Читайте также:
|
|
Зауыт – өндіріс процестері механикаландырылған өнеркәсіп орны. Зауытта басқа өнеркәсіпорындарынан өзгеше түрде бір жүйеге келтірілген жоғары өнімді механизмдер мен технологиялық желілер жұмыс істейді. Өндіріс процесі белгілі тәртіппен ұйымдастырылып, оның шоғырлану дәрежесі жоғары болады. Зауыттар өзінің өндірістік қуаты бойынша ірі, орташа, шағын болып үш топқа бөлінеді. Ірі зауыттар, көбінесе, ауыр өнеркәсіпте (машинажасау, металлургия, т.б.), орташа және шағын зауыттар – жеңіл, тамақ өнеркәсібі салаларында жиі кездеседі. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшпес бұрын өндірістің қай саласында да ірі зауыттар басым болады. Зауыт ірі болған сайын ондағы өндірістік процестерді механикаландыруға, автоматтандыруға болады, еңбек өнімділігі жоғарылайды деп есептелді. Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, еңбек өнімділігі өндіріс орнының мөлшеріне емес, оның жаңа жағдайға тез бейімделуіне, озық технологияны пайдалана білуіне байланысты. Сол себепті, нарық жағдайында шағын зауыттар (минизауыттар) тұрғызуға, оларда жаңа технологияны тез енгізуге көбірек мән берілуде. Дегенмен, еліміздің өнеркәсіпті аймақтарында ірі зауыттар сақталып қалды. Өскемендегі Үлбі металлургия зауыты, Павлодардағы мұнай өңдеу, химия, трактор, машина жасау зауыттары, Ақсу ферроқорытпа зауыты, Атырау мұнай өңдеу зауыты, Қарағанды машина жасау зауыты, Ақтөбедегі “Рентген” зауыты, Ферроқорытпалар Зауыты, Шымкент мұнай өңдеу зауыты, Алматы ауыр машина жасау зауыты, Оралдағы механикалық зауыт, “Зенит” зауыты, Жамбыл металл конструкциялар зауыты, Шу тепловоз жөндеу зауыты, Үштөбе тәжірибе-механикалық зауыты, Талғар эксперименттік құю-механикалық зауыты,тағы да басқа еліміздегі ірі кәсіпорындар болып саналады. Осы аталған зауыттардың бір – екеуіне толығырақ мәлімет беріп кетсем:
Атырау машина жасау зауыты 1918 жылдың аяғында су және темір жол көліктеріне қызмет жасау үшін Атырауда механикалық шеберхана ретінде құрылды (1.1 – көрсетілген – Атырау машина жасау зауыты).
1.1 – сурет – Атырау машина жасау зауыты
1922 жылдан бастап, шеберхана мұнай құрал жабдықтарының қосалқы бөлшектерін шығару мен жөндеуге қайта мамандандырылды да, «Ембімұнай» комбинатының қарамағына берілді. Ұлы Отан соғысы басталғанда Атырауға Донбастан көшіп келген Петровский атындағы машина жасау зауыты осы шеберхана негізінде калыптасқан жөндеу-механикалық зауытымен қосылып, бүгінгі машина жасау кәсіпорнына айналды.
Петровский атындағы машина жасау зауыты – мұнай кәсіпшілігіне және геологиялық барлау жұмыстарына қажетті аспаптар мен қосалқы бөлшектерді, насостар, балшық араластыратын машиналар, тракторлардың қосалқы бөлшектерін т.б. шығаратын ірі кәсіпорын Зауыт 1921 жылы “Ембімұнай” тресінің механикалық шеберханасы негізінде механикалық зауыт болып құрылған. 1941 жылы қазан айында Донбастан көшірілген Петровский атындағы зауытпен біріктірілді. Зауытта токарлық станоктар, сегіз шпиндельді оймалауыш, жартылай автоматты станоктар, сегментті араларды қайрайтын жартылай автоматтар, жоғары өнімді престер т.б. жабдықтар өндіру игерілген.1985 жылдан бастап автоматтандырылған желілер, металл өңдеудің қазіргі заманғы технологиялары (престеу, қалыптау, автоматты түрде пісіру, металдарды дайындау мен дәл пішу тәсілі) енгізілді. Зауытта 1995 жылдан бастап еліміздің мұнай өнеркәсібіне қажетті құрал-саймандарды шығару қолға алынды.Шикізат ретінде зауыт әр түрлі болат, шойын, түсті қорытпаларды пайдаланады. Металл зауытқа әр түрлі металлургиялық кәсіпорындардан, оның ішінде Қарағандыдан түседі. Зауыт өнімі негізінен Атырау және Маңғыстаудың мұнай кәсіпшіліктерінің мұқтаждарын қамтамасыз етуге кетеді.Зауыт 1993 жылы мұнай жабдықтарын шығаратын акционерлік қоғамға айналып «Заман» ЖШС-не берілді.
Шу тепловоз жөндеу зауыты – өндірістік кәсіпорын. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлің қоғамы «Теміржол жөндеу машина» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының құрылымдық бөлімшесі. Шу қаласында орналасқан. Негізгі қызметі – тепловоздарды күрделі жөндеуден өткізу және оларға қажеттік қосалқы бөлшектерді жасау (1.2 – көрсетілген- Шу тепловоз жөндеу зауыты).
1.2– сурет – Шу тепловоз жөндеу зауыты
Зауытта 1162 адам жұмыс істейді. Жылына бір млрд. теңгеден астам жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары атқарылады. Кәсіпорынды одан әрі дамыту мақсатында 2003 жылы локомотивтерді бояу камерасы мен иінді біліктерді өңдейтін айналдыра шлифтеу станогін сатып алу көзделген. Болашақта бұл кәсіпорын локомотивтердің жаңа түрлерін құрастыруды игермек.Шу станциясындағы локомотив жөндеу зауыты болашағынан үлкен үміт күттіретін өміршең жобаның бірі. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның маңызды өндіріс орнына айналып отырған зауытта соңғы жылдары локомотив жөндеу өндірісімен қатар, Елбасының бастамасымен Қытай мемлекетімен бірлесе ТЭМ-KZ тепловозын құрастыру жобасы қолға алынған.
Семей машина жасау зауыты – машина жасау кәсіпорны. 1969 жылдан Ресейдегі Рубцовск машина жасау зауытының дербес бөлімшесі ретінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның негізінде 1988 жылдың қаңтарында құрылған (1.4 – суретте көрсетілген – Семей машина жасау зауыты).
1.3 – сурет – Семей машина жасау зауыты
Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 539 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Зертханалық жұмыс тапсырмалары. | | | АҚ С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты |