Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ық түсінігі, мәні, функциясы және қайнар көздері

Кіріспе | Мемлекет түсінгі, белгілері , функциясы және механизмі | Конституцияның түсінігі, мәні, функциясы. 1995 ж ҚР Конституциясы: мазмұны, мәні. ҚР конституциялық құрылысы | Азақстан Республикасының жоғары мемлекеттік билік органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесі | Ық қорғау органдардың түсінігі және қызметі | Ық қорғау органдардың жүйесі | Прокуратура органдарының өкілеттігі | Азақстан Республикасының мемлекеттік басқаруы | Азақстан Республикасының Парламенті | Азақстан Республикасының әкімшілік құқығының негіздері |


Читайте также:
  1. Cпорт жаңалықтары
  2. I Қаржылық есеп» пәні бойынша
  3. Szlig;-FеOOH қатысуымен біріншілік тас көмір шайыры фракциясының каталитикалық гидрогенизациясы 1 страница
  4. Szlig;-FеOOH қатысуымен біріншілік тас көмір шайыры фракциясының каталитикалық гидрогенизациясы 2 страница
  5. Szlig;-FеOOH қатысуымен біріншілік тас көмір шайыры фракциясының каталитикалық гидрогенизациясы 3 страница
  6. Szlig;-FеOOH қатысуымен біріншілік тас көмір шайыры фракциясының каталитикалық гидрогенизациясы 4 страница
  7. Ақпараттық-электронды халықаралық интернет торындағы студенттерге арналған адрестер тізімі

Құқық таптық құбылыс ретінде тарихи қалыптасты және ең бастысы экономикалық үстемдік ететін таптардың ерік – жігері мен мүдделерін білдірді. Егер әдет – ғұрыптар адамдардың сана – сезімінде сақталса, онда құқық жалпыға мәлім жазбаша түрде ресімделе бастады. Құқықтың пайда болуы - әлеуметтік байланыстардың күрделенуінің салдары, қоғамдағы қайшылықтардың шиеленісуін реттеу.

Құқық – бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.

Құқықтың белгілері:

1) ерікті сипаты;

2) жалпыға міндеттілігі;

3) нормативтілігі;

4) мемлекетпен байланысы;

5) формалды анықталғандығы;

6) жүйелілігі.

Құқықтың жоғарғы қоғамдық міндет- мақсаты - нормативті тәртіпте қоғамда бостандықты қамтамасыз ету және кепіл болу, әділеттілікті нығайту, қоғамдық өмірден бассыздықты жоя отырып, қоғамда экономикалық және рухани факторлардың әрекетінің басымдылығына тиімді жағдай туғызу.

Құқықтың құндылығы – бұл бүкіл қоғамның, азаматтардың әлеуметтік әділетті, прогрессивті сұраныстары мен мүдделерін қанағаттанадыру мақсатындағы және құралы ретіндегі құқықтың бейімділігі. Құқықтың мәні мәдениеттендіру жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеу, яғни нормативті негізде демократия, экономикалық бостандық, жеке адамның бостандығы жүзеге асырылатын тұрақты ұйымдасқан қоғамға жету.

Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні есепке алу маңызды: формалды және мазмұнды.

Объективті қ ұқық – бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.Объективті құқық - бұл белгілі бір кезеңдегі нақты мемлекеттің заңнама, құқықтық әдет – ғұрыптар, заң преценденттері және нор­мативті шарттар. Ол объективтілігі жеке адамның сана – сезімне байланысты еместігімен және оған тиесілі еместігімен түсіндіріледі.

Субъективті құқық бұл тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға арналған заңды мүмкін болатын мінез – құлықтарының өлшемі. Субъективті құқықтарға адамның нақты құқықтары жатады (еңбек етуге құқық, білім алуға құқық және т.с.). Ол субъективтілігі субъектімен тікелей байланыстылығымен және оған тиістілігімен және оның сана – сезіміне, ерік – жігеріне тәуелдігімен түсіндіріледі.

