру үшін ыдысты қабат бойынша шлакпен кокспен, антроцитпен су сүзгі арқылы оның үстінен баяулап түседі радиоактивті заттардан тазаланады және төменгі бөлігі арқылы жиналады. Суды айдау— тазалаудың ең жақсы әдісі, алайда бұл процес өте баяу өтеді.

Дегазизация - бұл қатты әсер етеін улы заттарды жою бейтараптандыру немесе оларды үстіңгі беттен зақымданудың жол берілетін нормасына дейін немесе толық жою. Жемді дегазизациялаудың негізгі әдісі — астық пен жемнің үстіңгі қабатын 10—15 см, ал шептің сабанның үстіңгі қабатын 20— 25 см алу. Қалған жем желдетіледі. Өзін-өзі дегазизациялау жылдамдығы температурамен ылғалдылықтың, сондай-ақ жел жылдамдығының артуымен көбейеді.

Ғимарттағы жем тұрақты улағыш заттар көздерімен не­месе буларымен зақымданған кезде есікті, терезені, желдеткішті ашады немесе жемді сыртқа алып шығып желдетеді.

Зақымдалған құдықтан суды тартып алады түбіне хлорлы әкті себеді, ал қабырғаны хлорлы әкті қоспамен өндейді, бұдан кейін түбіне жер қабатын қырып алады (10см). Бұдан кейін құдық суға толғаннан кейін оны қайтадан сарқып алады, содан соң құдық суға толған кезде залалсыздығын тексереді.

Дезинфекция — бұл сыртқы өртада жұқпалы аурулар қөздырғыштарын жою.

Астық пен жемді мынадай ретпен дезинфекциялайды: патогенді микробтармен зақымдалған шөпмаясы мен астықтың үстін 4 %-тік формальдегид ерітіндісімен 1м2 ерітіндіге 2 литр есеппен 24 сағаттық үзіліспен 2 рет маяның немесе қамбаның үстін өндейді. Астық пен жемді қақпағы бар ештеңе өткізбейтін бөшкеде формальдегидтің 4% ерітіндісімеи өндеуге болады. Ботулизм немесе оның токсиндерімен зақымдалған астық пен жем 4 сағаттың бойында күйдіргіш натрийдің 1 % ерітіндісімен шайылады. Артынша үш рет су мен шайылып, кептіріледі.

Заласыздандырудың ең қарапайым және мүмкін әдісі қайнату. Микробтардың түрлерімен зақымдалған кезде суды 2 сағат қайнатады токсиндер мен бактериялардың вегетативті түрлері 30 минуттың бойында өледі. Жылдам залалсыздандыру үшін судың аз мөлшерін маталы бұрышты асбесті не­месе коллоидті сүзгілерді қолданады.

Сумен жабдықтау жүйесімен тазарту ғимараттарында суды арнайы нұсқаулықтарға сәйкес хлорлайды. Шахталық құдықтарының суын құдықты дезинфекциялаған және тазалағаннан кейін пайдаланады.

 

 

Малды ветеринарлық тазалау

Малдың тері жамылғысынан радиоактивті, улы затты және бактериалдық құралдарды алу, сондай-ақ оларды залалсыздандыру мен организмдерінен кетіру ветеринарлық тазалау деп аталады.

Зақымдану түріне байланысты радиацияга, химияға, бактерияға қарсы тазалау болып бөлінеді.

Малды радиацияға қарсы тазалау арнайы ерітінділермен тері жамылғысынан радиоактивті затты қарапайым жолмен алуға негізделеді. Ол асқазанды (жылқынын) жақсылап шаю және ішке адсорбциялаушы, әлсіретуші және арнайы сәуледен қорғайтын препараттарды жіберу кезінде радиоактивты заттарды организмнен ішінара кетіруге ықпал етеді.

Малды химиялық тазалау кезінде дегазаторлар қолданылады, олар улағыш заттармен реакцияларға жылдам түсіп, оларды усыз заттарға айландырады. Бұдан кейін оларды тері жамылғысынан сумен шайып кетіреді. Бұдан басқа улы затты организмнен оларды асқазан-ішек жолын жақсылап шайю арқылы бейтараптандыруға болады.

Малды бактериядан тазалау тері жамылғысынан бактериалдық затты әртүрлі дезинфекциялаушы заттармен залалсыздандыру мен кетіруді, сондай-ақ сақтандырушы егуді, кеңінен қолданылатын антибиотиктерді және инсектицидтерді қолдануды қамтиды.

