Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 106 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 95 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 96 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 97 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 98 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 99 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 100 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 101 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 102 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 103 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 104 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 105

 

Стр. 107

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Нені ақылдасады?—деп сұрадым...

Жау қолының алдыңғы лектеріне кездесіп қалғанымызда енді дау жоқ еді. Тоғыз

жауынгерге лайық айқас жобасын жасап алу керек болды. Біз жау жарықтары көрінген

тұсты қағазға түсіріп алып жатқанымызда, жол бойын қуалай атылған қызыл оттар

беріректен басталып, шұбап әрмен асып кетті. Зонин маған қайтарар жауабын енді ойлап

тапқандай:

Көпірден өтуге болмайды, «тоқтаңдар!» десіп жатыр,— деді.

Мүмкін...

Көпір маңайын барлауға кеткен екі жауынгердің бірі Петр Ушаков бар жайды түгел

байқап келді. Көпірге келіп тірелген жау қолы жоқ, сиреп қалған жаяу жұрт өтіп жатыр

екен.

Азған-тозған түрлеріне қарағанда осылар соңғы топтар болу керек,— деді.

Қанша екен?— деп сұрады Володя.

Ұнатпаған сұрауға оқыс жауап беретін әдеті бойынша, Петр:

Бір базар! — деп, бір-ақ қайырып тастады.

Жауынгерлерімнің көз қарастарындағы «ал, қайтеміз?» деген сұрау әлі жауапсыз тұр.

Қазір қараңғыны жамылып барып, танкылы лекке көлденең барып тисек, бір-екеуін алып

қаламыз. Қасқыр оқ тиген жерін бір қауып қалады, артына бұрылады. Ол екі арада бейбіт

жұрт иықтап келе жатқан жаудың жігін де ашып алады. Зеңбіректердің жолы да

ашылады...

Жолдастарыма осы ойымды айтып ем, Толстов бір-екі сұрау беріп барып мақұлдады да,

қолма-қол құмартып жүрген Петр Ушаков:

Дарынды қазақ халқының алдына басымды иемін!— деді.— Бір-бір байлам граната

мен танк өртейтін шөлмек лақтыратын жерге жетсек, көрерміз еңбектеніп! —деп,

құтырынып кетті.

Үлкен-үлкен танкылар үйдей қарауытып, күркілдеп, зіркілдеп бергі қырға шығып қалды.

Еңкейіп сығаласаң, жалғыз-жалғыз мүйізге ұсап, зеңбірек мойындары көрінеді. Әлде

немене кедергі болып, енді ілгері аттамай, иіріліп тұр. Уақыт тез өтіп бара жатқандай, біз

тым баптанып кеткендейміз.

Костя, дүниеде сендей бақытты командир көргенім жоқ! Жоям дегенің көзін

жұмып, жол үстінде иіріліп тұр! — деп, Петр Ушаков менің білегімнен қысып-қысып

қояды.

Толстовтың ойланып мақұлдағаны, Петрдің тым қызып мақұлдағаны, жаңағы

ұсынысымның бір балаң жері барлығын айтып тұрғандай еді. Қайта ойлансам, кемпірді

жауға аман қалдырып, азғантайға қызығып тұр екенмін.

Жоқ! — дедім, жолдастарыма,— алғашқы ұсынысымды қайтып аламын. Екі жүз

танкының екеуіне қызығып, жүз тоқсан сегізін өткізіп жіберуге болмайды! Ұзағырақ өмірі

бар, үлкенірек кедергі жасап көрейік. Кеттік!.. Жардың астымен жүріп отырып көпірге

келдік. Көпірдің астына дәрі қойып жіберіп, аспанға ату онша қиынға да соғатын емес

екен. Заниннің арқасындағы жүгі мұндай екі кемпірді жоқ қылуға жетеді. Жауды осы


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 73 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 105 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 107 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)