Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан Республикасының зауыттары

Кескішленталы станок | Кескішленталы JWBS-9X станогы | Порталды көлденең кескішленталы GZ.AA30.4035 станогы | ОРЫТЫНДЫ |


Читайте также:
  1. азақстан барысы» состоялся.
  2. Азақстан Республикасының әкімшілік құқығының негіздері
  3. Азақстан Республикасының азаматының әкімшілік – құқықтық мәртебесі
  4. Азақстан Республикасының жоғары мемлекеттік билік органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесі
  5. Азақстан Республикасының зауыттары
  6. Азақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны

1. Қазақстандағы ең алғаш құрылған машина жасау көсіпорнына 1909 ж. Верный (Алматы) қаласында орналаскан тұқым сепкіш машинасын жатқызуға болады.

2. Металл өңдеу өнеркөсібінің ең бір ерекше кәсіпорны - Өскемен қаласындағы Қазақстан Республикасының Монеталар сарайы. Ол 1992 жылы ұлттық валюта - теңгенің енуіне дайындыққа байланысты Үлбі металлургия зауытының бір цехының негізінде құрылған. Монеталар сарайы монеталар соғады, Қазақстан Республикасының ордендері мен медальдарын, төс белгілер мен әскери қызметкерлердің айыру белгілерін, әшекей бұйымдар шығарады.

3. Құны 20 млн. долларды құрайтын «Азия-Авто» зауыты Өскеменде 2003 жылы салынған. Бұл зауытта автокөлік дайын күйінде келген бөлшектерден құрастырылады. Оны ресейлік «АвтоВАЗ («Ниват») зауыты, чехиялық «Шкода-Ауто» («Шкода») және америкалық серіктестігінің оңтүстік корей филиалы «Дженерал Моторс» («Шевроле») зауыттары «Шкода» маркалы автокөлігін құрастыруға көшуде. Зауыттың жобалау қуаты - жылына 15 мың, 2008 ж. 3271 автокөлік құрастырылды: оның 2358- «Лада», 593 - «Шевроле» және 320 -«Шкода». Бұл еліміздегі ең ірі автокөлік құрастыратын өндіріс (1.1-суретте көрсетілген – Өскемендегі «Азия-Авто» зауыты) [1].

 

 

1.1-сурет – Өскемендегі «Азия-Авто» зауыты

 

4. Қазақстанда барлығы 30-дай әр-түрлі құрастыру өндірісі жұмыс істейді. Олардың көбі «Газель» автомобильдерін (микроавтобустар, самосвалдар, рефрижераторлар) троллейбустар, автобустар, ауыр жүк таситын «КамАЗ» автокөліктері, коммуналдық техника шығаратын Алматы қаласында орналасқан. Орал қаласында ресейлік «Ростауылмаш» зауытының «Нива-Эффект» комбайнын шығарады (1.2-суретте көрсетілген – Орал қаласында ресейлік «Ростауылмаш» зауыты).

 

 

1.2 - сурет – Орал қаласында ресейлік «Ростауылмаш» зауыты

 

5. Жоспарлы экономика кезінде Қазақстанда өнімдері КСРО-ның басқа еш жерінде шығарылмайтын бірнеше ерекше зауыттары болды. Олардың ішінде «Ақтөбеауылмаш» (қой қырқатын машинкалар шығаратын), Алматы электротехника зауыты (жер асты тұзды суларын тұщыландыратын қондырғылар), «Целиноградауылмаш» (жер кабаттарын үйіндісіз өңдеу құралдары, дестелегіш жөне қар тоқтатқыштар) зауыттарын айтуға болады.

6. Көп уақытқа дейін Қазақстанның ауыр машина жасау өнеркәсібінде жетекші орында Алматы ауыр машина жасау зауыты болды. Зауыт әлі күнге дейін жұмыс істеуде. Зауыт өнімдері - алюминий, мыс сым темірлері, құбыр, прокат құралдары, металлургия, химия өнеркәсіптеріне және атом реакторларына арнап күрделі прокаттық құрал-жабдықтар шығарылады, олар - ТМД және шетелдердің көптеген зауыттарында пайдалануда.

7. Жоспарлы экономика кезеңінде республика аумағындағы корғаныс-өнеркәсіп кешені құрамында 50 жоғары технологиялық зауыт жұмыс істеді. Бұл зауыттар өскери техника, қару-жарақ және оқ-дәрі шығарған. Солардың арасындағы жетекші зауыттар Петропавл (орта қашықтыққа ататын зымырандар, бүл зымырандар ядролық зарядтарды тасымалдай алатын КСРО мен АҚШ арасындағы келісім бойынша қарудың бұл түрі жойылды), Алматы (әскери теңіз флотына арналған торпедо), Орал (атқыш қару-жарақ), Зырян (зымыран техникаларына арналған микросызбалар) қалаларында орналасты. Қазіргі кездің өзінде де осы аталған 50-ге тарта қорғаныс зауыттар Қазақстан жөне ТМД елдерінің Қорғаныс күшіне арнап, өнімдер шығаруда.