Құқықтың заңды мағынасындағы мәнімен қатар (объективті, субъективті) табиғи құқықтар да бар, ол өмір сүруге құқық, бостандыққа құқық сияқты құқытарды қамтиды. Табиғи құқықтарға жататын құқықтар қандай – да бір құжаттарда бекілітілгеніне немесе бекітілмегеніне байланыссыз өмір сүре береді, және де олар заттардың, өмірдің өзінен тікелей туындайды.

Табиғи құқықтан, құқықтың заңды мағынасындағылардан (объективті,субъективті) басқа позитивті құқық сияқты, яғни заңдарда және басқа да қайнар көздерде көрсетілген құқықтар да болады.

Құқықтың пайда болуынан бастап және оның даму барысында оның қарама – қарсы және де сонымен біруақытта өзара байланысты екі жағы анықталды.

Көпшілік (бұқаралық) құқық бұл мемлекеттік істер облысы, яғни мемлекеттің құрылымы мен қызметі көпшілік (бұқаралық) билік, барлық көпшілік институттар сияқты билік пен бағыныштылық бастауларына, субординация қатынастарына орнатылған.

Жеке құқық –бұл жеке істер облысы, яғни дербестікке, субъектілердің заңды теңдігіне, олардың бір – біріне бағынбаушылық бастауларына негізделген жеке бастың ерікті мәртебелерінің облысы.

Құқық қоғамдық қатынастардың мемлекеттік реттеушісі ретінде құқықтың мемлекетпен тығыз байланыстылығы өте маңызды рөл атқарады.

Құқықты түсіндірудегі қазіргі уақыттағы тәсілдер:нормативті тәсіл, табиғи – құқықтық тәсіл, теологиялық, құқықтық – тарихи, психологиялық, әлеуметтік және т.б.

Құқық қағидасы бұл құқықты арнайы әлеуметтік реттеуші ретіндегі мәнін білдіретін негізгі, алғашқы бастаулар, жағдайлар, ережелер, идеялар.

Таралу сферасына байланысты жалпы құқықтық, сала аралық және салалық қағидалар болып бөлінеді.

Құқық функциялары бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін құқықтық ықпадың негізгі бағыттары.

Құқық функцияларының түрлері: сыртқы (экономикалық, саяси, тәрбиелік) және ішкі (реттеуші және қорғаушы).

Құқықтың қайнар көздері бұл мемлекеттен туындайтын немесе құқық нормаларын көрсететін және бекітетін, оларға заңды және жалпыға міндетті күш беретін мемлекет қабылдаған ресми құжаттық нысандар.

Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:

1) Нормативті заңды актілер;

2) Санкцияланған әдет – ғұрыптар;.

3) Заң прецеденті;

4) Нормативті шарт;

5) Құқықтың жалпы қағидалары;

6) Діни мәтіндер.

Нормативті құқықтық актілер бұл құқық нормаларынан тұратын және нақты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құзырлы мемлекеттік органнан шығатын ресми құжаттар. Нормативті актілерді нормашығармашылық құзырлығы бар мемлекеттік органдар қатаң белгіленген нысанда шығарады. Заңды күшіне байланысты барлық нормативті актілер заңдарға және заң күшіндегі актілерге бөлінеді.

Заң бұл жоғарғы күші бар және аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, халықтың ерік – жігерін білдіретін, ерекше тәртіпте заң шығарушы орган немесе референдумда қабылданған нормативті акт.

Заңның түрлері:

1) Конституция;

2) Конституциялық заңдар;

3) Жай заңдар.

Заң күшіндегі актілер бұл заңның негізінде және солардың орындалуы үшін шығарылған, құқық нормаларынан тұратын нормативті акт. Оларға мыналар жатады:

1) Президенттің жарлықтары мен өкімдері;

2) Үкіметтің қаулылары мен өкімдері;

3) Мемлекеттік аймақтық және жергілікті муниципалдық органдардың актілері;

4) Ведомствалық актілер.

 


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 174 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы| Р Конституциялық құқығының негіздері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)