Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

СОӨЖ Базаршы жігіт пен ақылды қыз

Электронды басылымдар залы. | СОӨЖ Адам және азамат құқығы. Еңбек ету, білім алу бостандығы құқығы. | СОӨЖ Адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларациялар | Адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларациялар | Тапсырма. | СОӨЖ Ғылым мен техниканың дамуы тарихы. Ғылымның қиын жолы | Бу Абдолла Мұхаммет ибн Мұ­са әл-Хорезми әл-Мәжуси | Сөздік минимум | СОӨЖ Бейнелеу және қолданбалы сән өнері | СОӨЖ Қазақстандағы туризмнің дамуы |


Читайте также:
  1. Кардиология блогы бойынша СОӨЖ күнтізбелік-тақырыптық жоспар
  2. Ойма түрлері және қызметтері.Қоймаларды бөлу.
  3. Сау адамның бауыр қызметінің көрсеткіштері
  4. СОӨЖ Ғылым мен техниканың дамуы тарихы. Ғылымның қиын жолы
  5. СОӨЖ Қазақ халқының ән-күй, би өнері. Өнерлі ел. Қазақстаннның театр өнері
  6. СОӨЖ Қазақстандағы туризмнің дамуы
  7. СОӨЖ Ұлттық тәлім-тәрбие. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасы тәрбиесі

Ертеде бір бидің жалғыз ұлы болыпты. Ақылдылығымен, әділдігімен ел аузына іліккен би ұлының болбыр өскеніне налиды екен. Бірде алыс сапар үстінде келе жатқан әке баласын сынамаққа «Қарағым, осы жолды қалай қысқартуға болады?» - дегенде, аң-таң қалған ұлы мандыртып жауап айта алмайды. «Ой жетесіз, әсерлі әңгіме айта білсең, жолдың қысқарғаны сол», - деп қатты күйінген би ойланып- толғанып бір шешімге келеді.

Бір күні ұлының алдына жүз саулық қой салып, базарға айдатады. Сапарға шығар алдында шартын айтады:

-Балам, мына малды базарда ретін тауып үш рет сатып, пұл етерсің. Бір рет сатсаң, сен маған ұл емессің, үйдің бетін көрме...

Әкенің қатал сынына ұшыраған бала малын базарға айдап келсе, сатып алушылар көп екен. Саулықтардың құнын сұраған халыққа:

-Әр басты үш реттен сатамын, - дейді иесі.

-Оу, бір қойды үш реттен сатқанды кімнен көріп едің? – деп таңданған жұрт теріс айналады.

Күн артынан күн өтеді. Малы өтпей, шаршаған базаршы жігіт малының жанында бүк түсіп, бүрісіп жата беріпті.

Жігітті аяп кеткен бір жас қыз одан:

-Неге сонша жабырқаусың, жігітім? – деп сұрайды.

Бала болған жағдайдың бәрін баяндайды. Мән-жайды түсінген қыз сонда былай депті:

-Қораңдағы малыңды үш рет сату үшін менің айтқанымды бұлжытпай орындауың керек. Алдымен анау қара орманнан ағаш қиып әкеліп, қора жаса, қойды сонда ұста. Уақыт өткенде, мезгіл жеткенде қораң қойға толады, малдың жүні өседі. Сонан кейін қиды бір рет сат, жүнді екі сат. Малдың өзін және сат. Бір басты үш рет сату деген осы.

Жігіт дереу іске кіріседі. Күндіз-түні ерінбей тер төгеді де, көп кешікпей қалтасын ақшаға толтырып үйіне қайтып оралады.

Ұлының олжалы оралғанына риза болған би оның мұндай ақылды кімнен үйренгенін анықтағысы келеді. Жігіт сырын жасырмай, шынын айтады.

Би іздеу салып жүріп ақылына көркі сай сұлу қызды ұлына әпереді. Содан кейін би баласы мен ақылды қыз өз алдына отау тігіп, дәулетті әрі бақытты ұзақ өмір кешіпті.

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 713 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақстандағы туризм - табыс көзі бола ала ма?| Сөздік

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)