Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 245 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 234 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 235 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 236 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 237 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 238 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 239 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 240 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 241 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 242 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 243 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 244

 

Стр. 246

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Ең жақын. достарымның ішінен ендігі тірі қалған — Володя мен Вася да сол тізімде,

Володя екеуміз тіпті қатар тұрмыз.

Мана таң атысымен Володя келіп кетті... Алдыңғы күні көппен бірге көрген у-шудың

ішінде бірімізді-біріміз бір құттықтағамыз. Енді оңашада еркін бір құшақтасалық

дегендей, көзіміз жылтырап, үнсіз ұмтылысып қалдық. Құшақтасып жатып, бірімізді-

біріміз бүйірден түртіп-түртіп, нұқып-нұқып қойдық... Ол немене дескеніміз деп

сұрасқанымыз да жоқ. Аузымыз айта алмасты жанмен тәнмен айтысқанымыз еді онымыз.

Ол көзін менен жасырады, мен одан жасырам...Тегі, жылаған болуымыз керек... Батыр

атансақ қайтейік, бұл біздің әрі сақылдап күліп, әрі кеңкілдеп жылардай бақытты бір

минутымыз еді.

Газетке қарай беретін тағы бір себебім бар... Бұл менің ең қымбат достарымның тізімі.

Көбінің өмірбаяны мен еңбектері осы тізімге келіп тіреледі де, тоқтап қалады. Өздері де

осы төбенің іргесінде, бір молада қалып барады. Ендігі адрестері — Керчь бауырластар

зираты...

Тірі қалған екі жолдасымнан енді жарты сағатта тағы айрылғалы жатырмын. Қазір маған

самолет келмек, алып кетпек...

Әлгіде ғана дәрігерлік қызметінің майоры келіп:

Әзірленіңіз, қазір сізді жөнелтеміз,— деді, мен оған:

Бекер олай ұйғарған екенсіз. Осында-ақ жазылып, қатарға қосылатын жайым бар

сияқты еді ғой,— дедім.

Майор бұған ренжіп қалғандай болып:

Мұндай жарамен ойнамаңыз... Мен сізге турасын айтайын, халыңыздың бірнеше

қауіпті жақтары бар... Мүмкін, аяғыңыз кесілетін де болар. Оны бұл жерде істей

алмаймыз,— деді.

Екеуміз сөз жарыстырып, едәуір жерге барысып қайттық. Мен ол кісіге, атақ алған

адамдарда артығырақ қалбаң қағып тұратын мінез болатын жағын да аңғарттым-ау

деймін... Ол кісі маған ауру мен атақ екеуі екі нәрсе екенін түйрей ескерте келіп:

Әзірленіңіз, жөнелтеміз! — дегенді үзілді-кесілді айтқан қабақ көрсетті.

Әйтеуір жөнелтер болсаң, айтарымды айтып қалайын деген адамша:

Жолдас майор, мен аяғымды кестірмеймін! Бұл аяқ маған Берлин көшесінде де

керек болады. Балдаққа асылып бара алмайтын шығармын,— дедім.

Кесу керек болмаса, кеспес. Ақсақ-тоқсақты көбейтуге біз де құмар емеспіз,— деп,

дәрігер кетіп қалды.

Сонымен қазір аттанғалы жатқан сияқтымын... Менімен бірге кететін төрт жылдан бергі

қайғы-қуанышымыз араласып кеткен жауынгер достарымның тізімі ғана...

Аяғыңды еш уақытта кестіруші болма! Аяқ деген екеу болғанда ғана жақсы. Бірі

ұзын, бірі қысқа болса да сәні болмайды! —деп, Володя қасымда отыр.

Үшеу болғанда да оңбайды!—деп, Вася қалжыңдайды.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 26 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 244 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 246 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)