Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан Республикасының мемлекеттік басқаруы

Кіріспе | Мемлекет түсінгі, белгілері , функциясы және механизмі | Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы | Ық түсінігі, мәні, функциясы және қайнар көздері | Р Конституциялық құқығының негіздері | Конституцияның түсінігі, мәні, функциясы. 1995 ж ҚР Конституциясы: мазмұны, мәні. ҚР конституциялық құрылысы | Азақстан Республикасының жоғары мемлекеттік билік органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесі | Ық қорғау органдардың түсінігі және қызметі | Ық қорғау органдардың жүйесі | Азақстан Республикасының әкімшілік құқығының негіздері |


Читайте также:
  1. азақстан барысы» состоялся.
  2. Азақстан Республикасының әкімшілік құқығының негіздері
  3. Азақстан Республикасының азаматының әкімшілік – құқықтық мәртебесі
  4. Азақстан Республикасының жоғары мемлекеттік билік органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесі
  5. Азақстан Республикасының зауыттары
  6. Азақстан Республикасының зауыттары
  7. Азақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны

 

4.1 Қазақстан Республикасының Президенті – бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді.
Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігін орнықтырды. ҚР-ның Конституциясында мемлекеттік билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу орнықтырылған. Осы принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. Тек парламент заң шығару өкілеттігін берген жағдайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң қабылдай алады. Сот билігін жүргізуге Президенттің құқығы жоқ. Сондай-ақ атқарушы билікке қатысты да Президент заңда көзделген шараларды ғана қолдана алады. Одан әрі, ҚР-сы Конституциясында көзделген тежеушілік және тепе-теңдік жүйесі Президенттік биліктің барлық билік тармақтарынан жоғары тұруына мүмкіндік бермейді. Президентке Парламенттің және сот билігінің қызметін бақылау құқығы берілмеген. Президентті жабық дауыс беру жолымен жеті жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды. Және сайлау баламалы сипатта өтеді. Конституция бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі мерзімнен артық сайлануына жол бермейді. Президент өзінің норма шығармашылық өкілеттігін шеңберінен артық пайдаланған жағдайда Конституциялық Кеңес оның нормативтік актілерін заңсыз деп тани алады.

ҚР-сы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынның рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып табылатынының себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін қамтамасыз етуі тиіс.

ҚР-сы Президентінің өкілеттігі президенттік басқару жүйесінің мазмұнымен алдын ала айқындалады. Президентке тізімі Конституцияда және Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «ҚР-ның Президенті туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген кең өкілеттіліктер берілген:

1) Мемлекеттік билік органдарының құру жұмыстарына байланысты Президент өкілеттіктерге ие;

2) Атқарушы билік тармағы саласында Президентке өте көп өкілеттіліктер берілген. Президент үкімет жиналыстарында Төрағалық ете алады, атқарушы биліктің Актілерін тоқтата алады;

3) Мемлекет басшысы ретінде Президент сыртқы саясат және әскери салада да өкілеттіктерге ие. Ол елдің негізгі сыртқы саясат бағытын нақтылайды, келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды. Президент сонымен бірге ҚР-ның әскери доктринасын бекітеді;

4) Президенттің өкілеттілігіне азаматтық мәселесі, саяси баспана беру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларымен марапаттау, жоғары әскери және арнаулы шен, дәреже беру, кешірім жасау сияқты өкілеттіктер кіреді.


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 233 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Прокуратура органдарының өкілеттігі| Азақстан Республикасының Парламенті

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)