8. 2009 ж. Астана каласында америкалық «Дженерал электрик» компаниясы мен ірі тепловоз құрастыратын зауыт пайдалануға берілді. Ол бүгінгі күнге сай Қазақстандықтар және шетел нарығы үшін ДЭ «Эволюция» маркалы 150 тепловоз шығаратын болды (1.3-суретте көрсетілген – ДЭ «Эволюция» маркалы 150 тепловозы).

 

 

1.3-сурет – ДЭ «Эволюция» маркалы 150 тепловозы

 

 

1.1 АҚ «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты»

 

АҚ «Киров атындағы машина жасау зауыты»1942 жылы негізі қаланды және ТМД территориясы мен Балтық елдерінде жылу қозғалтқышты торпеданы бірден-бір өндіруші болып табылады. АҚ «С.М.Киров атындағы машина жасау зауыты» Қазақстан республикасының ең ірі машинажасау кәсіпорындарының бірі болып табылады. Ұлы Отан соғысы уақытында № 175-шi С.М. Киров атындағы көлік жасау зауыты Махачкаладан Алматыға көшкен болатын.

Кәсіпорын өзінің қызметінің кезеңдері ішінде торпеданың 20 түрі мен су асты және су үсті кемелеріне арналған кеме гидравликасының 150- түрлерінен астам бұйымдарын игерді. Торпеда дайындаудың толық технологиялық кезеңін орналастырады: әзірленгендерді алу, бөлшектерді дайындау, жинау, тәжірибеден өткізу және дайын бұйымның сапасын бақылауға дейін.

Кәсіпорынның сонымен қатар тәжірибелі мамандардың шығарылатын өнімнің сапасына ғылыми-зерттеу, құрылымдық жұмыстары, метрологиялық сараптама, зертханалық бақылау және сапалық талдау жұмыстарын орындайтын құрылымдаулық бюросы (ҚБ), бас технолог бөлімі (БТБ) және зертханалық-талдау орталығы (ЗТО) бар.

Өнімнің негізгі түрлері: теңіздік суасты қару жарақтары; кеме гидравликасының бұйымдары; қазандықтың жану үрдісін автоматты басқаруының кемелік жүйесі; темір жолға арналған қосымша бөлшектер; кен өндіруші өнеркәсібі мен мұнай газ кешеніне арналған бұйым.

Зауыттың аумағы 34 гектарды құрайды. 26 цех құрастырылған, 2,5 мың бiрлiк жабдықтары орнатылынған. Әскери өнiмдерден басқа, халық тұтынатын тауарларды шығарды: өтектер, керогаздар, столға қоятын газды тақталар, ет тартқыш, шәйнектер, сейфтер, орындықтар және тағы басқа. Кәсіпорында өндірістің келесі көріністері: ұсталық, құю, металл өңдеу, өндіріс резеңке техникалық бұйымының, серіппелердің, қатайту өндірісі де бұйымның сынақтары үшін зертханада бар. Зауыт теңiз су асты қаруларын, Қазан жануын процесстiң кеме гидравлигiнiң бұйымы, автоматты басқарудың кеме жүйелерiн өндiруде. Кен өндiру өнеркәсiбі және мұнайлы-газды кешен үшiн темiр жол, бұйымдар үшiн қосалқы бөлшектердiң шығарылымын жасауда. КСРО таралуынан кейін зауыт 8 мемлекет кіретін Варшавдық келісімнен айырылды, оған кіретіндер: КСРО, Румыня, Болгария, Польша, ГДР, Чехословакия, Венгрия және Албания. 90-жылдары С.М. Киров атындағы зауыттың қиын кезеңдері басталды. Жұмыс бiрақ қиын жылдарда да тiптi тоқтамады. Торпедалар және қорғаныс үшін әскери жабдықтар өндiрiсімен қатар, бiр уақытта азаматтық өнiмдi меңгере бастады. Ескерткiштер үшiн бұйымдардың құюы меңгерілді. Алматылықтар назарына Республика Алаңындаңы Алтын Адам және Абылай хан ескерткішін, астаналықтарға - Томирис ханшайым ескерткiштерін ұсынды. Зауыттың қазіргі сипаттамасы мәз емес.10 мың жұмысшылардан тек 600 адам қалды. Олардың iшiндегі көпшілігі зейнет жасындағылар. Зауытта жас мамандар да бар, бiрақ олар онша көп емес. 2003 жылы С.М.Киров атындағы көлік жасау зауытының мемлекеттiк акциялар пакетi "ҰК Қазақстан инжиниринг" серіктестігіне тапсырылды. (1.4-суретте көрсетілген – Киров атындағы зауыттағы өндірістік жұмыс цехі).

 

 

1.4 – сурет – Киров атындағы зауыттағы өндірістік жұмыс цехі


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 191 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
КІРІСПЕ| Алматы ауыр машина жасау зауыты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)