Зақымдалған малдың тері жамылғысын құрғақ немесе ылғалды әдіспен тазалайды.

Құрғақ әдісте радиоактршті затты механикалық әдіспен, сабы ұзын шеткамен кетіреді. Бұдан кейін аяқтың төменгі жағын жуады, көзді және ауыздың ашық жерін ылғыл шүбірекпен сүртеді немесе оларды таза сумен шаяды.

Жылдың жылы уақытында малдың зақымдалмаған суатта шомылдыруға болады. Қысқы уақытта ветеринарлық тазалау үшін таза қарды пайдалануға болады. Көзді, ерін мен қызыл етті бұл жағдайда ылғалды шүбірекпен сүртеді немесе марганец-қышқылды калийдің 0,2%-тік ерітіндісімен, соданың 2%-тік ерітіндісімен шаяды.

 

Көлік құралдары мен техниканы арнайы тазалау

Көлік құралдарын дезактивациялау 2—3 атмосфералық қысымдагы су ағысымен шаю немесе дезактивациялаушы ерітіндімен тазалау, бензинге, керосинге, дизель отынына малынған шүберекпен сүрту, сондай-ақ газ тамшысы ағынымен тазалау арқылы жүргізіледі.

Жазғы уақытта дезактивациялаушы зат ретінде СФ—2

үнтағының 15%-тік ерітіндісі, ал қысқы уақытында 20— 24%-тік аммиак ерітіндісі бар аммиак сүын пайдаланады.

Дезактивация кезінде қолмен басқарылатын сұйылтқыш және шашыратқыш қолданылады. Мұндай приборларға РДП дегазизациялау приборы, ИДК-1 жеке дегазизациялау кешені, әртүрлі үлгідегі ОРП, ОРД, ОРД-А басқа шашратқыштары, басқа шашратқыштар жатады. Бұлар насоспен, шлангымен және шандатқыш қондырғымен жабдықталған резервуарлар. Сыйымдылығы 11 литр ОРП шашратқышпен 2,5 атмосфера қысым жасалады.

Залалсыздандыру бойынша жұмыстарды жүргізу кезіндегі сақтық шаралары.

Зақымдалған ошақтағы жұмыс кезінде жеке қорғаныс құралдары жұмыс істеушілерді толық қорғауға тиіс.

Радиоактивті шаңмен зақымдалған малды тазалау кезінде мақта-қағаз комбинезонын пайдалануға болады, оған ұзын резиналық фартук, резина етік пен қолғап киіледі.

Мал мен өсімдіктерді қорғау қызметі бөлімшелерінің жеке құрамы жеке дәрі-дәрмек қобдишасымен (АИ-2) қамсыздандырылады.

Химиялық зақымдау ошағында резина мен комбинезон немесе резиналы қорғаныс костюмін және резиналы етік пен қолғапты киеді.

Зақымдалған аумақта тамақ пен су ішуге темекі тартуға отыру мен жатуға теріні, тыныс алу органдарының қорғаныс құралдарын шешуге, қорғаныс киімінің түймесін ағытуға рұқсат етілмейді.

Жұмыс аяқталып, зақымдау ошағынан шыққаннан кейін бөлімшелердің жеке құрамы міндетті түрде санитарлық тазалаудан өтуге, ал киім мен аяқ-киім, қорғаныс құралдары залалсыздандыруға тиіс.

 

 

ЗІЛЗАЛА ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫМЕН КҮРЕС

Зілзала — соның салдарынан табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындайтын апат.

Зілзаланың қысқаша сипаттамасы

Зілзала — бұл кенеттен пайда болатын, халықтың айтарлықтай бөлігінің қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндықтылықтарының үлкен шығынын алып келетін, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттарды өлім-жітімге ұшырататын табиғат құбылысы.

Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қөзғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған өртаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.

Зілзаланың пайда болу себебі мен сипаттамасын білу дер кезінде шаралар қабылдауға, олардың кейбіреулерінің қиратқыш күшін азайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.

Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш өзеннің таяздануына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.

Жер сілкініеі

Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қасқағым сәтте өтеді.

Жер сілкінісі — бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қөзғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қөзғаяысы.

Жер қыртысының тектоникалық қөзғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді.


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 449 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 7 страница| ДӨЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ 9 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.023 сек.)