Читайте также:
|
|
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 246
Стр. 248
Қазақстанның ашық кітапханасы
Қасымда келе жатқан Вася қолын шекесіне апарып, әлдекімге құрмет көрсетіп, әскерлік
сәлем берді.
—
Жетер, Костя, аш көзіңді! — деген дауысты да таныдым. Шегенді де көрдім.
Өзім келдім, қалқам,— деді Шеген азғана еңкейіп, күлімдей сөйлеп.— Армия
генералының әмірі бойынша саған арнаулы самолет жіберілді. Қай жерің өзі? — деді.
—
Бір аяғым ғана.... Болмашы бірдеме.
—
Аяқты жамай біледі біздің дәрігерлер. Әлі-ақ жүгіріп кетесің. Біреуі түгіл, төртеуі
жоқ болса да қаз бастырады. Түк емес...
Самолеттің қасында Ревякин, Вася, Володя... Енді бұлар да үшеу-ақ қалып бара жатқан
сияқтанады... Дір қағып, ұшқалы тұрған самолет ешкімнің даусын естіртпей жіберді. Не
айтып, не тапсырып жатқандарын көздерінен ғана танып:
—
Көріскенше қош болыңдар... Тез қайтармын. Қуып жетермін,— дей бердім.
Бұлармен қоштасып жатқанда Шеген де ұмытыла тұрған сияқты...
Мені көтеріп әкелген кенеп теңді самолеттің төбесіндегі бір ілгекке іліп, мені аспа-бесікке
салынған баладай асып қойып жатыр.
—
Бай, бай, бай!..— дегені Володяның ернінен танылады.
Қатарымда тағы бірнеше аспа-бесік... Бәріміз де шалқамыздан жатырмыз... Қатар тізіліп,
азғана теңселіп тұрған аспа-бесіктердің арасынан, әлдекімнің иегінің астынан ақ киінген
әйел денесі бір көрініп кетті. Шегеннің көздері әлденені жасырып тұрғандай, құбыла
күлімдейді.
—
Немене, Шеген аға? — деп, ернімді жыбырлаттым. Ақботаның хабарын айтқың
келіп тұр ғой деп ойладым.
Шеген естімеймін дегендей құлағын нұсқап, басын шайқады да, әрірек кетті. Айналамды
қоршап тұрған жолдастарым мен санитарлар өздерінен басқа еш нәрсені көрсетпей
жіберді. Вася мен Володя бетімнен тағы бір-бір сүйіп, асыға жүгіріп, темір баспалдақты
тық-тық басып, түсіп бара жатқандары сезіледі. Ойым өзімді тастап, сол екеуінің, артынан
қуып барады. Екеуінің даусы тағы бір естілер ме екен деп, көзімді жұмып, құлағымды
сыртқа тостым... Ешбір дауыс естілген жоқ.
Самолет қойқалаңдай қозғалып, жүгіре бастады. Артқы дөңгелегімен жерді бір-екі нұқып
қалып, жоғары көтеріле бергені сезіледі. Бесігің солқ етіп, самолет сықырлағандай
болады... Енді міне, тып-тыныш, жұп-жұмсақ... Анда-санда бір орғып қалып жоғарылап
алды да, самолет көлбей көсіліп, жөнін түзеп заулап кетті.
—
Қалай, Костя? —деп, бір жағымнан Шеген қасыма келген соң, мен жүзімді соған
қарай бұрып ем, екінші жағымнан келген біреу жұмсақ қана салқын саусақтарын менің
маңдайыма басты...
Жұмыр ақ саусақтардың арасынан қызғылттанып қана жарық сәулесі көрінеді. Өзге
саусақтардан жігін ашып, бөлегірек тұрған шынашақ сөйлеп жібергісі келіп тұрғандай...
Жоқ, сөйлеген жоқ... Сырғып келіп көзімді бір сипап өтті.
Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 36 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Стр. 246 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | | | Стр. 248 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |