Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 108 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 97 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 98 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 99 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 100 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 101 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 102 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 103 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 104 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 105 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 106 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 107

 

Стр. 109

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

да болар еді. Толстовтың әлгі бір сөзі ойға дүдамал салып, қашан анықтағанша қимыл

жасамауға ұйғардым.

Жақындап барып, танкінің белгілерін байқап кел! — деп, Толстовты жұмсадым.—

Бірақ менің әмірімсіз ешбір қимыл болмасын!—дедім.

Көпірді байқауға шыққан танкы көпірден аман етіп кетті де, сыңар табанымен шырқ

айналып, артына бұрылып, төбедегі қақпағын ашты. Қақпақтан шұбар жыланның

басындай жарқырап, адам басы көрінді. Көпірден қорықпай өткеніне масаттанып, шұбар

жылан артындағыларына ірі дауыспен сөйлеп тұр.

Алло! Алло! — деп айғайлайды. Арт жақтан да әлде не деп жауап беріліп жатыр.

Басқа жағдайда бұлардың не сөйлескенін шала ұғынар немісше тіл менде де болатын еді,

қазір танкылардың гүрсілінен бір ауыз сөзін аңғара алмадым.

Петр, әрине, әмір күтіп, қалшылдап, ызаланып отыр. Бір топ талдың тасасынан Толстов та

маған қарай қолын ербеңдетеді. «Сенің ақылыңның түстен кейін келетін бір әдеті бар»

деп, Шегеннің мазақтайтыны да еске түседі. Көпірден аман өтіп кеткен танкыға қарай

жылжығысы келгенін білдіріп, сол жағымда сұлап жатқан Семен де аяғымен ұсақ

тастарды асықтай сыртылдатып маған қарай ысырып қояды. Жоқ, жолдастар, асықпаңдар!

Бұл жолы құланның қасынуына, менің, басуым да дәл келеді! Қазір, қазір, қазір...

Көпірден өткен танкы тағы да сыңар табанымен шыр айналып, оп-оңай бұрылды да, тас

жолмен ілгері қарай жүріп кетті. Көпірдің қауіпсіздігін білген соң, артқы танкылар да

іркілмей қозғалып, ұбақ-шұбақ көпірге таянып келеді. Алдыңғы біреуі көпірдің ортасынан

аса бергенде, екінші танкы да кеудесін көпірдің төсегіне салды.

Тарт! — дедім Петрға...

Гүрс еткен қара бұйра жалын көпірдің темір төсегі мен тақтайларын жұлып алып, аспанға

атып жіберді. Ұшқан тастар мен тақтайлар қайтадан құлап суға түскенше, не болғанын

анықтай алғанымыз да жоқ. Жанар таудан атқандай қара түтін сейілгеннен кейін қарасақ,

көпірден қалған бір белгі жоқ. Екі жартасқа ұсап, суға шоңқия құлаған екі танкы көрінеді.

Суды күмп-күмп жұтып, лықсып-лықсып қалып, айналасын ойран-ботқа қылып, қор-қор

етеді. Жарқ етіп, жағаға шапшыған су, сарылдап қайтадан өзенге құлап жатыр. Лықсып

қап, кейін серпіген ауыр қара толқындар өзен бетін жайқай жүйткіп, тағы ілгері кетті.

Құйрықтарымен құлаған танкыларды сүйкей өтіп, сылқ-сылқ күліп, әрі асып барады.

Біріне-бірі соқтыға құлаған екі үлкен танкы суға шөккен қоспақ жартасқа ұсап, үнсіз

қатып қалыпты. Ағысты өзен еш нәрсені көрмегендей бұрынғысындай жұлқына ағып,

төмен сырғып барады.

Енді тез шегініп кету керек еді, жолдастарым тегіс оралмай жатыр. Владимир Толстов

жоқ... Көпірден ұшқан соның кеткен маңайына көбірек құлаған сияқты жазым болды ма

деп қауіптенем. Петр кесірткедей жорғалап қасымнан шыға келді де:

Володя қайда? — деді.

Сен оны бірінші ерлік ісімен құттықтадым да, қаупімді айттым

Жоқ, Костя, бұл түгел бөлімнің еңбегі,— деді Петр.

Өзеннің арғы жағынан ондаған пулемет оқ себелей бастады. Еңкейе жүгіріп, біз де кейін

шегіндік. Әлі айқын атпаған таң мен көпірден көтерілген түтінді шымылдық етіп, біз ұзап

кеттік. Жау пулеметтері өзен бойын сүзе атқылап, кемпірдің, екі жағын жүндей түтіп


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 55 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 107 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 109 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)