Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 116 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 105 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 106 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 107 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 108 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 109 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 110 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 111 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 112 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 113 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 114 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 115

 

Стр. 117

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

қару қыларға шамасы қалмайды. Ұп-ұзын неміс солдаттары Семен түйреп алып

лақтырғанда тақтайдай ғана салмағы бар жеңіл сезіледі.

Бүгін таң, ата Семен бір окоптағы жеті адамды жалғыз жайқап шықты. Мылтығының

найзасы майысып қалыпты. Қазір маған бір жеріммен соқтығып қалам ба деп, шамасы

келгенше қысылып-қымтырылып отыр. Ол денесін жинаған сайын, бұлшық еттері иіріліп,

бүктетіліп, киімін кернеп барады. Байқаусызда біреуге соқтығып қалам ба деп имене жүру

оның әдетіне кіріп кетіпті.

Жетер, жолдас аға сержант, жетер,— дейді Зонин.— Бәрібір бұқаның басынан

үлкен басты әдемілегенмен еш нәрсе шықпайды. Қайта, сақал жауып тұратын олпы-

солпысы сорайып шыға келеді...

Жоқ, Семен бұл басқа кінә қоюға болмайды. Нағыз, бір көрген жауыңның өмір

бойы есінен кетпейтін бас деп осыны айтады,— деймін.

Һім... Онда мұрт қойып алсам қайтеді?—дейді Семен.

Мұрт?

Сонда маңайыма жолауға сайтанның өзі де қорқар еді!

Жоқ, Семен мұрт қоймай-ақ қой. Мұрт қойсаң, сен бізден анағұрлым үлкен болып

көрінетін боласың. Соғыс қаншаға созылса да үйге қайтқанда баяғы жас комсомол

күйімізбен қайтайық. Туған-туысқандар да, шешең де, құрбы-құрдастар да, ойнап-күлген

қыздарымыз да бізді сол жас қалпымызбен күтеді. Солай емес пе?

Жарайды ендеше, қыра бер...

Семей сенің сүйген қызың бар ма еді?— дейді Петр.

Менің, бе? Болды әрине... Қазір де сүйем бір қызды.

Таныстырсаңшы қызыңмен!

Таныстырсаңшы? Қалай таныстырам?

Кәдуілгідей... Қандай қыз еді, қалай сүйетін едің... Айт соның бәрін...

Бет-аузына иесіз қалған хош иісті аямай бүркіп жатып, мен де өтіндім.

Айтсам айтайын... Бірақ басқаларыңдікіндей қызықты болып шыққан жоқ,— деп

бастады Семен.— Әрине, мен шынашағымдай кішкене қызға ғашық болдым...

Әринең неменеге керек болды?..

Әринем бе? Оның керегі болғаны, үлкен қызды мен қайтем? Өз бойымда да бір-екі

адамға жететін артығым бар, мен кішкене ғана қызға құмарттым. Одан соң, кімге

қызыққаныңды өзің білмей де қалады екенсің... Кейде бір құдай қарғаған

жексұрындардың үріп ауызға салғандай әдемі әйелдері болады. Кейде бір өте жақсы

адамдардың қасында құрысқан терідей бір бәле жүреді. Соның бәрі де алғашында білмей

қалғандықтан болатын сияқты,— деп, Семен айнала қарап қойды.

Ие, содан соң?


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 47 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 115 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 117 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)